Кесте 1

Бастауыш сынып оқушыларының оқу жүктемесіне жағымды, жағымсыз реакцияларын қамтамасыз ететін оқу процесінің негізгі факторларының қатыстылығы:

Пән Оқу процесі факторлары байқалуының жағымды деңгейі Оқу процесі факторлары байқалуының жағымсыз деңгейі
     
Ана тілі Қж Тж Эо Қж То Эж Қо Тж Эж Қт Тт Эж ҚоТоЭо ҚтТоЭо ҚоТжЭж ҚоТжЭт ҚжТтЭт
Қазақ тілі ҚоТжЭж ҚтТоЭо КжТтЭж ҚоТоЭо ҚжТтЭт ҚоТоЭт КжТжЭт ҚтТоЭо ҚтТтЭо
Математика Қо Э Қт Э Қт Э ҚжТжЭж Қж Эт ҚоТоЭж КжТоЭж
   
       
Дүниетану ҚоТоЭо ҚоТжЭо КжТжЭо ҚжТтЭо ҚоТжЭж ҚжТоЭж ҚоТоЭж ҚтТоЭо

Оқу үрдісінің факторлары:

Қ-қиындық; Т-толықтық; Э-эмоционалдық.

факторлардың байқалу деңгейлері:

Т-төменгі, О-орташа, Ж-жоғарғы.

Сонымен, ақыл-ой ауырлығы, эмоционалды ауырлық, бұлар оқу сабақтары барысында жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне, щаршаудың дамуына әкеліп соғатындығын біздер білдік.

Балалардың білімін бағалаудағы пайда болатын қиындықтардың көпшілігін мұғалімдер оқу үлгерімімен байланыстырады. Сонымен бірге, баланың бағасы ереже бойынша, белгілі жүйе бойынша жүзеге асады: аса үздік жақсы оқушы екі алса яғни, нашар оқушы. Мұғалімдердің 80%-ы оқудың табыстылығын еңбекқорлық, айтқанды орындағыш, ұқыптылық сияқты қасиеттер анықтайды деп есептейді.

Бастауыш сынып оқушыларының оқытудағы бағалауларын мынадай бағыттармен зерттейміз (2 кестені қараңыз).

КЕСТЕ 2.

Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі бағалануының зерттеу бағыттары:

Зерттеу бағыттары Әдістемелер
Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесін бағалауды танымдық іс-әрекет арқылы зерттеу 1. Сөз-мағыналық ойлау. 2. Ойлаудың рефлексивтілігінің белсенділігі. 3. А.Р.Лурияның 10 сөзді жаттау әдістемесі. 4. Зейіннің тандамалылығының бағасы.
Бастауыш сынып оқушылары мотивациясының қалыптасуы 1. Бастауыш сынып оқушылары оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау. 2. Бастауыш сынып оқушыларының мотивациялық деңгейін бағалауға арналған әдістеме.

Кестені қорытындылай келе, мынадай тұжырымға тоқтауға болады: оқушының танымдық іс-әрекетінің дамуы күрделі құрылым болады да, оқыту процесінде тиімділікті анықтайтын негізгі фактор болып есептелінеді.

Оқыту процесіне қойылатын талаптар баланың танымдық іс-әрекетіне байланысты. Оқуға талпыну оқыту процесінің негізгі тірегі болып саналады.

Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесін бағалау.

Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі ойлауын, ойлаудың рефлексивтілігін, қысқа уақытты есте сақтау, зейіннің тандамалылығының бағасын анықтау.

Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесін ұйымдастыруда ойлаудың түрлерінің, есте сақтау мен естің түрі қысқа мерзімді естің, зейін көлемі мен тұрақтылығының таңдамалылығының дамуын ескеру қажет.

Психологтар Л.С. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, З.М. Калмыкова, А.В. Брушлинский еңбектерінде ойлау іс-әрекеті келесі процестерден тұрады: жалпылау мен талдап қорытудан, жаңа материалдың ережесі мен принциптерін ашудың негізгі заңдылықтарын анықтаудан тұрады.

Біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаттарының бірі – оқыту процесіндегі есте сақтаудың маңыздылығын көрсету болып табылады. Зейін негізінен жеке психикалық процесте, әрі қасиет те емес, бірақ танымдық процестерге тікелей қатысты, бірге әсер етіп отырады.

Бастауыш сынып оқушылары зейінінің психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері оның тұрақтылығы, көлемі, бөлінуі сияқты қасиеттерімен анықталады.

Бірінші анықтаушы эксперименттің міндеттері:

1. а) ойлаудың оқу процесіндегі маңыздылығын анықтау үшін сөз-мағыналық ойлау және ойлаудың рефлексивтілік белсенділігін бағалауды зерттеуге арналған әдістеменің материалдарын құрастыру;

б) естің маңыздылығын анықтау үшін, А.Р. Лурияның есте сақтау және қысқа мерзімдік есте сақтауды бағалауға арналған әдістемелердің материалдарын құрастыру;

в) зейін қасиеттері: зейіннің тұрақтылығын зерттеуге арналған әдістемелердің материалдарын құрастыру.

2. Сыналушыларды дамытушы экспериментке іріктеу.

3. Дамытушы экспериментке дейінгі және дамытушы зксперименттен кейін сыналушылардың ойлау іс-әрекетінің, зейін қасиеттерінің және еске сақтау түрлерінің (есте сақтау, қысқа мерзімді еске сақтау) өнімділік деңгейлерін анықтау.

4. Анықталған ойлау іс-әрекетінің, ес түрлерінің және зейін қасиеттерінің статистикалық шамаларын есептеу.

Бірінші анықтаушы эксперименттің 1-ші әдістемесі.

Әдістеменің мақсаты:Сөз-мағыыалық ойлауды бағалау. Жабдықталуы:"Ерекше сөз" әдістемесінің бланкісі сыналушылардың заттың мәнді белгілері бөліп, талдап қорыту қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Әдістеме 15 сериядан тұрады, әр серияда - 4 сөз бар (қосымша 1). Зерттеушінің сыналушы жауабын тіркейтін хаттама және секундомер қажет.

Жүргізілу барысы: жұмыс баламен жеке-дара жүргізіледі. Ең алдымен баланың жұмысты орындауға ынтасы бар ма, көңіл-күйі қандай дәрежеде екенін біліп алу өте маңызды. Сыналушылардың орындайтын ісі келесі нұсқау бойынша түсіндіріледі.

«Берілген әр сериядағы 4 сөздің үшеуі қандайда бір шамада бір ұғымдар және оларға тән жалпы сипаттарына орай бірігуі, ал бір сөз бұл талаптарға көнбейді. Берілген қатарға мазмұны сәйкес келмейтін сөзді тығып тастаңыздар. Тапсырманы тез және қатесіз орындау керек».

Егер сыналушы нұсқауды түсінбесе, бір-екі мысалды орындап көрсетуге болады, бірақ эксперимент бланкісінен өзгесін алу керек. Жұмыс барысын толығымен түсінгеннен кейін, өз бетінше сөзді тауып сызады. Зерттеуші баланың тапсырманы орындау барысын және уақытын хаттамаға тіркеп отырады.

Нәтижені өңдеу.

1. Тапсырма ұпайлық көрсеткішпен анықталады: кілтке тура келсе (кесте 1), дұрыс жауап болып есептеліп – 2 ұпайға, ал дұрыс емес жауап 0 ұпаймен есептеледі.

2. Тапсырманы орындауға кеткен уақытпен оны теңелту, салыстыру ұпайлары (кесте А1) саналады.

3. Сөз-мағыналық ойлаудың интегралдық көрсеткіші /А/, өнімділігінің көрсеткіштерінің қосындысы /В/ және уақытка теңелту ұпайларын /Т/ мынадай формуламен есептелінеді:

А=В+Т.

4. Сөз-мағыналық ойлаудың сынып арасындағы өзгешеліктерін анықтау үшін оларды өлшеулік көрсеткіштермен (кесте 2) анықтаймыз. Өлшеулік көрсеткіштердің ең жоғарғысы 19 ұпайлық бағалаумен есептеледі.

Сыналушы Д.Б. 1 «а» сынып.

Дамытушы экспериментке дейінгі сөз-мағыналық ойлауын бағалау. Тапсырманы орындауға 796 секунд уақыт жіберген оны кесте бойынша ұпайға теңелткенде -10 ұпай алған, ал дұрыс жауабы - 20 ұпай. А = 10-6 = 4, А = 46 өлшеулік көрсеткіш: 2 ұпайлық бағалауды береді. Дамытушы эксперименттен кейін бұл сынаушының жұмысы 9 ұпайлық бағалауды көрсетеді.

Сыналушы А.С. 2 «ә» сынып

Дамытушы экспериментке дейінгі сөз-мағыналық ойлауын бағалау. Тапсырманы орындауға 514 секундтан артық жіберген оны кесте бойынша ұпайға теңелткенде 12 ұпайлық бағалауды берген. А=12-6=6., А = 66. өлшеулік көрсеткіші: 4 ұпайлық бағалауды береді. Дамытушы эксперименттен кейін, бұл сыналушының жұмысы 10 ұпайлық бағалауды көрсетті.

Ойлаудың рефлексивтілігі міндеттерін шешуде өте тиімді деген жолды таңдауға және ойлау әрекетін жылдамдатуға көмектеседі. Оқыту әрекетінде ойлау процесінің рөлі орасан екендігі белгілі. Ойлау ерекшелігі дамуының жоғарғы деңгейі, яғни ойлаудың рефлексивтілігі оқытып – білім беру құрылымына ене отырып, талдау амалын тездетіп жылдамдатады және сипаттарды жалпылауды жеңілдетеді. Ойлаудың рефлексивтілігі адамның өзінің ойлау әрекеттерін бақылау және бағалау функциясын атқарады. Әрі сол уақытта бұл ойлау ерекшелігі адамның өз қателерін табуға, міндеттердің шешілуінің жаңа жолдарын дұрыс іздестіріп, оны бағалауға мүмкіндік береді.

Бірінші анықтаушы эксперименттің 2-ші әдістемесі.

Әдістеме атауы:ойлаудың рефлексивтілігін бағалау.

Жабдықталуы:зерттеу хаттамалары, сөздері ауыстырылып берілген анаграммалар жазылған тест материалы, уақыт өлшеуіш.

Жүргізу жолы:жұмыс оқушымен жеке дара жүргізіледі. Ең алдымен баланың жұмыс істеу ниетінің болу-болмауы жайлы мәлімет алу маңызды болып табылады. Сыналушылардың орындайтын алдағы жұмысы келесі нұсқау арқылы түсіндіріледі: "Сіздерге анаграммалар шешу қажет болады, яғни әріптері орын ауысқан сөздер қатары. Әрбір анаграмманы сөз шығатындай тез, әрі дұрыс табу керек. Әрбір анаграмманы шешу уақыты тіркеліп отырылады".

Жұмыс аяқталған соң, зерттеуші сыналушыдан анаграмманы қалай шешкендігін, әріптердің орналасу кезектестігін байқаған-байқамағандығын сұрап, анық жауабын хаттамаға тіркейді (қосымша 2, кесте 1).

Нәтижені өңдеу.

Нәтижені өңдеу барысында міндетті түрде ойлаудың рефлексивтілігінің байқалу деңгейінің көрсеткішін және есепті шешу уақытының көрсеткішін, анаграмманы шешу қиындығының рангтық көрсеткіштерін алу керек.

Ойлаудың рефлексивтілігінің байқалу деңгейінің көрсеткішін алу үшін, әрбір дұрыс шешілген сөзге 1 ұпай және сыналушы егер де анаграмма әріптерінің орналасу кезектестігін тапқан жағдайда 1 ұпай қосылады (кесте 2).

Ойлаудың рефлексивтілігі байқалу деңгейінің көрсеткіші сыналушылардың жинаған ұпайларының оның шешілу санына бөлінуі арқылы анықталады.

Уақыт көрсеткіші анаграмманы шешуге кеткен орташа арифметикалық уақытты білдіреді.

Ранг көрсеткіші шешілген анаграмманың ең қиын нөміріне сәйкес келеді.

Сыналушы Д.А. 1 «ә» сынып

Дамытушы экспериментке дейінгі рефлексивті ойлау деңгейінің көрсеткіші 0,3-ті, яғни төменгі даму деңгейін құрайды (кесте 3)

Ал, дамытушы эксперименттен кейін, бұл көрсеткіш 0,6-ны көрсетіп, орташа даму деңгейіне жоғарылады (кесте 4).

Сыналушы И.К 2 «б» сынып.

Дамытушы экспериментке дейінгі рефлексивті ойлау деңгейінің байқалу көрсеткіші 0,4-ті, (кесте 5) яғни орташа даму деңгейін, ал дамытушы эксперимент кейін ол көрсеткіш 0,8-ге артып, жоғары деңгейіне көтерілгендігін көрсетеді (кесте 6).

Бірінші анықтауыш эксперименттің 3-ші әдістемесі.

Әдістеме атауы: "Он сөзді жаттау"

Әдістеме мақсаты: Он сөзді жаттау әдістемесі көмегімен естің амалдарын: есте қалдыру, есте сақтау және кайта жаңғыртуды зерттеуге болады.

Бұл әдістемені А.Р. Лурия ұсынған.

Жабдықталуы: мазмұны жағынан байланысы жоқ он сөзден тұратын сөз қатары.

Сөз қатарының үлгісі:

1.Нан, бала, терезе, бал, үй, мысық, орман, су, саңырау құлақ, орындық.

2. Түтін, ұйқы, шар, мақта, бұта, сағат, мұз, түн, еден, қалам.

3. Су, лақ, қап, ожау, қағаз, күн, қыс, гүл, терезе, өшіргіш. Зерттеудің жүргізілу жолы: Алдымен зерттеуші сыналушылардың зерттеуге қаншалықты дайын екендіктерін, көңіл-күйлерінің шамасын байқайды. Зерттеу әр баламен жеке жүргізіледі. Сыналушылардың алдағы орындайтын жұмысы келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі:

"Мен қазір, сіздерге он сөз оқимын, мұқият тындаңыздар! Мен оқып болған соң, естеріңізде қалған сөздерді кез-келген ретпен қайталаңыздар".

Зерттеуші сөздерді анық, жәй оқиды. Хаттамада әр сөзді айтылғаннан кейін қайта жаңғырту ретін және дәлдігін санмен немесе крестикпен белгілейді. Ал, кейде айтылатын сыналушының артық сөздері де хаттамаға тіркеліп отырады (Қосымша 3).

Сыналушы Д.Б. 1 «а» сынып.

Дамытушы экспериментке дейін 3 сөзді қайта жаңғыртып есте сақтаған, ал дамытатын эксперименттен кейін қайталап жаттаған сөздерінің сайы 5-ті құрайды яғни, есте сақтауы жоғарылаған (қосымша 3, кесте 2).

Сыналушы А.С. 2 «ә» сынып.

Дамытатын экспериментке дейін қайта жаңғырған сөздердің саны 5-ке тең, ал дамытатын эксперименттен кейін қайталаған сөздерінің саны 7-ге тең, яғни есте сақтаудың жоғарылағандығын білдіреді (кесте З).

Бірінші анықтаушы эксперименттің 4-ші әдістемесі.

Әдістеме атауы: зейіннің таңдамалылығын бағалау.

Әдістеме мақсаты: Әдістеме көмегімен естің тандамалылығын зерттеп оқыту процесінде естің бұл қасиетінің маңыздылығын дәледеу.

Жабдықталуы: әріптер қатары жазылған тест материалы; тест кілті уақыт өлшеуіш.

Жүргізілу жолы: Зерттеу әр оқушымен жеке-дара жүргізіледі. Баланың жұмысты орындауға ынтасының болу-болмауын тексеру зерттеушінің ең алғашқы міндеті болып табылады. Сыналушылардың орындайтын алдағы ісі келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі:

"Алдарыңыздағы әріптер қатарынан тұратын тест материалынан сіздер сөздерді табуға тырысыңыздар, Тапсырманы мейлінше тез, әрі қатесіз орындауға тырысуларыңыз керек!"

Зерттеуші сыналушылар жауабын тіркеп, уақытты жазып алып отырады. Сыналушы жұмыстары тиісті кілтпен салыстырылады (Қосымша 3).

Нәтижені өңдеу.

1. Нәтижелер кесте көмегімен бағаланады (кесте 1).

2. Ұпайларды сөздерді іздеуге кеткен уақытқа байланысты тағайындайды. Әрбір қалып қойған сөз үшін 1 ұпайдан кемітіліп отырылады.

3. Ұпайлар (кесте 1) зейіннің таңдамалылығының байқалуының сандық тұрғыда анықталуына мүмкіндік береді.

Сыналушы Д.Б. 1 «а» сынып

Дамытатын экспериментке дейін зейіннің тандамалылығының байқалуы төменгі деңгейді көрсетсе, дамытатын эксперименттен кейін бұл деңгей орташа деңгейге жоғарылаған.

Сыналушы А.С. 2 «ә» сынып

Бұл сыналушының зейінінің тандамалылығының байқалу деңгейі дамытатын экспериментке дейін орташа деңгейде болса, дамытатын эксперименттен кейін жоғары деңгейге көтерілген.

Бастауыш мектеп оқушыларының танымдык іс-әрекеттері бойынша оқытуды бағалауды анықтауға жүргізілген әдістемелер негізінде дамытатын экпериментке дейінгі және дамытатын эксперименттен кейінгі тәжірибеге алынған оқушылардың жеке өлшеулік көрсеткіштердің мәнділігін Спирменнің формуласы бойынша статистикалық өңдеу арқылы жүргіздік (қосымша 3, кесте 2).

Сонымен, қорыта айтқанда біздің зерттеуіміздің мақсаты бастауыш мектеп оқушыларының білімін танымдық іс-әрекет негізінде бағалау барысында олардың ынта-ықыласын ойлау іс-әрекетіне аудару, зейіннің таңдамалылығын, есте сақтауды дамыту, білім алуға деген ішкі ниеттерін тәрбиелеп арттыру болып табылады (3 кестеден қараңыз).

КЕСТЕ 3.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті бойынша оқытуды бағалаудың дамытушы экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін статистикалық талдау көрсеткіштері

Оқушылардың жасы Сөз мағыналық ойлау Ойлаудың рефлексивті белсенділігі Есте сақтауы Зейіннің таңдамалылығы
1 -сынып оқушылары 0,65 0,69 0,81 0,65
2-сынып оқушылары 0,74 0,59 0,72 0,69

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясының зерттеу нәтижесін математикалық статистика бойынша зерттеу

Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың әдістемелері. Қазіргі үнемі толқып тұрған ауыспалы жағдайдағы заманда бірінші орында оқушыны пәндік білім, шеберлік, дағдыларға үйретіп, оқытып қою ғана тұрған жоқ, (ол пәндердің кейбірі қажет болмай қалуы мүмкін) болашақта белсенді кайраткер, қоғамдық өсуі қамтылған жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқыту-тәрбиелеу болып отыр. Сондықтан да, мұндай нәтижелерге қол жеткізу үшін, ең алдымен оның қажеттіліктері мен мотивтерін дамыту көзделінеді.

Оқыту мотивациясының сипаты және жеке тұлғаның ерекшеліктері білім беру сапасының көрсеткіштері болып табылады.

Табысты, нәтижелі оқытуда мотивация факторы интеллект факторынан күштірек. Түрлі оқыту мотивтерінің арасынан жекелеп алғанда ішкі, сыртқы мотивтерді бөліп алуға болады. Олардың айырмашылығын Л.М. Фридман былай сипаттайды: "Егер де берілген әрекетті тудыратын мотивтер әрекетпен байланысты болмаса, оларды осы әрекетке қатысты сыртқы деп, ал егер де мотивтер әрекетпен тікелей байланысты болса, оларды ішкі мотивтер дейді".

Мотив әрекет мақсатымен сәйкес болса, ішкі болады, яғни оқыту әрекеті жағдайында оқу пәнінің мазмұнын игеру бір уақытта мотив те, әрі мақсат та болады.

Ішкі мотивтер субъектінің танымдық қажеттіліктерімен, таным процесінен алынатын қанағаттанумен байланысты. Оқушы таным процесіне тікелей қосылады әрі бұл оған эмоционалды қанағаттану тізімін туғызады.

Ішкі мотивацияның үстемдік етуі оқу әрекетінде оқушының жеке белсенділік танытуымен сипатталады. Оқу әрекетінің сырткы мотив өзге мақсаттар болады. Ол: мақтау, шәкіртақы, жақсы баға т.б.

Сыртқы мотивацияда білім оқыту мақсаты болмайды, таным процесінен алыс болады оқып-меңгерілетін пәндер оқушы үшін іштей қабылданбайды, оқу пәндерінің мазмұны жеке құндылық болмайды.

Мұғалім, педагог өз әрекетінің тиімділігін арттыруды мақсат ете отырып, әрине оқытудың мотвациясына мән береді және мотивацияның жоғары деңгейде әрі белсенді болуына ұмтылады. Сол кездегі оқушылардың бойындағы мотивация деңгейлерін анықтауға беретін әдістемелік құралдардың маңызы зор.

Білім беру процесінде қолданылатын және оқытудың тиімділігі негіз болатын пәнді оқып, игеруге бағытталған әдістемесі ұсынылып отыр.

Әдістеме атауы:Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау.

Әдістеме мақсаты:Оқушылардың нақты пәндерді оқып, меңгеру барысындағы оқу әрекеті ішкі мотивациясының даму деңгейін және бағыттылығын айқындау.

Жабдықталуы:Сауалнама бланкісі, өндеу кілтінің бланкісі.

Жүргізілу жолы:Зерттеуді жүргізбес бұрын, сыналушылардың көңіл-күйінің дайындығы тексеріледі де, әр баламен жеке-дара жүргізіледі. Әдістеме 16 сұрақтан және оған ұсынылған жауаптар нұсқасынан тұрады.

Зерттеу келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі.

"Сіздер оқыту тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеуге қатысқалы отырсыздар. Әрбір сұрақ-пікірді оқып шығыңыз да, /сыналушылар бірінші сынып оқушылары болғандықтан оларға мәтінді мұғалім оқып береді/ оқылатын пәнге қатынасыңызды білдіріңіз. Ол үшін әр пікірдің тұсына тиісті белгілерді қоюларыңыз керек (Қосымша 4).

дұрыс (++)

мүмкін, дұрыс (+)

мүмкін, дұрыс емес (-)

дұрыс емес, қате (- -)

Біздердің нұсқауымыздың сапасы сіздердің беретін жауаптарыңыздың дәлдігіне, шындығына тәуелді. Сондықтан да шын, дәл жауаптарды күтеміз.

Сауалнамаға қатысқаныңызға көп рахмет!

Нәтиженің өңделуі:

Сауалнама көрсеткіштерін есептеу арнайы кілт көмегімен жүргізіледі. "Иә" деген оң жауаптарды (дұрыс, мүмкін дұрыс), ал «жоқ» - теріс (мүмкін қате, дұрыс емес) жауаптарды білдіреді (қосымша 4, кесте 1).

Кілтпен әрбір сәйкестік үшін бір ұпай қосылады.

Әрі бұл әдістемені келесі мәселелерді шешуде қолдануға болады:

1. Оқушылардың үлгермеушілік себептерін анықтау үшін.

2. Белгілі оқу пәндерінің тиімділігін арттыру және жетілдіру шараларын іздеу үшін.

3. Оқушылардың мотивациялық аумағын белсенді ету әдістерін іздестіру үшін.

Сыналушы Д.А. 1«ә» сынып

Дамытатын экспериментке дейін 5 ұпай жинап, ішкі мотивацияның төменгі деңгейін көрсетсе, дамытатын эксперименттен 8 ұпайға ие болып ішкі мотивация деңгейі орташа деңгейге көтерілді (қосымша 4, кесте 2).

Сыналушы И.К 2«б» сынып

Дамытатын экспериментке дейін 7 ұпай жинап, ішкі мотивацияның орташа деңгейін көрсетсе, дамытатын эксперименттен кейін 12 ұпайға артып, ішкі мотивация деңгейі жоғарғы деңгейге көтерілді (қосымша 4, кесте 3).

Әдістеме атауы:бастауыш сынып оқушыларының «оқу мотивациясының деңгейін» бағалауға арналған Н.Г.Лусканованың сауалнамасы.

Әдістеме мақсаты: Әдістеме көмегімен балалардың мектепке және оқуға деген қатынасын білу.

Жабдықталуы: Сауалнама бланкісі.

Жүргізіу жолы: Зерттеу жүргізілер алдында оқушылардың жалпы көңіл-күйі анықталады.

Зерттеудің жүргізілуі келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі.

"Алдарыңыздағы қағаздарда сіздің мектепке, оқуға деген қатынасыңызды білдіретін 10 сұрақ бар (Қосымша 5) және әр сұраққа берілетін жауап нұсқалары бар. Сол жауап нұсқаларының бірін таңдауларыңыз керек".

Нәтиженің өнделуі: жауаптар негізінде нақты оқушы мектеп мотивациясы 5 деңгейінің біріне қатысты болуы мүмкін. Ол деңгейлер:

1. Жоғары мектеп мотивациясы, оқу белсенділігі - 25-30 ұпай.

2. Дұрыс, бірқалыпты мектеп мотивациясы - 20-24 ұпай.

3. Мектепке деген оң, жағымды қатынас, бірақ мектеп оқудан тыс жақтарымен көбірек қызықтырад - 15-19 ұпай.

4. Төменгі мектеп мотивациясы - 10-14 ұпай.

5. Мектепке деген теріс, нашар қатынас, дезадаптация — 10 ұпайдан төмен.

Мектепке және оқу жағдайларына дұрыс қатынас танытқан жауап ұпаймен бағаланады, ал нейтрал жауап - 1 ұпай, мектеп жағдайына теріс көзқарасты білдіретін жауап - 0 ұпай деп бағаланады.

1-2 деңгей - адаптация

3-4 деңгей - ішкі дезадаптация

5 деңгей - дезадаптация.

Сыналушы Д.А 1«а» сынып

Дамытатын экспериментке дейін 4 ұпай дезадаптация деңгейін де болса, дамытатын эксперименттен кейін 17 ұпай, яғни ішкі дезадаптация деңгейіне көтерілген. Бұл мектепке деген оң қатынасты білдіреді, мектеп тек оқудан тыс жақтарымен қызықты (қосымша 5, кесте 1).

Сыналушы Ә.С. 2«ә» сынып

Дамытатын экспериментке дейін 24 ұпай жинап, адаптация яғни дұрыс, бірқалыпты мектеп мотивациясын көрсеткен. Ал, дамытатын зксперименттен кейін 28 ұпай жинап, адаптация яғни жоғарғы мектеп мотивация деңгейін, оқу белсенділігін танытқан (4 кестеден қараңыз).

КЕСТЕ 4.

Бастауыш сынып оқушыларының оқыту мотивтерінің негізінде окытуды бағалау үшін дамытушы экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін статистикалық талдау көрсеткіштері:

Оқушылар-дың жасы Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау әдістемесі Н.Г.Лусканованың оқу мотивациясының деңгейлерін анықтау әдістемесі
1-сынып оқушылары Г - 0,62 г- 0,70
2-сынып оқушылары Г - 0, 69 г - 0,62

Оқыту мотивациясының сипаты мен жеке тұлғаның ерекшеліктері білім беру сапасының көрсеткіштері болып табылады. Мотив әрекет мақсатымен сәйкес болса, ішкі болады, яғни оқыту әрекеті жағдайында оқу пәннінің мазмұнын игеру бір уақытта мотив те, мақсат та болады.

Мысалы: 2-ші сынып оқушыларының Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау әдістемесі бойынша дамытатын экспериментке дейінгі және кейінгі көрсеткіштер бойынша статистикалық өңдеудің мәнділігін Спирменнің формуласымен анықтадық (Қосымша 5, кесте 4).

Бұл мәнділік көрсеткіштер арқылы оқу мотивациясының бағыттылығы мен деңгейін анықтау әдістемесі арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқыту мотивтерінің негізінде білімді бағалау маңыздылығы мен мәнінің алатын орны ерекше зор деген негізгі болжамдарымыздың орындалуын дәлелдедік. Дамытатын эксперименттің баланың танымдық іс-әрекетіне, оқыту белсенділігіне және оқу мотивтеріне әсер ете отырып, оқытудағы бағалаудың тиімділігінің артуына және мәнін толық түсінуге мүмкіндік береді.

Біздің зерттеу жұмысымыздағы статистикалық болжамды анықтау бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесіндегі бағалаудың психологиялық ерекшеліктерін екінші және екінші статистикалық өңдеу нәтижелері арқылы дәлелденді.

Эксперимент нәтижелерінің статистикалық өңдеу әдістері деп – эксперимент барысында алынатын математикалық тәсілдер, формулалар, сандық есептеу тәсілдерін атайды. Оларды жалпылауға әрбір жүйеге келтіре отырып, ондағы жасырын заңдылықтарды анықтауға болады.

Осыған орай, эксперименталдық және бақылау топтарының дамытушы экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін талдау Шымкент қаласы, №81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептің 1а эксперимент тобы, 1б - бақылау, 2а - бақылау тобы, 2 - эксперимент тобы, көрсеткіштері (№ 8 кестені қараңыз) берілді.

Бұл көрсеткіштер Спирменнің корреляция коэффициентінің рангілеу формуласы көмегімен алынды:

Статистикалық өңдеу сыныптар арасында әр түрлі кезеңде өтті. Мысалы, 1-ші сыныптарда 3-ші мен 4-ші тоқсанның басы мен 4-ші тоқсанның аяғында, 3-ші, 4-ші тоқсанның аяғында жүргізілді.

1-ші сыныптарда анықтаушы эксперименттің 1-ші әдістемесі сөз-мағыналық ойлау бойынша дамытушы экспериментке дейінгі зерттеу жұмысының көрсеткіші 2а бақылау және 2 б эксперимент топтарында - 0,14 көрсеткіші арқылы екі сыныптың білімі тең, ешқандай мәнділікке ие болмайды. Ал, дамытушы эксперименттен кейін бұл көрсеткіш гS-0,72-ге көтеріліп, жоғары мәнділікке ие болды.

Ал, он сөзді жаттау әдістемесі бойынша 2а -эксперимент тобы 2ә бақылау топтарында дамытушы экспериментке дейінгі зерттеу жұмысының нәтиже көрсеткіштері гS - 0,11 көрсеткішіне тең болып (кесте Б4 қараңыз) еш мәнділікке ие болмайды, ал дамытушы эксперименттен кейін бұл сыныптар арасындағы ол көрсеткіш гS-0,88-ге артып, жоғары мәңділікке ие болады.

Біз анықтаушы эксперименттің нәтижелерін корреляциялық байланысты табу арқылы анықтадық.

"Корреляция" термині өзара байланыс, өзара тәуелділік мағынасын білдіреді. Корреляция туралы айтқанда, "корреляциялық байланыс" термині қолданылады. Корреляциялық байланыс – бұл екі белгінің немесе бірнеше бөлігінің (көп мүшелі корреляциялық байланыс) бір-бірімен сәйкестене өзгеруі. Мысалы, экспериментке алынған Шымкент қаласындағы, №81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептің (кесте 9) 1а эксперимент тобы мен 1ә - бақылау топтары арасында Л.Н.Засоринаның жазбаша тіл шеберлігін бағалау әдістемесін жүргізу барысында дамытушы экспериментте зерттеу нәтижелерінің көрсеткіші гS-0,17 төменгі мәнділікті көрсетсе, ал дамытушы эксперименттен кейін бұл көрсеткіш гS-0,78-ге артып, жоғары мәнділікке ие болды.

Эксперименталдық зерттеудің нәтижелерін Спирменнің рангілер корреляциясы коэффициенті арқылы өңделді.

Корреляциялық коэффициент шамасына қарай корреляциялық байланыстың жалпы түрдегі 5 деңгейі анықталынды:

1) өте жоғарғы, күшті байланыс г < 0,90;

2) мәнді, жеткілікті байланыс 0,70< г < 0,82;

3) орташа байланыс 0,50 <г < 0,69;

4) әлсіз байланыс 0,49< г< 0,25;

5) өте әлсіз байланыс 0,02 <г< 0,24.

Қорыта келгенде, анықтаушы эксперименттің эксперименталдық және бақылау топтарының экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін №8, толығымен беріп отырамыз. Яғни, біздің оқыту бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде бағалаудың психологиялық ерекшеліктеріне жүргізілген үш бағыттағы, бірінші танымдық іс-әрекет негізінде, екіншіден белсенді оқыту әдістеріне және үшіншіден оқыту мотивациясына жүргізілген дамытушы эксперименттегі оқытуды бағалауға жүргізілген жоспарлы және жүйелі жұмыстар ғылыми зерттеу жұмысымыздың жалпы болжамына міндет етіп қойған нәтижемізге қол жеткіздік.

Екінші бөлім бойынша тұжырымдама

Бұл тарауда анықтаушы эксперимент көмегімен бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі бағалану мәселелері сөз болады.

Эксперимент әдістің артықшылық ерекшеліктері, ғалымдардың экспериментті қолдану тұстары айқын баяндалады.

Осы тарауда бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің дамуын анықтау негізінде білім берудегі бағалау деңгейлерінің бағдарламасы кесте түрінде беріледі.

Анықтаушы эксперимент кешені бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық әрекеттері, оның ішінде олардың ойлауын, ойлаудың рефлексивтілігін, қысқа зейіннің уақытты есте сақтау, зейіннің таңдамалылығының бағасын анықтау әдістемелері құрайды.

Анықтаушы эксперимент кешені 2 топтан тұрады: 1 -ші топты танымдық іс-әрекет яғни жоғарыдағы аталған әдістемелер тобы құрайды.

2-ші анықтаушы эксперимент тобында бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау және олардың оқу мотивация деңгейлерін бағалауға арналған Н.Г. Лусканованың сауалнама әдістемелері қолданылады.

2-ші тарауда анықтаушы экспериментті құрайтын әдістемелер тобы ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы талаптарға сай баяндалып суреттеледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл дипломдық зерттеу жұмысында бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясы қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері жайлы сөз қозғалады. Теориялық зерттеу бөлімінің өзі үш үлкен маңызды мәселелерді қозғайтын бөліктерден тұрады. Яғни, мұнда оқыту процесіндегі білімнің сапасына қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар қатары анықталады. Сонымен қатар, Қазақстандық, Ресейлік, шетелдік психолог ғалымдар, өзге ғылымдар өкілдерінің құнды ой-пікірлері айқындалады.

Сондай-ақ, дипломдық зерттеу жұмысының мазмұнын мотивация, белсенді оқыту әдістері жайлы және танымдық процестер (іс-әрекеттер) жайлы теориялар да толықтыра түседі.

Оқу мотивациясы жайлы жазған атақты психолог А.К. Маркова, С.Л. Рубинштейн, Дж.Брунер, В.В. Давыдов және т.б. көзқарастары толығымен ашылып, бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалауда тұрақты негіз болуға жарайтындығы дәлелденді.

Сондай-ақ, бұл жерде баланың мектепке баруы оның өмірдегі жаңа бір кезеңнің басталуын білдіреді. Л.И. Божовичтің пікіріне сүйенетін болсақ, мектепке барған баланы азаматтық кемелділікке апаратын сатының бірінші баспалдағын аттаған адам ретінде қарастыра бастайды. Жалпы, мектеп – бұл ерекше қоғамдық мекеме, онда Г.Гегельдің айтуынша, жалпы тәртіпке сәйкес, барлығына бірдей ортақ ереже бойынша өмір басталады. Онда субъективтік рух өз оғаштықтарынан, жағымсыз жайттарынан бас тартуға, білімді, ынтымақ-бірлікті сақтауға, ортақтықты қалауға келтірілуі тиіс.

Әрине, «тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», «тәрбие – тал бесіктен басталады» - деген нақыл сөздердің астарында терең мән жатқаны белгілі. Осыны түсінген әрбір адамзат баласы жамандыққа душар болмасы анық. Ең әуелі баланы жастан – тәрбиеге, білімге, адамгершілікке баулыған абзал.

Сол себептіде, зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерінің оқу тәрбие үрдісіндегі мәнін анықтау болды.

Қазіргі таңда, оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.

Сонымен қатар, теориялық бөлімде В.Г. Алексеев көрсеткендей, «адамның мотивациялық жүйесі тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие». Л.И. Божович және оның әріптестерінің еңбектерінде жазып кқрсеткендей, оқу мотивациясы – түрткілер бағыныштылығымен анықталынады және де олардың ішінде осы іс-әрекет мазмұнымен және оның орындалуымен байланысты ішкі түрткілер немесе қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуына ұмтылуымен байланысты кең әлеуметтік түрткілер үстем болуы мүмкін.

Оқу мотивациясы – бұл үнемі өзгеріп отыратын және бір-бірімен жаңа қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға деген жағымды қатынастың өсуі немесе теріс қатынастың тереңдеуі емес.

Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың оқуға деген қатынасының сипаты маңызды. А.К. Маркова атап көрсеткендей, қатынастардың үш түрін анықтай отырып, теріс, бейтарап және жағымды қатынастар оқушының оқу үрдісіне араласуы негізінде соңғы қатынастың нақты саралап жіктелуін келтіреді. Яғни, мұндай жағдай мектеп оқушыларының іс-әрекетін басқару үшін өте маңызды.

Егерде оқушының оқуға – үйренуге деген ықылас-ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екіталай. Осыған қатысты атап көрсеткендей, Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» - деген екен. Осы мысалға сүйене отырып, оқу мотивациясы дегеніміз дәл (осы сияқты білімге, білуге, үйренуге деген «тәбет»).

Сонымен қатар, дипломдық зерттеу жұмысында теориялық және тәжірибедегі баға, бағалау ұғымдарының мәні ашылып, түсіндіріледі. Ал, оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекеті арқылы білімді бағалаудағы теориялық ой-пікірлер қатарын шетелдік ғалымдар Ж.Пиаже, А.Анастази, Б.С. Блум, Л.С. Выготский және т.б. ғалымдардың еңбектері толықтыра түседі.

Сондай-ақ бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп, «оқушының ішкі позициясын қабыл алуда» Л.И. Божович, В.В. Давыдов, Н.Ф. Добрынин, А.Н. Леоньтев өздерінің пікірлерін ойға тиек етіп қалдырған.

Оқушының оқу-танымдық әрекетінің мазмұны мына сияқты білімнің сапалы сипатында байқалады, бұл заттылық (пәндік) – оқушы үшін түпкі қатынасты және оның қасиеттерін бөліп алу, жүйелік-түпкі, бастапқы қасиеттердің жеке байқалу тұстарын шығара алу мүмкіндігі, жалпыламалық – көптеген қасиеттерді тұтас бір негізге жеткізу. Оқушының оқу-танымдық әрекеттерінің пәнділігі, жүйелілігі және жалпылылығы – ол балада теориялық (ғылыми) түсініктің қалыптасқандығын білдіреді. Міне, сондықтанда дені сау әрбір бала өзінің танымдық процестерінің толық дамығанының арқасында, оқу іс-әрекетін жеткілікті дәрежеде меңгере алады деп, - біз толық құқықпен айта аламыз.

Зерттеу жұмысының анықтаушы эксперимент бөлімі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекет негізінде оқыту процесін бағалауға бағытталады және ол бағалану бағыттары анықталады. Олар:

1) бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесін бағалауды танымдық іс-әрекет арқылы зерттеу. Бұл бағыттың әдістемелерін құрайтындар: сөз-мағыналық ойлау, ойлаудың рефлексивтілігінің белсенділігі, А.Р. Лурияның 10 сөзді жаттау әдістемесі, зейіннің тандамалылығының бағасы;

2) бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін бағалау әдістері. Бұл бағыт әдістемелері: бастауыш мектеп оқушыларының жазбаша тіл шеберліктерін бағалау және жазбаша сөйлеудің психографологиялық сипаттамасы;

3) Бастауыш сынып оқушылары мотивациясының қалыптасуы.

Бұл бағыттағы әдістемелер:

1. Бастауыш сынып оқушылары оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау. С.Д. Дубовицкаяның әдістемесі.

2. Бастауыш сынып оқушыларының мотивациялық деңгейін бағалауға арналған Н.Г. Лусканованың әдістемесі.

Зерттеу жұмысымыздың барысы бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің негізінде білімді бағалаудың маңыздылығын ашып көрсетті.

Бастауыш сынып оқушыларының сөз-мағыналық ойлаудың рефлексивтілігінің белсенділігі, есте сақтау, зейіннің таңдамалылығының бағасын дамытатын экспериментке дейінгі және дамытатын эксперименттен кейінгі нәтижелердің мәнділігін анықтау үшін Спирменнің коэффициенттік корреляциясының рангілеу формуласы бойынша анықталды.

Дамытатын эксперимент бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетінің негізінде білімін бағалаудағы маңыздылығын үшін жүргізілді.

Сыныпқа алынған бірінші, екінші сыныптың алтауының үшеуі эксперименталды сыныпқа, үшеуі қадағалаушы сыныпқа бөлінді. Осы 2 топқа да бірдей анықтаушы зерттеудің бірінші "көлденең кесу" эксперименттік оқу жылының ортасында үшінші тоқсанның 1-ші жартысында жүргізілді.

Оның жеке өлшеулік көрсеткіштерінің мәнділігін және дұрыстығын анықтау үшін Спирменнің коэффициентін рангілеу коррекциясының формуласыбойынша анықталды.

Бірінші "көлденең кесу" зерттеуінде эксперименталдық және кадағалаушы сыныптардың арасында ешқандай өзгешелік жоқ екені дәлелденді. Кейін экспериминталды топтарды бөліп алып, дамытатын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мектептердің эксперименталды зерттеуге алған сыныптары мен қадағалаушы сыныптардың арасында дамытатын эксперименттен кейін жоғары мәнділікке қол жеткізілді.

Эксперименттік зерттеуге алынған сыныптардың дамытатын эксперименттен кейінгі нәтижелерін талдауды екінші "көлденең кесу" зерттеу әдістемесі бойынша оқу жылының IV тоқсан басында жүргізілді. (1-ші және 2-ші көлденең кесу зерттеуінің аралығы 2 ай).

Дамытатын эксперименттен кейін жеке өлшеулік көрсеткіштердің мәнділігін, валенттілігін және дұрыстығын аныктау үшін Спирменнің коэффициенттік рангілеу корреляциясы негізінде дәлелденді.

Сонымен қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде білімдерін бағалауда біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, белсенді оқыту әдістерін мотивацияға сүйенген жағдайда ғана оқытуда жоғары нәтижелілікке қол жеткізуге болатындығы дәлелденді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Сатиева Ш. Даму психологиясы (теориялық және практикалық курс). Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2012. – 232 бет.

2. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 286 бет.

3. Ишанов П.З., Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Оқу құралы. – Қарағанды, ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012. – 206 бет.

4. Даму психологиясы: Оқулық / М.К. Бапаева. – Алматы: 2014. – 440б.

5. Сәбет Бап-Баба (Бабаев). Психология негіздері: Оқу-анықтмалық қолданба. Алматы: Нұр-пресс, 2007. – 106 бет.

6. Мұқанов Ы.Б. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1991. – 237 бет.

7. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1999. – 160 бет.

8. Бейсенбекова Г.Б., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Жас ерекшелік психологиясы. Оқу құралы. – Қарағанды. ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012. – 186 бет.

9. Қ. Жарықбаев. Психология. Оқулық. Алматы, «Білім», 1994ж.

10. Жақыпов С.М., Бердібаева С.Қ. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Таймас Баспа Үйі: Алматы 2015ж.

11. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика негіздері. Алматы "Заң әдебиеті", 2005 жыл – 228 бет.

12. Маслоу А. Мотивация и личность. Москва, 1998. – 467 бет.

13. Маркова А.К. Мотивация учения и ее воспитание у школьников. – Москва: Педагогика, 1998 г.

14. Маркова А.К. Формирование мотиваций учения в школьном возрасте. – Мосва: Просвещение, 1999 г.

15. М. М. Акижанова. «Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі студенттердің оқу мотивациясы мәселесі» Вестник КАСУ №1 – 2008 жыл.

16. Божович Л.И. Избранные психологические труды. Под ред. Д.И. Фельдштейна. Москва, 2000.

17. Қасымова Г.М. Жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістерін жетілдіру // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. — Алматы, 2000. - 102-107 бб.

18. «Білім» журналы 2006-3, «Студенттердің таным белсендігін арттыру».

19. Прутченков А.С. Социально-психологический школе. - М.: Эксмо — пресс, 2001. - 639 с.

20. Зимняя И.А. «Педагогикалық психология»: Алматы, 2005 жыл.

21. Леонтьев А. А. Потребности, мотивы, эмоции. Конспект лекций. – Москва: Издательство МГУ, 1999 г.

22. Олпорт С.В., Гордон В. Личность психологии. — М.: Ювента, 1998 г. - 345с.

23. Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. Москва, 1990.

24. Шерьязданова Х.Т. Учите детей общению. 1992. - 108 с. 57.Джакупов С.М. Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. — Алматы: КазНУ, 2002. - 115 с.

25. Рахимбеков Ғ.Р. Оқыту процесіндегі сұрақтың рөлі. -Алматы, 1999, - 132 б.

26. Панов В.И. Введение в экологическую психологию. - М.: Изд-во МНЭПУ, 2001. - 143 с.

27. Амонашвили Ш.А. Гуманно - личностный подход к детям. - М.-Воронеж, 1998. - 539 с.

28. А. Маслоу. Мотивация и личность. – 3-е изд. – СПб.: Питер, 2003. – 352 с. – (Серия «Мастера психологии»).

29. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 2000 жыл.

30. Қоянбаев Ж. Отбасы және балалар мен жеткiншектер тәрбиесi. Алматы: Рауан, 1999 жыл.

31. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения: Автореф. дис. д-ра психол. наук. - М., 1998. — 35 с.

32. Тоқсанбаева Н.Қ. Оқыту процесі жүйесіндегі танымдык іс-әрекетінің құрылымы: Психол. ғыл. канд. дис. - Алматы, 2001.-173 б.

33. Әбиев Ж., С.Бабаев, А.Құдиярова. Педогогика. Алматы, Дарын. – 2004.

34. Ахметов С. Бастауыш сыныптарға білім берудің жолдары, Алматы. Рауан. – 2001 жыл.

35. Тілеуов С.С., Әлімбек А.З. Педагогика. Шымкент. 2006 жыл,162 бет.

36. Тілеуова С., Әлімбек А. Этнопедагогика. Шымкент 2004 ж. 188 бет.

37. Дубовицкая Т.Д. Методика диагностики направленности учебной мотиваций. Психологическая наука и образование, 2002. - №2.

38. Асылханова М.А. Танымдық іс-әрекет мектепке бейімделудің басты факторы: Психол. ғыл. канд. дис. - Алматы, 1999 г.- 139 б.

39. Юрчук В.В. Современный словарь по психологии. – Москва.: «Современное слово», 1998 г.

40. Ковалев В.И. Мотивы поведения и деятельности. – Москва.: Наука, 1998 г.

41. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. -СПб.: Питер, 2003. - 688 с.

42. Египов Б.П. Самостоятельная работа учащихся на уроках. М.,1999 г.

43. Ахметов К.Е. Менеджмент негіздері. А., 2005 жыл – 322 бет.

44. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. /Қ.Жарықбаев.-Алматы: Атамұра, 1994 жыл – 144 бет.

45. Заденова С. Оқытудың тиімділігі. /С.Заденова. //Бастауыш мектеп.- 2002 жыл - №8-9. 39-40 бет.

46. Кенжеғұлова А. Жаңа тақырыпты материалдандырылған әрекет түрі бойынша меңгерту. /А.Кенжеғұлова. //Бастауыш мектеп.- 2001.- №4.- 14 б.

47. Қасенбаева Л. Тиімді әдіспен./Л.Қасенбаева.//Бастауыш мектеп.- 1998.-№3.-30-31 б.

48. Қазақ тілі оқыту әдістемесі. – Алматы: Атамұра, 2000 жыл. 3-6 бет.

49. Аренова А. Дербес оқу әрекетінің теориялық негіздері. /А.Аренова. //Бастауыш мектеп. – 2001.-№4.- 22 б.

50. Бекова Г. Шығармашылық ізденістер. /Г.Бекова. //Бастауыш мектеп.-1996.- №2.- 24-28 б.

51. Муштакова М.З. Система развивающего обучения глазами завуча. /М.З.Муштакова. //Начальная школа.- 2002.-№6.- 12 с.

52. Занков Л.В. Беседы с учителем.М.,1998 г.- 183 с.

53. Григорович Л.А. Педагогическая психология. М., 2003.- 313б.

54. Ильина Т.А. Педагогика. Курс лекции.М., 2002.- 496 б.

55. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования. М., 1999. – 237 б.

56. Уманский Л.И.Психология организаторской деятельности школьников. М., 2000. – 102 с.

57. Фрейд З. Психология бессознательного. М., 1992. – 472 б.

58. Сперлинг П.А. Психология. - Минск: Попурри, 2002. -431 с.

59. Бабанский Ю.К. Как оптимизировать учебный процесс. М.,1978. -256 б.

60. Акижанова М.М. Оқу мотивтерінің психологиялық негізі. К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 – 2005.

ҚОСЫМШАЛАР

ҚОСЫМША 1.

"ЕРЕКШЕ СӨЗ" ӘДІСТЕМЕСІНІҢ БЛАНКІСІ

Оқушы__________Сынып________________Күні_______

1. Кітап, сөмке, шамодан, қалта

2. Кеш, балауызшам, майшам

3. Сағат, қөзілдірік, таразы, термометр

4. Қайық, машина, мотоцикл, велосипед

5. Ұзақ, шеге, ара, вентилятор

6. Көбелек, таразы, қайшы, клей,

7. Апай, мұғалім, тақта, әке,

8. Шық, жаңбыр, қар, моншақ,

9. Ағаш, жол, гүл, тастаған

10. Су, жел, көмір, шөп,

11. Алма, кітап, алмүрт, шабдалы

12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан,

13.Қайық, қарағаш, жеміс, емен,

14.Минут, секунд, сағат, қыс,

15.Марат, Қанат, Айдар, Ибраев.

Кілт: кітап, есік, көзілдірік, қайық, шеге, көбелек, әке, моншақ, тостаған, көмір, кітап, нан, қайық, қыс, Ибраев.


Сабақ хаттамасы

Оқушы____________________________

Күні_________________________Жасы_____

Жынысы_____________________

Сөз мағыналық ойлауын бағалау

Серия Тапсырманы орындауға кеткен уақыт, сек Нәтижесі
1.    
2.    
3.    
4.    
5.    
6.    
7.    
8.    
9.    
10.    
11.    
12.    
13.    
14.    
15.    

КЕСТЕ 1.

Тапсырма орындауды уақытқа теңелту

Уақыт, секунд Уақытқа теңелту балдары
<250 250-330 >330 -3 -6

КЕСТЕ 2.

Өлшеулік көрсеткіштерді анықтау

Өлшеулік бағалар Сөз мағыналық ойлау
   
  -
  29-28
  -
  28-27
  27-26
  -
  23-25
  21-22
  19-20
  17-18
  15-16
  -
  12-14
  7-11
  5-6
  -
  3-4
  -
   

ҚОСЫМША 2.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: