Кредит № 3

1. Тақырып 1: Өндірістік аэрозольдер. Өндірістегі шаңдану мен газдануға қойылатын гигиеналық талаптар мен алдын алу шаралары.

2. Дәрістің мақсаты: Өндірістік аэрозольдерге анықтама беру, оларды гигиеналық нормалаудың принциптері, сонымен қатар жұмыс аймағының газдануы мен адам ағзасына зиянды газдар мен шаңдарды алдын алу шаралары.

3. Дәрістің тезистері:

Өндірістік аэрозольдер – бұл аэродисперсті жүйелердің түрі, олар өндірістік кәсіпорындардың жұмысы салдарынан туындайды, ауа дисперсті орта болып табылады, ал дисперсті фаза ретінде – қатты және сұйық бөлшектер.

Дисперстілік – аэрозольді бөлшектердің маңызды сипаттамасы.

Пайда болуына байланысты дезинтеграцияланатын (ұсақталатын) және конденсацияланатын аэрозольдер болып бөлінеді. Аэрозольдерге қатысты біртұтас классификация жоқ.

Дезинтеграцияланатын аэрозольдер фиброгенді әсер етеді, сондықтан шаңды бронхиттер мен пневмокониоздар тудырады. Шаңның құрамында 10% - көп бос кремний екі оксиді болса, оларды жоғары және шамалы фиброгенді шаң деп атайды, егер де жоғарыда аталып кеткен көрсеткіштен төмен болса, әлсіз фиброгенді деп аталады. Аэрозольдермен байланысқан токсикалық заттар адам ағзасында жедел және созылмалы уланулар мен аллергия туғызады.

Шаң органикалық және бейорганикалық болады. Аэрозольдерді нормалау үшін гравиметриялық көрсеткіштерді қолданады – зат массасы бойынша, 1 м³ ауадағы. Бір реттік және орташа ШРЕК – ті шаңдар болады. 1998ж – дан бері аэрозоль ШРЕК – рі фиброгенді әсері бар орташа деп саналады.

Жұмыс аймағының газдануы да, гравиметриялық әдіспен өлшенеді. Шаңдану мен газдануды бағалау ШРЕК көрсеткіштерімен қатар жүреді. Қорғаныс шаралары, өндірістік аэрозольдерден ұжымдық (технологиялық үрдістерді, құрылғыларды, вентиляциялық жүйелерді дамыту және кәсіби топтар бойынша шаңды ауырлықты санау) және жеке (шаңды ауырлықты санау, қауіпті және агрессивті заттардан қорғану үшін арнайы киім мен респираторлар қолданылады). Жоғарыда айтылған қорғаныс шараларынан басқа, фильтрлейтін және изоляцияланатын противогаздар қолданылады.

4. Иллюстрациялық материал: оқулықтар мен оқу – әдістемелік құралдар.

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измерова. М.-1987.

Қосымша:

4. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

5. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-1996.

6. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-2001.

7. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Аэрозоль дегеніміз не?

2. Пайда болуына байланысты қандай аэрозольдерді ажыратады?

3. Фиброгенді әсері бар аэрозольдерді қалай айтады?

4. Шаң әсерінен туындайтын қандай кәсіби аурулар пайда болоды?

5. ШРЕК –ті даярлау және ауаны бақылау, шаң құрамын анықтауға қандай әдіс қолданылады?

6. Шаңдану мен газдану дәрежесін бағалау қалай жүргізіледі?

7. Жұмыс аймағындағы ШРЕК қандай болады?

8. Өндіріс аэрозольдерден ұжымдық қорғаныс шаралары?

9. Өндірістік аэрозольдерден жеке қорғаныс шараларын атаңыз?

10. Зиянды газдардан қандай жеке қорғаныс шараларын білесіз?


1. Тақырып 2: Өндірістік вентиляция және қолайлы еңбек жағдайын ұйымдастырудағы оның маңыздылығы.

2. Дәрістің мақсаты: Студенттерді вентиляция жүйесімен таныстыру және оның қолданылуын игеру.

3. Дәрістің тезистері:

Вентиляция - ауаның ұйымдасқан алмасуы. Ол бөлме жағдайында белгілі ауа ортасын қалыптастыруға арналады (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдылығы, сонымен қатар оның жиілігі), осы ауа гигиеналық және технологиялық талаптарға сай болуы тиіс.

Ауаның алмасу әдісіне қарай вентиляция: жалпы алмасатын (сорғыш және үрлегіш), бұл уақытта ауа алмасу бүкіл бөлмеде іске асады; жергілікті сорғыш бұл жерде зияндылықтардыжою (газдар, булар, шаң, шамадан тыс жылу) пайда болатын орында жүргізіледі; жергілікті үрлегіш, бұл жерде ауа алмасу үрленетін ауа арқылы жүзеге асады, сонымен қатар бүкіл бөлме көлемін қамтымайды, тек белгілі ауданға ғана әсер етеді.

Әсер ету көзіне байланысты, ауа алмасу табиғи жолмен алмасумен жүзеге асады және механикалық ауа вентиляторлар әсерінен алмасады. Кейде өндірісте табиғи вентиляция мен механикалық бірге қолданылады (аралас вентиляция).

Механикалық жүйе вентиляциясы ауа рециркуляциясын қамтамасыз ете алады (толық немесе бөлшекті). Осы уақытта вентиляционды ауа атмосфераға бөлінбейді, қайта өңделіп бөлмеге жіберіледі.

Ауаны кондиционерлеу, механикалық желдетудің ең заманауи, мінсіз түрі болып саналады. Ол температура, ылғалдылық және басқа ауа өзгерістеріне қарамай белгіленген ауаны автоматты қамтамасыз етеді.

Тазалау, жылыту және ылғалдандыру кондиционерлеу кезіндегі, негізгі үрдістердің бірі. Қажет ететін жағдайларда кондиционерлеу жүйесінде ионизациялау, дезодорациялау, ал кейбір жағдайларда ауаның ароматизациясы жүргізіледі.

Табиғи басқарылатын өндіріс бөлмелеріндегі, арнайы ойыстар мен сорғыш құрылғылар арқылы іске асатын ауа алмасуды, аэрация деп атайды.

Аэрацияны, шамадан тыс жылу бөлінетін цехтарда, егер ауадағы шаң концетрациясы рұқсат етілетін шамадан 30% - тен асатын болса.

Жалпы вентиляция бөлмеде пайда болатын булар, газдар, шаңдар, шамадан тыс жылудан және ылғалдылықты санитарлы нормалау.

Жергілікті үрмелі желдету, бөлменің бүкіл ауданын емес, тек белгілі бір аймақты ғана желдетеді. Ол ауа душтары, оазистері ретінде орнатылады.

Жергілікті: сорғыш вентиляция, зияндылықтарды жою және болдырмау үшін қолданылады.

Орналасуына және зияндылықтардың пайда болу көзіне байланысты: жабық және ашық типті сорғыштарды ажыратады.

Ауаны бөлмеден сорып алу. Ауаны бөлменің ең зиянды, концентрация жоғары, теипературасы жоғары орындарынан сорып алады.

Ауаны бөлмеге жіберу. Ауа бөлмеге вентиляция, кондиционерлеу және ауаны жылыту жүйелері арқылы адамдардың тұрақты түрде орналасатын жерлеріне жіберіледі.

Жергілікті жабық сорғыштар бөлменің ең астарлы орындарында орналастырылады. Мұндай сорғыштар көп мөлшерде зиянды заттарды, ауқымды ауа көлемінен сорып алады.

Үрмелі ауаны жылыту калориферлер арқылы іске асады. Ең кең қолданылатын таспалы калориферлер, ол бірнеше қатарлы түтікшелерден тұрады. Тегіс түтікшелі калориферлер қолданыс табады. Калориферлерде жылуды тасымалдайтын, ыстық бу немесе ыстық су.

Ауаны суыту суытқыш аппараттарда жүргізіледі, олардың келесі екі типін ажыратады: беткейлік және контактілі.

Беткейлік суытқыштарда, калориферге ұқсас, ауа түтікше беткейінің жылуын өткізеді, ол арқылы суық су немесе басқа суық агенттері (рассолдар, аммиак, фреон және т.б.) қолданылады.

Контактілі суықтатқыштарда, суыту сумен жүргізіледі. Ауаны кептіру беткейлерде және контактілі аппараттарда жүргізіледі.

4. Иллюстрациялық материал: оқулықтар және оқу – әдістемелік құралдар.

5. Әдебиет:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: