Кесте 5.2

ЖАРЫҚ КЛИМАТЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Жарық аралықтары Аралықтардың ориентациясы Жарық климатының коэфициенті
Аудан топтарының номері
Ғимараттың сыртқы қабырғаларында С 1,0 0,9 0,75 0,75
СШ, СБ 1,0 0,9 0,75 0,7
Б, Ш 0,9 0,8 0,7 0,65
ОШ, ОБ, О 0,9 0,8 0,7 0,65
Түзу бұрышты және трапеци түріндегі фонарларда С-О 0,9 0,8 0,7 0,65
«Шед»типтес фонарларда СШ-ОБ 0,9 0,9 0,8 0,8
Зениттік фонарларда ОШ-СБ 0,9 0,85 0,8 0,75
Ш-Б 0,85 0,8 0,75 0,7
  0,9 0,9 0,8 0,8
С 0,8 0,8 0,75 0,7

Бүйірден жарықтандырылатын ірі өндірістік жайларда, жарық түсетін аралықтардан алшақ орналасқан қабырғалардан келесі нүктелерде:

I – IV – разрядтағы жұмыстар үшін жайдың 1,5 биіктігіне тең

V – VII – разрядтағы жұмытар үшін жайдың 2 биіктігіне тең

VIII – разраядтағы жұмыстар үшін жайдың 3 биіктігіне тең арақашықтарда нормаланады.

Ескерту: Қазақстан Республикасы бойынша региондар тобы:

6 топ: С-Қазақстан (оныі ішінде Көкшетау), Қостанай облыстары.

7 топ: Ақтөбе, Б-Қазақстан, ақмола, бұрйынға Торғай облыстары.

8 топ: Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Семей, Б-Қазақстан, бұрйынға Талдықорған, бұрыңғы Жезқазған облыстары.

9 топ: О-Қазақстан, Қызыл-Орда, Алматы обылыстары.

Әртүрлі аудандарда орналасқан ғимараттар үшін ТЖК нормалауды төмендегі формуламен жүрізіледі:

ТЖКN =ТЖКН*mn*o

VII – VIII разрядтағы жұмыстар атқаратын, бүйірдегі жарықтандырылатын өндірістік жайлар үшін табиғи жарық біркелкіліксіздігі нормаланбайды.

Бұндағы: ТЖКN - регион үшін ТЖК мағынасы

ТЖКН- нормативтік кесте бойынша ТЖК

mn – кесте бойынша жарықтық климат коэфициенті

нақтылы формула бойынша алынған мағыналар ондық бөлшекке дейін бүтінделеді. Төбеден және қиыстырылып жарықтанатын жайларда табиғи жарықтану біркелкілігі 3:1 аспау керек.

БІРЛЕСТІРЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Өндірістік жайларды бірлестіре жарықтандыру келесі жағдайларда қарастырылады:

а) І-ІІІ разрядтағы жұмыстар орындалатын өндірістік жайларда

ә) технологияны, өндірісті ұйымдастыру немесе климат жағдаы бойынша құрылыс орнында нормаланған ТЖК мағынасын қамтамасыз ете алмайтын көлемдік-жоспарлау шешімдері талап етілген жағдайларда, сонымен қатар бірлестіре жарықтандырудың табиғи жарықтандыруға қарағанда техникалық-экономикалық тиімділігі тиісті есептеулермен дәлелденген жағдайларда;

Өндірістікжайлар үшін ТЖК-н нормалау, бірлестіре жарықтандыруға сияқты бойынша қабылданады.

Өндірістік жайлар үшін ТЖК-нің нормаланған мағынасы 5.1 кестеге сәйкес қабылдауға болады.

а) температурасыбарынша суық бескүндік, климаттық құрылыс нормалары бойынша -270С және одан төмен региондары.

ә) тереңінде, технология жағдайы бойынша немесе таңдалған тиімді көлемдік – жоспарлау шешіміне байланысты нормаланған ТЖК қамтамасыз ете алмайтын бүйірден жарықтандырылатын жайларда.

І-ІІІ разрядтағы көру жұмыстары орындалатын жайларда бірлескен жарықтандыру қолданылады.

5.2. ЖАСАНДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Жасанды жарықтандыру жұмысшы, аппатық, күзеттік, және кезекші болып бөлінеді.

Жасанды жарықтандыру жалпы бір келікті немесе шоғырланған және қиыстырылған (жалпы жарықтандыруға қоса жергілікті) болып бөлінеді.

Өндірістік жайларды жарықтандыру үшін газразрядтталған шамдарды қолдану керек, тек газразрядтталған шамдарды қолдану мүмкіндігі болмаған немесе техникалық-экономикалық тиімсіздігі жағдайында ғана қыздыру шамдары қолданылады. Жергілікті жарықтандыру үшін газразрядталған шамдардан басқа қыздыру және гамогенді шадар қолданылады.

Жарықтатқыштарды таңдау орта жағдайын, нормаланған жарықтануды, ғимарат биіктігін, жарықтандыру сапасына қойылатын талаптарды ескере орындалады Шаңнан және басқа факторлардан қорғау дәрежесіне байланысты жарықтатқыштарды ашық, жабық, ылғалдан қорғағыш, шаң кірмейтін және жарылыстан қорғағыш деп бөледі.

Қажетті жарықтандыру деңгейінің (жарықтығын) тағайындау құрылыс нормасына (МҚН 2.04.05-96) және әдістемелік ұсынысқа сәйкес өткізіледі. Осы мақсатпен (жобаның түсіндірме жазбасынан) жұмыс процессін сипаттайтын негізгі белгілер анықтайды.

ӨНДІРІСТІК АЭРОЗОЛДЕР


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: