III тарау

Шетел тілінде тыңдап-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу арқылы қарым – қатынас жасауға үйрету

Тыңдауға және сөйлеуге үйрету

Жоспар:

1. Тiл - қарым-қатынас құралы.

2. Тыңдау мен сөйлеудегi негiзгi қиындықтар.

3. Сөйлеу және ауызша жаттығулар.

4. Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады?

5. Сөйлеуге үйрету әдiстерi.

1. Тіл – қарым-қатынас құралы

Тiл - қарым-қатынас құралы. Тiл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмiр сүредi. Бiз шетел тiлiн оқыту туралы айтқанда, оның ең алдымен қатынас құралы ретiнде оқимыз.

Сөйлеу екi жақты процесс. Ол бiрiншiден тыңдап түсiнуден, екiншiден сөйлеуден тұрады.

Сөйлеудiң екi түрi бар:

1) диалогтық;

2) монологтық.

Бағдарламада ауызша сөйлеуге мынадай талаптар қойылған:

1) Сөйлеу тiлiн түсiну;

2) Бағдарлама бойынша алынған мөлшерде шетел тiлiнде әңгiме жүргiзе бiлу, сөйлей бiлу. Бұл сөйлеудiң практикалық мақсаты болып табылады. Ауызша сөйлеу - шетел тiлiн үйретудiң және лингвистикалық материалды таныстыру құралы.

Дыбыстар, сөздер, грамматикалық құрылымдар және сөздiк үлгiлері - сөздiктi меңгеру құралы, ол айту дағдыларын қалыптастырады. Сөйлеу сабақтың ең маңызды бөлiгi. Ауызша сөйлеу оқушылардың мәтiндi тыңдау мен оқу кезiндегi оқылған материалды тексеру құралы.

2.Тыңдау мен сөйлеудегi негiзгi қиындықтар

Тыңдау, түсiну, меңгеру оқушылар үшiн қиын процесс, себебi олар дыбыстарды жылдам айырып, ойында сақтап түсiнуi керек. Оқушылар бұл процестi өзiнiң туған тiлiнде өте жеңiл орындайды, ал шетел тiлiнде қатты қиналады. Сондықтан тыңдағанда өте зерек болуы керек және ойлай бiлуi керек. Ерiк-зейiнiн, еске сақтау қабiлетiн толық пайдалану дыбыстарды есте сақтауға көмектеседi.

Ол үшiн үш негiзгi факторды еске сақтау керек:

1) лингвистикалық материал

2) материалдың мазмұны

3) материалды беру жағдайы

Оқушыларға шетел тiлiн үйретуде негiзгi 3 қиыншылық бар: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.

1) Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тiлi мен қазақ тiлiнiң дыбыстық құрамының айырмашылығында. Оқушы ағылшын тiлiнiң дыбыстарын өз тiлiнiң дыбыстарына ұқсатып айтады.

Көбiне мына дыбыстарды айту қиындық келтiредi.

¤-s -Z э:-

¤-t -V -е

W-V S-Z э:-э

Tr-ts t-ts а-Ù

Dr-d3 n- i:-I

Ù-É a:-э u:-v

Мына сөздердi қиындықпен айтады:

Worked-walked first-fast-forсed lion-line tired-tide bought-boat-board

Интонациядағы айырмашылықтар да түсiнудi қиындатады.

Мысалы: Good morning!

Сондықтан тыңдау дағдыларын дамытатын дыбыстық мен интонациялық жаттығулар өте қажет.

2) Лексикалық қиындықтар - ол ағылшын тiлiнiң аналитикалық құрылысымен және инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты.

Мысалы:

The horse is slipping. The horse is slееping.

They worked till night. They walked till night.

Мiне осындай сөйлемдердi түсiну өте қиын, сөздердi шатыстырады.

Мысалы:

East-west take-put ask-answer

Әсiресе послелогпен қолданылатын етiстiктер.

Put on: put off-put down,

Take off: see off going for: etc.

Ағылшын тiлiнде грамматикалық омонимдер де қиындық туғызады.

Мысалы:to work-work, to answer-answer. –ed Past Ind. Participle II

Бұлардың бәрiн тыңдап айыру қиын.

3) Сонымен қатар тыңдауға берiлген материалдың мазмұны да түсiнуге әсер етедi.Тыңдауға арналған материалды дайындау үшiн мыналарды ескеру қажет:

а) материал тақырыбын түсiнуге мүмкiн бе? Қандай қиын сөздер бар?

б) материал түрi: Суреттеу ме әлде әңгiме ме?

в) Материалды тыңдауға әзiрлiк.

г) Материал үзiндi ме әлде толығ па?

ж) Материал диалог түрiн де ме, әлде монолог па?

Монологтық сөйлеу оңай, сондықтан тыңдауға тиiмдi.

4. Материалды тыңдау жағдайында керек нәрселер:

1) Сөйлеу жылдамдығы

2) Сөйлеу қарқыны: сөйлеу бастапқыда жай басталуы қажет.

Сөз топтарынын арасында пауза болуы қажет. Тыңдаудың сонында қарқын қалыпты деңгейде минутына - 150 сөзге жетуi керек. Орташа қарқын -120 сөз: жай қарқын –90 сөз.

3) Қайталау жиiлiгi 1 немесе 2 рет.

4) Сөйлеп тұрған адамның барлығы, егер сол тiлді ана тілі ретінде сөйлеушi адам өзi болса өте жақсы. Ал ең қиыны - диалогты тыңдау.

5) “Көру” құралдарының болуы. Ол екi түрлi болады

а) заттар б) қимылдар. Көру, есту- тыңдауға көмектесуi қажет.

6) Сөйлеушiнiң даусы да тыңдаушыға әсер етедi. Мұғалiмнiң даусына үйренген оқушылар басқа дауысқа үйрене алмайды. Сондықтан мұғалiм барлық ерекшелiктердi ескеруі керек. Шетел тiлiнде сөйлеу-тiлдi игерудiң ең қиын бөлiгi, бiр екi сөзден тұратын сөйлем құрастыру үшiн сөйлеу дағдысы, машығы керек.

Бұл үшiн өте көп уақыт керек, ал мектепте оқушының өз ойын айтып түсiндiру де өте қиын. Мұғалiмнiң бұл үшiн қолданылатын әдiстерi өте аз. Оқушы жай ғана естiгенiн қайталайды, үлгi бойынша берiлген сөздердi жазады. Әрине, бұл механикалық жаттығулар өте қажет, бiрақ жылдан-жылға оларды сөйлеу машығынсыз қолдану ешқандай пайда бермейдi. Оқушы бiр нәрсе туралы айтқысы келсе, түсiндiргiсi келсе, сұрағысы келсе тiлдi пайдалануы қажет және оған мұғалiм көмектесiп отыруы қажет. Осы психологиялық фактор үнемi есте болуы керек.

Басқа фактор-психолингвистикалық фактор. Оқушы өз есiнде қалған сөздердi, фразаларды, сөйлеу үлгiлерiн грамматикалық, формаларды, құрылымдарды сөйлеу үшiн қолданады. Сондықтан мұғалiм белгiлi бiр тақырыпты, ситуацияны пайдаланып, сөздердi, грамматиканы үйрете отырып сөйлеуге ынталандырады.. Мұғалiм оқушыларды әзiрленген сөйлеуден әзiрленбеген сөйлеуге бiртiндеп әкелуi керек.

3.Сөйлеу және ауызша жаттығулар.

Бiз сөйлеу және ауызша жаттығуларды айыра алумыз керек.

Сөйлеу – ол тiлдiң сөйлеу органдары арқылы жүргiзiлетiн оқу процесi.

Мысалы:

1) Оқушы сыныпқа өзiнiң басынан өткен оқиғасы туралы айтады.

2) Үйге берiлген тақырып бойынша мұғалiм сұрақ қояды.

3) әңгiменi оқып, тексттен жаңа мағлұмат алады.

Ауызша жаттығулар фонетиканы, грамматиканы сөздердi үйрету үшiн қолданылады. Бұл жаттығулар арқылы тақпақты жатқа айту, айту және сөйлеу дағдысы жақсы қалыптасады.

Ал берiлген сөздер мен тексттердi пайдаланып сөйлем құрастыру да өте пайдалы жаттығу. Ауызша жаттығулар сөйлеудi дамытады. Бiрақ, олар тек сөйлеуге әзiрлейдi. Бiрақ сөйлеу жаттығулары болып есептелмейдi.

Бiз мектептерде оқушыларды стандартты ауызша ағылшын тiлiне үйретемiз, ол жазбаша сөйлеу стандартына, соның iшiнде монологтық сөйлеуге өте жақын. Сөйлеуде қысқа сөйлемдердi пайдаланған орынды.

Сөйлеу өте жасанды болмауы үшiн, сөйлеу тiлiнiң ерекшелiктерiн таныстыру қажет.

Диалогтан бастайық:

1) қысқа жауапты пайдалану.

How many books have you?- One

Бұл толық жауап беруге үйретпеу керек деген мағынада емес, әрине.

2) қысқартылған формаларды пайдалануға үйрету.

Doesn,t isn,t

Won,t etc.

Can,t

3) Кейбiр қысқартылған сөздердi пайдалану.

Lab-laboratory p.m.-post meridiem

Maths-mathematics

4) әңгiмелесу тiркестерiн қолдану.

Well look here I belive I think

You know I say I hope yes as for as I know

Of course you see right

In fact

To tell the truth

Диалогтық құрылымдар әр түрлi. Олардың төрт негiзгi түрiн қарастырайық.

1) Сұрақ-жауап

2) Сұрақ-сұрақ

3) Хабарлама –хабарлама

4) Хабарлама-сұрақ

Диалогтық сөйлеуге үйретуде 4 түрiн де қолдану қажет.

4.Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады?

Ауызша сөйлеуге, яғни, шетел тiлiнiң әңгiмелесу түрiн түсiнуге және сөйлесуге үйрету үшiн әрбiр сабақта мұғалiм ағылшын тiлiнде сөйлеуге тиiс.

Бұл үшiн ағылшын тiлiнде

а) сыныпқа жаңа материал беру

в) түсiнгенiн тексеру

г) түсiнгенiн бекiту керек

2) Мұғалiм тыңдау түсiнудi дамыту үшiн ауызекi сөйлеу және дағдылық жаттығуларды қолданады.

Дағды жаттығулары.

а) лингвистикалық қиындығтарды жеңуге арналған

б) психологиялық қиындықтарды жеңуге арналған

Бiрiншi топға:

а) фонетикалық жаттығулар: Мыс:Listen to the following words and raise your hands when you hear the words with (the teacher says:desk,pen,ten,bag etc.)

-Listen to the following pairs of words and say in what sound they differ: pen-pin

bed-bad

eyes-ice

white-wide

б) лексикалық жаттығулар:сөздердi тануға арналған.

-Listen to the words and recognize the word “boy” among other words: a baby;a toy;a boat;a boy. Listen to the following words and raise your hands when you hear the words referring to plants:street:tree:grass:class;flower.

-Listen to the sentences and say whether the word country has the same meaning in both sentences:

2. I spend my holidays in the country. Kazakhstan is a large country.

c) грамматикалық жаттығулар

-Listen to the words and raise your hands when you hear words in plural: desk, book, pens, boxes.

-Listen to the sentences and say in which one the word “help” is used аs a noun.

1. He can help you

2. I need his help

Екiншi топға мынадай жаттығулар жатады:

а) Есту есiн дамытатын жаттығулар.

- Listen to the following words and try to memorize them.

(Мұғалiм суреттермен бiрге бiрнеше сөздердi айтады.Мыс: a carrot; a potato;a cucumber; a tomato; оғушылар суреттердi атап бередi.)

- Listen to the sentences and repeat them.(Мұғалiм айтады. In the evening we have tea.I like it very much)

в) Назарды аударуға арналған жаттығулар.

- Listen to the following text I have a sister.

Her name is Ann

Mike has no sister.

He has a brother.

Now say what is the name of Mike?,s sister.

-Listen to the following text (текст оқылады)

Now say which sentence was added when you listened to it a second time.

c) Көру есiн дамыту жаттығулары.

-Listen to the following definition and give it a name:

We write with it on the blackboard.

We take it when it rains.

-Listen and say which season it is:

It is cold.It often snows.Children can skate and sky.

d) Сөйлемнiң дұрыс құрылуына арналған жаттығулар.

- Listen to the sentences and say whether they are logically arranged:

Her name is Mary.This is a girl.

Тыңдауға үйрету

Оқушылар бiр қалыпты жылдамдықтағы мұғалiмнiң сөзiн немесе үнтаспаға жазылған мәтiндi тыңдап түсiне алуы тиiс. Бұл материал бағдарламаға сай болуы керек, және ойнау, оқу және тұрмыс iс-әрекеттерiмен қамтамасыз етуi керек. Балалар шет тiлiндегi мәтiндердi жоғары дәрежеде түсiнуi тиiс: олар мұғалiмнiң және құрбыларының өтiнiштерiн алуы, сұрақтарға жауап бере алуы, өздерiнiң келiсетiнiн немесе келiспейтiнiн, бiр затты қолдайтынын немесе қолдамайтынын бiлдiре алуы тиiс.

Тыңдауға арналған тексттер бiреудiң қысқа немесе толық ойы ретiнде, жай мәтiн ретiнде немесе мұғалiмнiң әңгiмесi ретiнде дайындалған болуы тиiс. Текстiң ұзақтығы 0,5 минуттан аспауы керек. Сонымен қатар оқушылар сабақ барысында қолданылған мұғалiмнiң нұсқауларын түсiнуi керек.

Сөйлеуге үйрету. Диалогтiк сөйлеу. Оқушылар сұрақ - жауап, өтiнiш айту, нұсқау беру және т.б жұмыстар ретiнде қарапайым iс-әрекеттердi жасай алуы тиiс. Балалар бөлiк элементтерден жаңа, тұтас жағдаят құра алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлi сұрақтарға жауап бере алуы, өтiнiш, бiр нәрсемен келiсетiнiн немесе келiспейтiнiн бiлдiре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсе түсуi керек және әр оқушы сөйлегенде екi репликадан айтуы керек.

Монолог сөзi

Оқушылар бағдарламаға сай әр түрлi жағдаяттар туралы дайындықсыз өз ойларын жеткiзе алуы тиiс. Осы жағдаяттар ойын, оқу, тұрмыс iс-әрекеттерiмен бiрге байланысты болуы керек. Сөйлеудiң көлемi - дұрыс құрылған 2-3 фразадан аз болмауы керек, және олар суреттеу (суреттер, заттар), әңгiмелеу (досы, жанұя мүшесi, үй жануарлары туралы) сияқты жұмыстармен байланысты болуы керек.

Бiрiншi сынып оқушыларын ағылшын тiлiнде оқуға және жазуға үйретпейдi.

Сұрақтар:

1. Ағылшын тiлiн үйретудi ерте бастасаң жақсы нәтижелерге жетесiң.

Сен бұған келiсесiң бе?

2. Егер сен ағылшын тiлiн мектепке дейiнгi балаларға немесе бастауыш сынып оқушыларына үйретуге тиiс болсаң, сен оқытуды неден бастар едiң?

3. Бұл жастағы балаларға шет тiлiн үйретуде қандай қиыншылықтар кездеседi?

Тапсырмалар:

1. Берiлген сұрақтарға жауап бер.

2. Шет тiлiн мектепке дейiн және бастауыш сыныпта үйрету бойынша қысқаша мақала әзiрле.

5.Сөйлеуге үйрету әдiстерi.

Сөйлеудiң екi формасы бар: монолог және диалог.

Монологты оқыту үш кезеңнен тұрады:

1) хабарлау

2) айту

3) талдау

Ағылшын тiлiнде дұрыс сөйлем құруды үйренбей тұрып, сөйлеудi үйрену мүмкiн емес.

Мынадай жаттығуларды жасауға болады:

Оқушыларға ситуацияға байланысты үлгi берiледi. үлгi-сөйлем әртүрлi сөздермен толықтырылады.

Мысалы: 1) I can see a...

2) I can see a...

1) I am fond of...

2) I am fond of...

Мынадай жаттығулар орындауға болады.

1) ауыстыру- I have a pen (a book...)

2) толықтыру – I have an intresting book.

3) өзгерту – He has a book. He has no book.

4) Толықтыру дамыту – I have an intеresting book at home.

5) Аяқтау – If I have time I,ll....

Әр үлгiні әбден дағдыланғанша үйрету қажет.

Мұғалiм тапсырмасы мен ситуациялық жұмыс.

1) Give it a name.

T: We write with it.

P: It is a pen.

T: мысықтың суретiн үнсiз көрсетедi.

P: This is a cat.

P: This is a black cat.

Say the opposite.

T: I live in Gorky street.

P: I do not live in Gorky street.

T: He likes to play hockey.

P: I don,t like to play hoскey.

Ағылшын тiлiнде хабарлама жасап, сөйлеп үйренгеннен кейiн оқушылар сөйлеуге және талдауға үйренедi.

Сөйлеу мен жазуға дағдыландыру әдiстерi.

Алғашқыда сананың қатысымен орындауды қажет етiп, бiрте-бiрте қайталап жаттығудың нәтижесiнде автоматтанып кететiн iс–әрекеттердi дағды деп атайды. Мыс: жазуға алғаш үйрене бастағанда балада әрiптердi жазу дағдысы болмайды.

Материалды түсiндiруде мұғалiм көрсетуге тырысады.

Мұғалiм материалды баяндау ұзақтығы 3,6 минуттан артық болуға тиiс, өйткенi бастауыш сынып оқушыларының зейiнi ауытқығыш болғандықтан олар грамматикалық тақырыпты түсiндiрудi ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдiс сирек қолданылады.

Әңгiме әдiсi немесе сұрақ-жауап әдiсi, ол кейде эвристикалық (“эврика” грек.- таптым) әдiсi деп те аталады. Мұғалiм сұрақ қояды, оқушылар оқулықтан оқып немесе өз бiлгендерi бойынша жауап қайтарады. Бұл әдiс балаларды ойландырады, өздiктерiмен пiкiр айтуға итермелейдi, олардың белсендiлiктерiн күшейтедi, зейiндерiн сабаққа аударуды қамтамасыз етедi.

Эвристикалық әдiс кейде проблемалық әдiспен де ұштасады. Әңгiме кезiнде оқушының алдына белгiлi-бiр мiндет немесе проблема қойылады. Оны оқушылар өздерi шешуi тиiс. Мыс: оларға бақылауға бiрнеше сөйлем берiледi, соның iшiнен әртүрлi септiкте тұрған зат есiмдердi табу керек.

Оқушылар өздiктерiнен iстейтiн жұмысы, олардың түрлi тапсырмаларды, жаттығуларды ешкiмнiң көмегiнсiз орындаулары. Мыс: мұғалiм грамматикалық талдауға сөз, сөйлем немесе текст бередi. Әуелi ауызша, сонан кейiн жазбаша жоспар жасатады. Мұндай жаттығуларды балалар өздiктерiнен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетiлiп, алдын–ала дайындық жұмыстары жүргiзiледi.

Оқушыларға өздiктерiнен жұмыс iстеу тек бiлiмдi бекiту үшiн ғана емес, жаңа материалды түсiндiруде де қолданылады.

Мыс: Мұғалiм оқулықтан тиiстi материалды оқытады. Онда не айтылғанын сұрайды, белгiлi-бiр ереженi оқытып, текстi талдауға осы ереженi қолдануды тапсырады.

Жаттығу – мұғалiм басшылығымен орындалатын, оқушының алған бiлiмдерiн бекiтудi көздейтiн практикалық жұмыс; жаттығуда уақытқа шек болмайды. Ал оқушының өздiктерiнен iстейтiн жұмыстарына белгiлi мөлшерде уақыт берiледi.

Көрсетiлген әдiстердiң қайсысы болмасын баланың ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейдi. Бiр жағдайда оқушылар анализ жасаса, екiншi жағдайда оны синтездейдi.

Сонымен қатар берiлген әрiптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден текст құрастырып синтез жасайды. Синтез баланың алған бiлiмдерiн байланыстырып жинақтауда да iске асады. Әдетте анализ немесе синтез бөлек қойылмайды.

Анализ бен синтезде әдетте, оқылып отырған құбылыстың ұқсастығы мен ерекшелiгiн табу, оларды топтау, жүйелеу сияқты жұмыстардың маңызы зор. Грамматика мен жазу сабақтарында өтiлiп отырған материалға оқушының ой жүгiртуiне, пiкiр айтуына қарай, индуктивтiк немесе дедуктивтiк әдiстер қолданылады.

Мұғалiм бiрде индуктивтiк жағдайда тiл құбылыстарын жеке-жеке түсiндiрiп, сонан жалпы қорытынды шығарады. Бұл жолда қолданылған әдiс индуктивтiк әдiс деп аталады. Ал екiншi жағдайда дедуктивтiк әдiсте анықтаманы немесе ереженi хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды, берiлген сөздердi, сөйлемдердi немесе текст талдауға ұсынады. өздерi мысалдар келтiредi. Мұндай жолмен ұйымдастырған жұмыста қолданылатын әдiс - дедуктивтiк әдiс деп аталады.

Сөйтiп балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдiстерi қолданылады.

Қандай әдiс болмасын құралдар арқылы iске асады.

Ол құралдарға: оқулық, сөздiк, схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитофон жатады. Бұл құралдар өтiлетiн материалдың сипатына қарай қолданылады.

Мыс: сөз тұлғасын анализдеуде схемалар, сөз табы мен оның жазылуын үйрету таблицалары. Бұлардың iшiнде негiзгi құрал –оқулық болып есептеледi.

Сұрақтар:

1. Тыңдап – түсiну дегенiмiз не?

2. Тыңдап түсiнудiң оқыту әрекетiндегi алатын орны мен маңызы қандай?

3. Тыңдап түсiнудiң мазмұны қандай?

4. Тыңдап түсiнудi қалыптастырудағы мұғалiмнiң сөзiнiң маңызы қандай?

5. Сабақта тыңдап түсiнудi қалай пайдалануға болады?

6. Тыңдап түсiнудегi негiзгi қиындықтар қандай және оларды қандай жаттығулар арқылы жеңуге болады?

7. Сөйлеу дегенiмiз не?

8. Сөйлеудiң тiлдi оқытудағы маңызы қандай?

9. Монологтық сөйлеу дегенiмiз не?

10. Диалогтық сөйлеу дегенiмiз не?

Тапсырмалар:

1. 5 сыныптың ағылшын тiлi сабағындағы тыңдап-түсiну жұмыстарының көлемiн бағдарламадан қараңыз.

2. Мұғалiм кiтабында тыңдап-түсiнуге арналған жаттығулардың нұсқауларымен танысыңыз.

3. Тыңдауға арналған мәтiндi тыңдап талдаңыз.

4. 4 сыныптың ағылшын тiлi сабағындағы сөйлеу (монологтық және диалогтық) көлемiн бағдарламадан қараңыз.

5. Мұғалiм кiтабындағы сөйлеуге арналған жаттығулардың түрлерiмен, нұсқауларымен танысыңыз.


Жазуға үйрету.

Жоспар:

1. Жазуға үйрету туралы түсiнiк.

2. Жазуға үйретуде кездесетiн қиындықтар.

3. Жазуға үйретудiң жолдары.

1.Жазуға үйрету туралы түсiнiк

Шетел тiлiн үйретудегi өте маңызды және күрделi жұмыстың түрi жазу болып табылады.

Шетел тiлiн жазуға үйрену дегенiмiз сол тiлдiң әрiптiк және дыбыстық жүйесiн бiлу, оны сөйлеуге, айтуға, қолдана бiлу. Жазу каллиграфиядан, орфографиядан және шығарма жаза бiлуден тұрады. Жазуды үйрену мынадай дағдыларды бiлуден тұрады.

1.Алғашқы алфавиттiң әрiбін жаза бiлу дағдысы.

2.Дыбыстарды жаза бiлу дағдысы.

3.Сөздердiң, сөйлемдердiң орфогафиялық қателiктерiн түзете бiлу дағдысы.

4.әртүрлi жаттығуды орындай бiлу дағдысы.

Бұл дағдыларды қалыптастыру үшiн мынадай негiзгi факторлар талап етiледi.

1 Сөздi тыңдай бiлу.

2 Сөздi айта бiлу.

3 Көру факторы.

4 Қолдың саусақтарын дұрыс пайдалану.

Сонымен жазу процесiнде адамның сезiну органдары көз, құлақ тiл, сөйлеу органдары қол қатысады.

2.Жазуға үйренуде кездесетiн кейбiр қиындықтар

Ағылшын тiлiндегi а,о,е,п,м,д,х,т,н, әрiптерiн жазу қазақ балаларына қиын емес, себебi, бұл әрiптер қазақ тiлiнде кездеседi. Ал,s,r,l,f,g,q сияқты әрiптер таныс емес болып көрiнедi. Сондықтан, сабақ үстiнде бұл әрiптердi дұрыс жазғызу үшiн көп жаттығулар жасау керек.

Оқушыларға ағылшын сөздерiн қолын алмай, бiр-бiрiне тiркестiрiп жазғызу қиын, сондықтан кiшкентай әрiптердi қолын алмай жазғызу үшiн көп жаттығу керек.

Қазақ балаларына көп қиыншылық келтiретiн ағылшын орфографиясы болып табылады.

Әртүрлi сөздердегi әртүрлi әрiптердiң немесе әрiптер қосындыларының оқылуы кейде бiрдей болады: eye – I; road-rode; write- right; tale- tail.

Әрiптердiң көбi кейбiр сөздерде оқылады, ал – кейбiреуiнде –оқылмайды: build-suit;laugh- brought; help-hour.

Ағылшын тiлiндегi әрiптердiң айтылуы мен орфографиясының сәйкес келмеуiнiң себебi – ағылшын тiлiнде әрiптерден көрi дыбыстар көп, 26 дауысты дыбыс және 6 дауысты әрiп бар. Сондықтан busy, daughter, language, beautiful, foreign деген қиын сөздерге назар аудару керек. Ағылшын орфографиясын бiлу үшiн, оның заңдылықтарын жақсы бiлу қажет. Оқушылар мыналарды бiлуi тиiс:

1/ у әрпiне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдарын:

day – days;

stay- stays;

бiрақ: city – cities; study – studies;

дауыстыларға “ed” жалғанады

play – played;

carry- carried;

дауыстыларға -ing жалғау:

write- writing;

dig- digging;

play- playing;

stand – standing;

сын есiмнiң шырайларының жалғаулары: er; est.

clean- cleaner – the cleanest;

large – larger – the largest;

2/ Дауыссыздың қосарлану жолдары:

sit – sitting;

thin – thinner;

swim – swimmer.

3/ Негiзгi сөз құрайтын жұрнақтар:

“ful”, “less”,”use”, “useful”, “useless”

Шығарма, хат арқылы өз ойларын жеткiзу де балаларға қиын, себебi, оқушылар дұрыс сөздердi, грамматикалық формаларды табуда көп қиындықтар кездестiредi.

3.Жазуға үйретудiң жолдары.

Оқушылар шет тiлiнде әрiптердi, сөздердi, сөйлемдердi жазуға үйрену үшiн көп жаттығуы, жақсы үлгiлерiмен таныс болуы керек.

Каллиграфияға оқытудың кезеңдерi:

1.Мұғалiм балаларға карточкада жазылған үлкен және кiшкентай әрiптi көрсетедi. Мысалы, Bb. Карточканың бiрiншi бетiнде әрiптер жазылған болса, екiншi жағында сөздер жазылады. Мысалы, Bb – Bed, book.

2. Мұғалiм тақтаға сөздi жазып көрсетiп, қиын жерлерiнiң жазылуын түсiндiредi. Мысалы, Q әрiбiн қолды қағаздан айырмай жазу керек, тек құйрығын жазғанда ғана қолды қағаздан айыруға болады, “r” әрiбiн жазғанда оны “v” әрiбiмен ұқсастырмау керек, “b” мен “d” “p”мен“q” ә рiптерiн шатастырмау керек екенiн түсiндiрiп, мұғалiм осы әрiптерi бар сөздердi жазады.

Әрiптердi, сөздердi жазғанда мұғалiм өзiнiң әр қимылын түсiндiруi керек, ал балалар сол қимылдарды бiрiншi ауада, сосын дәптерлерiнде қайталайды.

3. мұғалiм балалардың әрiптердi, сөздердi жазуын талап етедi, ал өзi әр балаға жақындап жазуға көмектеседi. Жазу қабiлетiн дамыту үшiн бала үйде де әрiптердi, сөздердi жазуға жаттығады.

Оқушыларды таза, жақсы жазуға үйрету үшiн мұғалiм өзi жақсы жаза алуы керек. Тақтадағы көрнекi құралдар да өте жақсы талапқа сай жазылуы қажет.

Орфография, қатесiз жазу, әрiптерге бөлiп жазу.

Жазуға үйрету және орфографияда кездесетiн қиыншылықтарды жою үшiн мұғалiм төмендегi жаттығуларды жасата алады:

1. Көшiру

А/ ұғсас сөздер:room- spoon – moon.

Б/ естiлуi ұқсас жазылуы әртүрлi сөздер:

Two – too;

Sea – see;

One – won

Oқушылар бұл сөздердi жазғанда оның құрамындағы әрiптердi атауы керек. Ережеге бағынбайтын сөздерге көп көңiл бөлу керек:

Sure; usual; clerk; soldier.

Оқушыларға таныс фразаларды, сөйлемдердi көшiру арқылы жазуға үйретуге болады.

2. Диктант – жаттығудың қиын түрi.

Диктанттың мынадай түрлерi бар:

а) Көрiп жазу диктанты. Мұғалiм тақтаға сөздi, фразаны, сөйлемдi жазады, ал балалар оларды оқып жазылу жолдарын есте сақтауға тырысады. Содан кейiн мұғалiм сөздердi тақтадан сүртiп тастайды, ал балалар есте қалған сөздердi дәптерлерiне жазады.

б) Жаттығу диктанты.

Мұғалiм сөйлемдi оқиды. Жазуға қиын сөз тақтаға жазылады, келесi бiр оқушы сөздiң iшiндегi әрiптердi атап шығады. Содан кейiн балалар сөйлемдi дәптерлерiне жазады, ал мұғалiм қатарлардың арасында жүрiп, оқушылардың жұмысын қадағалайды. Кейiн, сөйлемдi дұрыс жазған бала алға шығып сөйлемдi тақтаға жазады.

Диктанттың бұл түрi 10-12 минутқа созылады.

в) Диктантты өз бетiмен жазу.

Үйде жаттап келген мәтiндi не тақпақты оқушылар сыныпта жатқа айтады, кейiн сол тақпақты немесе мәтiндi дәптерлерiне жазады.

3. Үлгi бойынша сөйлемдi жазу.

Бұл диктанттың қиын түрлерiнiң бiрi, себебi оқушылар оны жазу үшiн сөйлемдi өз бетiмен жалғастырады.

а/ Сәйкестiру: Nick has a sister.

б/ Аяқтау: He smiled because...

в/ Жалғастыру:The students wrote + adj. +noun +adv.

4.Сұрақтарға жауап беру.

5.Шығарма.

Шығарма жазуға үйрету үшiн мынадай жаттығуларды қолдануға болады:

а/ Естiген немесе оқыған әңгiменi жазу. Бiлiм деңгейi төмен сыныптарда әңгiменiң маңызды сөздерiн тақтаға жазып қою керек.

б/ Суреттi, затты немесе жағдаятты суреттеу

в/ Бiр тақырыпқа арналған мәтiннiң бөлiгiн суреттеу.

г/ Оқыған мәтiнге жоспар құру.

д/ Бiр тақырып туралы шығарма. Басында оқушылар жоспар құрады, кейiн - жоспар бойынша әңгiме жазады.

е/ Хат жазу.

Әдетте мұғалiм оқушыларға ағылшындықтардың хатты қалай бастайтынын және аяқтайтынын түсiндiредi.

Жазу бiлiктiлiктерiн бағалау үшiн мұғалiм оқушыларға таныс бақылау жұмыстарының түрiн қолдануы керек.

Тест жазу арқылы бақылау.

1/ Оқушының әрiп жазуды қалай игергенiн тексеру үшiн мұғалiм балаға тақтаның алдында жеке жұмыс жасатқызады.

2/ Каллиграфия және орфография саласындағы оқушылардың бiлiктiлiгiн мұғалiм диктант арқылы тексередi. Диктант жазғанда мұғалiм сөйлемдердi екi рет оқиды.

Басында диктанттың мазмұнын толық оқып шығу керек, сосын бiр-бiрден оқиды. Диктантты жазып болғаннан кейiн мұғалiм тағы бiр рет оны оқып шығуы керек.

Сұрақтар:

  1. Жазуға үйретудiң анықтамасы қандай?
  2. Ағылшын тiлiн оқытудағы жазудың алатын орны қандай?
  3. Жазуды үйретудегi негiзгi қиындықтар қандай?
  4. Жазу жұмысының қандай түрлерiн бiлесiң?

Тапсырмалар:

  1. Бағдарламадағы жазуға қойылатын талаптарды анықтаңыз.
  2. “Мұғалiм” кiтабында қойылған талаптарды жазуға, оқытуға қойылатын талаптармен салыстырыңыз.
  3. Сыныптағы оқушылардың қабiлетiмен ерекшелiктерi ескере отырып оларға сай келетiн жазу жұмыстарының түрлерiн анықтаңыз.

Оқуға үйрету

Жоспар:

1. Оқу – сөйлеу әрекетiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi.

2. Дауыстап оқуға үйрету.

3. Iштен оқуға үйрету.

4. Оқуға қойылатын негiзгi талаптар.

1.Оқу - сөйлеу әрекетiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi.

Оқу сөйлеу әрекетiнiң рецептивтi түрлерiне жатады. Себебi ол графикалық белгiлердi қабылдаудан түсiнуден тұрады. Оқу сөйлеу әрекетiнiң тыңдау жазу сияқты түрлерiмен тығыз байланысты. Оқу мен жазу дағдыларының шет тiлiн үйретудiң бастапқы кездегi алатын орны ерекше. Оқу мен сөйлеу тығыз байланысты. Оқудың екi түрi бар.

1. Дауыстап оқу

2. Iштен оқу.

Ағылшын тiлiн үйретудегi ең қиын процестiң түрi оқушыны оқуға үйрету. Себебi ағылшын тiлiнде 26 әрiп 44 дыбыстық белгi бар.Егер ағылшын тiлi алфавитiн өз тiлiнiң алфавитiмен салыстырсақ ұқсас әрiптер К,М,Т, ал қалғандары F,G,H,J,R,S,W,Z әрiптерi мүлдем жоқ. Ал қалған әрiптер А,С,Н,О,Ф,У,Х екi тiлге де ортақ. Бiрақ оқылуы әртүрлi. Оқуға үйрету тiлдiң алфавиттегi әрiптердi таныстырудан басталады. Ал ағылшын тiлiн үйретуде тiлдің әрiптерiн жүйесiмен бiрге дыбыстық жүйесiнде қатар үйрену керек. Сөздiң дыбыстық белгiленуi транскрипция арқылы берiледi. Оқушылар дыбыстардың ашық, үндi, дауыссыз, дауысты екенiн және дыбыстың буынның түрiнде оқылу ерекшелiктерiн бiлуi қажет. Ағылшын тiлiнде оқытуда оқудың барлық ережесiне үйрету мүмкiн емес. Бiрақ мынадай оқу ережелерiн бiлу мiндеттi.

1. А әрібiнiң ашық және жабық буында оқылуы. Car, park

2. Мына дифтонгтардың оқылуын бiлу.

Ay, oo, ou,ow.

3. Мына дауыссыз дыбыстардың оқылуын бiлу.

C, s, k, g.

Кейбiр бiр буынды сөздерді оқу да қиындық туғызады. Мыс: son -sun, eye - I. Оқу процесiн жеңiлдету үшiн жаңа сөздердi сөз тiркестерiн, фразаларды алдын-ала оқыту ғажет.

2.Дауыстап оқуға үйрету

Оқуға үйреткенде мұғалім жаттығулардың толық жүйесін оқушылардың дауыстап және іштей оқу қабілеттерін дамыту үшін пайдалану тиіс.

Дауыстап оқуға үйрету үшін мынадай әдістер қолданылады: дыбыстық, сөздік және сөйлемдік әдістер.

Дыбыстық әдіс қолданылған кезде оқушы дыбыстарды және олардың графикалық символы әріптерді танып қолдануға үйретіледі.

Сөздік әдісте сөз бірден енгізіледі. Бірнеше сөз үйретілгеннен кейін олар жәй сөйлемдерде беріледі. Ал, сөйлемдік әдісте оқу сөйлем арқылы жүзеге асады.

Мұғалім бұнда дұрыс интонацияны да үйретеді. Осы әдістердің бірге қолданылуы жақсы оқуға негіз болады.

Оқушылар сөздердің графикалық белгілері мен мағынасын оқу арқылы сәйкестендіреді. Бұл кезде көру, тыңдау, қимыл мүшелері жұмыс жасайды. Графикалық белгілер оқушының есінде сақталып қалуы тиіс. Хормен немесе топпен, мұғалімге еліктеп оқу дауыстап оқудың түрлеріне жатады және ағылшын тілі сабағында көп қолданылады. Нәтижесінде оқушы сөзді тек айтып үйренеді де, бірақ оқи алмайды. Сондықтан мұғалімдер әр кезде «сөздерді, фразаларды, сөйлемдерді өзің оқымай, оқушыларға оқуға мүмкіндік бер» деген қағиданы үнемі есте сақтауы керек.

Оқуға үйрету кезінде әріп пен сөз, әріптік белгілер арқылы енгізіледі. Ол үшін тақта немесе топшамалар қолданылады.

а) жаңа әріп енгізіледі

в) әріптерден сөздер құрастырылады

с) оқушының әріптерді білуі тексеріледі

Оқыту үшін де осындай тәсілдер қолданылады.

1. Ереже бойынша оқылмайтын сөздер таныстырылады: E.g. lake, plane, have

2. Оқушылардың үнемі шатастырылып оқитын сөздері бекітіледі:

yet- let

form- from

come- some

does- goes

cold- could

wood- would

walk- work

Сөздерге қарап айырмашылық беріп тұрған әріпті табуға үйрету

though- thought

through- though

country- county

Оқуды үйретудің алғашқы кезеңінде мұғалім сөйлемді немесе мәтінді өзі оқып береді. Сонан соң мұғалім жеке оқытады, хормен оқытады, оқуды тексереді, оқушылар оқулықтан оғиды. Бұл жұмыс мына ретпен жалғасады: T-C-P1-P2-P3

Дауыстап оқу оқудың түрі ретінде оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылады. Мұғалім оқуға арналған жаттығулар мен мәтіндерді таңдайды. Дауыстап оқуда мұғалім бақылаудың мынадай түрлерін қолданады:

а) диагностикалық оқу (кемшілікті анықтау үшін)

б) үлгімен оқу

с) бақылау оқуы (дұрыс оқу тексеріледі)

3.Iштен оқуға үйрету

Iштен оқуда негiзгi орын көруге, көздi пайдалануға берiледi. Іштен оқу оқушылардың көру қабілетімен, көру есімен тығыз байланысты. Олар тек фразаны, сөзді, сөйлемді оқып қоймайды. Iштен оқыған кезде лексикалық, грамматикалық және айту дағдылары дамытылады. Көзбен оқу, оқылған сөзді айтудан әлдеқайда жылдам болады. Іштей оқу дауыстап оқу сияқты маңызды. Іштей оқуға арналған арнайы жаттығулар бар. Мысалы, “look and say, read and look up”. Бұл жаттығуды орындау үшін оқушылар сөйлемді іштей оқып, түсініп, мәтінге қарамай қайта айтып беруі керек. Алғашында бұл жаттығуды оқушылар жай орындайды. Бірте-бірте мұғалім уақғытты шектейді. Бұл оқушы жылдам оқып-үйренуге итермелейді.

Іштен оқу негізінен екі проблемамен тығыз байланысты:

1. Грамматикалық, лексикалық жаңа тақырыптарды алғаш алған кезде сөйлемдердегі жаңа ақпараттарды табуға балалардың зейінін аудару.

2. Оқушылардың таба білу қабілетін дамыту.

Осы жұмыстардан кейін оқушының лексикалық және грамматикалық талдау жасау мүмкіндігі молаяды. Мұғалім оқушыларды сөйлемнің баяндауышын табуды сұрайды. Немесе мұғалім мәтінді іштей оқып, жаңа сөздердің мағынасын айтуды сұрайды. Грамматикалық материалды да дәл осылай бекітуге болады. Лексикалық және грамматикалық талдау жасау оқушылардың құрылымдарды анықтауына, оларды сөйлемдегі орнына байланысты айыра білуге, таныс емес сөздердің мағынасын білуге көмектеседі.

Мәтiндерге тiлдiк талдау әдiсi көркем шығарма тiлiн талдағанда, сөздiк жұмыс, текстпен жұмыс iстегенде қолданады. Ол мәтiннiң сөздiк құрамын анықтауда сөз мағыналарын сөздердiң қолданылуы мақсатын ашудан көркемдеушi жемдерiн талдаудан тұрады. Жұмысының бұл түрi оқушының логикалық ойлауын, талдау қабiлетiн дамытуға жетелейдi.

Ішінен оқуға берілетін тапсырмалардың үлгілері:

- төмендегі сөйлемдерді оқып шығып, өзіңе таныс емес сөздердің мағынасын тап

- “An idea struck me” белгісіздік артикльдің пайдаланылуын түсіндір

- Мәтінді іштей оқып шығып, әрбір сөйлемдегі жаңа ақпараттар беретін сөздерді анықта.

E.g. I have a bag

The bag is black

It is a new bag

I like my new bag

- мына сөйлемдер өте күрделі.

Ішіңнен оқып шығып, оларды қысқа сөйлемдерге бөл.

4.Оқуға қойылатын негiзгi талаптар

Ағылшын тiлiне тән дыбыстарды дұрыс оқуға байланысты. Мәтіндегі сөз, сөйлемдердi орфоэпиялық нормада айтуға жаттықтыру үшiн арнайы жаттығу жұмыстары арқылы жүргiзiледi. Мәтіндегі оқытудан бұрын оның құрамында кездесетiн жаңа сөздер түсiндiрiледi.

Оқушылар мәтінді рөлге бөлiп, оқумен аударумен ғана шектелмей, оның мазмұнын ағылшынша айтуға жаттығады. Текст бойынша қойылатын сұрақтар осы талапға сай ойластырылып, оқушылар текст мазмұнын түсiнiп оқуға, жүйелi түрде айтуға талпынады. Бұл мақсатқа жету үшiн оқушының сөздiк қоры мол, грамматикалық тұлғаларды меңгеру дәрежесi ойдағыдай болуымен қатар оны байланыстырып сөйлей бiлуге де жаттықтыру керек.

Оқушылар мәтіндi жылжытып оқып, оның мазмұнын айтып беру үшiн әр мәтіндi дұрыс мәнерлеп түсiнiп оқуы, сұрақтарға дұрыс жауап беруi, жетекшi сұрақтарға жауап берiп, тыныс белгiсiне дауыс ырғағын келтiрiп оқуы, текстегi әр сөзге, сөйлемдерге дауыс екпiнiн дұрыс түсiруi. Текстi екi тiлде бiрдей аудара бiлуi. әр текст сайын жаңа сөздердiң, сөз тiркестердiң, мақалдардың, нақыл сөздердiң сөздiгiн жасап отыруы қажет. Мақал-мәтелдердi мәнерлеп оқу сөйлемдердiң логикалық екпiнге ие сөздi логикалық паузаны, интонацияны бiлу. Оқушының тексттi алдына мақсат қоя оқуы. Шығарма кейiпкерлерiн өз атынан әңгiмелетуге үйрету. Шығарма рухани кейiпкерлерiнен сезiм сырларына баға бере отырып, оған тыңдаушы назарын аудару. Автор сөзiнiң төл сөздiң интонациясын сақтай отырып, төл сөздердi жалғас әуенмен оқу.

Диалогтарды рөлге бөлiп оқу. Диалогты, тексттi авторлық баяндау, суреттеулерге оқуға жетiлдiру, жаттықтыру.

Сұрақтар:

1. Сөйлеу әрекетiнiң негiзгi түрi ретiнде оқудың мәнi неде?

2. Мәтiннiң мазмұнын оқушылардың жас ерекшелiгiне қарай беру дегендi қалай түсiнесiң?

3. Оқуға үйретудiң қандай әдiстерiн бiлесiң?

4. Оқуға қойылатын қандай талаптарды бiлесiң?

Тапсырмалар:

1. Берiлген сұрақтарға жауап бер.

2. Оқу–әдiстемелiк комплексiнiң оқуға үйретуге байланысты берiлген нұсқаулармен танысып шық.

3. Оқуға арналған мәтiндердiң мазмұнымен танысып, оны толық талдап шық.

4. Оқулықтан бiр мәтiндi алып, өзiңнiң шет тiлiндегi мәтiндi оқу жылдамдығыңды анықта.



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: