Тапсырма 1

Жұмыс парақтарына жеке-жеке атау қойып шығыңыз.

1. Тышқанның көмегімен А бағанасының енін ондағы мәтін толық көрініп тұратындай етіп үлдкейтіңіз. В, С бағаналарының енін ең аз шамаға келтіріңіз.

Тапсырма 2

Электрондық кестеге берілгендерді енгізу және түзету.

Кез келген ұяшыққа мәтін, сан, формула енгізуге болады. Жолдар мен бағаналардың өлшемдерін өзгертуге болады:

1- тәсіл. Тышқан курсорын өзгертілетін баған атауының (қатар нөмірінің) бөлу сызығының үстіне алып барып, курсор ↔ түріне енген кезде, сол жақ пернені басып, қажет өлшемге дейін кенейтеміз де, пернені қоя береміз.

2- тәсіл. Формат ═> Жол ═> Мөлшер (размер) және Формат ═> Баған ═> Мөлшер командаларын орындау керек.

Егер енгізілетін мәтін цифрдан басталатын болса, онда оны ‘ таңбасымен бастау қажет. Сандарды енгізу =, +, - таңбаларынан немесе бірден цифрді енгізуден басталады. Ондық бөлшек сандардың бүтін бөлігімен бөлшек бөлігі үтір арқылы ажыратылып жазылады. Егер ұяшыққа формула енгізілетін болса, формуланы = таңбасынан бастап енгізу қажет.

А1 ұяшығына «Менің аты – жөнім» деген мәтінді енгізіңіз;

В1 ұяшығына аты – жөніңізді енгізіңіз;

А2 ұяшығына «Туылған жылым» деген мәтінді енгізіңіз;

В2 ұяшығына туылған жылыңызды енгізіңіз;

В3 ұяшығына ағымдық жылды енгізіңіз;

А4 ұяшығына «Менің жасым» деген мәтінді енгізіңіз;

В4 ұяшығына «= В3 – В2» формуласын енгізіңіз;

2030 – шы жылы қай жаста болатыныңызды есептеңіз;

Бос ұяшыққа ағымдық күн мен уақытты енгізіңіз.

Тапсырма 3

1. Е1: Е7 блогына төмендегі сандар тізбегін енгізіңіз: 11, 20, 30, 100, 130, 150, 220.

2. Берілгендерді толық оңға қарай 2-орынға жылжытып, А1: А12 блогындағы ұяшықтарды нөмірлеңіз.

3. D1:D7 блогына ағымдық күннен басталған күндер тізбегін енгізіңіз.

4. С1: С7 блогына апта атауларын енгізіңіз.

5. Парақтар беттеріне атаулар қойыңыз. Ол үшін тышқан көрсеткішін парақ атауына алып барып, контексті – тәуелді мәзірді шақырыңыз. Көрсетілген командалар тізімінен Атын өзгерту пунктін таңдаңыз және пернетақтадан «кесте» атауын теріп, енгізіңіз. Тышқан көрсеткішін парақтың бірінші бетіне алып барып, беттің атауын өзгертіңіз.




double arrow
Сейчас читают про: