Кіріспе. Әр түрлі минеральдық, өсімдіктік, жасанды және синтетикалық шикізаттарды шығару

Әр түрлі минеральдық, өсімдіктік, жасанды және синтетикалық шикізаттарды шығару, өңдеу көлемінің үздіксіз өсуі, материалдардың жаңа түрлерін жасау т.б. қатты материалдарды ұсақтау процесстерінің қарқындылығын көтерудіталап етіп отыр, ол өз кезегімен, аэрозольдер отынның алуандаған көлемін жағуының (көмірді, мұнайды, газды т.б.), және де өнеркәсіптік кәсіпорындарының ауаға шығарыстарының нәтижесінде осы елді мекендердің атмосфералық ауасына түсуде.

Өндірістік шаң неғұрлым кең тараған кәсіптік зияны болып келіп, өнеркәсіптердің әртүрлі салаларында еңбек етуші көптеген жұмысшылар оның әсеріне душар болып отыр. Өндірістік шаң, өндірістік ортаның жағымсыз факторы ретінде өнеркәсіптің барлық салаларында және ауыл шаруашылығында кездесуіне байланысты, осы проблема өте өзекті болып отыр.

Шаңның этиологиялық үлесі кәсіптік сырқаттар, кәсіптік патологиялар ішінде бірінше орынды алып отыр. Қазіргі таңда шаңдық этиологиядағы сырқаттарды (пневмокониоздарды) тудырушы өндірістік аэрозольдердің шамамен 60-тай түрлері бар. Сонымен қатар, ауаның мөлдірлігін төмендетіп, күн радиациясының жер бетіне және жұмыс бөлмелеріне түсуін азайтады, жұмыс орындарының жарықтануын нашарлатады, өсімдіктердің өсуін тежейді, өнеркәсіптік орталықтарында тұмандарды жиілетіп,тұрғындардың тіршілігінің санитарлық жағдайларын бұзады.

Шаң, сонымен қатар, өндірістік жабдықтарының бүлінуіне, бөлмелердің, ғимараттардың ластануына келтіріп, өзінің шығарыстарымен бірге алуандаған кұнды материалдарды әкетеді, елді мекендердің топырағын ластайды. Шахтылық, шаң жоғары концентрацияда қопарылыстардың себебі болуы мүмкін.

Қазақстан жағдайында өндірістік аэрозольдер көмір шахталарында, қазбаларды ашық шығару өндірістерінде, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында, энергетикалық кешендерінде т.б. ең көп тараған кәсіптік зиян болып отыр.

Өндірістік жағдайларындағы шаңдарды зерттеу (көздерін және шаңның түзілу себептерін, олардың гигиеналық сипаттамасын), физиологиялық ауытқулар мен кәсіптік аурулардың этиологиясындағы шаңның ролін анықтау және жұмысшыларды одан қорғау бойынша шараларды тұжырымдау сұрақтары еңбек гигиенасы бөлімшесінің санитарлық дәрігерінің ағымды санитарлық қадағалау саласындағы жұмысының маңызды бөлігін алады.

Шаңның анықтамасы, негізгі түсініктері, терминологиясы 1 қосымша берілген.

2. Шаңның жіктелуі

Аэрозольдер ол дисперстік ортадан (негізінде ауадан) және ауада қалқымалы күйде болатын көптеген ұсақ, қатты және сұйық бөлшектерден тұратын дисперстік фазадан құралған аэродисперсті жүйелер, Өндірістік шаң осындай каллойдық жүйелердің бірі болып келеді.

Өндірістерде қатты заттардың дисперленуі көптеген технологиялық процесстерде болуы мүмкін.

Қопаруда, соғуда, тегістеуде, кесуде, ұнтақтауда, жонуда т.б. көптеген операцияларда. Осының нәтижесінде шаңның түзілуі өндірістерде ең көң тараған процесс болып отыр.

Өнеркәсіптік шаңдарды жіктеу оның жаратылу тегіне, шаң бөлшектерінің өлшемдеріне және адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша жүргізіледі (1кесте)

Түзілу механизмі бойынша аэрозольдер дезинтеграция аэрозольдеріне және конденсация аэрозольдеріне бөлінеді.

Дезинтеграция аэрозольдері – олар қатты заттарды ұнтақтауда пайда болады (басқаша-ұнтақтау аэрозольдері деп атайды). Дисперстік фаза бөлшекерінің формалары әрқашанда дұрыс (біркелкі) болмайды, олардың өлшемдері әрқилы-ультрамикроскоптіктен бастап өлшемдері айтарлықтай бөлшектерге дейін.

Конденсация аэрозольдері – олар балқытылған заттардың буларының конденсациясында пайда болған аэрозольдер. Олардың бөлшектерінің формалары көбінесе домалақ немесе дұрыс кристаллдық түрде болады. Металл буларын ауада салқындатуда металлдардың және олардың тотықтарының конденсация аэрозольдері пайда болды. Металлдардың хлорлық тұздарының ауада ыдырауында және гидролизінде күрделі бу-газ-аэрозольді қоспалары пайда болады, мұнда дисперстік фазасы элементтердің тотықтарының қатты бөлшектерінен және тұз қышқылы тұмандарының бөлшектерінен тұрады, ал дисперстік орта-ауадан, будан, хлордан және ауадағы оттегімен және су буларымен реакциясында түзілген басқа қоспалардан тұрады.

Жаратылыс тегі бойынша шаңдар –органикалық, бейорганикалық және аралас деп ажыратылады.

Органикалық шаңдар – табиғи жануарлық текті (сүйек, жүн, тері) немесе өсімдік текті (ағаш, мақта, зығыр, ұн, қант т.б.) және жасанды-пластмасса, резина, смолалар, бояулар және басқа синтетикалық өнімдерінің шаңдары.

Бейорганикалық шаңар – минералдың (кварцтік, силикаттық, асбестік, цементтік, фарфорлық т.б.) және металлдық) мырыш қорғасын, сынап, темір, марганец, хром т.б.) шаңдары.

Кесте

Түзілу әдісі бойынша Жаратылу тегі бойынша Дисперстігі бойынша Әсер ету сипаты бойынша
1. Дезинтеграция аэрозолдері 1. Органикалық 1.1. Өсімдіктік 1.2. Жануарлық 1.3. Жасанды 1. Ірі дисперстік-көзге көрінетін, 10 мкм жоғары. 2. Орташа дисперстік-микроскопиялық, 0,25 тен 10 мкм дейін. 3. Ұсақ дисперстік ультрамикроскопиялық, 0,25 мкм төмен. 1. Тыныс алу органдарының арнаулы сырқттару (пневмокониощдар, шаң бронхиттері)
2. конденсация аэрозольдері (буланудағы жәнесоңынан конденсацияланудағы) 2. Бейорганикалық 2.1. Минералдық 2.2. Металлдық 3. Аралас 3.1. Минералды-металлдық 3.2. Органикалық және бейорганикалық   2. Арнаулы емес сырқаттар. 2.1. Терінің 2.2. Көздің 2.3. Өкпенің (пневмониялар, туберкулез, рак т.б.)

Араласты шаң түрлеріне металлургия кәсіпорындарында, химиялық және басқа өндірістерінде түзілуші шаңдарды жатқызады. Олар өздерінің құрамы бойынша араласты болып келеді. Мысалы: топырақ шаңы минералдық және органикалық компоненттерден тұрады, өсімдік текті шаңның құрамында минералдық қоспалардың бөлшектері болады, металладр мен қоспаларды өндіру және өңдеу өндірістердегі шаңның құрамында минералдық және металлдық қоспалары болады.

Дисперстігі бойынша шаңдарды былай ажыратады:

1. Ұсақ дисперсті және ультрамикроскопиялық (өлшемдері 0,25 мкм дейін);

2. Орташа дисперсті немесе микроскопиялық (өлшемдері 0,25 тен 10 мкм дейін);

3. Ірі дисперсті (өлшемдері 10 мкм жоғары).

Шаң, көптеген бөлшектерден тұратын жүйе ретінде, ең бірінші кезекте, дисперстік дәрежесімен сипатталады, яғни дисперстік фазадағы бөлшектердің өлшемдері мен аэрозольдің көлеміндегі олардың меншікті салмағымен.

Шаңдардың дисперстік дәрежесі оларың құрамындағы бөлшектердің ауада өзін қалай ұстауын анықтайды.

Мысалы, түтіннің құрамындағы бөлшектердің өлшемдері 0,01 ден 0,1 мкм дейін, яғни молекуланың өлшеміне жақын, сондыұтан олардыңбөлшектері броундық қозғалыста болады. Осының нәтижесінде, бөлшектердің соқтығысу ықтималы жоғары болып,олар коагуляцияланып өлшемдері маңызды ұлғайып, Ньютонның (егер бөлшектер үлкен болса-өкпіндеу арқылы) немес Стокстің (егер бөлшектер үлкен болмаса – біралыпты жылдамдықпен) заңыына сәйкес шөгеді. Түтіндерден басқа аэрозольдердің конденсацияларының флокуляциялану және олардың кангломеранттарының шегу қабілеті бар.

Шаңның тыныс алу органдарында ұсталып қалуы мен оның ішінде таралуы шаңның дисперстігіне байланысты. Бөлшектердің өлшемі ұлғайған сайын, олардың тыныс алу органдарында ұсталып қалуы мен оның ішінде таралуы шаңның дисперстігіне байланысты. Бөлшектердің өлшемі ұлғайған сайын, олардың тыныс алу органдарында ұсталып қалуының жалпы пайызы өсе түседі. Мұнда, алвеолаларда 5 мкм өлшемнен төмен, әсіресе 1-2 мкм бөлшектер ұсталынып қалады. Керісінше, жоғағы тыныс жолдарында ұсталып қалған бөлшектердің пайызы, олардың өлшемдері ұлғайған сайын өсе түседі.

Өкпелердегі шаңды лимфа жүйелері арқылы шығаруда шаң бөлшектері өлшемінің маңызы өте зор. Мысалы: ультрамикроскопиялық шаңдар (өлшемі 0,1 мкм төмен) альвеолардан шаңдық клеткалары арқылы лимфа жүйелерімен жеңіл әкетіліп, лимфа түйіндерінде ұсталмай, өкпелерден шығарылады. Ал 1-2 мкм өлшеміндегі бөлшектер, керісінше, лимфа аппараттарында ұсталып қалуына бейімді келіп, олардың пневмокониялық әсерін неғұрлым жоғарылатады. Кварц шаңдарымен жүргізілген арнаулы сынақтардың нәтижелері 1-2 мкм өлшемдегі бөлшектердің фиброгендік әсері өте жоғары екендігін көрсетіп отыр.

Қазіргі таңда гигиеналық тұрғыдан ең тиімдісі ретінде Н.А. Фукстің ұсынған жіктемесі қабылданған, ол азды-көпті шамада аэрозольдердің маңызды физикалық-химиялық ерекшеліктерін ескерген.

Н.А. Фукстің терминологиясы бойынша нағыз шаңға (тозаңға) дисперстігіне байланыссыз, қатты бөлшектердің дезинтеграция аэрозольдері жатады, ал түтіндерге қатты дисперсті фазадағы конденсация аэрозольдер жатады, ал тұмандарға – олардың пайда болу тегіне және дисперстігіне байланыссыз, сұйық дисперстік фазадағы барлық аэрозольдер жатуы керек (табиғи немесе жасанды су тұмандары).

3. Өндірістік аэрозольдердің физикалық-химиялық қасиеттері

Өндірістік шаң, көптеген бөлшектерден тұратын жүйе ретінде, шаң бөлшектерінің ауада өзінің қалай көрсетуін, және де олардың адам организміндегі тағдарын, олардың организмге әсерін анықтаушы қасиеттер жиынтығымен сипатталады.

Шаңның химиялық құрамы оның организмге тигізетін әерінің жан-жақтығын көрсетеді.

Пневмокониоздардың пайда болуына қатысты, химиялық құрамы бойынша қауіпті келетін шаңдарына қос тотықты кремний шаңдары (әсіресе оның кристаллдық модификациясы) силикаттардың (әсәресе кремний қышқылының), көмірдің, басқа металлдардың (аллюминий т.б.), практика жүзінде, ерітілмейді де тыныс алуында тыныс органдарының терең бөлімдерінде тұрып қалып патологияларды тударыды, мұнда маңызды орынды өкпелерде дәнекер тінінің өсуі, яғни фиброздық өзгерістердің дамуы алады. Осы тұрғыннан неғұрлым агрессивтісі болып кристалданған бос кремний диоскидінің (кварцтың) және басқа модификациядағы шаңы саналады.

Фиброгендік шаңдардың агрессивтігі олардың еру қасиетіне тікеле байланыста болмайды.

Мысалы аморфты кремнийдың ерігіштігі кварцқа қарағанда биік келеді, бірақ соңғысының фиброгендік белсендігі едәуір жоғары.

Байланған кремнийдиоскиді, көптеген силикаттардың құрамдық бөлігі болып, бірақ олар силикоздарға қарағана едәуіржеңіл етеді. Міне сондықтан шаңдағы кремнеземдердің қандай түрлерінің болуын білу шаңның кониоздық қауіптігін дұрыс бағалау үшін өте маңызды. Шаңда бос қос тотықты кремний көп болған сайын силикозбен сырқаттану ауырлығы едәуір өседі, сондықтан шаңның құрамындағы бос кремнеземнің санын анықтау міндетті болып келеді. Шаңның дисперсті фазасындағы дәл сол бос қос тотықты кремнийдің мөлшерін ескеріп, жұмыс бөлмесіндегі ауадағы шаңның құрсатталатын мөлшерінің гигиеналық нормативі белгіленеді.

Байланған қостотықты кремний силикатоздарды тудыратын болғандықтан, ол да араулы әдістермен сандық анықталуы керек. Кристалды крғмнеземнің модификациялары рентгеноструктуралық талдау көмегімен анықталады.

Өсімдік және жануар текті көптеген шаңдар (шөптердің, мақтаның, зығырдың, бидайдың, ұнның, сабанның, ағаштардың, әртүрлі тұқымдарының, әсіресе қарағайдың, жібектің, жүннің, терінің, қауырсындардың, канифольдың шаңдары) олардың құрамында шаңның табиғатына тәне химиялық заттардың және саңырауқұлақтар мен макроорганизмдердің болуына байланысты маңызды аллергендік әсерін тигізеді.

Ерігіш шаңдар тыныс алу жолдарында ұсталып, сіңеді де, қанған түсіп, соңынан олар химиялық құрамына байланысты организмге әсерін тигізеді. Мысалы, қант шаңдары, қорғасынның, мыстың, кадмийдың және басқа металдардың шаңдары улық әсер береді; кейбір бейорганикалық және органикалық қоспалардың шаңдары (хром, берилий, урсол) аллергиялардың және арнайы патологиялық ауытқуларды дамуына келтіреді.

Аэрозольдің дисперстік фазасының массасы (салмағы). Қалқымалы бөлшектердің массасы-ауаның көлемдік бірлігіндегі олардың салмағы-шаңның зиянды әсерінің қауіптігін сипаттаушы негізгі көрсеткіші болып саналады. Қазіргі уақытты мына жағдай толығымен дәлелденген: ауаның көлемдік бірлігіндегі шаң бөлшектерінің мөлшерін (санын) ғана ескеріп, шаңмен байланысты кәсіптік аурулардың туу қауіптік дәрежесін анықтауға болмайды. Гигиеналық бағалаудың бірінші және негізгі шарты болып ауаның көлемдік бірлігіндегі (1м3) оның салмағын анықтау саналады, өйткені дәл сол шаңның массасы тыныс алу органдарында патологиялық процесстердің дамуына келтіреді. Ауадағы шаң бөлшектерінің мөлшері (саны) қанша болғанымен, бірақ егер олардың суммарлық салмағы (массасы) аз болса, патологиялық процесс өріс алмайды. Ауадағы шаңның салмағы рұқсатталатын гигиеналық нормативтерден төмен болса оның ешқандай зияндығы жоқ. Керісінше, жоғары салмақты концентрациядағы тіпті «инертті» шаңның өзі зиянды болып келеді. Сол себептен өндірістегі шаңды гигиеналық бағалау негізіне, профессор Е.В. Хухринамен ғылыми тұжырымдалған, ауаның шаңдануын анықтауда салмақты әдіс алынған.

Шаңның электрлік қасиеттері. Шаң бөлшектерінің электрлік зарядталуы диспергирленуші заттардың электрондық құрылымына байланысты. Зарядтардың бөлшектердің беттерінде түзілуі олардың температураларының өзгеруіндегі (пироэлектричество), және де оларды механикалық қысудағы (пъезоэлектричество) кристаллдардың электрленуімен байланыст.

Шамамен барлық шаң бөлшектері оң немесе теріс зарядталған. Оң және теріс зарядталған бөлшектердің саны шамамен бірдей.

Шаңның электрлік заряды фагоциттерге әсер етіп шаңның пневмокониоздық қауіптігін ынталандыруына келтіреді. Шаңның электрлік зарядыныңбелгісі (оң немесе теріс) сумен бүркіп суландыру жолымен шаңды ауадан шектіруіне ықпал береді деген ұйғарым бар, себебі су аэрозольінің бөлшектері де зарядталған. Шаңдардың, түтіндердің электрлік зарядталуы электрлік өрітің көмегімен,оларды дисперстік ортадан шығаруына мүмкіндік береді, бұл қасиет түтін шығарыстарын тазала мақсатымен пайдаланылады.

Шаңның меншіктік беті және фиикалық-химиялық белсенділігі. Аэрозольдердің дисперстік дәрежесі жоғары болған сайын, олардың меншіктікбеті де өсе түседі, яғни көлем бірлігіндегі бөлшектердің суммарлық беті өсе түседі. Мысалы, 1 см3 қатты затты өлшемдігі 0,1 мкм дейінгі бөлшектерге ұнтақтау, заттың жалпы бетін 6-дан 600 000 см2 дейін яғни 100 000 есе ұлғайтады. ОЛ заттың газдарды адсорбциялаушы қасиетін, ерігіштігін, диффузиясын күрт жоғарылатады. Сорбциялақ қасиетінің мысалы ретінде кенді, көмірді жыне басқа пайдалы қазбаларды шығару бойынша қопарылыс жұмыстарында қопарылыс газдарының шаң бөлшектерінде сорбциялануын келтіруге болады.

Адсорбцияланған газдар шаң бөлшектерімен бірге өкпе тініне жетіп, онда десорбцияланады.

Шаң оттегіні белсенді сорбциялайды, осыған байланысты ол жоғары концентрацияда жеңіл жарылғыш болып, қопарылыс қауіпін тудыруы мүмкін. Әсіресе органикалық шаңдардың қопарылыстың қауіпті жоғары келеді (көмір, қант, ұн т.б. шаңдары)

Шаңдардың қопарылыс тудыру қауіпті, олардыңконцентрациялары, дисперстік дәрежесі және олардағы ұшқын органикалық заттардың мөлшері ұлғайған сайын, өсе түседі. Көмір шаңықопарылысты тудыру қабілеті бойынша ең қауіптісі болып саналады. Биосфераларда шамалы ғана еруші заттардан түзілген шаңдардың еру қасиеті, осы шаңның диспрстік дәрежесі ұлғайған сайын өсе түседі. Улық шаңдарының еру қабілеті оның токсиндік әсерінің өсуіне ықпал жасаушы фактор болып келеді.

Шаң және микрофлора, Өсімдік және жануар текті шаңдарының көптеген түрлері әртүрлі саңырауқұлақтардың, бактериялардың, ал кейде құрттар менкенелердің тасығыштары болып келеді. Бидай шаңы актиномикоз ауруын тудырушы сәулелік саңырауқұлақтардың тасушысы блуы мүмкін. Стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшалары т.б. сияқты көптеген микроорганизмдер ұн шаңында болады, себебі ол микробтар үшін жақсы қорек ортасы болып келеді. Темекі шаңыәдетте стафилококктармен және заң саңырауқұлақтарымен ластанған.

Талшықты материалдарды (мақтаны, зығырды) істеп шығаруда ауадағы бактериялар мен саңырауқұлақтардың саны маңызды өседі. (3 кесте).

Қазіргі уақытқа дейін ауаның микрорганизмдермен ластануын гигиеналық бағалау критериясы әлі жасалмаған.

Гигиенаның міндеті болып микрорганизмдермен ластанған шикізатты өндірісте өңдеуде ауаның бактериялармен және саңырауқұлақтармен ластануын бағалау критериясын ғылыми тұжырымдау және ауаның олармен рұқсатталатын шектік ластану нормативін белгілеу саналады.

Сонымен қатар шаң туберкулез және бруцеллез инфекцияларын тасымалдаушы ролін атқару мүмкін. Сонымен, шаң тыныс алу органдарында инфекциялақ патологиялардың пайда болуына және өріс алуына қолайлы жағдайды жасаушы фактор ретінде қаралу керек.

Шаңның «ескіруі» және зияндық дәрежесі.. Шаңның пайда болу сәтінен бастап уақыттың өтуі ұлғайған. Сайын («ескірген» сайын) оның қасиеттерінің өзгеруі жеткілікті зерттелмеген.Бірақ жаңа пайда болған шаңның электрлік зарядталуы жоғары болып келетіні және қопарылыстарды сорбцияланған газдардың көп болатыны мәлім. Соныменқатар жаңа құралған шаңның «ескіге» қарағанда ерігіштігі біршама жоғары болып келеді.

А.М. Шевченконың мәлімдемелері бойынша жаңа құралған рудник шаңының фиброгендік қасиеті, көп жатып қалған «ескірген» шаңға қарағанда едәуір жоғары келеді.

4. Шаңның организмге әсері

Шаңның негізгі қасиеттерінің бірі болып оны өкпелердің кәсіптік ауруларын, оң бірінші кезекте, пенвмокониоздарды тудыру қабілеті саналады. Ең көп тараған және ауыр өтетін пневмокониоз болып силикоз саналады. ОЛ құрамында бос қостотықты кремний бар шаңды жұту нәтижесінде пайда болатын өкпелердің шаңдың фиброзы. Ал силикатоз аурулары құрамында қос тотықты кремнийдың басқа қоспалармен байланған күйде болатын силикат шаңдарының әсері жағдайында жұмыс істеуші адамдарда пайда болады.

Силикатоздардың ішінде асбестоз, толькоз, цементоз, слюдалық пневмокониоз, каолиноз, оливиноз, нефелиноз, шыны талшықтары шаңының силикатозы сияқты түрлерін ажыратады.

Пневмокатоздардың тудырушы себептері болып, құрамында қос тотықты кремнийжоқ, әр түрлі өнеркәсіптік шаңдары да болуы мүмкін. Оларға мына металлокониоздар жатады: бериллиоз, сидероз, алюминоз, баритоз, станиоз т.б. және де органикалық шаңдарының пневмокониоздары (биссиноз, микоз т.б.) мақталық, бидайлық, саңырауқұлақтық, пластмассалық пнемокониоздары.

Шаңның өзінен басқа, шаңдық патологиялардың дамуында бронх-өкпе жүйесінің аллергиялық реакцияларының маңызы да үлкен.

Өндірістік шаңның өзі де аллерген болып астмоидты бронхит, бронхиальды астма, эозинофильді инфильтрат сырқаттарын тудыруы мүмкін. Ал басқа жағдайларда шаң аллергиялық өзгерістердің аллергопневмониттік дамуына тек ықпал етеді. Осыпроцесстер ауқымды пневмокониоздардың дамуына үшін зең (фон(болып келеді.

Пневмокониозардың ең жиі кездесетін асқынуы болып туберкулез саналады. Бұл сырқатты кониотуберкулез деп, яғни пневмокониоздың туберкулез ауруының әртүрлі формаларымен қабысуы (үйлесуі) деп сипаттау керек. Пневмокониоздың пайда болу тегіне байланысты силикотуберкулез, антрокотуберкулез, асбестотуберкулез, сидеротуберкулез т.б. ажыратады. Туберкулезбен асқынуы әсіресе силикозда жиі кездеседі. Бұл каниотуберкулез өте ауыр өтеді.

Шаң бронхиттері. Бұл сырқаттар барлық «шаңдық» өндірістерде кең тараған. МЫсалы, көмір шахталарында, көп уақыт еңбек етуші жұмысшылардың шамамен 40% бронхит ауруынан азп шегеді. Бұл сырқаттар фарфоро-фаянстік, асбестік өнеркәсіптерінде, жіп иіруші, цемент өндірістерінде кеңінен тараған.

Пневмониялар. Пневмониялар арнаулы емес сырқаттары болып келеді, олардың жиілігі шаңның әрдайымдық әсерінің нәтижесінде өсе түседі. Мысалы: ваннадий-немесе фосфор бар конвенторлық шлактары шаңының әсеріне ұшыраушы жұмысшыладың пневмониямен сырқаттану жиілігі шаңы жоқ кәсіптермен шұғылданушы адамдарға қарағанда 4-6 есе жоғары келеді. Пневмокониощдардан азап шегуші жұмысшылардың ішінде әдетті пневмониялармен сырқаттану жиілігі, шаңдық кәсіптік сырқаттары жоқ жұмысшыларға қарағанда едәуір жоғары.

Жоғары тыныс жолдарының сырқаттары. Мұрын-жұтқыншақтың шаңдылық қатарлары өте тараған. Сырқат шырышты қабықшасында гипертрофикалық процссінен басталып, біртіндеп атрофикалық қатарға ауысады. Осының нәтижесіндежоғары тыныс жолдарындағы шырышты қабықшасының сүзгіз және барьерлік функциялары айтарлықтай төмендейді. Сонымен қатар, әдетте, мұрынның шырышты қабықшасындағы сезімталдық нерв түптерінің зақымдалу нәтижесінде, тіпті аносмияға дейін, сезгіш функциясы төмендейді.Жұтқыншақпен, көмеймен, өңешпен және ірібронхылармен салыстырғанда мұрынның шырышты қабықшалары неғұрлым қатты өзгерістерге ұшырайды, өйткенітап осында шаңның ең ірі бөлшектері ұсталып, оған жарақаттаушы әсерін тигізеді.

Көздің шаңдық сырқаттары. Шаң көру органдарына әсер етіп, конъюктивада қабыну процесстерін тудыру мүмкін(конъюктивиттер). Мысалы, мышьяк қоспалары бар шаңдарымен, анилин бояуларымен және акрихинмен жанасуда болған жұмысшыларында конъюктивиттер мен кератиттердің болған оқиғалары тіркелген, ал тринитротолуолдың шаңы кәсіптік катаракталарды тудырады. Күмістің күкірттік және бромдықтұздарының шаңдарымен ұзақ жанасу кәсіптік аргирозды тудырады.

Тері аурулары. Теріні ластап, әр түрлі құрамындағы шаң тітіркендіруші, сенсибилизациялаушы және фотодинамикалық әсерлерді беруі мүмкін.

Мышьяктің, әктің, кальций карбиінің, суперфосфаттың шаңдары тері бетіне тітіркендіруші әсер етіп дерматит ауруларын тудырады.

Ағаш, бидай дәндері, шаш шаңдары терінің құрғап кетуі, дерекіленуі, фурункулез сияқтызақымдалуына келтіреді.


5. Өндірістік аэрозольдерді зерттеу әдістері

Шаң факторын және оның жұмысшыларға әсерінің салдарын бағалау үшін, еңбек гигиенасы бойынша дәрігер әдебиеттермен танысу, жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануын және ондағы бос қостотықты кремнийдің мөлшерін химиялық анықтау (себебі оның болуы өндірістік шаңның фиброгендік дәрежесін анықтайды) негізінде қажетті материалдарды жинап, оларға талдау жүргізу керек.

Шаңға бақылау жүргізудің негізгі мақсаты – жұмысшылардың еңбек жағдайын гигиеналықбағалау және шаңмен күрестің тиімділігін анықтау.

Шаңдануын зерттеуді өндірістің технологиясынзерттеуден бастайды, мұнда шикізат механикалық, термиялық және басқа өңдеудің қандай түрлерінен өтетіні, технологиялық процесстің жүруі бойынша аэрозольдердің пайда болуы және олардың құрамы қандай, түпкі өнімнің жағдайы қандай сұрақтары анықталады. Ерекше көңілді технологиялық процесстердің үздіксіз жүруіне және қолмен жасалатын әртүрлі операциялардың барына аудару керек, себебі бұларда шаңдануы жоғары келеді.

Мұнда тағы шаңның тұрақты немесе мезгілді түзілуі анықталады, себебі, осыған байланысты шаңның сынамаларын алудың әртүрлі жұмыс орындары ғана емес, ауысымның әртүрлі кезеңдері де жоспарланады.

Жұмыс орындарында шаңдануды анықтауды тыныс алу аймағында (еденнен 1,5 м биіктікте) жүргізу қажет. Егер жұмыс орны тұрақты болмаса, онда шаңдардың концентрациясын өлшеуді ауысымның 50 % жоғары уақытында жұмысшы болатын жұмыс аймағының нүктелерінде жүргізеді.

Шаңдануды анықтауда оның массасын (мг/м3) анықтайды және дисперстігіне, яғни өлшемдері әртүрлі шаң бөлшектерінің проценттік қатынасына сипаттама береді.

Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануына бақылау әдістері мен құралдары көптеген, оларды екі топқа біріктіруге болады:

1) Тікелей әдістері - шаңның сынамкларын алу құралында дисперстік фазаны бөліп алу (сүзу, электро және термопреципитация, өкпіндік шектіру арқылы), соңынан шаңның салмағын (массасын) өлшеу әдістері;

2) Жанама әдістері (дисперстік фазаны бөліп алмай) шаңның массалық концентрациясын (мг/л) анықтауға мүмкін береді. Бұл үшін мына әдістері қолданылады: радиациялық оптикалық, радиоизотоптық, электрлік немесе электрондық, депреометрлік,пьезометрлік т.б.

Шаңға гигиеналық бақылауды- мезгілдік (шаңның конентрациясын қысқа уақыттық бір мертелік өлшеу) немесе жекелік шаң сынамаларын алу құралдарымен) түрлері болуы мүмкін.

Өлшеу жүргізудің мақсаттарына байланысты, бөлшектердің массасы бойынша шаңның максимальды – бір реттік және орташа ауысымдық концентрациялары анықталады.

6. Өндірістік шаңның зиянды әсерінің профилактикасы

Қазақстанда шаңмен байланысты кәсіптік сырқаттарды алдын алу мемлекеттік міндет болып, жалпы халық шаруашылығына және өнеркәсіптің жеке салаларына қатысты кешенді шараларды қолданумен жүргізіледі. Тап осы аталған заңдылық, технологиялық, гигиеналық және мдеу-профилактикалық шараларды кешенді қолданудың арқасында өнеркәсіптің көптеген салаларында еңбек жағдайын жақсарту, ауадаағы шаңның концентрациясын азайту және шаңдық текті кәсіптік сырқаттанудың деңгейін төмендету бойынша маңызды жетістіктерге қол жетті.

Технологиялық және санитарлық-техникалық шаралары

Технологиялық шаралар ең маңызды, шешуші шаралар болып келеді, олар шаңның құралу себептерін жоюына бағытталған. Мысалы, отқ төзімді бұйымдарды жасауда шикізатты ұсақтау мен ұнтақтаудың ылғалды әдісін қолдану шаңның пайда болуын мүлдем болдырмайды. Тау-кең өнеркәсіінде гпурларды бұрғылау жұмыстарын сумен шаюды қолданып бірге жүргізсе, ауаның шаңдануы және пневмокониоздармен сырқаттануы күрт төмендейді.

Егер шаң тудырғыш технологиялық процесстерді шаңсыз процесстерге ауыстыру мүмкіндігі болмаса шаң шығарушы материалдарды ұнтақтау, тиеу, тасу және буып-тұю процесстерні кешенді механикаланлырып (дистаниялық) алыстық басшылық жасау қондырғыларын қолдану жолы шаңмен күресті жүргізудің басты бағыттарының бірі болып келеді. Мұндай жағдайларда тек шаң шығару күрт төмендеме ғана, жұмысшылардың шаң шығару орындарында болу қажеттігі болмайды.

Пайда болған шаңдарды басу бойынша ерекше роль суды қолдануына беріледі, әсіресе бұл әдіс құрғақ процесстерді ылғалды процесстерге ауыстыру, және де шаңның ауаға түсу орнында шамалы суландыру мақсатымен қолданылады. Көмірді байытуда, керамикаларды жасауда т.б. ылғалды әдістерді қолдану ауаның шаңдануын оның рұқсатталған мөлшеріне дейін төмендетіп, пневмокониоз ауруларының пайда болу қауіптігін болдырмайды.

Ауадағы қалдық шаңдармен күрес жүргізуде басты роль тікелей шаң шығарушы көзіне жақын ұтымды орналасқан жергілікті сыртқа шығарушы вентиляциясыгна беріледі. Шаңмен күрес бойынша вентиляция.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: