Ммммммммммммммммммм. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері бюджеттің әрекет етуінің барлық

Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жос-парлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қа-рым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтан-дырылған қорьшың қозғалысы жоспарлық форма мен бюджет-тік байланыстың түрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы қүжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бүл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған. Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс бап-тары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қо-рын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикальщ бюджет жөніндегі» Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарьшың көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесі соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарт-тасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономика ның бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретіңде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қар-жы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерек-ше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті: -Ұлттық табысты қайта бөлу; -әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; -экономиканы реттеу мен ынталандыру; -ақша қаражаттарының орталыдтандырылған қорын қалып-тастыру мен пайдалануын бақылау. Үлттьгқ табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндыд бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономи-калық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мем-лекет ауқымыдда ақша қаражаттарын орталыдтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттьщдыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақы-тында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейне-ленеді. Бөлу функцияның мазмүны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір қүндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп ас-пектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс қүралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кіріс-тер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқы-лы жүргізіледі. Мүндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары-на сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қам-сыздандырады. Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес сала-лар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржылан-дыру жүргізіледі Мүндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануьшың құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орта-лықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жал-пымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъектілердің қаражаттары тартылады.Бөлу функцияны ішкі өнімнің бөлінген қүнын қайта бөлуге пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байла-ныстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигі-зетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының осуіне әсерлі болады. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың қүндық қүрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық децгейдегі интеграциялық процестерді үлғайтуда кеңінен пайдаланады. Бөлу функциясының әрекет ету шекарасы бюджетпен қатынасқа түсетін қоғамдық ондірістің барлық қатысушылар мен эконо-миканың барлық салаларымен анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір болігі қайта бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық ондіріс жүмыскерлерінің салықтық төлемдері және оларды пайдалануы.Бюджеттің белу функциясьшың ерекшеліктеріне: бюджеттің қоғамдық өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық және әлеуметтік даму-дың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де экономиканың жоғары есу қарқьшына жетуі мен оның тиімділігін жоғарлатуына ықпал етеді. Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдермен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны темендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапьшан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланба-са, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономика-лық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджет-тік көрсеткіштер экономикадағы осьшдай кемшіліктерді көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бүзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық ондірістің барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға экономиканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде «хабар беруге» кедергі болмайды. Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараган ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компютерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады. Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциаддық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тәнті қасиеттер көрінісі, оларды бәлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет про-цесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік ме-ханизм арқылы іске асырьшады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: