Ррррррррррррррррррррррррррррррр

Республикалық бюджеттің мазмұны мен мәні және оның кірістері мен шығыстарының құрылымы Республикалық бюджет – жалпы республикалық мәні бар шараларды қаржыландыруға қажетті қаражатты құраудың негізгі жоспары. Оның кірісі: жергілікті бюджеттерге аударылатын бөлігі шегерілген жалпы республикалық салықтар мен кірістер (қосылған құн салығы, акциздер, заңда көзделген басқа да кірістер); кәсіпорындардың бірлестіктер мен ұйымдардың пайдасына салынатын салық (олардың осы салықты жергілікті бюджетке аударатындарынан басқасы, сондай-ақ, осы салықтың жергілікті бюджетке аударылатын бөлігінен басқасы); экспорт пен импорт салығы; кеден алымдары мен баждары; сыртқы экономикалық қызметтен және бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен кірістер, т.б. Респ. бюджеттің шығысы мыналарды қаржыландыруға жұмсалады: республикалық меншікке жататын нысандарға жұмсалатын күрделі қаржы; табиғат қорғау шаралары; халықты арнаулы қорғау жөніндегі жалпы республикалық бағдарламалар мен басқа да мақсатты бағдарламалар; сыртқы экономикалық қызметпен байланысты шығындар; халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мекемелері мен ұйымдары, республикалық бағыныстағы басқа да мекемелер мен ұйымдар; мемлекет сақтық қорларын құру мен жаңғыртуға жұмсалатын шығындар; мемлекет өкімет пен басқару органдарын, соттарды, құқық қорғау органдары мен прокуратураны, ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға жұмсалатын шығындар; қорғаныс, шекаралық әскер мен кеден қызметі; бюджет шығыстарын, мемлекет борышты жабу үшін берілген банк несиелерін өтеу, олар бойынша пайыздар төлеу, т.б


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: