Жжжжжжжжжжжжжжжжжжж

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді бюджеттен қаражаттандыру және оларды пайдалануын бақылау Республикалық бюджеттiң қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен мемлекеттiк қызметшiнiң шетелде бiлiктiлiгiн арттыру.Уәкiлеттi орган шетелде бiлiктiлiктi арттыру туралы ақпаратты мемлекеттік органдар олардың қызмет ерекшелiгiне сәйкес жолдайды. Мемлекеттiк органдар үмiткерлердi алғашқы iрiктеудi қабылдаушы тараптың өлшемдерiн нақты айқындай отырып ашық конкурстық негізде жүргiзедi.Үмiткер конкурсқа қатысу үшiн уәкiлеттi органға:1) арызын;2) үміткерді қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлғаның (мемлекеттік орган басшысының, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда — орталық атқарушы орган басшысының) ұсынысын;3) атқарған қызметтерi тiзiмiн;4) шетелдiк серiктестердiң талаптары бойынша басқа да құжаттар жiбередi.Үмiткерлердi iрiктеудi уәкiлетті орган дербес құрамын белгiлейтiн конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнің, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің, академиясының Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн шетелде арттыру бағдарламаларының тiзбесiн облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бекітiлген республикалық тiзбеге сәйкес бекiтедi.Жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен шетелге бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлетiн мемлекеттік қызметшiлердi конкурстық iрiктеудi дербес құрамын облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкiмдерi бекiтетiн конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның құрамына уәкiлетті органның аумақтық бөлiмшелерiнің, сондай-ақ жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын өзге де органдардың өкiлдерi кiредi.Мемлекеттік қызметшiлердің шетелде өзге де қаражаттар есебiнен бiлiктiлiгiн арттыру.Мемлекеттік қызметшiлердiң шетелдегi оқуын төлеу үшiн халықаралық ұйымдар немесе шетелдік мемлекеттер үкiметтерi гранттар немесе техникалық көмек не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы тыйым салмайтын өзге де қаражаттар бөлген жағдайда, мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган бекiткен Ережеге сәйкес ашық конкурстық негiзде үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асырады.Егер мемлекеттiк қызметшi өз қаражаты есебiнен немесе жекеше тәртiппен ұсынылған стипендия есебiнен шетелге оқуға кететiн жағдайда (соның iшiнде тiл үйрену үшiн), оған ақысыз еңбек демалысы берiлуi мүмкiн.Қазақстан Рсспубликасының «Білім беру туралы» Заңы. Білім беру мекемелерініц типтері мен түрлері.Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағықоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.Білім беру бағдарламалар білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын аныктайды. Республикада тікелей білім беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екі түрі - жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша) бағдарламалар іске асырылып жатыр.Жалпы білім беру бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениеті және оның өмір мен қоғамға икемделуі жөніндегі мақсаттарды шешуге, кәсіп пен мамандықты сезімді таңдау мен игерудің не-гізін жасауға бағытталған. Кәсіби бағдарламалар кәсіп пен білік-тіліктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы білімдері мен кәсіби деңгейлерін тізбекті жоғарлатуға бағытталған.Жалпы білім берудің мазмұны оның әрбір сатысы бойынша тиісті жалпы білім беру бағдарламамен анықталады және мектеп-ке дейінгі тәрбие мен оқыту мен орта білім беруден қалыптасады.Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекет-хік бағдарламасы бойынша жалпы орта білім беру - үш сатыны кездейтін 12 жылдық оқытудан құрасады: 1-саты - жалпы баста-уыш білім беру; 2-саты - негізгі жалпы білім беру; 3-саты - жаллы орта білім беру.Бұл бағдарламада кәсіптік бастауыш білім беру мен техника-лық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта білімнің бөлігі орта білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейіндегі тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертілетіні тура-лы да мәлімденген.Сонымен қатар, бұл арада кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын іске асырудың өзі орта білім-нен кейінгі білім беру арқылы жаңа деңгейге көтеріледі.Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру тек қана жалпы орта білім беру базасында қамтамасыз етіледі және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіптік білім беру мен кадрлар-ды даярлаудың бөлігі ретінде экономика, құқық, экология, меди-цина, ақпараттық технологиялар және инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегін атқаратын орта буын мамандарын басымдылықпен даярлайды.Жоғары кәсіптік білім беру республикада тиісті жоғары бі-лім беру бағдарламалар негізінде университет, академия, инс-титут және осыларға теңестірілген оқу орындары бойынша іске асырылады. Сонымен қоса, жоғары оқу орындары тиісті лицен-зиялары болған жағдайда орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндіктері бар.Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде Мемлекеттік бағ-Дарламаға сәйкес оқу процесін ұйымдастыру технологиясының дәс-түрлі жүйесінің орнына оқьпудың кредиттік жүйесі енгізіледі. Бұл жүие, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оқитындардың өз бетінше белсенді жүмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын қамтамасыз етеді, білім туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігіне танылуына әсер етеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: