Транскрипция

Дыбыстарды жазбаша белгілеу үшін фонетикалық транскрипцияның арнайы белгілері қолданылады. Ағылшын тілінде 26 әріп болса, 44 дыбыс бар. Олардың 20-сы дауысты дыбыс. Әріп арасындағы алшақтық әсіресе дауысты дыбыстарда болады. Мыс:6 дауысты әріпке – 20 дауысты дыбыс сәйкес келеді. Сондықтан әр түрлі орында тұрған әріп әр түрлі оқылады. Мыс: е әрпі ашық буында [I] болып оқылса жабық буында [e] болып оқылады.

Фонетикалық транскрипцияны жазу үшін фонетикалық шартты белгілер қолданылады. Олар квадратты жақшаға алынып жазылады. Фонетикалық транскрипция символдарын алғаш ұсынған француз фонетисті Пол Пасси.

Фонетикалық транскрипция да сөз дыбыстарының ұзақтығы дыбыстан кейін тұратын (:) белгісімен қойылады.

Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Тілдің дыбыстары дауысты және дауыссыз болып 2 –ге бөлінеді. Дыбыстағанда шығатын ауа ағыны өзінің жолында бір – біріне жақын тұрған дауыс шымылдығын қозғалысқа келтіреді, осыдан келіп дауыс немесе музыкалық әуен келіп шығады. Ауа ағыны өз жолында кедергіге кездеспесе дауысты дыбыстар айтылады, ауа ағынының жолында кедергі болса дауыссыз дыбыстар айтылады.

Дауысты дыбыстарды айтқанда үн шығады, ал дауыссыз дыбысты айтқанда шу мен үн қатар шығады.


Дауысты дыбыстардың классификациясы.

Дауысты дыбыстардың классификациясы мынадай қағидаларға негізделген:

1. Тілдің орналасу ерекшеліктері.

2. Еріннің орналасу ерекшеліктері.

1. Тілдің әр түрлі бөліктерінің таңдайға көтерілу биіктігінің әртүрлілігі. Тілдің түрлі бөлігінің таңдайға көтерілуіне байланысты дауысты дыбыстар былай бөлінеді.

1. Алдыңғы қатардың дауыстылары, бұларды айтқанда тілдің ортаңғы бөлігі көтеріледі. Мыс: [ie]

2. Ортаңғы қатардың дауыстылары бұларды айтқанда тілдің ортаңғы және артқы бөлігі көтеріледі: Мыс: [a]

Ал аралас қатардың дауыстыларын айтқанда тіл түгелдей көтеріледі. Олар: 3 [ә]

3. Артқы қатардың дауыстыларын айтқанда тілдің артқы бөлігі көтеріледі. Олар: и v.

Тілдің түрлі бөліктерінің көтерілуі деңгейіне байланысты дауысты дыбыстар мынадай топтарға бөлінеді:

1. Жоғары көтерілу деңгейі бар дауыстылар, бұларды айтқанда тіл таңдайға жоғары көтеріледі. Олар мына дыбыстар: [I: u: I u]

2. Орташа көтерілу деңгейі бар дауыстылар, онда тіл таңдаймен екі ортада тұрады. Ол мына дыбыс: [e]

3. Төменгі көтерілу деңгейі, бұларды айттқанда төменгі жақ төмен түседі. Мысалы: [a:]

II. Еріннің орналасу жағдайына байланысты дауыстылар еріндік және еріндік емес деп бөлінеді. Еріндік дауысты дыбыстарды айтқанда ерін дөңгеленеді. Еріндік емес дыбыстарды ерін бейтарап күйде қалады. Олар мынадай дауыстылар: [az]

Қазақ тілімен салыстырғанда ағылшын тілінің дыбыстары ұзақ және қысқа болып бөлінеді. Ағылшын дауысты дыбыстарының ұзақтығы өзгермело болады. Ашық буындағы дауысты дыбыс ұзақ айтылады, ал ұяң дауыссыздың алдында қысқарақ айтылса, жабық буында мүлде қысқа айтылады. Мыс: [ bi: bi d bit]

Жасалу тұрақтылығына байланысты дауысты дыбыстар 3 топқа бөлінеді:

1. Монофтонгтар.

Монофтонгтарды айтқан кезде дыбыстың айтылуы өзгермейді, яғни бір ғана дыбыс айтылады.

2. Дифтонгтар.

Дифтонгтар екі әртүрлі элементтен құралады.

3. Дифтонгоидтар.

Дифтонгоидтарды айтқанда артикуляция дыбыстың басында және аяғында әртүрлі болады.

Дауыссыз дыбыстардың классификациясы.

Ағылшын тілінің дауыссыз дыбыстары мынадай қағидалар бойынша топталады:

1. кедергінің қалыптасу әдісіне.

2. сөйлеу органдарының жұмысы мен кедергінің қалыптасу орнына

3. дауыс шымылдығы жұмысына байланысты.

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшықайды, оларды айтқанда үн бәсең болады.

Ағылшын тілінде дауыссыз дыбыстар үн мен салдардың қатысына байланысты ұяң және қатаң дауыссыздар болып бөлінеді. Ұяң дауыссыздарды айтқан кезде үннен көрі салдыр басым болады. Ал қатаң дауыссыздар шудан салдырдан тұрады. Бұл дыбыстардан басқа айтқан кезде үн басым болатын дыбыстар да бар. Олар сонанттар (үнді) деп аталады.

I. Кедергінің қалыптасу әдісіне байланысты дауыссыздар 4 топқа бөлінеді.

1. айқасатын(occlusive)

2. қуыстық(constrictive)

3. аффрикаттар(affricates)

4. діріл дауыссыздар(rolled)

Айқасатын дыбыстарды айтқанда дауыс органдары бір – біріне толықтай тиеді және ауа жолында толық кедергі жасайды. Кедергі жойылған кезде ауа ағыны жарылыс жасайтын болса, ондай дауыссыздар жарылысты дауыссыздар деп аталады. Олар [k], [g], [p], [b].

Егер ауа ағыны мұрын қуысы арқылы өтсе, онда айтылатын дыбыстар мұрындық дауыссыздар деп аталады. Олар [m], [n], [η] дыбыстары. Қуыстық дауыссыздарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір – біріне тимейді. Жай ғана жақындайды. Егер қуыс өте кең болмаса онда дыбыс ызыңмен шығады, бұндай дыбыстарды ызың дауыссыздар деп атайды. Олар мыналар: [f], [v], [h], [tg], [dз] қазақ тілінде [ж], [һ], [х], [ш] т.б.

Діріл дауыссыз [r] тілдің дірілдеген ұшымен айтылады.

II. Дыбыстау мүшелерінің жұмысымен кедергінің орнына байланысты дауыссыз дыбыстар былай бөлінеді: 1. еріндік 2. тілдік. Еріндік дауыссыздар мынадай топтарға бөлінеді: 1) еріндік – еріндік 2) еріндік – тістік.

1. Еріндік – еріндік дыбыстарды айтқанда жоғары және төменгі ерінді бір – біріне тигізу арқылы кедергі жасалады. Бұл топқа ағылшын тілінде [p],[b], [m],[w] дыбыстары, ал қазақ тілінде [п],[м], [б] дыбыстары жатады.

2. Еріндік – тістік дауыссыздар. Бұларды айтқанда жоғары тістер мен төменгі еріннің жақындасу арқылы кедергі жасалады. Олар [f] [v] дыбыстары.

3. Тілдік дауыссыздар мынадай үш топқа бөлінеді: 1. Тіл алды 2. Тіл ортасы
3. Тіл арты арқылы айтылатын дауыссыздар.

Тіл алды дыбыстарын айтқанда, кедергі тілдің ұшы арқылы жасалады. Бұл дыбыстардың өздері а) дорсальды б) апикальды в) какуминальды болып бөлінеді.

Дорсальды дауыссызды айтқанда тілдің ұшы белсенді емес және түсіп тұрады, ал апикальды дауыссыздарды айтқанда тілдің ұшы өте белсенді. Олар [l] [n] [z] [Ө] дыбыстары және какуминалды дауыссыздарды айтқанда, тілдің ұшы артқа сәл қайырылады. Олар [p] [r] дыбыстары.

Альвеолаға тию арқылы айтылатын дауыссыздар альвеолдық дауыссыздар деп аталады. Олар [t] [d] [n] дыбыстары.

4. Тілдің ортасы арқылы айтылатын дыбыстар тілдің ортаңғы бөлігін қатты таңдайға көтергенде айтылады. Олар [j] [u] дыбыстары.

5. Тілдің артқы бөлігі арқылы айтылатын дыбыстар тілдің артқы бөлігін жұмсақ таңдайға көтеру арқылы жасалады. Сондықтан олар да тілдің артқы бөлігін жұмсақ таңдайға көтеру арқылы жасалады. Сондықтан олар таңдай арты (велярлық) дыбыстар деп аталады. Олар [k] [g] [η ] ал қазақ тілінде [k] [г] [х]

III Дауыс шымылдығының жұмысына байланысты дауыссыз дыбыстар ұяң және қатаң болып бөлінеді.

Ұяң дыбыссыздарды айтқан кезде, дауыс шымылдығы дірілдейді. Олар [r] [b] [η ]. Қатаң дауыссыздарды айтқан кезде, дауыс шымылдығы қозғалмайды, сондықтан үн де шықпайды. Олар: [p] [f] [ Ө] [n].

Ағылышын тілінде сөздің соңындағы қатаң дауыссыздар толық айтылады, ал ұяң дауыссыздар сөздің соңында әлсіз айтылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: