Жалпы ережелер. 346. Әскерлер оқу орталықтарына, полигондарға (лагерьлерге) жеке құрамның далалық дағдысы деңгейін

346. Әскерлер оқу орталықтарына, полигондарға (лагерьлерге) жеке құрамның далалық дағдысы деңгейін арттыру және моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерін, бөлімдердің (бөлімшелердің) әр түрлі жағдайда жауынгерлік іс-әрекеттерді жүргізу және тағайындалуына сәйкес міндеттерді орындау қабілеттерін нығайту мақсатында шығады. Көрсетілген іс-шаралар жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған, күштердің анағұрлым жоғары шоғырлануын, әскери қызметшілердің білімдері мен дағдыларын іс-жүзінде қолдануын талап ететін жағдайларда пысықталады.

Әскерлердің оқу орталықтарына, полигондарға (лагерьлерге) шығу тәртібі жауынгерлік даярлық жоспарымен немесе аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен айқындалады.

347. Әскерлер оқу орталықтарында, полигондарда (лагерьлерде) үй-жайларда немесе лагерь болып (шатырларда) орналастырылады.

Штабтар, медициналық пункттер, шеберханалар, қоймалар, тыл қызметтері (объектілері) көбінесе үй-жайларда орналасады. Қару-жарақ, әскери және басқа техника далалық парктерде орналастырылады.

348. Оқу орталықтарында, полигонда (лагерьде) болған кезде әскери бөлімдегі және оның бөлімшелеріндегі ішкі қызмет осы Жарғыда жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.

Әскери бөлім командирі күн тәртібін, әскери қызметшілердің қызмет уақытының регламентін, сарбаздар (матростар) мен сержанттарды (старшиналарды) мерзімді әскери қызметтен полигоннан (лагерьден) сейілдемеге босату тәртібін және басқа да ішкі тәртіп ережелерін айқындай отырып, бөлімшелердің далалық дағдысын арттыру, олардың орналасу ерекшеліктері жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оқу орталығында, полигонда (лагерьде) аға командир (бастық) белгілеген жалпы ережелерді ескеруі тиіс.

349. Оқу орталығында, полигонда (лагерьде) әр түрлі құрамалардың (әскери бөлімдердің) әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жиынын өткізу кезінде ішкі қызметке басшылық жасау үшін аға командир (бастық) лагерьлік жиын бастығын тағайындайды, ал қажет кезде басқа да лауазымды адамдар тағайындалады.

Әскери бөлім (бөлімше) оқу орталығында, полигонда үй-жайларда немесе лагерь болып (шатырларда) орналастырылады. Әр түрлі құрамалардың (әскери бөлімдердің) бірнеше әскери бөлімдері немесе бөлімшелері бірлесіп орналасқан кезде олардың арасында аумақ пен үй-жайларды аға командир (бастық) немесе лагерьлік жиынның бастығы бөледі.

Лагерьлік жиынның бастығы: жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және барысы; әскери тәрбие мен тәртіп, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі; жиынға тартылған әскери бөлімдердегі ішкі тәртіп және олардың қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы үшін жауап береді.

Ол жиынның барлық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жеке құрамы үшін тікелей бастық болып табылады. Лагерьлік жиынның бастығы өз міндеттерін осы тарауға қатысты бригада командирінің міндеттеріне сәйкес орындайды.

350. Тәуліктік нарядқа лагерьлік жиын бастығының бұйрығымен лагерьлік жиын бойынша кезекші тағайындалады, ол әскери бөлім бойынша кезекшінің міндеттеріне сәйкес міндеттерді орындайды.

Оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ішкі тәртіп

351. Ішкі тәртіп, күн тәртібі және жеке құрамды оқу-жаттығу орталығынан, полигоннан (лагерьден) сейілдемеге босату тәртібін әскери бөлім командирі айқындайды.

352. Бөтен адамдар оқу-жаттығу орталығына, полигонға (лагерьге) осы Жарғының 276-279-тармақтарының талаптарына қатысты бөлім командирі белгіленген ережелерге сәйкес келе алады.

353. Жеке құрамға шығу тыйым салынатын оқу-жаттығу орталығының, полигонның (лагерьдің) шекаралары бұйрықта жарияланады және әскери құрамның жеке құрамына жеткізіледі.

354. Оқу-жаттығу орталығы, полигон (лагерь) аумағындағы жолдар қозғалыс бағытының көрсеткіштерімен, сондай-ақ жауынгерлік және басқа да машиналардың рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын білдіретін жол белгілерімен жабдықталады.

Шынжыр табанды техника үшін дөңгелекті техникадан бөлек қозғалыс бағыттары белгіленеді.

355. Оқу-жаттығу орталығының, полигонның (лагерьдің) аумағы өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындаумен тазалықта ұсталуы тиіс. Қоқыс жиналады және санитарлық қадағалау органдарымен келісілген, оқу-жаттығу орталығында, полигонда (лагерьде) әскери бөлім орналасқан шекарадан кемінде үш шақырым алыс орындарға, соғатын қатты желдің бағытын ескере отырып күн сайын шығарылады.

356. Жеке құрамның оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ашық су тоғандарында шомылу тәртібін бөлім командирі (лагерьлік жиынның бастығы) белгілейді.

Шомылу арнайы бөлінген және тиісті жабдықталған орындарда жүргізіледі.

Сарбаздар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) шомылуға сапқа тұрғызылып, жетекшінің командасымен барады.

Шомылу уақытында тәртіпті қадағалау, суда қайғылы оқиғаларды болдырмау және медициналық көмек көрсету үшін офицерлерден немесе сержанттардан жүзгіштердің кезекші командасы және кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) тағайындалады.

Шомылу уақытында бөлімше командирлері (командалардың жетекшілері) жағадан шомылушыларды қадағалауға міндетті.

Әскери бөлімнің лагерь болып (шатырларда) орналасуы

357. Әскери бөлім лагерь болып (шатырларда) орналасқан кезде лагерьді орнату 25-қосымшада жазылған талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Тәуліктік нарядтың қызметі осы Жарғының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Тәуліктік нарядты тарату бөлім командирімен белгіленген уақытта алдыңғы сызықтың алдына, далаға қарап, бөлім лагерінің ортасына қарама-қарсы, сапқа тұрғызылады.

358. Ротада (бөлімшеде) тәуліктік кезекшілердің үш ауысымы тағайындалады: кезекті ауысым постылық саңырауқұлақтың жанында алдыңғы сызықта тұрады, екінші ауысым рота орналасқан сызықта күзетеді, ал үшіншісі демалады. Рота бойынша тәуліктік кезекшілер осы Жарғыда жазылған рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттеріне сәйкес міндеттерін орындайды. Одан басқа, тәуліктік кезекшілер шатырлардағы әскери қызметшілерге және көрші тәуліктік кезекшілерге дауыстап бұйырымдар беруге; әскери қызметшілердің табиғи қажеттіліктерін өтеу үшін осы үшін арнайы бөлінген орынға баруын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

359. Таңертегі тексеру мен кешкі тексеру үшін роталар өздерінің алдыңғы немесе қапталындағы сызықтықтарға сапқа тұрғызылады. Бұлыңғыр ауа райында бөлім командирінің (лагерьлік жиын бастығының) шешімі бойынша кешкі тексеруді палаткалар бойынша жүргізуге рұқсат етіледі.

360. Кешкі тексеруге әскери бөлімнің барлық жеке құрамы тартылады. Кешкі тексеру бөлім командирінің (лагерьлік жиын бастығының) «Тексеруге кіріс» командасы бойынша жүргізіледі.

Кешкі тексеру үшін кезекшілер мен тәуліктік кезекшілер сызыққа шығады және 364-тармаққа сәйкес сапқа тұрады, ал бөлімшелер роталар (бөлімшелер) командирлерімен өздерінің алдыңғы немесе қапталындағы сызықтарға сапқа тұрғызылады.

361. Ашық ауа райында күндіз және жылы түндері бөлім бойынша кезекшінің командасы бойынша тәуліктік кезекшілер шатырлардың етектерін көтереді. Құрғақ ауа райында лагерь сызықтарына, шатырлар арасындағы жолдар мен соқпақтарға су себіледі.

Кезекшілерді сызыққа шақыру

362. Кезекшілер сызыққа:

Қазақтан Республикасының Президенті;

бөлім командирі мен одан жоғары барлық тікелей бастықтар, армия генералдары, генерал-полковниктер, адмиралдар және әскери бөлімді (бөлімшені) инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдар келгенде сызыққа шақыртылады.

363. Кезекшілер, сондай-ақ лагерьлік жиын бойынша кезекшінің командасы бойынша сызыққа шақыртылады.

Кезекшілерді сызыққа шақырту «Кезекшілер сызыққа» немесе «Бірінші ротаның кезекшісі, сызыққа» командасын беретін сызықтағы тәуліктік кезекшілер арқылы жүргізіледі.

«Ұйқыға» белгісінен (командасынан) кейін «Ұйқыдан тұр» командасына дейін кезекшілерді сызыққа шақыру үшін команда берілмейді.

364. Кезекшілерді сызыққа шақырған кезде, олар далаға қарап, өз орындарына:

роталар бойынша кезекшілер (сол қапталдағыдан басқа) – өз роталарының оң қапталдарына кезекті тәуліктік кезекшінің алдында бір адымда; батальон ротасының сол қапталындағы кезекші – сол қапталда;

лагерьлік жиын бойынша кезекші – ту тіреуішіне қарама-қарсы оның алдына үш адымда; оның көмекшісі – кезекшінің артында бір адымда;

кезекші белгі беруші-барабаншы – лагерьлік жиын бойынша кезекшінің көмекшісінің артында роталар бойынша кезекшілердің сызығында тұрады.

365. 362-тармақта көрсетілген адамдарды лагерьге келгенде қарсы алу үшін лагерьлік жиын бойынша кезекші бөлімнің келетін адамдар күтілетін қапталына шығады; көрсетілген адамдар келісімен ол оларға баяндайды және оларды алып жүреді.

Келген командирді (бастықты) бөлім командирі қарсы алған және оған баяндаған жағдайда лагерьлік жиын бойынша кезекші тек өзін таныстырады.

4. Әскерлерді тасымалдау кезіндегі ішкі қызметтің ерекшеліктері


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: