Емтихан билеті № 25

1. Басқарушылық шешімді дайындау мен жүзеге асыру кезінде «белгісіздік» пен «тәуекелдік» түсініктерінің мазмұндары қандай?

2. Тәуекел мен белгісіздіктің өзара байланысын айқындап беріңіз.

3. Белгісіздіктер қандай топтарға бөлінеді?

1) Әртүрлі деңгейдің басшылары жеткіліксіз немесе сенімсіз ақпараттар, кадрлардың жоғары тұрақтамауы, жабдықтаушылардың немесе сатып алушылардың арамдығы, заңнаманың, нарық конъюнктурасының жиі өзгеруі және т.б. жағдайларда басқарушылық шешімдер жиі дайындайды. Нәтижесінде басқарушылық шешімдер мәтінінде байқаусыз қателер болуы мүмкін. Сондықтан басқарушылық шешімдердің нақты нәтижелері жоспарланған нәтижелермен әрқашан сәйкес келмейді. Олар тіпті қарама-қайшы болуы мүмкін. Сөйтіп, басқарушылық шешімдер үшін белгісіздік пен тәуекелдер тән. Белгісіздік қандай да объект немесе процесс туралы толық емес, айқын емес ақпарат ретінде анықталады. Тәуекелдікжоспарланған нәтижені алу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндік жағымды да, жағымсыз да нәтижелерге алып келуі мүмкін. Белгісіздік қиын өлшенеді, әдетте оны сапалық – «көп немесе аз», «жоғары немесе төмен», «тиімді-тиімсіз» деп бағалайды. Ол пайызда сирек бағаланады, мысалы ақпараттың белгісіздігі 20 % құрайды, әзірленген шешімнің белгісіздігі 15 % құрайды.

2) Тәуекелдер мен белгісіздіктер бір түп тамырға ие және бір бірліктерде өлшенеді. Одан басқа, олар бір-біріне айнала алады. Белгісіздіктер мен тәуекелдіктер құбылыстар ретінде де, процесс ретінде де қарастырылады. Құбылыс ретінде белгісіздік объекттердің немесе процестердің анық емес немесе толық емес сипаттарының, бірін-бірі жоққа шығаратын немесе жеткіліксіз ақпараттар жиынтығы. Мұнда нақты қызметкердің еркінен және санасынан тыс кейде пайда болатын және оқиғаның барысын өзгертетін форс-мажорлық оқиғалар жатады. Процесс ретінде белгісіздік біліксіздіктен немесе тапсырманың күрделілігінен қате шешімдерді қабылдайтын қызметкердің қызметі.

3) Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру тәжірибесінде белгісіздік бір тұтас ретінде қарастырылады, мұнда құбылыс процеспен жасалынады, ал процесс құбылысты қалыптастырылады.

Белгісіздіктер екі топқа бөлінеді: объективті және субъективті. Объективті белгісіздіктер басқарушылық шешімдерді әзірлейтін немесе жүзеге асыратын басшыдан немесе маманнан тәуелсіз болады. Мұнда белгісіздіктер көздері ұйымнан тыс немесе оған басқарушылық шешімдер субъектісінің ықпалынан тыс болады. Субъективті белгісіздіктер кәсіби қателерден, қателіктерден, келісімге келмегендіктен, тапсырманың күрделігінен немесе уақыттың жетіспеушілігінен пайда болады. Мұнда белгісіздіктер көздері ұйым ішінде немесе егер басқарушылық шешімдер субъектісі оған әсер ете алса, одан тыс болуы мүмкін. Субъективті белгісіздіктер сомалық белгісіздіктердің негізгі бөлігін құрайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: