Редукция

Көмекші сөздер (предлогтар, одақтар, артикльдер, көмекші және модальдық етістіктер, кейбір есімдіктер екпінсіз жағдайда айтылғанда олардың дауысты дыбыстары өзгеріске ұшырайды: Олар анық, дәл айтылмайды.

Сөздi айтуға қалай үйрету керек.

Сөздiң айтылуын үйретуде мұғалiмге 2 әдiстемелiк проблеманы шешуге тура келедi:

1. Жай елiктеуге арналған сөйлеу органдарын пайдалануды.

2. Жаттығулардың түрлерiн анықтап, оның орындалуын түсiндiру.

Оқушыларды ағылшын тiлi мен туған тiлдегi ұқсас дыбыстарды айырып, салыстыра бiлуге үйрету керек:

[t] - [T], [n] - [н], [h] - [x]

Шетел тiлiнiң дыбысы туған тiлдегi дыбыстармен шатастырылады, мысалы: It – eat; spot – sport; wide – white; cut – cart; full – fool; boat – bought.

Бұндай айырмашылықтар аудио тыңдау арқылы берiледi. Немесе айырмашылығы бар дыбыстары бар сөздердi, заттарды көрсету арқылы берiледi.

  1. Мыс: ship – sheep
  2. Iс-қимылды көрсету арқылы. He rides – He writes
  3. Карточкада жазылған дыбыстық белгiлер арқылы беруге болады. [e] - [æ]; [i] - [j]; [a:] - [Λ]

Шетел тiлiн үйретушi өзiнiң сөйлеу органдарын жаңа тiлдiң дыбыстары мен әуенiн айтуға икемдейдi. Мысалы: is – this; veal – wheal.

Айтуға үйретуде елiктеудiң маңызы зор, мұғалiм балалардың елiктеушiлiк қабiлетiн толық пайдалануы керек. Бiрақ сөздi айту кезiнде сөйлеу органдарының орналасуын толық көрсету мүмкiн емес. Әуендi де елiктеу арқылы оқытады, бұнда қимылмен түсiндiру де қолданылады.

Мұғалiм дауыстың қозғалысын қолдың жоғары - төмен көтерiлуiмен көрсете алады. Сонымен бiрге үйретiлген фонетикалық белгiлердi де қолданады. Оқушылар тек қана мұғалiмнiң сөзiне елiктеп қоймай магнитофон таспасына пластинкаға жазылған сөйлеу үлгiсiне де елiктейдi.

Кiрiспе курс кезiнде қалыптасқан тыңдау -айту дағдылары оқушының болашақ айту бiлiктiлiгiн анықтайды. Сондықтан мұғалiм осы кезеңде әр оқушының жеке қиындықтарын анықтап дыбыстарды айтуға қателiктерiн түзеуi қажет.

Айту дағдысын дамыту жаттығулары екi топқа бөлiнедi.

Таныстыру жаттығулары оқушылардың дыбысты, дыбыс тiркестерiн тани бiлу қасиетiн дамытады. Жұмыстың бұл түрiнде оқушыдан тыңдап түсiну қабiлетi талап етiледi. Жаттығу арқылы осы қабiлеттi әрi қарай дамытуға болады. Мысалы: мұғалiм бiрнеше ағылшын сөзiн айтып оқушыны осы сөздерден жаңа дыбысты тануға тапсырма бередi. Ол дыбыс [æ]. Мұғалiм мынадай сөздердi айтады: a desk, a nest, a pen, a pan. Оқушы жаңа дыбысты естiгенде ол қолын көтередi, мұғалiм оқушының жаңа дыбысты үйренгенiн тексередi.

Тапсырманың тағы бiр түрi. Егер сөздiң мағынасы түсiнiктi болса, ол сөздердiң iшiнен сын есiмдердi табуға тапсырма берiледi. Етiстiктердiң қайсысы еңбектi, қайсысы демалысты бiлдiретiнiн анықтауға тапсырма берiледi немесе мынадай сөйлемде “They left for Kiev yesterday”, екпiндi сөздердi табу. Егер олар екпiндi сөздердi дұрыс атаса, жаттығудың табысты болғаны.

Интонацияны оқытуда мұғалiм тiркестi дауыс ырғағын жоғары көтерiп, төмен түсiрiп айтып үйретедi, оқушыларды дауыс ырғағын көтергенде қолдарын көтертiп, түсiргенде қолдарын түсiрiп жаттықтырады. Мысалы: on the table - on the \table,

in his\ hand - in his hand

Егер оқушылар қолдарын уақытында дұрыс көтерсе олардың интонацияны түсiнгендiгi.

Үйрету жаттығулары - ағылшын тiлi дыбыстарын, тiркестерiн, сөйлемдерiн жеңiл айтып сөйлеп, оқи алатындай деңгейге жету үшiн қолданылатын айту дағдыларын дамыту жаттығулары қазақ немесе орыс тiлдi оқушылар үшiн қиын дыбыстарды бiрнеше минут бойынша әр сабақта жаттықтыру керек.

Дауыстап оқу кезiнде тiс аралық дыбыстардың айтылуынан көп қате кетедi, сондықтан мәтiндi оқып болғаннан кейiн, мұғалiм осы дыбыстарды жеке және хормен қайталатады. Ол сөздер мыналар: this, that, with, without, other, another, thing, think, thought.

Оқушыларға таныс сөздер алынғаны дұрыс. Үйрету жаттығуларының iшiндегi ең пайдалысы фонетикалық жаттығу, ол әр сабақта ұйымдастыру кезеңiнен кейiн мiндеттi түрде болады. Кейде фонетикалық жаттығуды мұғалiм орнын өзгертiп оқылатын тақырыпты түсiндiру үшiн қолданады. Сабақта алынатын фонетикалық жаттығулар жаңа сабақтың тақырыбымен байланысты болуы керек. Бұлар дыбыс, сөз, сөз тiркесi, сөйлем, тақпақ, өлең немесе диалог түрiнде берiледi. Фонетикалық жаттығу оқытудың кезеңiне, оқушының бiлiм деңгейiне, жасына, сабақтың түрiне байланысты болады.

Мысалы:оқушы [ou] дыбысы бар сөздердi айтуы керек. Бұл үшiн мұғалiм осы дыбыс бар сөздер кiретiн фонетикалық жаттығуды алады: Don’t go home alone. Немесе [æ] дыбысына берiлген жаттығу. A black cat on a mat and ate a fat rat. [w] дыбысына Why do you cry, Willy? Why do you cry? Why, Willy? Why, Willy? Why, Willy? Why?

Егер мұғалiм Present Continuous шағын түсiндiрсе [ŋ] дыбысын айтуды жаттықтыруы керек. Бұл дыбыс,әсiресе, орыс тiлдi оқушылар үшiн өте қиын.

Мысалы: English, song, sing, drink, thing, think, write-writing; read-reading; set-setting. Мұғалiм фонетикалық жаттығуға [ŋ] дыбысы бар сөздердi енгiзiп, осы дыбыстың айтылуын жаттықтырады. Сондай ақ Past Indefinite шағын өткенде де дұрыс етiстiктердiң жалғауының –ed айтылуын жаттықтыру керек. Ол үшiн етiстiктер –ed жалғауының оқылуына байланысты 3 топқа бөлiнедi.

[t]- wash-washed, thank-thanked, stop-stopped.

[d]- open-opened, close-closed, like-liked.

[d]- want-wanted, skate-skated, decide-decided.

Бұл жаттығулардың маңызы:

1.Оқушы айтып үйренуге икемделедi.

2.Айтудағы қатенi түзеп, дұрыс айтуды үйренедi.

3.Кейде өз қатесiн өзi тауып, түзейдi.

Оқушының сөздi айтуына назар аударып, оны үзбей бақылап отыру қажет, ол оқытудың барлық кезеңiнде мiндеттi.

Көбiне жас мұғалiмдер бiрден жақсы нәтиже күтедi, ол нәтижеге бiрден жету мүмкiн емес, сондықтан олар айтуға ендi назар аудармай онымен жұмысты тоқтатады. Бұл дұрыс емес. Сөздердi дұрыс айтуға тек үзбей еңбектену, жаттығу арқасында ғана жетуге болады. Ол үшiн оқушы да, мұғалiм де тынымсыз еңбектенуі қажет.

Тыңдап-айту дағдысы оқытудың алғашқы жылында, екінші сыныпта қалыптастырылады. Тәжірибе көрсеткеніндей 7-8 жастағы балалардың көпшілігі еліктеу қасиетіне ие, сөйлеу қабілеті жақсы, қарым-қатынасқа әзір тұрады. Осы жастағы баланы акцентсіз айтуға үйрету оңай, ол үшін оқушы сол тілде сөйлеушімен видео – фоно жазбаларды таңдауы керек.

Жаңа тілдік материалға, текст, әндер, өлеңдер, бейнелеулер, диалогтар, санамақтар, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі сабақтарда енгізіледі. Фонетикамен жұмыс ашық түрде хабарланып берілмеуі керек. Мысалы: «Біз бүгін фонетикаға үйренеміз», «Бүгін жаңа дыбыспен танысамыз» деген сөйлемдерді мүлдем қолданбау керек. Тілдік құбылыспен жұмыс оқушы үшін табиғи қарым-қатынас түрі болып қалуы керек. Оқудың аяғында ғана алынған білім жүйелене бастайды.

Фонетикалық жаттығуларға ойын элементтері енгізу қажет:

А. Дыбысқа еліктеу ойындары. Мысалы: [ż] дыбысын араның дыбысымен, [h] – қолдарды үрлегендегі дыбыс т.б.

Б. Сөздерді әртүрлі жылдамдықпен, әртүрлі эмоционалдық бояумен айту.

В. Дыбысты айтқанда қимылды бірге қолдану.

Фонетикалық жаттығуларды тек оқулықпен жүргізуге болмайды. Мысалы: «Ұстап ал» ойынын қолдануға болады.Оқушылар қысқа және ұзақ дыбыстары бар сөздерді таңдайды және сөздерді белгілі бір қимылмен «ұстап алады».

Ағылшын және қазақ тілдерінің дыбыстық жүйесін салыстыру.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен ағылшын тілі дыбыстық жүйесінің арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақ тілінде ағылшын тіліне ұқсас дыбыстар да бар, ал ағылшын тілінде тек өзіне ғана тән арнайы дыбыстар да бар. Ұқсас дыбыстардың айтылуы(артикуляциясы) бір- біріне ұқсамайды, сондықтан, оларды таза ағылшын тілінде айту үшін әр ағылшын дыбысының айтылуын дәл білу керек. Ағылшын тілін үйренушілер үшін осы дыбыстардың айтылуы көп қиындық туғызады. Ағылшын дыбыстарын айтып үйрену үшін үнемі жаттығу керек.

Ағылшын және қазақ тілі дыбыстарының айырмашылықтарын қрастырайық:

Қазақ тілі Ағылшын тілі
Алфавит - 42 әріп Алфавит - 26 әріп
Дыбыс - Дауысты; 15 - Дауыссыз; 25 ъ ь Дыбыс -Дауысты; 20(8 дифтонг) -Дауыссыз; 24
Дауысты дыбыстар қысқа, ұзақ болып бөлінбейді. Дауысты дыбыстар қысқа, ұзақ болып бөлінеді.
Сонанттар жоқ. (m,n,l) сонанттары бар
Дыбыстар үндеседі Бұл құбылыс кездеседі, бірақ заң емес
Буындар үндеседі.  
Ассимиляция бар. Ассимиляция бар.

1.3. Ағылшын алфавитін оқыту

Тілдегі әріптердің рет- ретімен түзілуін алфавит дейміз. Алфавит сөзі грек тілінің алғашқы екі әрібінің (альфа, бета) атынан алынған. Дыбыстың орнына қолданылатын графикалық таңбаны әріп дейміз. Ағылшын тілінде 26 әріп бар. Әр әріптің атауын жаттап алу керек. Оның тілді үйренудегі маңызы әрине түсінікті. Әр тілдің дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының ерекшелігін білу - тілді игерудің негізгі жолы. Ағылшын тілін үйренушілер көбіне әріп пен дыбыстарды шатастырады. Ағылшын тілінің әріптік және дыбыстық жүйесі арасында айырмашылық көп. 26 әріп болса, 4 4 дыбыс бар. Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз. Кез – келген тілдің алфавиті алфавит жазылған плакат немесе кеспе карточкалар арқылы оқытылады. Әріп тақтаға жазылып оның атауы бірнеше рет қайталанады. Сонан кейін әріптің жазылуы оқытылады.

Ағылшын әріптерінің жазылу ерекшелігі бар. Жазылу үлгісі көрнекі құрал арқылы көрсетіледі.

Ағылшын алфавиті

1.4. Буынды оқыту.

Буын, буынның түрлері.

Буын дегеніміз ең кіші айту(сөйлеу) бірлігі. Ағылшын тілінде буын бір дауысты дыбыстан немесе дауысты-дауыссыз дыбыс тіркесінен тұрады.

Ағылшын тілінде буын төрт түрге бөлінеді, сондықтан әр дауысты дыбыс төрт түрлі оқылады.

Буынның түрлері: 1 - ашық буын, 2 – жабық буын, 3- дауысты дыбыс + r, 4 – дауысты дыбыс + re тіркесі бар буындар.

Ашық буын дауысты дыбысқа аяқталады. Дауысты әріп алфавитте қалай оқылса, ашық буында да солай оқылады. Ашық буынның екі түрі болады: 1 – абсолютті ашық буын, 2- шартты ашық буын.

Абсолютті ашық буында дауысты әріп алфавитте қалай оқылса, солай оқылады.

Мысалы: me, no.

Шартты ашық буынды сөздің аяғындағы оқылмайтын «е» әрібі жасайды және дауысты әріп алфавиттегіше оқылады.

Мысалы: Pete, mate, note.

Жабық буын дауыссыз әріпке аяқталады. Бұл буында дауысты әріп қысқа дыбыс береді.

Мысалы: Pen, mat, pot, fill.

Буынның үшінші түрі - дауысты дыбыс + r.

Мысалы: sir, fork, sort, park,fur.

Буынның төртінші түрі – дауысты дыбыс + re.

Мысалы: fare, here,more, pure.

Әрiп I II III IV
A [ ei] name, lake [æ] am, bag far care
O rose stop sport store
E Pete met Bert here
U music bus fur pure
I,Y Mike, Type Pin, Syd Sir fire

Буынға бөлу ережесi.

9. Сөз айтылғанда тұтас, бiрден айтылмайды. Сөздегi дауыстының немесе дауыссыз бен дауысты дыбыстардың бөлшектелiп айтылуын буын деймiз. Ағылшын тiлiнде сөздердi буынға бөлудiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Екi буыннан тұратын сөздiң екпiндi буынындағы дауысты әрiп бiр буынды сөздегi дауысты әрiптiң оқылу ережесiне бағынады. Бiрақ буынның түрiн анықтау үшiн екпiндi және екпiнсiз буындарды анықтап алуымыз керек. Буындардың графикалық шекарасын анықтау үшiн мынадай ережелердi қолданамыз:

1. Егер екпiндi дауысты дыбыстан кейiн бiр дауыссыз дыбыс (r әрiбiнен басқа) тұрса, онда ол дауыссыз дыбыс екпiнсiз буынға қалады. Мысалы: Student [‘stju:dent] осылайша, екпiндi буын буынға айналып, алдағы дауысты дыбыс I түрдегiдей оқылады. [ ju:]. Бiрақ ағылшын тiлiнде кейбiр екi буынды сөздер бар, оларда екпiндi буындағы дауысты дыбыс қысқа оқылады. Мысалы: city, pity, copy, very n. t.

2. Егер екпiндi буындағы дауысты дыбыс келесi дауысты дыбыстан 2 не онан да көп дауыссыздар және қосарланған r әрiбi арқылы бөлiнiп тґрса, онда бiрiншi дауыссыз дыбыс бiрiншi буынға кетедi де, бiрiншi буынды жабық буынға айналдырады. Бұл жағдайда дауысты дыбыс II түр бойынша оқылады. Мысалы: dinner [‘dinә], marry [‘ mæri ] Егер екi дауыссыз дыбыстың бiрi сонант болса, онда буынға бөлу бґл ережеге бағынбайды. Мысалы: table [ ‘teibl] бұл жағдайда b дауыссыз дыбыс сонанты жасап тұрған екiншi буынға кетедi, бiрiншi екпiндi буын ашық буын ережесiмен оқылады.

10. Екi және көп буынды сөздердегi екпiн. Ереже бойынша екi буынды ағылшын сөздерiнде екпiн бiрiншi буынға түседi (егер бiрiншi буын мағынасын жоғалтқан префикс болмаса) Мысалы: office [‘οfis]

Ал семантикалық мағынасын жоғалтқан префикстары бар сөздерде екпiн 2 буынға түседi. Мысалы: return [ri’tә:n]

Үш немесе одан да көп буынды сөздерде сөздiң соңынан санағанда 3- шi буын екпiндi болады, ондағы дауысты дыбыс II түр бойынша оқылады. Бұл жағдайда дауыстыны дауыссыздан бөлiп тұрған дауыссыз дыбыстардың саны ескерiлмейдi. Мысалы: factory [ ‘fæktәri]. Егер 3- шi буында u әрібі болса, ол буын ашық буын ережесiмен оқылады. Мысалы: funeral [‘fju:nәrәl]. Екпiндi буынды анықтағанда грамматикалық жалғаулар мен жұрнақтар назарға алынбайды. Мысалы: demonstrate,demonstrated, demonstrating. Етiстiктен зат есiм жасаушы –ion жұрнағы сөзде болса, онда екпiн осы жұрнақ тұрған буынның алдындағы буын негiзгi екпiндi болады, ал бiрiншi буынға қосымша екпiн түседi. Мысалы:,demons’tration

Ағылшын тiлiнде кейбiр сөздер 2 негiзгi екпiн алады. Олар 13 – 19 дейiнгi сан есiмдер. Мысалы: ‘thir’teen

1.5. Екпінді оқыту

Екпін. Сөздік екпін. Фразалық екпін.

Сөйлегенде барлық сөздерге бірдей екпін түспейді. Екпін дегеніміз - белгілі бір буынды, сөзді, сөз тіркесін басқа сөздермен салыстырғанда, анық күшті дауыспен бөліп алып айту. Екпін - интонацияның маңызды бөліктерінің бірі.

Сөздік екпін дегеніміз - бір немесе бірнеше буынды бөліп, анықтап айту. Екпін белгісі екпінді буынның алдына [‘ ] қойылады. Мысалы: [‘ k i t i ].

Фразалық екпін дегеніміз - сөйлемде бір немесе бірнеше сөзді басқа сөздермен салыстырғанда анық бөліп айту. Ағылшын сөйлемінде негізгі сөздер екпінді болады. Негізгі сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, етістіктер, үстеулер, сұрау және көрсету есімдіктері жатады. Ал артикльдер, одақтар, предлогтар, көмекші және модальды етістіктер, кейбір есімдіктер екпінсіз болады. Мысалы: The ‘students are ‘always ‘busy on week- days.

Ағылшын және қазақ тілдерінің екпіндік жүйесінің айырмашылықтары үйренушілер үшін көптеген қиындықтар туғызады. Үйренушілер көбіне жіктеу, тәуелді есімдіктерді, көмекші етістіктер мен предлогтарды екпінмен айтады, ал бұл ағылшын сөйлемінің ырғағын және мағынасын бұзады.

Логикалық екпін – фразалық екпіннің бір түрі. Логикалық екпін –ол сөйлемдегі бір сөзге ерекше назар аударғанда қолданылады.

Мысалы: This book is not mine, it’s yours.

1.6.Интонацияны оқыту

Интонацияның негізгі компоненттері фразалық екпін мен ритм, тембр мен темп. Ағылшын тілінің интонациясын меңгеруде, әсіресе, ағылышын сөйлемінің ырғағын меңгеруі керек. Ағылшын сөйлемі ырғағының өзіне тән ерекшеліктері бар. Екпінді буындар белгілі бір уақыт аралығында қайталанып келіп отырады. Мұның нәтижесінде екпінді буындар аралығындағы екпінсіз буынның дауысты дыбысының ұзақтығы кемиді. Егер екпінсіз буындар көп болса, олар жылдамырақ айтылады, аз болса жайрақ айтылады. Осы қасиет ағылшын сөйлеміне өзіндік ырғақ береді. Ағылшын сөйлемінде қанша екпінді буын болса, сонша ырғақтық топ болады. Ырғақтық топ бір екпінді 2-3 екпінсіз буындардан тұрады. Мысалы:

It is a lovely day.

He is very busy.

Интонация сөйлеушінің сөзінің мағыналық және көңіл – күйінің өзгеруін көрсетеді. Ол сөйлеушінің дауыс ырғағы мен қарқынын, әуенінөзгертуі арқылы жүзеге асады.

Бастауыш сыныптарда интонацияны үйрету үшін мұғалім мыналарды білуі керек:

1. қабылдау мен кері айтудың байланысын сақтау керек.

2. сөйлемді жай айту керек.

3. жаттығуларға сөздік және сөздік емес тіректерді пайдалану керек

4. бірнеше рет қайталау.

Интонацияны үйретуге арналған жаттығулар:

- бірнеше сөзді тыңдап, [æ ] дыбысы бар сөзді естісеңіз қол шапалақтаңыз.

- сөздердің қатарынан[ е] дыбысы бар сөзді табыңыз.

-2-3 фразаны тыңдап, дифтонгтардың неше рет кездесетінін анықтаңыз.

- берілген сөздердің транскрипциясын жазыңыз.

-ұзақ және қысқа дыбыстары бар сөздерді айырып жазыңыз.

- мұғалімге еліктеп қайталау.

Сұрақтар:

1. Фонема, транскрипция дегеніміз не?

2. Палатализация құбылысын қалай түсінесің?

3. Дұрыс айту дегенiмiз не?

4. Оқушыларды дұрыс айтуға үйрету үшiн мұғалiм қандай әдiс-тәсiлдердi қолдануы керек?

5. Сөздi айтуға үйренуде оқушы қандай қиындықтармен кездеседi?

6.Сөздi айтуға үйретуде қандай жаттығуларды қолдану керек?

Тапсырмалар:

  1. Бастауыш сыныптың бiр сабағына арналған айту жаттығуын құрастыр және оны қалай пайдаланатынын көрсет.
  2. Мұғалiм кiтабынан және оқулықтан бiр сабаққа арналған айту жаттығуларын көрсет және оны талда.

2.1. Ағылшын лексикасын оқытудың міндеттері.

Жоспар:

1. Ағылшын лексикасын оқытудың міндеттері.

2. Жаңа сөздердің мағынасын ашуда қолданылатын әдіс- тәсілдер.

3. Тұрақты сөз тіркестері.

4. Сөздік қор.

2.1. Ағылшын лексикасын оқытудың міндеттері

1. Лексика - сөздің мағыналық типтері, сөз байлығы, тілдің сөздік қорының баю жолдары, фразеологиялық бүтіндер жиыны.

Лексикология - сөз мағыналары, сөз байлығы, фразеология т.б. туралы лингвистиканың бір саласы.

Сөздің негізгі белгілері:

1. Сөз - дыбыстық құрылымның жиыны.

2. Сөз - белгілі бір мағынаға ие.

3. Сөз - белгілі бір грамматикалық тұлғада көрінеді.

4. Сөздің дыбыстық құрылымы жағынан тұйықталуы.

5. Сөз белгілі бір лексика- грамматикалық топқа теңеулі.

Шет тілінде ойын білдіру, немесе басқа біреумен қарым-қатынас жасау тек қана сөздерді немесе сөз тіркестерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Сондықтан да ағылшын лексикасын оқытудың негізгі міндеті-оқушылардың шет тілінде сөздік қорын молайту, алынған әрбір тақырып бойынша сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтып, сөйлемде дұрыс пайдалана білуге үйрету. Оқушының неғұрлым сөздік қоры мол болса, соғұрлым оның үйреніп жатырған тілде сөйлеу, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі де жоғары болады. Осыған байланысты тілдік материалдардың көлемі, алынатын сөздердің саны, олардың таңдалуы шет тілін оқыту әдістемесіндегі лексиканы оқытудың басты мақсаттарының бірі.

Лексиканы оқытудың мынадай негізгі бағыттары бар:

1. Оқушының сөздік қорын молайту, яғни бұрыннан таныс емес, жаңа сөздерді енгізу және бұрыннан таныс сөздердің жаңа мағынасын таныстыру. Шет тілін толық меңгеру үшін оқушылар әрбір шет тілі сабағында 8-10 жаңа сөздермен танысуы қажет.

2. Керекті, қажет сөздерді таңдау, сөздердің мағынасын бір-біріне жақын сөздерді немесе қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалану, фразеологиялық бірліктерді енгізу.

3. Түсінікті, көп қолданылатын сөздердің санын молайту, яғни көп қолданылмайтын, бірақ мағынасын түсінетін сөздерді белсенді сөздерге айналдыру.

4. Әдеби тілде пайдаланылмайтын сөздердің санын азайту (диалект, жаргон сөздерін жою).

Жоғары аталған барлық бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Лексиканы оқыту туралы айтқанда, лексиканы түсiндiру және оны оқушылардың игеруi туралы айту керек. Әр сыныпта бұл сұрақтардың ерекшелiктерi бар, сондықтан әр кезеңде сөздi үйрету әдiстемесi әр түрлi болады.

2.2. Жаңа сөздердің мағынасын ашуда қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Шет тілін оқыту әдістемесінде жаңа сөздердің мағынасын ашудың бірнеше әдіс- тәсілдері бар:

1. Жаңа сөз білдіретін заттың өзін немесе суретін көрсетіп түсіндіру.
2. Оқу процесі кезінде жаңа сөздердің мағынасы көбіне синонимдер арқылы ашылады. “Бұл сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады?”

3. Сөздің жасалу жолына, түбіріне, қосымшасына көңіл аудару арқылы мағынасын ашу? “Қандай сөзден жасалған?” Сөз мағынасын ашудың бұл жолы балаларды сауатты жазуға дағдыландырады.

4. Сөз мағынасын сөздікті пайдаланып ашу. Бұл әдіс балаларды сөздікті дұрыс пайдалануға үйретеді.

5. Оқытушының сөйлеу іс- әрекеті кезінде жаңа сөзді танудың да ролі зор. Бұл жұмысты төмендегідей тәсілдермен беруге болады:

а) “Guess, what it is”- Мұғалім жаңа сөзді атайды және сол сөздің мағынасын беретін заттың немесе мағынасын бермейтін заттың суреттерін көрсетеді. Балалар “Yes, it is”, “No, it isn’t” деп жауап берулері тиіс.

б) “Find it”- Оқытушы сөзді айтады, оқушы сол затты суреттен немесе, үстелдің үстінен тауып алуы керек.

с) “What is lost”- Оқытушы бірнеше заттарды көрсетіп, сосын бір нәрсемен жабады, қайта ашқанда бір нәрсе “жоқ” болады. Ал, оқушылар “жоғалған” затты табуы тиіс.

в) “Find the unknown words in the text”- Берілген мәтіннен жаңа сөздерді тауып, астын сызады.

Жаңа сөзді енгізудің үлгісі.

Оқытушы жаңа сөзді айтып, оқушылардан қай тақырыпқа жататының анықтауды сұрайды. Мысалы: flower сөзін алайық. Бұл жұмыстың соңында, оқушы гүлді табиғаттың бөлігі деп табиғат тақырыбына, келесісі өзінің открытка коллекциясына жатқызады, ал соңғылары гүл жаны бар зат болатын ертегілерді еске түсіреді.

Анықтама бойынша мұғалім тақтаға мынадай үлгі сызады:

Бұндай тапсырмалар балаларды қызықтырады және жаңа сөзді тез игеруге көмектеседі. Бұл үлгі бойынша балаларға шет тілінде сөйлеу көп қиындық келтірмейді.

Тапсырманы толықтыр

Шетел сөзiн үйретудiң негiзгi түрi оның туған тiлге аудару,оның аудармасын бiлу. Аударманы қолданудың кемшiлiктерi де бар. Ал жетiстiгi сөздiң туған тiлден аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкiндiк беруi, ал кемшiлiгi кей кезде сөздiң туған тiлде баламасының болмауы. Бұл тiлдердi бiлу деңгейiнiң әр түрлiлiгiне де байланысты. Кей жағдайда сөздiң мағынасын тiке аудармай, сөйлемнiң деңгейiнде аударамыз.

Тiлдi аударып пайдалану оқытудың барлық кезеңiнде жүргiзiледi. Сөз дыбыстан құралады, әрiппен жазылады, оқу ережесi болады, сондықтан мұғалiм сөздiң айтылуын оқылуын, жазылуын және сөздердi тани бiлуге үйретуi керек.

Мысалы: 1.a book [buk]-книга, кiтап (көрсету)

This is a book. Give me a book. Take the book

Сөздi үйретудiң басқа бiр түрi - көрнекiлiктi пайдалану. Көрнекiлiк сыртқы (заттың немесе суреттi) және iшкi (тiлдiк) болып бөлiнедi. Заттың немесе суреттi көрнекiлiктiң сөздiң мағынасын берудегi қызметi өте төмен, мыс: сыныптағы, үйдегi заттардың атауын бiлу көп көмектеседi, сондай-ақ заттардың суретiн салу да оның мағынасын беруге көмектесе алмайды, кейде оқушылар заттарды суретiне қарап тани алмайды. Сондықтан затты көрсеткеннен кейiн оның аудармасын беру керек.

Тiлдiк көрнекiлiк шетел тiлiн оқытуда кеңiнен қолданылуы керек. Тiлдiк көрнекiлiктерге мыналар жатады:

1. Сөздiң мағынасын сөйлем аясында түсiндiру.

2. Сөздiң мағынасын антонимдерi, синонимдер арқылы түсiндiру.

3.Сөздiң мағынасын сөз жасау белгiлерi бойынша түсiндiру to build-builder-building.

4.Сөздiң мағынасын оның ағылшын тiлiнде берiлген анықтамасы бойынша түсiндiру a book – is a collection of sheets of paper bound together.

Ендi осы тiлдiк көрнекiлiктiң мықты және әлсiз жақтарын қарастырайық.

Контекст-мағына.

Бұл жолдың басқасымен салыстырғанда пайдалылығы сөздiң сөйлемде қолданылған мағынасы ой туғызады,есте ұзақ сақталады, бiрақ сөйлемдей оның мағынасы негiзгi мағына болуымен қатар, қосымша мағынасы болуы да мүмкiн, осы жағдайда оны қолдану тиiмдi емес. Сондықтан сөйлемдей мағынасын iздеп табу керек, бұл оңай емес, оған қосымша түсiнiктеме берiлуi керек.

Мысалы:

T.It was hot.We had nothing to drink.We were thirsty.

Do people need water or bread when they are thirsty?

P1.They need water.

T.What do people need when they are thirsty?

P2.They need water (or smth to drink).

Сөз мағынасын синонимдер мен антонимдер арқылы ашу.

Жаңа сөздiң мағынасын үйретудегi синонимдермен антонимдердiң маңызы шектеулi. Себебi, синонимдердiң мағынасы негiзгi мағынаға өте жақын емес. Сөйлемдегi сөздiң қолданылу мағынасы да әр түрлi жағдайда әр түрлi. Антонимдердiң қолдану да осындай дәрежеде

Мысалы: great-big-large. town-city.

Nice – beautiful; long-short.

Low - not high.

Cөз жасау: Сөз жасау жолдарын талдау сөз мағынасын түсiнудiң жақсы құралы, бұл тек сөздiң түбiрi оқушыға таныс болғанда ғана табысты болады. Егер түбiр сөз түсiнiксiз болса, жасалған жаңа сөздердi игеру де қиын.

Мысалы:

T:You know the words:worker, teacher. Now guess the meaning of the word “writer”. Write - writer. Name a writer you like, children.

P1:-Auezov.

P2:Musrepov

P3:Esenberlin.

T1:That’s right.Is Esenberlin a writer?

P4:Yes, he is.

T:Is Gumarov a writer?

P5:No,he is not.

T:Is Zhumadilov a writer or a teacher?

P6:He is a writer.

Сөздiң мағынасын ағылшын тiлiнде бейнелеу (суреттеу). Сөздiң мағынасын алудың бұл түрi белгiлi бiр жағдайда қолданылады. Оны мағынаны алуға және өткен жаңа сөздердi де қолдануға, қайталауға қолданса өте тиiмдi болады.

Тiлдiк көрнекiлiктi барлық оқу кезеңiнде қолдануға болады. Бiрақ оның барлық түрлерiн бiрдей қолдана алмаймыз. Мыс: сөз жасауды кез-келген кезеңде әр түрлi деңгейде қолдануға болады. Суреттеудi жақсы дайындық бар кезеңде ғана қолдануға болады. Тiлдiк көрнекiлiктi қолдану сөздiң аудармасын бермей-ақ қоюға болады деген сөз емес.

Сөздер мәәтiндi оқымастан бұрын түсiндiрiледi. Сөздi жекелеп алып түсiндiруге болады немесе сөйлемдей мағынасымен түсiндiрiледi. Сөздi оқу процесiмен жарыстыра отырып түсiндiруге болады.

Сөздiң мағынасын түсiндiрудiң жолдары сөздiң түрiне және оқыту деңгейiне байланысты.

Лексикамен жұмыс жасаудың негізгі этаптары.

Лексикамен жұмыс жасаудың негізгі этаптары:

1. Жаңа материалмен танысу.

2. Алғашқы бекіту.

3. Іс- әрекеттің барлық түрлерінде лексиканы пайдалану қабілетін дамыту.

Жаңа сөзбен танысу - сол сөздің мағынасы мен қолданылуын түсінуді қамтиды. Мұнда әсіресе дыбыстық - әріптік (дұрыс жазу ережесі) және әріптік - дыбыстық (дұрыс оқу ережесі) саралаулар ерекше орын алады.

Сөздің мағынасын аудармасыз анықтау:

1. Заттарды ым, іс- әрекет, картина, сурет, қимыл арқылы көрсету.

2. Шетел тілінде бұл сөз қандай жағдайда қолданылуы мүмкін екендігін анықтау:

а) Дефиниция - берілген жаңа сөзді таныс сөздер арқылы таныстыру. Мысалы: cinema- theatre, where films are shown.

б) Атап шығу. Мысалы: dogs, cats, cows, horses, pigs are animals.

в) Синоним немесе антоним арқылы таныстыру. Мысалы: warm- cold, quick- slow etc.

г) Контекст арқылы анықтау - сөйлемнің түпкі мағынасын түсінуге әсер етеді. Мысалы: Columbus discovered America in 1492.

Сөзді аудару арқылы таныстыру:

1. Сөздің немесе сөз тіркесінің ана тіліндегі эквивалентін беру арқылы аудару.

2. Аударма - түсіндірме. Бұл жағдайда ана тіліндегі эквивалентті берумен қатар қосымша мағлұмат беріледі. Мысалы: big- үлкен (өлшемін, көлемін білдіреді), great- үлкен (ұлы, атақты мағынасында).

Бұл аталған семантизациялардың өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар.

Аудармасыз таныстыру тілдік болжамды дамытады, тілді үйрену практикасын арттырады, сөзді есте сақтауға негіз болады. Сонымен қатар бұл тәсілге көп уақыт жұмсалса да, дәл түсінікті қамтамасыз ете алмайды.

Ал, аударма әдісі көп уақытты қажет етпейді және тіларалық интерференцияның (дыбыстардың өзара әсер етуі) ұлғаюына әкеліп соғады.

Жаңа сөздердің мағынасын ашу активті және пассивті сөздік арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалім жаңа лексиканы түсіндіру үшін:

1. Жаңа лексиканың формасын, мағынасын, қолданылуын анықтау мақсатында талдау жүргізеді және оларды сәйкестендіре қиындық деңгейіне байланысты топтастырады.

2. Жаңа сөздерді бөліп алып, оларды топтастырудың формасын анықтайды.

3. Лексиканың мағынасын ашу тәсілі және оны үйретудің әдіс- тәсілдерін анықтайды.

4. Әрбір жаңа сөзге түсініктеме жазып, оларға иллюстрациялық материалдар қарастырылады.

5. Жаңа сөздерді пайдаланып орындалатын алғашқы жаттығулардың типі мен түрлері, орындалу жолын анықтайды.

Сөздi мәтiндi оқымастан бұрын түсiндiру қажет, ол үшiн, жаңа сөздердi тыңдау қажет, оның айтылуын үйрену, айту қажет сөздi тақтаға немесе дәптерге жазу керек, сөздiң жазылуын және транскрипциясын, оның аудармасын бiрге жазады. Сөздi осылай түсiндiргенде оны затты немесе суреттi қолданып көрсету бiрге қолданылады.

Сөздермен жұмыс жасау жолдары мына үлгi бойынша:

  1. Затты көрсету
  2. Сөздi бiрнеше рет айту (дыбыстау)
  3. Сөздi туған тiлге аудару
  4. Сөздi жекелеп немесе хормен айту
  5. Сөздi тақтаға транскрипциясымен, аудармасымен жазу. Оқушылар жазады.
  6. Мұғалiмнiң көмегiмен дыбыстық- әрiптiк талдау жасау
  7. Сөздi сөздiкке жазу

Әрi қарай мәтiндi оқу кезiнде сөздiң мағынасы түсiндiрiледi. Әр жаңа сөзге тоқталу қажет. Сөздiң мағынасын анықтауға барлық оқушылар қатысады. Түсiну тiрегi ретiнде сөздiң тек сөйлемдегi мағынасы ғана емес, оның сыртқы белгiлерi де қолданылады: сөйлемдегi сөздiң орны, сөздiң алдында артикльдiң болуы, сөз жасаушы суффикстер мен префикстердiң болуы.

Оқушылардың сөздер мен сөздiктiң көмегiмен танысуы.

Бұл жұмыс түрiне VII сыныптан бастап тартылады. Сөздiң мағынасын оқушылар сөздiктен өздiгiнен тауып, сөйлемдегi мағынасында қолданады. Оқу процесiнде жаңа сөздермен танысу жұмыстың негiзгi түрiне айналады. Жаңа сөздi игеру сөзбен бiрiншi танысудан басталады. Оны мұғалiм айтады, әрi қарай ол сөздi игерудiң нақты жүйесiн жасайды. Бастауыш оқу кезеңiнде сөздiң айтылу дағдысын, оның оқуда, жазуда, сөйлеуде қолданылуын қалыптастырады. Әрi қарай сөздермен лексикалық жаттығулар орындалады.

Жоғары сыныпта сөздiң жанама (ауыспалы) мағынасына назар аударады, фразеологиялық тiркестерге назар аударылады.

Лексикалық дағдыларды қалыптастыратын жаттығулар.

Лексиканы, яғни жаңа сөздерді алғашқы қамтитын жаттығулар іс- әрекеттің барлық түрінде пайдалана білу қабілеттерін дамытуға бағытталған ортақ жаттығулар жүйесіне енуі тиіс.

Әсіресе бұл жаттығуларға төмендегідей ерекшеліктер тән:

1) Жаңа лексикалық бірлік таныс лексикалық ортада және меңгерілген грамматикалық формада және құрылымда берілуі тиіс.

2) Берілген жаттығулар тек ең қарапайым операциялар ғана емес, сонымен қатар өзара қарым- қатынастың ауызша формасы – тыңдау мен сөйлеуді жаңа сөздерді бекіту сатысында қолдануға мүмкіндік беретін және де оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында қолданылатын күрделі ойлау әрекеттері қарастырылуы тиіс.

Лексикалық қабілеттілікті қалыптастыру жаттығулары, дайындық жаттығулары және тілдік жаттығулар болып бөлінеді. Жаттығулардың әрбір түрі кішкене тілдік белгілерден (сөз, сөз тіркесі, сөйлем әлдеқайда күрделіге қарай, мағыналық бөліктерге, мәтіндерге) және қарапайым операциялардан күрделі ойлау іс- әрекеттеріне қарай бірте-бірте көшуді ескеріп құрылуы тиіс.

Дайындық жаттығуларының үлгілері:

1. Бір тақырыпқа сәйкес келетін сөздерді (синонимдік қатарға, бір сөйлем мүшесіне) ауызша анықта (мәтіннен тап).

2. Берілген белгілері бойынша сөздерді топтастыру.

3. Берілген сөздердің мәтіннен антонимдерін тап.

Еліктеу жаттығуларының үлгілері:

1. Сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді тыңдап, диктор соңынан қайтала.

2. Жаңа сөздер бар мәтінді тыңдап, диктордың соңынан қайтала.

3. Үлгіні пайдалана отырып, диктордың сұрағына жауап бер.

- Is Dick looking for his book?

- Yes, he is. He is looking for his book.

- No, he isn’t. Dick isn’t looking for his book. He is looking for a stamp (a pencil, a pen, etc).

Сөз тудыру және контекстік болжамды дамыту жаттығуларының үлгісі:

1. Өзіңе таныс түбірлер мен аффикстерден құралған сізге таныс емес туынды сөздердің мағынасын анықта.

2. Ана тіліміздегі баламасына сәйкес келетін интернационалды сөздердің мағынасын анықтап, сөйлемдер қатарын тыңда және оқып шық.

3. Үлгіні пайдалана отырып мақалдар келтір, т. б.

Құрылымды ұлғайту мен қысқарту жаттығуларының үлгілері:

1. Жаңа сөздерді пайдалана отырып, төменде берілген үлгі бойынша келесі сөйлемдерді толықтыр.

2. Жақшада берілген (тізімде көрсетілген т.б.) сөздерді қолдана отырып, диалогты толықтыр.

3. Төменде көрсетілген үлгіге сүйене отырып сөйлемді қысқарт.

4. Берілген сөздерді қоса отырып сөйлемді толықтыр.

Эквивалентпен алмастыру жаттығуларының үлгісі:

1. Ерекшеленген сөздердің синонимін тап.

2. Мағынасын өзгертпей, құрмалас сөйлемді екі жай сөйлем ретінде бер.


2.3. Тұрақты сөз тіркестері

Лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы.

Шет тілін саналы оқытуда лексиканы дұрыс, жан- жақты үйретудің маңызы зор. Лексиканы оқытудағы негізгі мақсат- жастарды дұрыс сөйлеу, шет тілінде ойын жеткізіп айта білуге дағдыландыру.

Лексиканы оқыту кезінде берілген білім әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, оның практикалық маңызы барған сайын ашыла түседі. Өйткені жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық бере алмайды. Сөздегі сан алуан мән- мағына тек грамматикалық байланыста ғана көрініп, жанды көрініске, қимылға ие болады. Сөздер тілдегі түрлі ұғымдармен қатар, грамматикалық мағынаны да, көңіл- күй, сезімді де білдіреді.

Олай болса қандай да болмасын тілде сөздердің қызметі әр түрлі болады деген сөз. Лексиканы оқытқанда тек лексикалық мағынасы бар сөздер ғана қарастырылады. Ал, тек грамматикалық мағынасы бар көмекші сөздер грамматика аясында ғана оқытылады. Мұғалім лексикалық мағынасы бар сөздердің де грамматикалық мағынасын естен шығармауы тиіс, алайда лексикалық мағына негізгі белгі ретінде алынады.

Сөз кейде екі не одан көп сөздердің тіркесуі арқылы басқа мағына беретін кезі де болады. Бұндай тіркестер айтушы немесе жазған кісінің құрастыруымен емес, дайын, бұрыннан тіркесіп қалыптасқан күйінде жеке сөз орнына пайдаланылады. Мысалы: as strong as an ox, as fresh as a cucumber, as strong as a nails, as busy as a bee, as sure as fate, as thick as thieves, as hungry as a hunter, as old as the sea, as slow as a snail деген және т.б. сөз тіркестері жеке бір ғана мағынаны береді.

Бұлар тұрақты сөз тіркестері.

Тұрақты сөз тіркестерін оқушыға түсіндірудің біршама қиындығы бар. Ол басқа тақырыптарға қарағанда күрделі.

Тұрақты сөз тіркестерін сөзден, еркін тіркестерден ажырата білу, орнын, қолдану мақсатын айыру үшін әр түрлі әдістер қолдану қажет болады.

Ағылшын тілінің фразеологиялық құрамына тұрақты сөз тіркестері, мақал- мәтел, қанатты сөздер, афоризмдер кіреді.

Фразеологизмдердің тек өзіне тән белгілері бар:

1. белгілі- бір лексикалық мағынасы бар;

2. құрамдас бөлігі;

3. грамматикалық категориясының болуы.

Ал, фразеологизм мен сөздің ортақ белгілері лексикалық мағынасы болуы және грамматикалық категория.

Фразеологизмнің лексикалық мағынасы- оның бірден бір өзіне тән және анықтаушы белгісі.

Фразеологизмдер бір- бірімен омонимдер, синонимдер және антонимдер сияқты байланыс алады.

Фразеологизмдерді енгізгенде шет тілінің мұғалімі әрбір фразеологизмнің мағынасын, оны пайдалану жолдары, жағдаяттары, оның синонимдері мен антонимдерін түсіндіруі тиіс.

2.4. Сөздік қор

Лексиканы меңгерудің негізгі басты мақсаты оқушының практикалық сөйлеу қабілетін дамыту болып табылады. Бұл жағдайда қиындық - әрбір оқушының меңгеру нәтижесінде жеке сөздік қорына айналуы тиіс сөздерді игеру.

Жеке сөздік қор-бұл сөз қоры, олардың тұрақты сөз тіркестері және сөздік бағыты. Толассыз, үздіксіз кеңейе отырып, жеке сөздік қор оқу программасының талаптары бойынша оқу курсының соңында қажетті көлеміне жете отырып сөздік қорға жақындайды.

Кез келген тілдің лексикасын үйренуде көптеген жағдайда оның ана тілімізбен сәйкес келмейтін сөздерін үйренуде қиыншылықтар туады.

Барлық тілдер үшін қиындық – бұл бір мағынаның әр түрлі сөздер арқылы берілуі. Ағылшын тілінің тағы бір ерекшелігі көп мағыналық пен омонимия. Бұл жағдайда зат есім ағылшын сөзі болса, сын есім франйуз немесе латын тілінен енген сөз болуы мүмкін. Мысалы, жүрек-heart; жүрек-cardial; тіс- tooth; тіс-dental;

Есте сақтауға қиын қысқа сөздерге және затты, іс-әрекетті, сынды білдіретін тез меңгерілетін сөздерге ерекше көңіл бөлу керек. Ал жеңіл сөздерге ана-тіліндегі сөздермен мағынасы және формасы жағынан сәйкес келетін сөздер жатады.

Лексиканы іріктеу екі мәселені шешумен байланысты:

· іріктеудің бірліктері мен принциптерін анықтау

· іріктеу жұмысын дайындау

Сөздік қорды байытудың негізгі көздері-шет тіліндегі мәтіндер, әдеби кітаптар, шет тілінде кинофильмдер мен телебағдарламаларды көру, оқытушының тілі, аудио кассеталар көру т.б.

Мұның бәрі педагогикалық байқаудан, бақылаудан өткен сөздік қорды байыту көздері.

Ағылшын тілінің байырғы сөздері мен басқа тілден енген сөздерді оқу арқылы тілдің баю, даму жолын түсінсе, терминдер мен диалект, кәсіби сөздердің, көнерген сөздер мен неологизмдердің мәнін білу арқылы тілдің сан-салалы стильде тармақтары болатынын олардың әрқайсысының қажетіне қарай тілдегі айрықша орны мен қызметін түсінеді.

Сұрақтар:

  1. Ағылшын тілінің лексикасын оқытудың қандай міндеттері бар?
  2. Жаңа сөздердi үйретудiң негiзгi әдістерi қандай?
  3. Тұрақты сөз тіркестерін сөзден қандай айырмашылығы бар?

Тапсырмалар:

  1. 8 сыныптағы ағылшын тiлi оқулығын пайдаланып жаңа сөздер үйрету сабағының жоспарын жасаңыз.
  2. Жаңа сөздерге байланысты фонетикалық жаттығуларды алып жаттығыңыз.
  3. Жаңа сөздердi қолдануға арналған жағдаяттар (ситуациялар) әзiрлеңiз.Монологтық және диалогтық сөйлеу түрлерiн пайдаланыңыз.
  4. Жаңа сөздердi бақылау жұмысына әзiрлеңiз.

а) ауызша тексеру

б) жазбаша бақылау


3.Грамматиканы оқыту

Әр ұлттың әдет-ғұрпы, өсу тарихы, өмір айнасы, ауызекі сөйлеу, жазу ерекшеліктері, әдеби нормалары сол тілдің грамматикалық заңдылықтары арқылы танылып, сол тілдің жазуы арқылы сақталады. Адам баласының барлық таным процестері тіл заңдылығын білуден, оқудан, ой сауатын ашудан басталады. Сондықтан тілдің грамматикалық құрылысын оқытудың мәні айрықша.

Грамматиканы оқыту – оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысын, мәнерлеп оқуын, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының негізі болып табылады.

Грамматика өз ішінде морфология және синтаксис болып бөлінеді. Бұл екі бөлім бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылатын бір бүтіннің екі жағы, әйтсе де әрқайсысының өз алдына қарастыратын объектілері басқа-басқа.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: