double arrow

КІРІСПЕ. Мектеп оқушысы – баланың алғашқы әлеуметтік мәртебесі


Мектеп оқушысы – баланың алғашқы әлеуметтік мәртебесі. Жеткіншек сатысы баланың мектептің бастауыш сыныптарында оқу кезеңімен сәйкес келеді. Сондықтан, өмірдің осы бөлігіндегі бала дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттау кезінде біз оны «жеткіншек» немесе «бастауыш мектеп оқушысы» деп атайтын боламыз.

Баланың мектепке баруы оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Мектепке келгеннен бастап адамның әлеуметтік өмірі басталады деп толық құқықпен айтуға болады. Бұл жеткіншек кезеңге дейін индивид әлеуметтік тіршілік иесі болған жоқ дегенді білдірмейді (ол туғаннан бері сондай болып табылады). Бірақ мектепке дейінгі балалық шақта бала өз-өзінің әлеуметтік мәртебесінде сезінбейді. Мектеп оқушысы – баланың алғашқы әлеуметтік мәртебесі; бұл мәртебе оған қойылатын талаптардың жаңа жүйесімен, оның әлеуметтік міндеттері мен құқықтарының жиынтығымен байланысты. Л.И. Божовичтің бейнелі түрдегі пікірінше, мектепке барған баланы азаматтық кемелділікке апаратын сатының бірінші баспалдағын аттаған адам ретінде қарастыра бастайды.




Мектеп дегеніміз – ерекше қоғамдық мекеме, онда, Г.Гегельдің айтуынша, жалпы тәртіпке сәйкес, барлығына бірдей ортақ ереже бойынша өмір басталады, онда субъективті рух өз оғаштықтарынан бас тартуға, білімге және ортақтықты қалауға келтірілуі тиіс. Бала мектепке баруы, оқу пәндерімен айналысуы, сабақта мұғалімнің талабын орындауы, мектеп тәртібіне ілесуі, мінез-құлық ережелеріне бағынуы тиіс.Балалар жаңа, өзінің мазмұны бойынша және өзінің функциясы бойынша қоғамдық болып табылатын қызметті – оқу іс-әрекетінбастайды. Олардың ересек адамдармен және құрдастарымен өзара қатынастары енді оның өзінің жаңа, қоғамдық тұрғыдан маңызды міндеттерін қалай орындайтындығымен анықталады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:Қазіргі таңда психология ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі.



Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".

Білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі танда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу – біздің зерттеуіміздің негізгі мақсатын құрайды. Тәжірибелік әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критеррийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен байланысты талап ету мәселесі – педагогикалық-психологияның негізін құраушы принцип болып табылады (Д.Б. Эльконин, Н.Ф. Талызина).

Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов зерттеулері дамыта отырып, оқыту қағидаларын ұстанады. Әрі ғылымда берік орын тепкен, өзінің оң нәтижелерін беретін дамыта отырып оқыту мәселесі оқушының ғылыми-теориялық ойлау жүйесін қалыптастыру, танымдық іс-әрекеттерінің үйлесімді дамуын көздей отырып, үлкен табысқа жетіп отыр.



Қазақстандық психологтар С.М. Жақыпов, Ж.Ы. Намазбаева, Қ.Б. Жарықбаев, Х.Т. Шерьяздановалар еңбектері де осы оқыту процесінде басшылыққа алатын пікірлерді алға тартады.

Зерттеу жұмысының мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерінің оқу тәрбие үрдісіндегі мәнін анықтау.

Зерттеу объектісі:Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыру.

Зерттеу пәні:Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекет мотивтері.

Зерттеудің ғылыми болжамы:Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын және олардың оқыту процесіндегі білімді танымдық іс-әрекетті дамыту арқылы бағаласа, онда білім сапасы артады.

Зерттеу міндеттері:

1.Педагогикалық психологияда отандық және шетел әдебиеттеріндегі оқытудағы бағаның психологиялық мазмұны және ерекшеліктеріне теориялық талдау жасау.

2. Оқыту процесіндегі бағалаудың оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тиімділік әсерін анықтау.

3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясын психологиялық тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу жұмысының базасы:Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Жаңаталап ауылы, №81 Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептің 1, 2, сынып оқушылары, жас аралықтары 6-8 жас.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері:Зерттеу барысында келесі психологиялық-ғылыми зерттеу әдістемелері пайдаланылды:

1. Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесін бағалауды танымдық іс-әрекет арқылы зерттеу.

Бұл бағыттағы әдістемелер: Сөз-мағыналық ойлауды бағалау, рефлексивтік ойлаудың белсенділігін анықтау, А.Р. Лурияның есте сақтауға байланысты "10 сөзді жаттау" әдістемесі, зейіннің таңдамалылығын зерттеу әдістемесі.

2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мативациясын қалыптастыруға байланысты әдістемелер тобы: Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын аныктау әдістемесі және Н.Г. Лусканованың оқу мотивациясының деңгейлерін анықтау әдістемесі.

Зерттеу кезеңдері:Жоспарланған зертеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде, бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясы қалыптасуының психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері талданып, әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Жаңаталап ауылы, №81 Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептің 1, 2 сынып оқушыларының, жас аралықтары 6-8 жас қатысушыларының мотивациялық сферасын диагностикалау және оқушылардың оқу мотивациясы зерттелінді. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижесі ережеге сай тандалды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі:Ғылыми зерттеу жұмысы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 74 бет.

І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ МЕН МОТИВАЦИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық сипаттама

Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру.

Оқу іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек үдерісін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағдыны жүйелі түрде меңгеру. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұра тәжірибелерін береді. Оқу материалдары бала психологиясына зор ықпал етеді. Өйткені ұғыну өте қиын оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері болады. Тәрбиелеуде немесе оқытуда мұғалім осы түрткілерді (мотивтерді) білу керек. Баланың жасы өскен сайын психикасыда өзгереді. Яғни, оның оқуға деген көзқарасы өзгеріп отырады. Оқуға, білім алуға ұмтылуды тудыратын түрткілер болады.

Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.

Бастауыш сынып оқушысының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар, өскен ортасына балабақшада болу-болмауына, тұрақтылық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға тағы басқа жағдайларға байланысты.

Бастауыш сынып кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеттері мен жүйке жүйесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады.

Жекелеген психикалық үдерістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті жоғарғы деңгейге ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылағыштығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.

Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейіннің дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнектілігінің мәні зор.

Зейіннің дамуы, сондай-ақ оның әлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алумен байланысты. Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үдерісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекет белсенділігін көрсете отырып, ақыл ой еңбегіне зейін арқылы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үдерісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үдерісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үдерісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі есте сақталынатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.

Бастауыш сынып кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үдерісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдері бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-ой әрекетінің дамуы үдерісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл-ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше, оқушының жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшу арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді.

Оқу үдерісіне ой операцияларыда іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлануының даму ерекшелігінде ой қорытындысын жасай алу, себеп салдарын анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды.

Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.

Бала тілінің дамуының түрткілеріне құрбылармен, ересектермен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білу жатады. Бала бойында кездесетін әртүрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешіліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.

Бастауыш сынып жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір (көркем жазу ойы) өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің грамматикалық табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді.

Баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы әр үйдегі, әр мектептегі жаңа талаптарға негізделеді. Қоғамдық талаптарының өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбектілік сияқты қасиеттерді ашады.

Бастауыш сынып оқушыларының ерік сапаларының дамуы: бір-бірінің, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, психологиясын, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады. Сонымен қатар, бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттің қалыптасуында да іске асады. Оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы қарқынды кезең. Олардың өзгелер мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.

Бастауыш сынып оқушыларының едәуір мүмкіншілігі бар. Себебі, олардың инттелектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екендігі анықталып отыр. Осыған сүйеніп психологтар қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан, бұлардың оқуға мүмкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырманы одан әрі қиындату қажет дейді. Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Сөйтіп оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда, оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде қиыншылықтар кездеседі: біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп, жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып әке-шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Үшіншіден, бірінші сынып оқушыға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды, оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен мектепке келу қызық болып көрінгенімен оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сөнеді де, оқуға немқұрайлы қарайтын болады. Немқұрайлылықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал, тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан, үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс. Тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі, қиынырақ келгені әлдеқайда ұтымды. Себебі азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады. Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін бірінші сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (екінші, үшінші) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бірнеше объектіге қызығуы мен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп – бірнеше объектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал, ықылас балада іштей ұмтылып іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бірнеше нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан осы мәселеге бірінші сыныпта мән беруі қажет. Жалпы алғанда екінші, үшінші сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.

Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өмірдегі жаңа бейнелер мен әлеуметтік жағдайын түп-тамырымен өзгертеді. Қоғамдық қатынастар жүйесінде ол енді жаңа тәртіп оқушы осыдан шығатын барлық заңдар мен міндеттерді иеленеді. Мектеп оқушыларының типтік қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері үшін орта мектеп жасына өтудің дайындығының негізгі қажеттілігі ретінде оқушы позициясының ішкі қабылдауы жүйелі, бұған біртұтас жүйелі факторлар себепші болады [1, 166-171б.].

Сондай-ақ бастауыш сынып кезеңі – бұл «жеке» тұлғаның мәнді алғышарттарының қалыптасу аралығы. В.В. Давыдов бала мектепке келісімен оқу үрдісінде жеке тұлғаның теориялық санасының негіздері жасалатындығын (ғылыми, көркемдік, адамгершілік) нұсқайды.

Д. Б. Эльконин бойынша, бастауыш сыныптағы оқушы өзінің мектептегі жұмысын қоғамдық мәнді, қатаң түрде міндетті іс-әрекет ретінде қабылдай бастайды да, оның бойында оқудың жаңа қоғамдық сезімдегі мотивтері көріне бастайды. Б. Г. Ананьев балалардың мектептегі оқу үрдісі олардың бүкіл өмірін жаңаша ұйымдастырып, баланың отбасындағы орнын өзгертетіндігіне ерекше көңіл қояды, өйткені онда отбасынан тыс міндеттер, яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады. Психологтар бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп, «оқушының ішкі позициясын қабыл алу», (Л. И. Божович), «оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез-құлық мотивтерінің өзгерісі» (В. В. Давыдов), баланың «мектепте оқу міндетін» сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі (Н. Ф. Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді. Кеңес дәуірінің психологиясында мотивациялық аумағы өзінше қарастырылады, ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің әр түрін қамтиды (Л.И. Божович). Баланың қай мотивті өзіне жетекші мотив ретінде таңдап алуына қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л.И. Божович, А.Н. Леоньтев). Оқушының мотивациялық аясы оның эмоционалды-еріктік сферасына, оның ақыл-ой әрекетіне әсер ететін түрлі қатынастардың қайта құрылуына, әсер ететін өте мәнді фактор ретінде көрінетін «педагогикалық бағамен» анықталады [2, 172-173б.].

Біз жоғарыда атап көрсеткеніміздей, бастауыш сынып кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі – оқу іс-әрекет түрі болып табылатыны баршамызға белгілі. Осы жайында толығырақ тоқталатын болсақ, бала мектеп табалдырығын аттағандықтан бұл кезең оның қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды.

Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бой ала бастайды. Баланың белгілі бір ережелерге бағына бастауы оның бойында мінез-құлқын реттей алу іскерлігінің қалыптасуына ықпал етіп, осы жас шамасы үшін мәнді жаңа ұйымдардың бірі болып табылатын ырықты түрде басшылыққа алудың ең жоғарғы кейпіне қол жеткізуінің кепілі бола алады. Балалардың басқада танымдық үдерістерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау қасиеті пайда болады.

Баланың мектепке келуі оның әлеуметтік қарым-қатынастарының шеңберін кеңейтіп, «Мен концепциясына» міндетті түрде әсер етеді.

Мектеп, баланың дербестілігіне, оның ата-аналарынан оқшаулануына ықпал етеді, оның қоршаған әлеуметтік және физикалық әлемді зерттеудің кең мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.

Баланың әлеуметтік ортаға енуінің салдарынан міндетті түрде терең, әрі әр сапалы өңделудің негізінде 6-7 жас шамасын әлеуметтік дамудың алғашқы кезеңі деп атауға болады. Адам өмірінің мектепте өткен кезеңі оның екінші сатысы болып табылады. Дамудың осы жас шамасында жеке тұлғаның және оқу-танымдық субъектісінің оқу үдерісін қамтамасыз ететін психологиялық құрылымдары қалыптаса бастайды.

Осы жас шамасына дейін бала заттар әлемінде тіршілік етсе, ендігі жолда ол ғылыми тұрғыда қатаң тәртіпте ұйымдасқан қатынастар мен заңдылықтар әлемінде тіршілік ете бастайды. Мектеп кезеңінде іс-әрекет субъектісімен қатар жеке тұлға қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қоғамдық-бағдарланған әсердің қалпы күрделеніп, тікелей (баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасы) және әлеуметтік әсердің әрқилы каналдары арқылы, жанамаланған ( кино, теледидар және шығармашылық әдебиет т.б.) сипатқа ие бола бастайды. Мектеп кезеңінде жеке тұлға мен іс-әрекет субъектісінің біртұтас көріністері, яғни мінезі, жалпы және қосымша қабілеттері, дүниетанымы, мақсатты түрде болжай алу іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы, кәсіби бағытқа мойын бұра бастауы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен іс-әрекетін өз еркімен реттей алу іскерлігі қалыптаса бастайды [3, 175-176 б.].

Сондай-ақ, бастауыш сынып кезеңі баланың мектеп табалдырығын аттауымен де байланысты. Бұл кезеңнің шегі алты-жетіден, тоғыз-он жас.

Физиологтардың мәліметтері бойынша, 7 жас шамасында бала миының үлкен жарты шарларының қабығы біршама жетіледі. Бастауыш мектеп оқушысының әртүрлі денелік ерекшеліктері болады. Сүйек жүйесінің қатаю кезеңі аяқталады. Сондықтан мұғалім оны ескеру қажет. Олардың психикасы жақсы жетілмегендіктен балаға көп жазу жаздырып шаршатпау керек. Жүйке жүйесінің жүйесі әлі дамып жетілмеген, 7 жастағы бала миының салмағы 1250 грам. Бұл жастағы баланың танымдық үдерістері тұрақсыз болып келеді. Оларда ырықсыз зейін басым келеді. Олар өте қозғыш, алаңдағыш болады. Бірақ тәжірибелі мұғалім жұмысты қызықты жүргізе білсе, онда бала сабаққа көңіл қоя бастайды, олардың жүрек жүйесі толық жетілмегендіктен, сергіту сәттерін өткізу керек. Бұл жастағы балалар әлі де ойынға қызығып тұратындықтан, сабақты ойын түрінде өткізген дұрыс.

Мектептегі оқу бала дамуындағы әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне әкеледі. Ол «қоғамдық» субъектіге айналады. Бастауыш мектеп кезеңі білімдерді сіңіру, жинақтау кезеңі. Бұл жаста балалардың сана-сезімі дамиды: нақты жағдайға байланысты бағалау алмасады, баланың өз-өзіне деген сыншылдығы ұлғаяды. Оқу үдерісінде баланың сезімдері өзгереді.

Ойын іс-әрекетіне деген қажеттілік сақталғанымен, ойындардың мазмұны өзгереді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар ережелері бар, спорттық ойындарға, жарысу элементтері бар ойындарға қызығушылық білдіре бастайды.

Балалардың танымдық іс-әрекеті ырықты сипатқа ие болғаны танымның шеңберін кеңейтудің үлкен мүмкіндіктерін ашады. Мәселен, ес ырықтығының көрсеткіші ретінде есте сақтау тәсілдері қолданылады.

Бастауыш сынып жасындағы баланың ақыл-ой мүмкіндіктері жайлы мәселе әр кезеңде әрқилы шешіледі. Қазіргі заманғы зерттеулердің нәтижесінде баланың ақыл-ой мүмкіндіктерінің кеңейгені анықталды.

Қолайлы жағдайда балалар абстрактылы теориялық материалды меңгеруге едәуір қабілетті [4, 177-178 б.].

Біз жоғарыда, бастауыш сынып оқушылары 7-11 немесе 6-10 жас аралығындағы балалар деген болатынбыз. Осы жаста олардың жеке психологиялық, әлеуметтік адами қасиеттері қалыптасады және оларға тән өзгешеліктер пайда болады, - деп атап көрсеткен болатынбыз. Осыған толығымен тоқталатын болсақ: біріншіден, олардың материалдық, қарым-қатынастық, эмоционалдық қажеттіліктерін отбасы қамтамасыз етеді. Олар ата-анасының қамқорлығында болады. Екіншіден, олардың әлеуметтік-танымдық қызығушылық, құмарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады. Үшіншіден, ата-ана мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз нәрселерден бастауыш сынып оқушыларын қорғай алады.

Кешегі мектеп жасына дейінгі бала бүгін мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала тәртіпке бірден көндіге алмайды. Осыдан барып ересектермен түсініспеушілік пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы бала өз іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құра бастайды. Бастауыш мектеп жасындағы бала бұрын ойынмен айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу – ойынға қарағанда өте күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құру мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:

1. мектеп өміріне кіру;

2. мектеп, сынып ұжымдары арқылы қарым-қатынастарды реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату;

3. мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағыну, оны қабылдау, орындау.

Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау бастауыш мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді.

Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиындықтары да бар. Бірінші қиындық – баланың уақытында ұйқыдан ояна алмауы, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабақта тәртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқандарын бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық тапсырмаларды орындау тағы басқалар бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы кездері осыған көндіге алмайды. Себебі, бала оған психологиялық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібін реттеп, оған біртіндеп бейімделгенше, баланың оқу іс-әрекетіне деген мотивациясы туралы айтудың өзі ертерек.

Екінші қиындықбастауыш сынып оқушысының сыныптағы оқушылармен, ұстаздармен үйлесімді қарым-қатынасын орнату. Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі – ол балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде оқушылардың сыныптағы қарым қатынасын үйлестіруші ретінде мұғалімнің рөлі ерекше. Бала барлық нәрсеге мұғалімнің көзқарасымен қарайды. Балалар ұжымды кейде материалдық жағдайларына байланысты бөлінуі мүмкін, мұндай қиыншылықтарды мұғалім оңтайлы шешуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дұрыс тәрбие беруде кемшіліктер жіберіп алуда мүмкін. Мәселен,

§ адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің бастауы қалыптаспайды, оған жастайынан үйренбейді;

§ ақыл-ойының педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы. Осыдан барып, оқуға деген жалқаулық, оқығысы, үйренгісі, білгісі келмеу туады;

§ адами әсемдік, сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі;

§ баланың денсаулығының, ақыл-ойының кемістігі, патологиялық кемшіліктер. Ондай бала тазалық, тәртіп дегенді түсінбейді;

§ баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ болуы. Жасынан еңбектенбеген адамнан ешқандай жақсы азамат шықпайды.

Үшінші қиындықбалалардың отбасымен қарым-қатынасы. Мектепке барғаннан кейін бала бұрынғы еркеліктен айырылып, жауапты адамдар қатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі жағдайларға ұшырауы мүмкін: біріншіден, балаға мектепке керекті құрал-жабдықтар алу керек, ол ойыншық алудан күрделі. Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі, сабаққа мұхият дайындалу керек. Осының барлығы балаға ұнамауы мүмкін, ол тәртіп сақтаудан қашады, тапсырманы дер кезінде орындамайды. Осындай жайттардан бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда болады. Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа жауапкершілікпен қарайды, көп нәрсені өзі тындырады. Бірақ бұған ата-ана дұрыс мән бермейді де, ол әрекетті баланың ойыны ретінде қарайды. Осыны сезінген баланың біртіндеп сабаққа деген ынта-ықыласы төмендей береді. Үшіншіден,бала ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей жағдайда әрбір алған жақсы бағасы үшін ақша талап етуі мүмкін.

Төртінші қиындық бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге берген тапсырмаларын орындауда қиын.

Зерттеуші ғалым педагогтар бастауыш мектеп оқушыларын үй жұмысын орындауына байланысты бірнеше топқа, кезеңдерге бөліп қарастырады: бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын көтеріңкі көңілмен қиналмай орындайды. Мұндай оқушылар тобын романтиктер деп атайды, олардың оқуға деген қызығушылығы бар. Өздерін ересектер санатына ұстайды. Бірақ, уақыт өткен сайын, сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығып, қызығушылығы басылады, үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау міндет екенін біліп, үй жұмысын орындау тек дағдыға айналады.

Екінші топ оқуды, үй жұмысын орындауды салт деп біледі. Осылайша балалардың сабаққа деген ынтасына қарай оларды үш топқа бөлуге болады: бірінші – ынтамен оқитындар; екінші – жалпы үрдіспен оқу керек, ата-ананы, мұғалімді ренжітпейтін деген оймен оқу, яғни өзі үшін емес, біреу үшін оқитындар; сабаққа үлгере алмай артта қалып қойғандар тобы.

Осы үш топтың әрқайсысымен өзіндік жұмыс жүргізу – бастауыш сынып ұстаздарымен, ата-аналарының міндеті. Бірінші топтағы оқушыларды қолдап отырса, екінші топтағыларды көтермелеп, ал үшінші топтағыларды бірде міндеттеп, бірде мақтап, барлық жағдайда қолдау көрсетіп, көмектесіп оқыту керек.

Бастауыш сыныптың өзінде балаға ұнайтын, ұнамайтын пәндері бар. Қандай бір үздік оқушы болса да, оның өте жақсы көретін пәні немесе пәндері болады. Соны әрі қарай дамытқан жөн. Оқуда зорлық болмауы керек. Оқуда қажеттілік, білім алуға міндеттілік болу керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесі өзгеріп, ол өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құрады. Осы орайда ол көптеген қиындықтарға тап болады. Сол қиындықтарды шешуге мұғалім, ата-ана болып бірлесіп, еңбектеніп, балаға көмектескен абзал [5, 183-186 б.].

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне келетін болсақ, кіші мектеп оқушы жасындағылардың анатомиялық – физиологиялық дамуы.Бұл жаста дененің барлық мүшелері мен ткандарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтседе склеттің қатаюы әліде аяқталмайды. Сондықтан баланың партада дұрыс отыруын, көп жаздырып шаршатпауын, қадағалау керек. Бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшықеттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да, олар кең құлашты қимылдар жасауға қабілетті. Саусақ еттерінің қатаюы 9-11 жаста, білек сүйектерінің қатаюы 10-12 жаста аяқталады. Мәселен, баланың жазу үстіндегі тапсырманы аяғына дейін орындай алмауы. Себебі: оның білегі тез талады, өте тез және ұзақ жаза алмайды. Сонымен қатар 1-3 сынып оқушыларына жазба тапсырмаларды қөп беруге болмайды. Жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі. Ми салмағы артады, әсіресе, маңдай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетінде жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозу мен тежелу процестерінің өзара қатынастары өзгереді. Тежелу (ұстамдылықтың және өзін-өзі бақылаудың негізі).

Кіші мектеп жасындағылардың склет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек тамыр қызметі салыстырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері көбірек тепе-теңдікке ие болады. Екінші сигнал жүйесі жедел дамиды.

Акселерациядене және психикалық даму жағынан жедел дамуы.

Әлеуметтік жағдайдың дамуы. Әлеуметтік жағдайдың өзгеруі келесідей:

- қоғамдық қатынастар жүйесінде баланың орны өзгереді.

Мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады.

- үлкендермен қарым-қатынасының типтері өзгереді (талаптар күшейеді).

- Құрбыларымен қарым-қатынасының типтері өзгереді.

Құрбыларының ортасында баланың жағдайы бағалаумен анықталады.

Бастауыш сынып оқушы жасындағылардың жетістіктері: психикалық процестердің ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, өзін-өзі бақылау, рефлекция.

Рефлекциялатынша «бейнелеу» деген сөз. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Жетекші іс-әрекеті.Оқу іс-әрекеті. Адамның іс-әрекеттерін белгілі-бір білімді, дағдыларды, іскерліктерді, мінез-құлық пен іс-әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсаты басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән іс-әрекет, осының өзінде ол адам, өз іс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам психикасының даму сатысында ғана болу мүмкін. Мұндай қабілет баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің бұған дейінгі түрлерінің – ойынның, сөйлеу қарым-қатынасының, практикалық іс-әрекеттерінің негізінде қалыптасады.

Оқу іс-әрекеті дегеніміз не?Кез-келген іс-әрекет практикалық болсын, сөз жүзінде болсын қандай да бір физикалық іс-әрекеттердің жиынтығы. Демек, оқу да адамның түрлі іс-әрекеттер жасауы, қимылдары, жазуы, сөйлеуі т.б. арқылы жүзеге асады. Бірақ өмірлік байқаулар мен арнайы тәжірибелер таза сыртқы, дәлірек айтқанда қозғалыс белсенділігі үйренудің әсте де міндетті шарты емес екендігін көрсетеді. Бір жағдайларда, ол маңызды рөл атқаруы мүмкін (мәселен, жазудың, сөйлеудің, сурет салудың қимыл дағдыларын меңгеру үшін) екінші жағдайда, ерекше маңыздылығы болмайды (мәселен, сөздерді не мәтінді ерекше есте сақтау үшін, затты танып, ажырату үшін).

Егер оқу іс-әрекет болса, онда ол сыртқы және көзге көрінетін формасыз жүзеге аса ала ма? Зерттеулер практикалық іс-әрекетпен қатар адамның тағы да айрықша гностикалық (грекше гнозис – білім) іс-әрекетті жүзеге асырылатынын көрсетті. Оның мақсаты – айналадағы дүниені танып білу. Практикалық іс-әрекет секілді гностикалық іс-әрекетте заттық және сырттай іс-әрекет бола алады (мәселен, заттардың қасиеттерін зерттеп білу үшін оларды бөлшектеу мен құрастыру, салмағын тұрқын өлшеу, орындарын ауыстыру). Мұның өзі сондай-ақ перцевтивалық іс-әрекет – қарау, тыңдау, қадағалау; символикалық іс-әрекет – бейнелеу, белгілеу, айту.

Оқу іс-әрекетінің мотивтері.Белгілі зат, оқиғалар, жағдайлар немесе іс-әрекет адамның белгілі бір белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса іс-әрекеттің себептеріне айналады. Осындай түп негіздері үш негізгі категорияға айналады.

- ішкі негіздер (қажеттіліктер);

- сыртқы негіздер (талаптар, күту, мүмкіндіктер);

- жеке түпкі негіздер (құндылықтар).

Оқытудың құрылымы:оқу ситуациялары, оқу әрекеті, бақылау, бағалау.

Оқу ситуацияларыоқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың

немесе нақтылы практикалық міндеттердің кейбір класстарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. Бұл әрекеттер пәндікте, ақыл-ой шеңберінде орындалады.

Бақылаудың негізгі екі формасы бар.

- орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижесін талдау;

- ойлау бойынша орындалған әрекеттердің дайын нәтижелерін көздеу.

Бағалаужақсы-жаман, баға – дейін және синтездік сипатта болады.

Танымдық процестердің дамуы.Қабылдаумектепке дейінгі балаларға қарағанда (көзінің көргіштігі, естуі) дамыған. Бірақ әлі де болса қабылдау дами қоймаған. Мысалы, орыс тіліндегі ф.в. фонемаларын дұрыс ажырата алмайды. Себебі талдау қызметі қалыптаспаған. Сонымен бірге олардың қабылдауында анализ бен синтездің жеткіліксіздігі жиі байқалады. Бала байқағыш келеді. Бірақта, ол анализ, синтездеудегі білімі жеткіліксіз.

Баланың қабылдауы эмоцияға да байланысты, көп нәрсе оны қуанышқа және ренжуге бөлейді. Ол көбіне өзі қызықтыратын, сезімін туғызатын нәрсеге көп көңіл бөледі. Бұл кезде сезімінің дәл болмауын көруге болады. Мысалы, шымшықты қарға деуі т.б. ұқсас заттарды біртектес қабылдайды. Кіші сынып оқушылары кеңістікті қабылдауы және уақытты қабылдауы жеткіліксіз дамиды. Баланың қабылдау ерекшеліктерінің қалыптасуында мұғалім негізгі рөл атқарады.

- сөзді және затты қабылдау арасында айырмашылық. Затты қабылдау – бірінші сигнал жүйесі. Сөзді қабылдау екінші сигнал жүйесі тыңдау);

- тәжірибесі жинақталады (сапасы дамиды).

Ес, елестер.Балалардың образы есі (көру, есту) жақсы дамып, сөз логикалық есі нашарлау дамиды. Оқыту процесінде мағыналы (сөз логикалық) дами түседі. Бала тек нақтылы емес, кейде абстрактылы ұғымдарды игере бастайды. Бұл кезде бала өз сөзімен емес, яғни берілген тапсырманы жатқа айтқанды жақсы көреді, бірақ тапсырманың мақсатын білген жөн. Мұғалім мұндай тапсырманы нақтылап әдістерін белгілеп бергенде, бала тапсырманы орындайды. Есте қалдыру үшін бөлшектерге бөліп, өз сөзімен айтып үйренеді.

Ойлау. Л.С. Выготскийдің айтуынша, бала оқуға келген соң, оның ойы мен интеллектісі үлкен өзгешеліктерге ұшырайды. Бала қарапайым ойдан, ұғым -арқылы ойлауға көшеді. Ж.Пиаже 7-11 жастағы балаларда тек қарапайым, нақтылы ой операциясы кездеседі деді. Бұл кезде бала да пікір, ой қорытындысын туындай алады. Оның абстрактылы ұғымдық ойлауы қалыптасады. Сонымен бірге Неге? Неліктен?

Сұраққа жауап талап еткенде, мұғалім, балаларды өз пікірін, дәлелдеп беруін, мойындауға үйреткен жөн.

Қиял.Педагогтың міндеті – мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл, айқын елестетуі үшін, оқушының репродуктивтік қайта жасау қиялын дамыту. Ол үшін көрнекі құралдар, әңмесі әсерлі т.б. қажет. Кіші сынып оқушысының қиялы көбінесе еліктегіштік сипатта болады. Бұл кезде, баланың қайта жасау (репродуктивтік) сипаты басымырақ болады. Оларға тән ерекшеліктері, олар жасаған бейненің көрнекілігі мен нақтылығында. Баланың творчестволық қиялын қалыптастыруда әсер ететін «еркін тақырыпқа шығарма жазу».

Эмоция, сезім.Бұл кезде, баланың эмоциясы өзгереді. Оқу іс-әрекеті біріккен іс-әрекеттерге қатаң талаптар жүйесімен, саналы тәртіппен, ырықты зейінмен және ерікті есте сақтаумен байланысты. Мұның бәрі баланың эмоциясына әсер етеді. Бұл кезде ұстамдылық, түсінгіштік, қуаныш пен реніш жағдайларындағы табандылықтың артуы байқалады. Өз көңіл-күйлерін басқара алады, кей кездері жасыра да алады. Жасқа тән белгі – психологиялық процестің еркіндігі осыдан байқалады. Бұл кезде оқушылардың, өзінің мұғалімге деген қарым-қатынасынан туатын сезім, моральдық, интеллект сезімі қалыптасады. Сондай-ақ достық сезімі жедел дамиды.

Ерік.Адамның өмір процесі мен іс-әрекетінде дамып отырады (ойын, оқу, еңбек). 3 сынып оқушысында еріктің ең маңызды қасиеті болып саналатын өзіне-өзі сын көзбен қарау жағы әлде қайда дами түседі. Ерікті тәрбиелеудің ең маңызды шарты – қиын, бірақ шамасы келетін тапсырмалар беру.

Зейін. Зейінді дамытудың жалпы бағыты баланың мұғалім қойған мақсатқа жетуден өздері қойған міндеттің шешімін тексеруге өту болып табылады. Зейінді дамытуда, оқушының оған нені оқытып отырғанын түсінудің маңызы зор. Ырықты зейін әсіресе баланың мінез-құлқымен еркіне байланысты.

Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жеке басының дамуы. «Жеке бас» деген ұғымға «Мен» деген мәнді кіргізеді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болмағаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің (құрбыларының) бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте, өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке басы деген түсінікке оның сыпайылығы, керісінше осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл келетіндіктен, бұлардың көбісі сыпайы келеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке басына тән қасиеттер тек «Мен» деген сапа тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай, осы жөнінен де алып қарауға болады.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. 7-8 жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсінуге және оны күнделікті орындауға психологиялық жағынан даяр болуы. Бірақта мұны мұғалімде, үлкендерде дер кезінде пайдаланбайды. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің көңіл-күйіне қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуының ең қауіпті жауы – мінез-құлық нормалары мен ережелері жалған сипатта және ішкі қажеттер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер жеке адамның ішкі және табиғи жетістігі болады.

Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының өзара және мұғаліммен арақатынасының негізінде оның дара ерекшеліктері айқын көрініс береді.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзара қарым-қатынасына тән белгі олардың достығы, әдетте, өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығында негізделеді (бір партада отыруы т.б.). Кіші мектеп жасындағы оқушылардың санасы әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9-10 жастағы балалар оларға бірге оқитын балалары ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген баға өте ынталы және бұл баға өзі қалағаннан басқаша болса, қатты қынжылады. Ол қатты ұзаққа бармайды. Олар үшін әсіресе мұғалімнің берген бағасы қатты әсер қалдырады. Алайда, А.И. Ликина, Н.А. Жулидова, В.И. Вашуркова т.б. жүргізген нашар оқушылар тобына арнайы зерттеулері, біріншіден, балалардың өзін-өзі бағалауы, әдетте оларға деген мұғалімнің және сыныптың бағасымен бірдей болатынын көрсетті. Алайда бірқатар жағдайларда мұғалім кейбір балалардың жалпы дамуы мен мүмкіндіктерін олардың өздері ойлағаннан гөрі, жоғарырақ бағалайды. Нашар оқушылардың өзін-өзі төмен бағалауы – олардың сабақ үлгермеушілігінің өте кең тараған себебі. Балалар тұйық болып келеді: олардың нашар табыстары мұғалімнің және сыныптың бұл оқушының болашақ мүмкіндіктері жайлы теріс пікірін қалыптастырады; осылайша өз күшіне сенімсіздік, бағаларына селқостық келіп туады [6, 92-101 б.].

Сөз соңында қорытындылай келе, баланың мектепте психологиялық дайындығы кезінде, өзін және өзгелерді өзіндік санасында айыра білу қабілеті өзін әрекеттер субъектісі ретінде де, адами қатынастар жүйесіндегі субъект ретінде де ұғынудымүмкін етеді. Балада өзінің әлеуметтік «Менін» ұғыну пайда болады. Л.И. Божовичтің пікіріне сүйенетінболсақ, баланың мектеп өмірінің табалдырығында пайда болатын өзіндік санасының жаңа деңгейі оның «ішкі ұстанымында»неғүрлым адекватты көрінеді. Баланың ішкі ұстанымы сыртқы әсерлердің онда бұрыннан қалыптасқан психологиялық ерекшеліктердің құрылымы арқылы түсініліп, жинақтап қорытындылуының және оның тұлғасын тұтастай сипаттайтын ерекше тұлғалық құрылымға жинақталуының нәтижесінде құрылады. Дәл осы баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін және оның шындық өмірге, айналасындағы адамдарға, өз-өзіне деген қатынастарының бүкіл жүйесін анықтайды.

Балаларда өмірге жаңа, неғұрлым «ересек» жағдайды иеленуге және тек өздері үшін ғана емес, сонымен қатар, айналасындағы адамдар үшін де маңызды жаңа іс-әрекетті орындауға деген анық көрінетін ұмтылыс пайда болады. Жалпыға ортақ мектепте оқу жағдайында, бұл қағида бойынша, оқушы әлеуметтік жағдайына және әлеуметтік тұрғыдан маңызды жаңа іс-әрекет ретіндегі оқуға деген ұмтылысындажүзеге асырылады. Кейде бұл ұмтылыс басқа да нақты көрініске ие болады: мысалы, ересек адамдардың қандай да бір тапсырмаларын орындауға, өзіне қандай да бір міндетті алуға, отбасында көмекші болуға деген талпыныс. Бірақ бұл талпыныстардың психологиялық мәні сол күйінде қалады – мектепке дейінгі жастағы балалар өздеріне қолжетімді қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жа







Сейчас читают про: