Ффффффффффффффффффффффф

Фундаменталдық ғылыми-зерттеу мен сыртқы саясаттық іс-эрекетке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру Жалпы адамдық өрл^де айрықша маңызы бар ғылымның іс-әрекетін қамтамасыз ету мен терең және қолданбалы ғылыми зерттеудің дамуы үшін республикада негізінде құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар жасалған. Әлеуметті-экономикалық саясаттың құрамдық бөлігі болып табылатын мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат> қоғамның мүқтаждығы мен әлемдік ғылымның даму деңгейі, мемлекеттік бюджеттен ғылыми зерттеуді қаржыландыру мен терең және қолданбалы зерттеуге мемлекеттік жәрдем жасаудың экономикалық меха-низмін құруын негізге ала отырып, ғылым мен техниканың басымды бағыттарын таңдау мен ынталандыру жолдарымен іске асырылады..Ғылым, техника және технологияның дамуына мемлекет, көптеген қаржыландыру көздері мен олардың мақсатты бағыт-тарын қарастыра отырып, қаржылық көмекті қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджет құралдары арқылы ең алдымен мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларда құрастырылған терең ғылыми-зерттеулер мен жобалар қаржыландырылады. Бюджет шығыстарында ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға қарас-тырылған құралдарды бөлу тәуелсіз сараптама негізінде өткізі-летін конкурстық іріктеу арқылы іске асырылады.Іргелі ғылыми-зерттеуді қаржыландыру - ол терең және қолданбалы зерттеулерді іске асырушы заңды және жеке тұлғаларға, мемлекеттік сыйлық пен шәкіртақы төлеуге берілетін іргелі трансферттерді ұйғарады. Тәуекелді және талапты ғылыми-зерттеулер Ғылым коры арқылы қаржыландырылады.Ғылыми-зерттеулерге арналған шығындар көлемі және олар-ды қаржыландыру көздері әрбір ғылыми-зерттеулік мекемелер бойынша анықталады және қаржыландыру жоспарларында есепте-леді. Егерде бюджет құралдары қаржыландыру жоспарына сәйкес ғылыми мекеменің бәрін ұстауға бөлінсе, онда мұндай бюджеттік қаржыландыруды институционалдық әдіс деп айтылады. Бюд-жеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеулік мекемелердің шығындар құрамына жалпы мәліметтер, қарамағындағы ұйым-дардын тізімі, басқару аппаратты ұстауға арналған шығындар есебі, қызметкерлер санының есебі, шығыстардың баптар бойын-ша есебі, тақырыптар мен жұмыс түрлері бойынша шығындарды белу жөніндегі мәліметтер кіреді.Ғылыми-зерттеулерді грант немесе тапсырыс арқылы жүр-гізуде, тапсырыс беруші мен атқарушы арасындағы арақатынастары талаптарға сәйкес құрылған ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелі-құрастырушылық жұмыстар орындау жөніндегі келісімшартпен хаттанады. Егерде бюджет құралдары жеке бір тақырып немесе белгілі бір жобаны орындауға бөлінетін болса, онда ғылыми-зерттеулердің мұндай бюджеттік қаржыландыруын бағдарламалы-максатты әдіс деп айтады. Ғылымды осы әдіс арқылы қаржы-ландыру - оны алға қарай дамыту деп есептеледі, себебі бұл ара-да нақты ғылыми нәтижеге жететін қабілеті бар ұжым жинауға, ең көкейкесті тақырыпты бөліп шығаруға және оны толығымен қаржыландыруға болады.Республикалық бюджет шығыстарының функционалдық жіктелуі 04 «Іргелі ғылыми-зерттеулер» атты кіші функция қарастырылған, мұнда әкімгер болып Білім және ғылым минис-трлігі саналады. Шығыстарды жоспарлау және қаражаттандыру «Іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу» атты бюджеттік бағдарлама бойынша іске асырылады.Бюджет шығыстары құрамында елдің саясаттық мақсаттары мен сыртқы саясаттық іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін шығын-дар, халықаралық ұйымдар мен басқа да халықаралық орган-дарда қатысу үшін шығындар, әр түрлі халықаралық органдар-да ел өкілдерін үстау үшін шығындар қарастырылған. Сонымен бірге, мемлекет тарапынан қоғамдық тәртіп аумағындағы елдің саясаттық мақсаттарын қамтамасыз ету үшін шығындар, Сыртқы істер министрлігінің аппаратын, елшіліктер, дипломатиялық миссияларды үстау мен басқа да шараларға арналған шығындар Қаражаттандырылады. Осы мақсаттарға арналған шығыстарды жоспарлау негізіне жоспарлы жылда белгіленген езгерістер мен шығыстарды қайта құрылымдау бойынша шараларды есептей отырып, өткен жылғы бюджетті атқаруының нәтижелері алынады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: