Жалпы ережелер. 285. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, дене бітімін дамыту – оларды өзінің әскери

285. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, дене бітімін дамыту – оларды өзінің әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды да ажырамас бөлігі. Командирдің (бастықтың) бағыныстылардың денсаулығы туралы қамқорлығы оның әскери бөлімнің (бөлімшенің) ұдайы жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

286. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға:

командирлердің (бастықтардың) қызметі мен тұрмыс жағдайларын сауықтыружөніндегі іс-шараларды жүргізуімен;

оларды жүйелі шынықтырумен, дене дайындығымен және спортпен жиі шұғылдануымен;

санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүзеге асырумен қол жеткізіледі.

Әскери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларын сауықтыру

287. Әскери қызметшілердің күнделікті қызметі жалпыәскери жарғылардың және басқа да басшылық құжаттардың олардың қызметі мен тұрмысы жағдайларын сауықтыру туралы талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте орындалатын міндеттердің ерекшелігі, әскери бөлім орналасқан аудандағы климаттық жағдай, экологиялық жағдай, материалдық қамтамасыз ету және казармалық-тұрғын үй қорының жай-күйі ескеріледі.

288. Командирлердің (бастықтардың) әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысы жағдайларын сауықтыру жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары:

қажетті қауіпсіздік талаптарын белгілеу және әскери қызметшілерге уақтылы жеткізу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;

санитарлық нормалар мен ережелерді, жалпыәскери жарғылардың әскери қызметшілерді орналастыру, олардың тамақтануын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, жылумен және материалдық, тұрмыстық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын қатаң орындау;

күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін нақты орындауды ұйымдастыру;

әскери қызметшілерге тиісті жабдықталым нормаларын уақтылы және толық жеткізу;

әскери қызметшілердің денсаулығына зиянды факторлардың әсерлерін жою немесе белгіленген шектерге дейін төмендету, әскери бөлім (бөлімше) орналасқан аудандағы санитарлық-эпидемиялық және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Әскери қызметшілердің шынығуы, дене дайындығымен және спортпен айналысуы

289. Әскери қызметшілердің шынығуы, дене дайындығымен және спортпен айналысуы олардың ағзасының қоршаған ортаның физикалық факторларының әр түрлі күрт өзгеруіне, әскери қызмет ерекшеліктерімен және жауынгерлік міндеттерді орындаумен байланысты жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

290. Әскери қызметшілерді шынықтыру жөніндегі іс-шараларды олардың командирлері (бастықтары) медицина қызметі бастығының және дене дайындығы мен спорт бастығының, сондай-ақ командир (бастық) тағайындаған басқа да адамдардың жүйелі бақылау жасауымен жүргізіледі. Осы шараларды жоспарлау кезінде әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы, олардың жасы және жергілікті жердің климаттық жағдайы ескеріледі. Жылдың суық уақытында әскери қызметшілердің тоңуы мен үсуінің алдын алу жөніндегі іс-шараларға, ыстық уақытта – ағзаның қызуының, күнге күю мен ыстық өтудің алдын алу жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударылады.

291. Әскери қызметшілерді шынықтыру су, күн және ауа факторларын дене дайындығы және спорт сабақтарымен үйлесімділікте кешенді пайдалану жолымен жүйелі және үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Әскери қызметшілерді шынықтырудың негізгі тәсілдері:

күн сайын таза ауада таңертеңгі дене жаттығуын орындау;

белуарына дейін суық сумен жуыну немесе аздап салқын душ қабылдау;

күн сайын ұйқыға жатар алдында аяқты суық сумен жуу;

қысқы кезеңде шаңғы жаттығулары мен сабақтарын өткізу;

кейбір жұмыстарды жеңіл киіммен орындау;

жазғы уақытта сабақтар мен спорттық іс-шараларды жеңіл киіммен өткізу, күн ванналарын қабылдау және сабақтан және жұмыстан бос уақытында, демалыс күндері ашық су тоғандарында шомылу және душ қабылдау болып табылады.

292. Ағзаның әр түрлі жүктеме түрлеріне төзімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар дене дайындығы бойынша сабақтар уақытында, таңертеңгі дене жаттығуларында, оқу-жаттығу жауынгерлік қызмет процесінде, әскери қызметшілермен спорттық жұмыстар уақытында, сондай-ақ әскери қызметшілердің Қарулы Күштердің түрі мен әскер тегіне тиістілігін, жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, жаттығудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланумен өз бетінше жаттығулар және дене жүктемесін мөлшерлеу барысында жүргізіледі.

Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралар

293. Әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығы туралы қамқорлық көрсетуі, медицина қызметкерлерінен сырқатын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтауы, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс.

294. Жеке гигиена ережелеріне:

таңертең белуарына дейін салқын сумен шайынуы және тісін тазалауы;

тамақ ішер алдында қолын жууы;

ұйқыға жатар алдында жуынуы, тісін тазалауы және аяғын жууы;

уақтылы қырынуы, шашын және тырнағын алуы;

іш киімі мен төсек-орнын, шұлғауы мен ұйықтарын ауыстырумен апта сайын моншада жуынуы;

киім-кешегін, аяқ киімі мен төсек-орнын таза ұстауы, жаға астарларын уақтылы ауыстыру кіреді.

Әскери қызметшілердің шаш үлгісі, мұрты мен сақалы (егер олар бар болса) ұқыпты болуы, гигиена талаптарына жауап беруі және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға және жарақтарды алып жүруге бөгет жасамауы тиіс.

Сақал қоюға тек офицерлерге рұқсат етіледі.

295. Қоғамдық гигиена ережелеріне:

ұйықтайтын үй-жайларда, дәретханаларда және басқа да жалпы пайдаланылатын бөлмелерде тазалық сақтау;

үй-жайларды жиі желдету;

көпшілік орындарда, сондай-ақ әскери бөлім (бөлімше) орналасқан аумақта тазалық сақтау кіреді.

296. Әскери қызметшілердің жұқпалы ауруларды жұқтырмауын қамтамасыз ету үшін алдын ала егу жұмыстары жүргізіледі. Егулер жоспарлы және індеттік көрсетулер бойынша болуы мүмкін.

Жоспарлы сақтандыру егулері әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамын алдын ала егулердің күнтізбелік жоспарына сәйкес, ал індеттік көрсетулер бойынша аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі.

Індеттік көрсетулер бойынша егулерден әскери қызметшілер тек дәрігерлердің қорытындысы бойынша босатылады.

Егулер туралы белгілер медициналық кітапшаларына және әскери билеттеріне енгізіледі.

297. Әскери қызметші өзінде немесе онымен бірге бір пәтерде (жатақхана бөлмесінде), сондай-ақ казармада тұратын адамдар арасында жұқпалы аурудың туындағаны туралы медицина қызметкеріне баяндауға және медицина қызметі бастығының қорытындысы бойынша өзінің тікелей командирінің (бастығының) рұқсатымен қызметтік міндеттерін орындауы тиіс.

298. Әскери бөлімде жұқпалы аурумен сырқаттанушы табылған кезде медицина қызметінің бастығы бұл туралы дереу командирге (бастыққа) және үлкен медицина бастығына баяндайды, сырқаттанғандарды белсенді анықтауды, оқшаулауды және госпитальға жатқызуды, бөлімшелерді залалсыздандыруды, сырқаттанғанмен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалауды жүргізеді және санитарлық-гигиеналық бақылауды күшейтеді.

Қажет болған кезде әскери бөлімде қадағалау режимі немесе карантин енгізіледі, азаматтық тұрғындармен қарым-қатынас тоқтатылады немесе шектеледі, әскери бөлімнің ішінде жеке құрамның жиналысына және мәдени көпшілік іс-шараларына тыйым салынады, қосымша оқшаулағыштар өрістетіледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: