Емтихан билеті № 3

1. Басқарушылық шешімдердің ұйымдық мәнін сипаттаңыз.

Басқарушылық шешім компанияның экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, құқықтық және технологиялық мүдделеріне әсер етеді. Сондықтан басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру басқарушыдан шешім құрамы мен мүмкін нәтижелерге кең көзқарасты талап етеді.

Басқарушылық шешімдердің ұйымдық мәні - басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру үшін компания сәйкес мүмкіндіктеріне ие болуы керек, соның ішінде:

- компанияның қажетті персоналы;

- қызметкерлердің өкілеттіктерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін реттейтін нұсқаулар мен ережелер;

- барлық қажетті ресурстар, соның ішінде ақпараттық;

- техникалар мен технологиялар;

- бақылау жүйесі;

- жұмысты үнемі үйлестіру.

Бұл барлығы басқарушылық шешімнің едәуір құрама бөлігі.

2. Басқарущылық шешімдер қалай жіктеледі?

Басқарушылық шешімдерді жіктеу

Функционалдық бағыты бойынша Болжайтын, жоспарлайтын, ұйымдық, белсендендіретін, үйлестіретін, бақылайтын, ақпараттандыратын.
Ұйымдастырылуы бойынша Жеке, топтық, алқалы, корпоративтік.
Себептер бойынша Жағдайлық, ұсыныс бойынша, бұйрық бойынша, бағдарламалық, бастамалық, маусымдық.
Орындауды қайталауы бойынша Бірдей, біртекті, әртекті және инновациялық (балама жоқ).
Кеңдігі бойынша Жалпы және жеке.
Әрекет ету уақыты бойынша Стратегиялық, тактикалық, оперативті.
Болжанатын нәтижелер бойынша Белгілі нәтижемен, ықтималды немесе белгісіз нәтижемен.
Әзірлеу мен іске асыру сипаты бойынша Салмақты, импульсивті, инертті, тәуекелді, сақ шешімдер.
Ақпаратты өңдеу әдістері бойынша Алгоритмдік, эвристикалық.
Критерийлер саны бойынша Біркритерийлі, көпкритерийлі
Ықпал бағыттары бойынша Ішкі және сыртқы.
Ықпал тереңдігі бойынша Бірдеңгейлі және көпдеңгейлі.
Қолданылатын ресурстар бойынша Шектеумен, шектеусіз.
Тіркеу әдісі бойынша Жазбаша, ауызша және виртуалды.
Масштабы бойынша Бір адам үшін, бөлімше үшін, компания үшін, сала үшін, ел үшін.

Келтірілген жіктеу топтарын құрайтын басқарушылық шешімдер арасында корпоративтік, эвристикалық және виртуалды салыстырмалы түрде жаңа болып табылады.

3. Тіркеу әдісі бойынша басқарушылық шешімдердің түрлерін атаңыз.

Тіркеу әдісі бойынша Жазбаша, ауызша және виртуалды.

Басқарушылық шешімдерді тіркеудің виртуалды әдісі электрондық поштаның, электрондық қол таңба мен мөрінің біртіндеп енгізуімен байланысты. Электрондық қол таңба мен мөр компания басшылығын алыс қашықтықтарға құжаттардың түпнұсқаларын қымбат тасымалдаудан босатады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: