Ттттттттттттттттттттттттт

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру жэне оларды жергілікті бюджеттерде қалыптастыру ерекшеліктері Елдің түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өз алды көп-профилді өнеркәсіптік құрылым болып табылады. Оның құрамына түрғын үй шаруашылығы, электро, жылу және газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация, қалалар мен елді мекендерді көріктендіру, санитарлық жұмыстар жүргізу және тағы басқа іс-әрекет түрлері кіреді. Көріктендіру объектілеріне, мысалы, жол және жаяу адам жүретін жол, жауындық канализация, өсімдіктер, көшедегі жарықтандыру, көшені қоқсықтан, қардан тазалауға арналған құрал-жабдықтар жатады.«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» атты функционалдық топ бойынша шығындар республикалық бюджетте мақсатты инвестициялық трансферттер түрінде төменгі бюджеттерге, мы-салы, мынадай мақсаттарға - коммуналдық шаруашылықтың да-муына, сумен жабдықтау жүйесін жөндеу мен дамуына, қалалар мен елді мекендер көріктендірудің дамуына және басқаларға беруі қарастырылған.Мемлекеттік бюджет шығындарының.басқа бір бағыты болып коммуналдық тұрғын үй құрылысы табылады. Себебі бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаға сәйкес халықтың үй мәселесін шешуді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ бюджеттің мұндай шығындарының қажеттігі тозған үйлер көлемінің өсуіне де байланысты.Бюджеттік кодекске сәйкес түрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық шығындарын қаржыландыру негізінде олардың әрекет-тігінің айырмашылығына байланысты жергілікті бюджеттер құралдары арқылы іске асырылады. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан бюджеттерінде түрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығындар келесі бағыттар бойы қарас-тырылған:• мемлекеттік түрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру;• түрғын үй қорын инвентаризациялау;• заңнамалық актілерге сәйкес азаматтарды жеке категория бойынша түрғын үймен қамтамасыз ету;• заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қажеттік үшін жер учаскілерін алу мен соған байланысты жылжымайтын мүлікті айыру;• коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілері мен канализация, жылу және электро желілерді құру мен қайта құру.• елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;• тексіздерді жерлеу мен жерлеу орындарын үстау;• елді мекендердің кешелерін жарықтандыру;• елді мекендерді көріктендіру мен жасылдандыру;• елді мекендерді газдандыру;• заңнамалық актілерге сәйкес түрғын үй ғимараттарының сейсмолы мықтылығын қуаттауына бағытталған шаралар;• коммуналдық түрғын үй қоры үйлерінің құрылысы;• заңнамалық актілерге сәйкес тозған үйлерді құлату. Жергілікті бюджеттердің түрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығындарының қалыптасуы елді мекендер-дің даму жоспарлары мен мақсатты бағдарламалар негізінде іске асырылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: