Негізгі

1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

3. Руководство по гигиене труда. Т. I и II. Под. ред. Н.Ф. Измерова. М.-1987.

4. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-1996.

5. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-2001.

6. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

7. ҚР заңы " Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы" (4.12.02г.,№361 – II - РК).

Қосымша

1. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

2. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Құрылыстағы қолданылатын негізгі материалдарды ата.

2. Дайын цемен құрамында қандай зиянды заттар бар.

3. Цемент алудағы зиянды өндірістік факторлар.

4. Бетон жасаудағы зиянды өндірістік факторлар.

5. Кірпіш жасаудағы зиянды өндірістік факторлар.

6. Полимерлі құрылыс материалдарынның зиянды өндірістік факторлар.

7. Ағаштан жасалған материалдардың зиянды өндірістік факторлары

8. Шыныдан жасалған материалдардың зиянды өндірістік факторлары

9. Құрылыс материалдарын жасауда қандай профилактикалық шаралар қажет.

10. Қандай өндірістік құрылыс материалдарды жасауда ауыр еңбекті қажет етеді.


1. тақырып №2: Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы.

2.Дәрістің мақсаты: Студенттерді ауыл шаруашылығының түрлі салаларындағы еңбек гигиенасымен, шаруашылықтың осы саласындағы еңбек үрдістерінің ерекшеліктерімен және ебек жағдайларымен, ауыл шаруашылыңы өндірісіндегі жұмысшылардың аурушылдығымен таныстыру.

3.Дәрістің тезистері.

Ауыл шаруашылығындағы ерекшелік: ашық ауада жұмыс істеу, жұмыстың мерзімділігі мен шалғайда болуы.

Ауыл шаруашылығының салалары: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, мерзімді және нақты уақытпен шектелген жұмыстар, жұмысшы қалпының жиі ауыстырылуы, өндірістің шашырандылығы, өндіріс үрдістерінің химияландырылуы, жұмысшылар үшін биологиялық қауіптің болуы.

Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының аурушылдығы.

Егін шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Тракторлардың гигиеналық сипаттамасы.

Егін шаруашылығындағы өндірістің қолайсыз факторлары: шаң, шу діріл, газдар, жарықтану.

Сауықтыру және алдын алу шаралары: ауыл шаруашылық техниканың шығарылуын сақтық қадағалау, еңбек пен демалыстың тиімді тәртібі, өндіріс үрдісін жетілдіру, автоматтандыру, жеке қорғану заттарын пайдалану, алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер.

Мал шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Мал шаруашылығын жүргізудің өнеркәсіптік тәсілдері (ағымдылық, ырғақтылық, арнайыландыру).

Шошқаларды ұстаудың байламайтын-бокстық тәсілі.

Құстарды торда және полда ұстау.

Оператор-малшының еңбек әрекетінің негізгі элементтері. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар: метео жағдайлар, ауаның шаң мен газдармен, саңырауқұлақтармен, улы химикаттармен және жануарлардан бөлінетін заттармен және т.б. ластануы. Шу өнеркәсіптік мал шаруашылығының зияндылығы ретінде. Сауықтыру шаралары: ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік-алдын алу.

Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Қойды бағудың жайылымдық-столовая жіне жайылымдық жүйелері. Қойшылардың тұрақты бригадалары. Қойды қырқу, жуу, ұрықтандыруға дайындау.

Құс шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Құс фермалары. Негізгі газ тәрізді өнімдер, тегі органикалық шаңдар, өсімдік шаңы, микроорганизмдер, шу өндірістің зиянды және қауіпті факторлары ретінде.

Еңбек жағдайларын сауықтыру: жекелей механикалындарудан ағымды автоматтандыруға дейінгі кезең, сумен жабдықтаудың, канализацияның, жинаудың, инкубация қалдықтарын зарарсыздандырудың және құсты қасапханада біріншілік өңдеудің тиімді жүйесін қамтамасыз ету. Жұмысшыларды өндіріс аймағына сан.өткізгіш арқылы ауыстыратын киіммен жіберу, бөлмені дезинфекциялау.

Мал шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Жұмыс іс жүзінды жыл бойы жүргізіледі. Пестицидтер, соның ішінде дефолианттар мен десиканттар, жеке және біріккен формаларында, жоғары температура мен инсоляция жағдайларында кеңінен қолданылады. Еңбек жағдайлары климат жағдайланыа байланысты болады. Қол жиі мақта қорапшаларымен жарақаттанады. Ауаның ең қатты ластануы мақтаны машинамен жинау кезінде болаыд. Шу деңгейі жоғары. Мақтаны суарушылар суық сумен және қатты ылғалданған топырақпен жанасады. Бұдан суық тию? Аяқ-қолдардағы нейротамырлық бұзылыстар, тірек-қимыл аппаратының аурулары болады. Еңбек жағдайларын сауықтыру – өндіріс үрдістерін механизациялау, кезеңге сай киімдерді пайдалану.

Жылыжай шаруашылықтарындағы еңбек гигиенасы. Еңбек жағдайы. Бір жағынан ерекше мекеме болса, екінші жағынан бұл ауыл шаруашылығының іс жүзінде өз алдын абөлек саласы. Дақылдық қондырғылардың негізгі түрі – жылыжайлар, оларда механизмдер қолданылуы мүмкін. Жылыжайлардың стеллаждық, грунттық, гидропонды түрлері мен шампинионницалар болады. Ангарлық жылыжайларды 3 га-дан блоктарға; блоктық жылыжайларды 6 га-дан блоктарға біріктіреді. Жылыжайлар ондаған және жүздеген гектарды алып жатуы мүмкін, жұмысшылардың негізгі контингенті – 75% әйелдер. Жылыжайлардың микроклиматы жабу сипаты мен жылыту тәсіліне байланысты болады, су сүзшілерімен, су мен бумен жылыту, ауалық-калориферлік жылыту. Жабу арқылы ультракүлгін сәуле өтеді, ауаның қозғалысы өте шектелген. Ауа ортасының құрамы жылытуға байланысты. Ауадағы улы өнімдердің мөлшері ШРЕК-тен асып кетуі мүмкін. Орталықтанған жылытуы бар жылыжайлардың ауасы отын компоненттерімен ластанбайды. Пестицидтер мен минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану ауаның ластануына ықпал етеді. Жабық грунттағы көкөніс шаруашылығы ауыл шаруашылығының ауыр да күрделі саласына жатады. Жұмысшылардың аурушылдығы – ауыл шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда жоғары. Оның құрамы – ЖРА, бронхиттер, баспа, радикулиттер, невралгия, аллергиялық аурулар, гинекологиялық патология.

Сауықтыру шаралары – іштен жану қозғалтқыштарын электрлік қозғалтқышқа ауыстыру, еңек пен демалыстың дұрыс тәртібі, өндіріс үрдістерін маханикалындыру және автоматтандыру, мкироклиматты қалыптыландыру, демалыс бөлмелерін жабдықтау. Пестицидтермен жұмыс істеу ережелерін сақтау. Алдын ала және кезеңдік медициналық тексеру жүргізу.

Күріш шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Ерекшеліктері: метеожағдайлардың әсер етуі, өсімдіктерді қорғау заттарын кеңінен қолдану, операциялардың жиі ауысуы, шу, діріл, шаңдану, көміртегі тотығының болуы. Жұмыс суға толтырылған алқаптарда жүргізіледі. Бірқатар жағдайларда метеожағдайлар қолайсыз. Ауаның ылғңалдылығы жоғары, температура жоғары, күн радиацисы жоғары – дайындық жұмыстары кезінде, ылғалдылық төмен – жазғы кезеңде жұмыс істегенде. Шаң, шу, діріл, выхлоп газдары. Техника жұмыс істегенде, өнім жинағандағы ауаның шаңдануының маңызы ерекше. Қолданылатын пестицидтердің спекрті кең, бәрінен көп қолданылатыны карбонат тобының пестицидтері.

Денсаулық жағдайы – астениялық және диспепсиялық синдромдардың қосарлануы. Қолдың басы мен буындардағы ауыру сезімдеріне, шағымның болуы, жөтел, тыныс жолдарының қышуы, таңертең көздің астында ісіктің олуы. Жүрек аймағындағы ауырсыну, гемоглобин мөлшерінің төмендеуі. Диспепсиялық бұзылыстары болған адамдардың 38%-да бауырдың зақымдануы. Әрбір бесіншіде – эрозиялық гастрит.

Қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің алдын алу үшін – ұйымдастрыу шаралары, еңбек жағдайларын жақсарту, емдік-алдын алу шаралары, экологиялық қауіпсіздік бойынша шаралар,.

Ауыл шаруашылық жарақаттанушылықтың алдын алу шараларын орындау.

4. Иллюстрациялық материал: презентация

5. Әдебиет


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: