Поль С. Брэгг 3 страница

Қатты аурған кезде тамаққа тәбетіңіздің тартпайтынын байқаған шығарсыз. Сіз, одан тіпті жиркенесіз. Ал білмейтін жанашыр достарыңыз бен туыстарыңыз: «Күшің көбейеді же!» - деп зорлайды. Осы мезетте, сізге тамақтың керегі жоқ екенін санаңыз хабарлап жатты. Ағзаны тазалауға қуатты жұмсау үшін, табиғат осы сәтте сіздің ашығуыңызды қалады. Табиғат – ананың сыбырлаған даусын естіп, түсіну қиын. Ашыққан уақытыңызда сіздің сезімдеріңіз өте ұшқырланады. Ашығу санаңызды ұшқырлайды, табиғаттың нәзік даусына бағдарлайды. Әрбір ашығу сәтінен кейін, басыңыз керемет жақсы жұмыс жасай бастайтынына кепілдік беремін, себебі бұны мен жақсы білемін.

Ұлы адамдар да ашыққан

Мысырда ұлы Александрияда, әлемнің мәдениет орталығы болған кезде, шеберлікке үйрену үшін адамдар 40 күн ашығуға тиіс болған. Мұса, Иса, Мұхаммед пайғамбарлар 40 күннен ашыққан, сондай – ақ Будда мен Ганди де!

Адамзат тарихындағы, ұлы рухани ұстаздар - ашығумен өздерінің рухани күштерін еселеп отырған. Ашығу оларды әлсіреткеннің орнына, тәні мен жанына ерекше зор қуат берген!

Өзіңіз байқап көріңіз, ашықаннан кейін санаңыз мағлұматтарды қалай тез қабылдайтынына көзіңіз жетіп, иланасыз. Оқыған кезде көп мөлшерде игеретініңізге назар аударыңыз.

Кім тамақты көп ішпейді, сол ерінбейді. Даналық дарбазасы ешуақытта жабылмайды.

БЕНДЖАМИН ФРАНКЛИН

ТАРАУ

Дұшпан біздің ішімізде

Виктор Гюго біздің ішіміздегі уларды «адамның ішінде жатқан жылан» - деп суреттеген. Бұл ақындық теңеу болғанмен де шындыққа жанасады. Адамның өзінен өзі улануы, ұзақ ғұмыр кешудің қас жауы. Ол біздің тәнімізден гөрі жанымызды жейді. Бұл тек қана тәнді ғана емес, сананы да улайды. Тіпті қуатың құйылып қалпына келген кезде де, санаң сая таппайды. Осындай кезеңде адам, мұңын мөлшері былай деп шағады: «Өмірімнің базарлы уақыты өтті. Алдымда біразы ғана қалды, оның өзі сор мен бейнет. Көптеген достарым мен туыстарым о дүниелік болып кетті, ендігі кезек менікі». Осындай ойлар адамның денсаулығына кері әсер етіп, қияли қылып жібереді.

Өзінен өзі улану (интоксикация) аз зерттелген, осы ғасырда күнделікті кездесетіндіктен, қас жаудың нақ өзіне айналды. Мазасыздық, ашушаңдық, көңілсіздік, орынсыз қозу, т.б. келеңсіздіктер қанның бұзылғанының кепілі. Бізде қалыпты жағдайда – қамсыздық, көтеріңкі көңіл күй, сенімділік, сергектік болу керек. Тағдыр кейде тәлкекке салса да, қасқайып қарсы тұрып рухани мойымаймыз, кейде тағдыр қолдаса да мұң шеріміз тарқамайды. Көңіл күйдің бұлай құбылуы, қанның тазалығына байланысты.

Менің денсаулығым өте жақсы қалпымда 120 жыл не одан да ұзақ уақыт өмір сүргім келеді. Мен өмірді сүйемін! Әр өмір сүрген күнімді, мен өзім басқарамын – бұл ғажап! Мен өз өмірімнің қожайынымын, әр өмір сүрген сағатымды бағалаймын!

Сананы надандық бұлты торлауда

Ең жаманы, өзінен өзі улану - өршіп жинала береді. Осыдан құтылу үшін, салауатты өмір салтын ұстанып, міндетті түрде ашығу керек.

Ағзаңыз уланған кезде, сіз себепсіз уайым шегіп, енжарлықтан құтылмайсыз. Күндердің күнінде, қайтадан тың, сергек қалпыңызда ұйқыдан тұрып, талай кедергілерді бұзып, жеңіске жетесіз. Газет, журнал, радио, теледидар – бәрі сізге енжарлықтан құтылатын құрал тауып береміз деп жар салады. Қайсы ғажайыпты қолдануға болады? Есіңізде болсын – ғажайып, сиқыр болмайды, тән мен жанды жазатын жеңіл жол жоқ.

Сіздің жазаңыз – жаман әдеттер, сіздің ғажап сый – сияпатыңыз, салауатты өмір салтыңыз.

Табиғат ана, өз ағзаңызға жауапкерсіздікпен қарауға, кемсітуге жол бермейді. Өз денеңізді өлі, жансыз тамақпен толтырған сайын, сіз қымбат өтемін төлейсіз. Әрине, ұмытылу үшін қоздырғыш пайдалануыңыз мүмкін, бірақ бала емессіз ғой, жаман нәрсе жеп қойып, артынан дәрі ішсем жазылып кетемін дейтін. Өз асқазаныңызды жуынды, қалдық құятын апанға айландырған сайын, өтемі де қымбаттай түседі. Жүрек пен қан тамырлары зардап шегеді.

Әрбір өзінен өзі улану, өміріңізді қысқарта түседі. Әрбір өз өзінен уланудың сілемі қалады, сондықтан да қорқынышты. Қаныңызды былғамаңыз. Өзіңді өзің уланудан сақтануды үйрен.

Ең алдымен, аптасына бір қабат тазаланған сумен 24 – 36 сағат ашығуды әдетке айландыр. Ал қалған күндері, уланбаған табиғи тамақпен қоректен. Санаңыз тәніңізді басқару керек. ТӘН АҚЫМАҚ. Асқазанды не болса сонымен толтырып алуға болады, бірақ қазір, осы үйренген ілімді басшылыққа алып, ақылыңмен - саналы түрде тамақтаныңыз. Немен тамақтансаң да, табиғатпен тығыз болсын!

Өзіңді өлімге неге ерте қиясың?

Нақ біліңіз, қанның улануы (аутоинтоксиация) – біздің ең қоқынышты жауымыз. Барлық аурулардың себебі қанның улануы. Жүректің, бауырдың, бүйректің, буындар мен қан тамырларының ауруының, мезгілсіз қартаюдың, басқа себептермен салыстырғанда бірден – бір себепкері. Қанды таза ұстау жарты жұмыс. Сіз асқазаныңызға алдыңғысын қортып үлгере алмай жатқанда, қосымша тықпаштағанның үстіне нығарлай беріп, қосымша жұмыс тауып бересіз.

Сізді белгілі бір уақытта тамақ жеуге үйретті. Қарныңыз аш па, тоқ па түсте тағы тоя тамақ ішуге тиістісіз. Осылай масқара әдіспен тамақтану, барлық соңғы кезде ашылған ғылми тұжырымдарға қарама қайшы. Мен жақында бірнеше апта бойы теңізбен саяхаттадым. Жолаушыларға таңертең ерте каюталарына таңғы астарын әкеп береді, бірер сағаттан кейін ыстық тоқаш, сүрленген сиыр еті, жұмыртқа, қуырылған картошка, асылған ет, түр түрімен тәттілер және қалауыңша кофе ішкізіп, таңғы сағат 11 – де палубада қосымша тағам, ал түскі мол асты күндізгі бірде беріп, түстен кейін сағат 4 – те печенье мен шәй, кешкі 7 – де үлкен кешкі ас, түнгі 11 – де буфетте тамақтану. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де бірнеше аптаның ішінде теңізге 9 адамды жерледік. Қанулану! Өз - өзінен улану! Сіз артық тамақ жеген уақытта, ішегіңізде божу мен шіру ағымы жүріп, тепе – теңдік бұзылып, ішегіңізде микробтардың өсіп өрбуіне жағдай туғызасыз.

Қазіргі өмір салтымыз - өзіңді өзің біртіндеп өлтіру

Бесіктен беліңіз шықпай жатып, қамсыз қалыпта, жыл артынан жылдарың жылыстап өте береді. Рахаттанып, білместіктен өзіңді май шам сияқты, екі жағыңнан бірдей жаға бересің. Кей кезде ортасынан да жағуға тырысасың. Біз уақытымыздан ерте өлеміз, себебі дұрыс ойлауымыз жетіспейді.

Шүбәланбаймын, қалыпты туған адам, денсаулық ілімімен сәйкес өмір сүрсе, қиналмай – ақ 120 жыл өмір сүре алатынына! Неге жоқ! Кәріліктің ауруы болмайды. Сізді өлтіретін нәрсе ғана бар. Бұл белгілі бір ауру. Бірақта, бала күніңнен дұрыс тамақтансаң, аптасына бір, жылына он күннен бірнеше қабат ашықсаң, өлімге ұшырататын аурумен аурмауға мүмкіншілігіңіз бар.

Біздің заманымызда балаларды мүлдем дұрыс тамақтандырмайды. Біріншіден, көптеген аналар сәбилеріне ең керекті – ана сүтін бермейді, емшек емізбейді. Сәбилер тамақты бөтелкеден, қораптан, өлі қант пен ақ ұннан және өмірге аса қауіпті тұзбен қоса алады. Сәбидің ағзасы туа салысымен бұзыла бастайды - мезгілсіз апатқа апаратын.

Он адамның тоғызы - өзін өзі өлтірушілер. БЕНДЖАМИН ФРАНКЛИН

Денсаулық туралы анық білгіңіз келсе, жан жағыңызға назар аударыңызшы. 25 миллион американдықтар шығыс пен батыс жағалауларында шашырай орналасқан емханаларда жатыр. 300 000 дәрігерлер (медбике т.б. қоспағанда) осы өмірден күдер үзген ауруларды емдеуге жанталасуда.

Көптеген балалардың тістері шіріп бұзылғанын анықтадым. Біз жазылудан күдер үзіп, аурған ұлтпыз! Салауатты, өміршең елде тұрамыз деп айтып, бізді алдайды. Бірақта дәлелдер мен сандар өтірік айтпайды. Тіпті артық тамақ ішпесең де, жегенің жұқпайды. Сіздің тамағыңыз сілтіліктің орнына қышқылдық ағым (реакция) береді. Тіпті физиологиядан аз ғана тамақ пен ашығу туралы хабарың болса, сізді құтқарар еді. Надандық – ең қатерлі жау. Микроб өндірісінің жүретін фабрикасы болуды тоқтатпай, сізде қалыпты өмір болмайды.

Қалың маймен майланған табадан

Мен оңтүстік Вирджиниде тәрбиелендім. Тамақтануым сұмдық болды.Тамақтың 90 пайызы табада қуырылып дайындалды. Қуырылған ет, картошка, шошқа, сиыр, сүрі ет т.б. Жегенім қою кілегей, крем, тәттілер, түрлі самсалар, қайнатылған тәтті жемістер. Өткенімді еске алсам, жылдар бойы қан уланудан зардап шегіп жүргенімді білмеппін. Әр түрлі қоздырғыштардан басқа, көптеген улы заттарды жеппін. Сол кездегі денсаулығым, ата бабаларымнан берілген денсаулықтың маңына да бармады.

Мен 8 сағат ұйықтаудың орнына 10 сағат ұйықтадым, бұл қан уланудың нәтижесі еді. Көп ұйықтағанның өзінде де, өзімді сергек сезінбедім, керісінше жүнжіп, мәңгіріп. аузымда жаман кермек дәм болды.

Өмірлік қуатты жандандыратын өзіміз ұйықтайтын бөлмемізге назар аударайық. Осы бөлмені таң шапағының нұрына бөленетіндей толық тыныштық пен әсемдікке айландырайық. Арайлап атқан күнді қарсы алайық. Ерте тұруды әдетке айландырыңыз, көп шаруаңызды бітіресіз. Өзіңізді қысасаңыз әдеттеніп аласыз. Ерте тұрып, сіз жұмыс күнін ұзартасыз, түстен кейін біраз көз шырымын алып алуыңызға да уақытыңыз болады.

Неге адамдардың көпшілігі темекі, ішімдік, кофе, шәй, пепси – кола сияқты қоздырғыш заттарын қолданатыны маған толық түсінікті. Олар қандарының улану нәтижесінен болған келеңсіздіктерді жоюға тырысады. Менің улар әкелетін сұмдықтарды тізіп жаза беруіме болады. Менің қаным, өмірімнің бастауында – ақ улануға ұшырады. Ешкім де таза ағын суды әдейілеп уламайды, бірақта біз өміріміздің ең бір асыл бөлшегі – қанымызды тұрақты түрде улаймыз.

Қышқылдықты (ацидоз) қалай жеңу керек

Маған осы жылдары, біздің қанымызда сілтілік ағым болу керек екенін дәлелдеу үшін, көп еңбектенуге тура келді. Біздің көпшілігімізде қанымыз қышқылдық әрекетті береді.

Бас ауруынан бастап, асқазанның қортпауы, безеу шығу мен кәдімгі тұмау қышқылданудың салдары, ал осының өзі қанның улануының кесірінен болады. Қан өте ласталғанда, мүмкіндігі болса өзімізді бас салғалы отырған, ауру әкелетін микробтардан біз қайтіп қорғана аламыз? Біз микробтардың әлпештеп өсулеріне жағдай жасаймыз, олар біздің ішімізде өз үйіндегідей сезініп, біздің есебімізден, өзімізді талқандауға, бұзуға жол береміз. Кезіндегі мен сияқты білмей, сіз сұрарсыз: «Осы қышқылдықты қалай бейтараптандыруға, қанды қалай тазалауға болады?» - деп. Жауап мынау: «Қаныңды сілтілік қоспалармен қанықтыру арқылы ғана». Қанның улануы белгі бере бастасымен – ақ 3 – 4 күн ашық, сонан кейін сілтілік әрекет беретін тамаққа көш және қышқылдық әрекет беретін тамақтардан бас тарт. «Қандай тамақтар сілтілік әрекет береді?» - деп сұрарсыз. Ең бастысы жаңадан үзіп алынған жеміс – жидектер, көкөністер, шөп қосылған салаттар. Сіздің тамағыңыздың 60 пайызы шикі және дайындалған көкеністер болу керек. Қандай болмасын тамақтың алдында шикі көкөністен жасалған салат пен жаңа үзіп алынған жемістер жеңіз. Осы сілтілік өнімдердің сіздің ағзаңыз үшін маңызы өте зор. Кейбіреулер айтады, жеміс – жидектерді жақтырмаймыз деп. Бұлай болуы, сіздің қаныңыздың әрекеті әзірше қышқылдық, сіз сілтілік әрекет беретін тамақтарды жеген кезде, олар қанды улардан тазалай бастайды, сіз өсімдік тамағына бейімделе бастайсыз, олар ұнағанның үстіне ұнай түседі. Тек әлсіреген және уланған ағза ғана жемістерден, көкеністерден дайындалған тағамдарды қабылдамайды.

Артық тамақпен өзіңізге зиян келтірмеңіз. Артық тамақтансаң жасыңызға жетпей өлесіз.

Көкеністер мен жеміс – жидектер табиғи тазалағыштар

Егер сізге кейбір жемістер мен көкеністер ұнамаса біліңіз, бұлар пайдалы, ағзаны тазалайтын тағамдар. Бастапқыда, улардан тазаланғанша аз – аздап жеңіз. Аптасына 24 сағат ашығуыңыз, улардан арылуға көмектеседі. Егерде 3 – 7 күн ашығуға жігеріңіз жетсе, онда ағзаңыз зиянды қалдықтардан мүлдем арылады.

Қандай тағамдар қышқылдық әрекет береді? Негізінен қант, кофе, шәй, көмір сутегінен және ұннан, еттен, балықтан дайындалған тағамдар мен қоздырғыш ішімдіктер. Әрине, осы тағамдардаың жартысын пайдаланбаудың өзі сізді шошытады, егер сіз өмір жасыңызды ұзартқыңыз келсе, көнуге тура келеді. Ақыр соңында, алғашында шошынғанның өзінен, есіңе алсаң шошитын боласың. Бастапқыда жаңа мақсат орындалмайтындай көрінеді, себебі өзіңіз көз алдыңызға солай елестетесіз, ойлайсыз. Осы мақсаттың іс жүзіне асуын ойлап, алдымен санаңызға сіңіріңіз, қалғаны оңай. Жемістерден, көкеністерден, жаңғақтан, көк салаттардан, дәндерден құралатын тағам мәзірін сақтаудың еш қиындығы жоқ. Нәрлі жемістерді, түрлі – түрлі салаттарды қанша мөлшерде болса да дайындауға болатынын ешкім де жоққа шығара алмайды. Барлық дәндер мен жаңғақтар дәмді әрі құнарлы. Аздап қуырылған грек жаңғағы, күнбағыстың дәні, арахис т.б. тәбетті және пайдалы. Егер сіздің қаныңызда зиянды қалдықтар мен улар басым болса, тамағыңыздың негізгі бөлігі жоғарыда аталған тағам түрлерінен құралу керек. Егер сіз ет жесеңіз, аптасына 2 – 3 рет қана жеңіз. Өзіңізді жаман сезіне бастағанда бірден сілтілік мәзірге көшіңіз. Бұның белгілері – бас ауруы, ауыздағы кермек дәм, әлсіреу, енжарлық, топастану т.б. Әрине бұл белгілер онша қорқынышты емес, бірақ осының арты ауыр жағдайға апаруы мүмкін екенінің хабаршысы. Бауырыңыз ауыра бастаса, бірден ет пен майлы тамақтан, қант пен көмір сутектерінен бас тартыңыз. Басқаша айтқанда, оларды табиғи жемістер түрінде қолданыңыз. Қажетті белокты жаңғақ пен дәннен жеткілікті мөлшерде ала аласыз.

Сіздің қаныңыздың уланғанын білу қиын емес. Егер өзіңіздің өмірлік күшіңіздің шегіне жете бастағанын сезсеңіз, қалпыңызға келе алмасаңыз 36 сағаттан бастап 3 – 4 күн ашығыңыз. Таза судан басқа ештеңе ішпеңіз. Мен тазаланған су ішемін (осыған кейінірек кеңінен тоқталамын).

Сіздің өте тамақ ішкіңіз келеді. Бірақ бұл нақ аштық емес, ағзаның белгілі бір уақытта тамақ қабылдауға үйренген әдеті. Есіңізге тағы салайын: ТӘН АҚЫМАҚ, онда нәпсіқұмарлық көп, бірақта сіз қожайын болып қалуға тиіссіз, сіздің санаңыз тәніңіздің әміршісі болуға тиіс. Ашығу бірбеткейлікті, ерік күшті қажет етеді, бұл тән мен сананың айқасы.

Мен өзімнің алғашқы төрт тәулік ашығуымды жақсы білемін. Сол кезде маған басшылық жасаған Швейцарияда, Лозаннадағы атақты дәрігер А. Роллье еді. Ол кезде мен көксау (туберкулез) едім, ауырып санаториде жылдан астам жатқанмын. Дәрігер Роллье мені ауыр сын күтіп тұр деп ескертті – шындығы солай болды. Менің қайырымды дәрігерім, күнделікті кіші дәретімді жинауға бұйрық етті. Мен күнделікті кіші дәретімді жинап, шишаға сақтадым да, бақылауға алдым. Дәретім салқындап тұнған сайын, ағзамнан көптеген басқа заттардың бөлініп шыққанын көрдім.

Есіңізде болсын: аурған адам дәрігердің, не ашығу жайында мол тәжрибесі бар адамның бақылауынсыз ашығуға болмайды. Ашығуымды қалай аяқтадым, мені бірден көкеністер мен мен қайнатылған жемістерден дайындалған сілтілік тамаққа отырғызды. Ашығудан екі аптадан кейін, өз басым бұрын соңды болып көрмеген жеңілдікті, тамаша көңіл күйді басымнан кешірдім. Сол уақыттан бері менің денсаулығым мен өмір сүргіштігім күрт жақсара түсті. Дәрігер Ролльенің бақылауымен, тағы бірнеше рет ашықтым. Ол менің 24 сағаттық, сонан кейінгі тоғыз айда 7 – 14 және 21 тәуліктік ашығуыма басшылық жасады. Ашығу аралығында сілтілік мәзір ұстадым.

Асқазаныңызда сілтілік әрекет қалыптастырыңыз

Қан уланудан сақтануыңыз керек. Талай рет айтқан шығарсыз: «Шаршап, әлсіреп, түрім бозарып тұр. Бұлай болады, өмір осылай!». Қатты қателесесіз. Сіз, бірқалыпты көтеріңкі көңіл күйді тұрақты сақтай аласыз. Сіз, ағзаңызды жақсы күтім болса, ешуақытта бұзылмайтын тамаша механизм деп есептеуіңізге болады.

Қан уланудың алғашқы белгілерін қалт жібермей қадағалап отырыңыз, тілдегі ақ таңдақ, ашушаңдық, қанның бетке шапшуы – осы белгілерге көңіл аудармай жүрмеңіз. Бұл бүгін білінбесе де, ертең айқын білінетін қауіптің хабаршысы. Қанның улануы қорқынышты, ол шоғырлана береді. Өзіңді құтқару үшін ертең емес, бүгін қимылда. Өмір деген - өзіңді өзің қорғау. Қарсыласыңыз басында басым болғанмен де, ұзақ арпалыста сіз жеңесіз. Сіз өзіңізден мықты жаумен шайқасасыз. Түбінде сіз жеңілесіз, бірақ соғыстың созылу ұзақтығы, тікелей өзіңізге байланысты.

Қанның улануы, ол ұрындыратын кесапат, осы ортада өсетін микроорганизмдер жайлы бәрін білу қажет. Егер қан үнемі улана берсе, ол қан қысымының деңгейінің ұдайы жоғарлауына, осының нәтижесі қан тамырларының қабырғасына қақ тұруына әкеп ұрындырады (атеросклероз). Шынжыр былай тұйықталады: қышқылдық тағам (диета) – қан улану (аутоинтоксикация) – қан қысымының деңгейінің жоғарлауы – қан тамырларының қатуы (артерия) – мезгілсіз ажал. Сондықтан да, сіздің ішкен тамағыңызға қарап әпенде деп санаса да, назар аудармаңыз. Осы әпенделік сізді зираттан құтқарады. Өздерін қалыптымыз деп санайтын адамдар күлсе күле берсін, сіз соңынан күлесіз. Қауіптің бірінші белгісі білінісімен – ақ, картошкадан памидорға, май мен ірімшіктен – жемістерге көшіңіз. Егер қан әрекетін бейтарапты қалыпта ұстай алмасаңыз, сілтілік бола берсін. Қышқылдануына жол бермеңіз. Қауіптің қорқыныштысы сол, бірден білінбейді. Өздерінің қандарының созылмалы түрде уланғанын және осының салдары әртүрлі келеңсіздіктерге, аурулаға, ең соңында мезгілсіз өлімге апаратынын көпшілік білмейді.

ТАРАУ

Улы қышқылдардың қиыршықтары

Көшеде қалтарысқа тұрып алыңыз да, жүргіншілердің жүрісіне қараңыз. Аяғы, тізесі, жамбасы, омыртқасы, басы бәрі қатып қалған сияқты. Жүргенде буындары еркін бүгілмейді. Аяғына қараңыз. Адамдар аяғын әзер көтеріп, жалп еткізіп тастай салатын сияқты. Тізелері бүгілмей, омыртқа мен басы қатып, барлық денесі нәзік қимылынан айырылып қалған сияқты.

Буындар майланудың орнына цементтелген

Адамның әрбір буынын табиғат иілгіштіктің мол қорымен қамтамасыз еткен, осыны іске асыратын сұйықты синовиалный деп атайды. Он жасар балаға қараңызшы, буындары қалай жеңіл иіледі. Неге? Сіз бұлай деп жауап бересіз: «Мына балаға бар болғаны 10 жас, маған 66 жас. Менде он жасар баланың қимылындай қимыл жоқ қой». «Неге болмасқа?» - деп мен сұрармын.

Синовал сұйығының мөлшеріне өмір сүрген жылдар әсер етпейді. Буындарды қатыратын бірақ себеп бар, ол улы қышқылдардың қиыршықтары. Адамның жасы өздігінен улы емес. Сіз - 40, 50, 60, 70 жыл өмір сүрсеңіз де, синовал сұйығының мөлшері азаймайды, уақытқа тәуелді емес.

Біздің ағзамызда улы қышқылдар қиыршығы қалай пайда болады

Ағзамызда күнделікті тіршілікте пайда болатын уларды шығаратын басты төрт шығару жүйесі бар. Табиғатқа сәйкес, біз тамақ жейміз, сұйық ішеміз, ауамен дем аламыз. Адамдардың басым бөлігі тамақты әдет бойынша қарны ашпаса да өте көп, қомағайланып жейді. Оларға белгілі сағатта тамақ ішу керек деп миына сіңіріп қойған. Өзімнің мол емдеу тәжірибеммен білуімше, осы адамдар үзбей ішкен тамақтарын сіңіріп қорта алмайды. Олар таңертең сылқия тоя жегенге әдеттенген, қарны аш па, тоқ па шаруа жоқ: ыстық тоқаш, жұмыртқа, ет түр – түрімен, мармелад, шошқа шұжығы, торттар, қуырылған картошка, вафли, кофе, шәй, шокаладтарға.

Осы ауыр тамақтарды қортуға, сіңіруге, шығаруға ағзаның өмірлік күші жетіспейді. Бұндай жағдайда улы заттар ағзада шөгеді. Олар қозғалатын буындарға жиналып шоғырланады. Бұл біртіндеп жүретін ағым, буындар мазасыздық әкелмей сезілмейді. Ұзақ жылдар бойы дұрыс тамақтанбаудан, кальцимен қанықтырылған қышқылдардың қиыршықтары буындарға шоғырланып, синовиал сұйығын алмастырады, осы мезетте буындар ауырып, қозғалысы кеми береді. Бірінші шабуыл - аяқ. Табанда 26 қозғалатын сүйекшелер бар, ағзадағы ең көп жылжымалы сүйектер осында. Буындар біртіндеп иілгіштігін, майсқақтығын жоғалтады. Буындар қатып, қозғалу азаяды. Улы қышқылдар қиыршығы табаннан жоғары көтеріліп, аурудан тізе запа шегеді. Онан кейін жамбастағы жылжымалы сүйектерге көтеріледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: