Емтихан билеті № 26

Тәуекелдік әдетте қалай бағаланады?

Тәуекелдікжоспарланған нәтижені алу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндік жағымды да, жағымсыз да нәтижелерге алып келуі мүмкін.

Тәуекелдік басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудан алынған екі қарамы-қайшы нәтижелермен: жағымсыз (толық орындамау) және жағымды (жоспарлағанға жету) арақатынаспен анықталады. Әдетте тәуекелдік екі санның арақатынасы ретінде (мысалы, 1: 9; 20 %: 80 %) немесе жағымсыз нәтиженің пайызы ретінде (мысалы, 0,01 %) бағаланады. Мысалы, 2,8 тәуекелдіктер он шешімнің ішінен екі жағдай ғана жүзеге асырылады дегенді білдіреді, 10 % тәуекелдіктер қабылданған шешімнің жағымды нәтижесі 10 % кепілдік берілмейді дегенді білдіреді; 50 %: 50 % тәуекелдік (фифти-фифти) процестің жағымсыз да, жағымды да нәтижелердің тең мүмкіндігін білдіреді. Белгісіздіктің төмен деңгейі кезінде тәуекелдер аз өседі және оны елемеуге болады. Белгісіздіктердің орташа және жоғары деңгейі жағымсыз нәтижені алудың тәуекелдігін жоғарлатады. Белгісіздіктің тым жоғары деңгейі жағымды нәтижелерге үміт қалдырмайды.

2. Белгісіздіктердің көбеюінен пайда болатын типтік қателердің тізімі

Белгісіздіктің жоғары көлемі кезінде компанияда пайда болатын типтік қателерді басқарушылық қызметтің бес құраушыларына топтастырылған: ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және құқықтық.

Қызметтің ұйымдастырушылық құраушысында қателер:

- білімдер базасын құру немесе таңдау кезінде;

- мәліметтер базасын таңдау, құру мен толтыру кезіңде;

- басқару процесін ұйымдастыру сызбасын таңдау кезіңде;

- компанияға және оның бөлімшелері үшін басқарудың ұйымдық құрылымын таңдау және (немесе) дайындау кезіңде;

- серіктес қатынастардың сыртқы құрылымдарын қалыптастыру немесе таңдау кезіңде (дүкендер, дилер жүйесі және т.б.);

- жиналыстар мен мәжілістерді өткізу сценарийлерін таңдау немесе құру кезіңде;

- серіктестер мен клиенттер туралы мәліметтерді құру кезіңде;

- қажетті мәліметтерді ақпараттық (технологиялық және қоғамдық) іздеуді ұйымдастыру кезіңде;

- персонал мен бөлімшелер үшін қызметтік нұсқаулардың жиынтығын таңдау немесе дайындау кезіңде;

- фирма жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді жинау кезіңде;

- серіктестермен сенімді жеке, ұжымдық және өндірістік байланыстарды құру кезіңде;

- компанияның іскерлік беделін қалыптастыру кезіңде болады.

Қызметтің экономикалық құраушысында қателер:

- компанияның немесе оның бөлімшелірінің бизнес-жоспарын дайындау мен жүзеге асыру кезіңде;

- өнімге бағаның құрылымын таңдау немесе дайындау кезіңде;

- персоналды моральдық және материалдық ынталандырудың құралдары мен әдістерін таңдау немесе дайындау кезіңде;

- компанияның салық салынатын базасын минимизациялау әдісін таңдау немесе дайындау кезіңде болады.

Қызметтің технологиялық құраушысында қателер:

- ұйымды және оның бөлімшелірін басқару технологияларын дайындау немесе таңдау кезіңде;

- ұйымдастырушылық, ақпараттық және басқа техниканы, сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау, сатып алу мен орнату кезіңде;

- сату мен өткізу нарықтарын зерттеу әдістерін таңдау кезінде;

- басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру кезінде әдістерді таңдау немесе дайындау кезіңде;

- ақпараттар, құжат айналымы, персонал мен ұйым үшін қауіпсіздік жүйесін дайындау немесе сатып алу кезіңде;

- кадрларды іріктеу мен орналастыру кезіңде;

- басқару мен өндіру жүйесіне өзіндік стандарттарын таңдау немесе дайындау кезіңде;

- басқару қызметтерінің тізімін құру мен оларды тарату әдістерін таңдау кезіңде;

- мақсаттар мен міндеттер, сонымен қатар оларды жүзеге асыру үшін құралдар мен әдістер тізімін құру кезіңде;

- өндірістің дамуына бағытталған технологиялық артық дайындаулардың өзіндік әзірлемелері үшін жүйені таңдау кезіңде болады.

Қызметтің әлеуметтік құраушысында қателер:

- әлеуметтік топтарды қалыптастыру әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде;

- персоналды бағалау әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде;

- адам потенциалын қалыптастыру әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде;

- кәсіби ішкі оқытудың (ептіліктер, дағдылар мен тәжірибе) әдістемесін дайындау кезіңде;

- қарама-қайшылықтарды басқарудың әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде болады.

Қызметтің құқықтық құраушысында қателер.

- келісімдер мен шарттардың жағдайларын дайындау мен жүзеге асыру кезіңде;

- клиенттермен және серіктестермен қатынастардың құқықтық саясатын дайындау мен жүзеге асыру кезіңде;

- компанияның жарғылық және тіркеу құжаттарын дайындау мен түзету кезіңде;

- компанияның есеп саясатын дайындау мен жүзеге асыру кезіңде болады.

3. Басқару ісінің сипаты мен белгісіздіктің деңгейіне байланысты тиімді шешімдердің облыстары қандай?

Белгісіздіктің төмен деңгейі кезінде (10.3-сурет) үлкен орынды тиімді шешімдер алады, себебі қызметтің тұрақты және түзетуші сипаты кезінде (А1 және Б1 облыстары) басшы жүзеге асырудың теріс минималды тәуекелдікпен дәлелді шешімдер қабылдайтын болады. Және басшы қызметінің тек инновациялық сипаты (В1 облысы) кезінде детерминделген (ескі, барлығына белгілі) ақпарат пен пайдаланылған әдістер жаңа шешімдерді қабылдау процесін тежейтін болады – жаңа шешімдер керек емес.

Белгісіздіктің орташа деңгейі кезінде тиімді шешімдердің екі облысы (Б2 және В2) бар. Бұл деңгей басқарушылық қызметтің түзетуші және инновациялық сипатымен жақсы үйлеседі.

Белгісіздіктің жоғары деңгейі басқарушылық қызметтің тұрақты сипатымен үйлеспейді, сондықтан A3 облысында тиімсіз шешімдер басым. Берілген деңгей басқарушылық қызметтің инновациялық сипатымен жақсы үйлеседі, мұнда басшы бар шешімдерді қолданбай, жаңа шешімдерді дайындауға ниетті болуы керек.

Белгісіздіктің тым жоғары деңгейі кезінде қарама-қарсы нәтиже алу мүмкіндігі бар: шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру мүмкін еместігінен супероптималды шешімдерге дейін (В4 облысы). Бұл деңгейде негізінен тиімсіз шешімдер қалыптасады, себебі қиын қабылданатын, сенімсіз ақпарат дұрыс шешімдерді қабылдауды едәуір қиындатады. Супероптималды шешімдер сансыз көп түсінбестіктерді салыстыру және олардан қандай да жүйені қалыптастыру нәтижесінде кейде басқа келеді. Бұл процесс рулеткадағы ойынның қканышты оқиғаны (джек-потты) еске салады (джек-пот).

Сонымен, көрсетілген матрица тиімді БШ дайындаудың жағдайларын, оларды жүзеге асыру дұрыстығындағы қолайлылық пен сенімділікті анықтайды. Бұл матрица компаниядағы басқарушылық қызметті талдау мен бағалау үшін құрал болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: