Морфология

Морфология сөздерді белгілі топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына ортақ грамматикалық белгілерін және өзіне тән ерекшеліктерін анықтап, анықтама жасайды. Синтаксис сөздердің тіркесін, сөйлем заңдылықтарын жүйелеп, сол жөнінде анықтамалар жасайды.

Морфологияны оқыту – дидактикалық принциптер негізінде жүзеге асырылады. Морфологияны оқытуда мұғалімдерден ағылшын сөздерінің қандай топқа бөлінетінін ол топтардың әрқайсысының өзіне тән қандай грамматикалық сыр сипатының барлығын және контексте қандай қызмет атқаратынын оқушыларға білдірту талап етіледі. Тілдің заңдылықтарын практикада дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, баулу жұмыстары әр сабақ үстінде үнемі ескеріліп, іске асырылып отырылатын негізгі жұмыс болады. Сондықтан тілдің сапалы да тиянақты меңгерілуі мұғалімдердің теориялық біліміне тікелей қатысты. Мұғалім тілдің ішкі заңдылықтарын жан-жақты терең білсе, оқушыға берілетін білім де, тілдің жүйесі де, тараулары да өзара байланысып

, дұрыс оқытылады.

3.2. Сөз. Сөз құрамы туралы түсінік.

Сөз белгілі бір ұғымның атауы болғанымен, тиісті грамматикалық амал-тәсілдерсіз адам ойын жарыққа шығара алмайды. Әрбір сөздің өзіне тән тұлға тұрпаты болады. Осындай өзіне тән мағынасы бар сөздің ең ұсақ бөлшегі морфема деп аталады. Олар қызметтеріне қарай түбір морфема және қосымша морфема деп аталады. Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады.

Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтады. Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды.

Сөздердің грамматикалық және лексикалық заңдылықтары бір сөздің бойында жарыса жүретіні, олардың үнемі бірлікте болатыны сөйлем құрамын талдау жұмысы үстінде нақтыланады. Талдау жұмысынан шығатын ұғым мынадай болмақ: сөздің мағынасы да, грамматикалық құрамы да күрделі категория, сөз - контексте әр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап тұратын категория; осындай тұлғалық өзгеріске түсуден сөздің лексикалық мағынасына да, семантикалық мағынасына да реңктік мән еніп, грамматикалық мағыналарға ие болатынынан мәлімет беріледі.

Сөз таптарының мәнін ашпас бұрын, алдымен ағылшын тіліндегі сөздердің мағыналық, морфологиялық белгілеріне қарай екі топқа: негізгі және көмекші сөз таптары болып бөлінетіні туралы мағлұмат беріледі. Қазіргі заман ағылшын тілінде 13 сөз таптары бар, оның тоғызы негізгі сөз таптары, ал қалған төртеуі көмекші сөз таптары.

3.3. Сөз таптарын оқыту

Негізгі сөз таптарының семантикалық-лексикалық және грамматикалық мағыналары мол, әрқилы реңкте түрленіп, сөздердің толық құбылыстарын аңғартатын категория екенінен мәлімет беріледі.

Негізгі сөз таптарына: 1.Зат есім. 2. Сын есім. 3. Сан есім. 4. Есімдік. 5.Етістік. 6. Жәй-күйді білдіретін сөздер (words of category of state). 7. Үстеу. 8. Модал сөздер. 9.Одағай.

Көмекші сөз таптарының тобына енетін сөздердің өздеріне тән арнаулы дербес мағыналары болмайды, олар тіркес сөздер және сөйлем құрамында дербес мағыналы негізгі сөз таптарымен ғана селбесіп, олардың мағыналарын нақтылай түсетін реңктік мағына мен оларды екінші бір сөздермен қарым-қатынасқа түсіретін қызмет атқаратынын нақты мысалдар арқылы мұғалім оқушыларды хабардар етеді.

Көмекші сөз таптарына: 1.Шылау. 2. Септеулік (Preposition) 3. Particle. 4.Артикль жатады.

Негізгі сөз таптары өздеріне тән дербес мағыналары болады. Негізгі сөз таптары мейлі контексте болсын, мейлі жеке-жеке сөздік түрінде қолданылсын, әрқашан белгілі бір ұғымдық атауда жұмсалып, арнаулы бір сұраққа жауап болып, сөйлемнің құрамды бөлшегі немесе сөйлем мүшесі бола алады. Негізгі сөз таптары түрлі грамматикалық көрсеткіште түрленіп, қажетіне қарай басқа сөз таптарымен еркін қарым-қатынасқа түсе беретіні мысалмен дәлелденеді.

Зат есімді оқыту

Зат есім заттық ұғым атауларын білдіретін сөз табы. Ол үлкен екі топқа: жалпы есім (common nouns), жалқы есім (proper nouns) болып бөлінеді. Жалпы есімдер: санауға болатын және санауға болмайтын зат есімдер болып бөлінеді. Ал санауға болатын зат есімдер: нақтылы (concrete), абстрактылы (abstract), табиғи зат атауларын білдіретін зат есімдер (nouns of material) тәрізді мағыналық категорияларға ие болатынын нақты мысалдардың мағынасын ашу процесінде түсіндіріледі

Dream, memory, feeling деген зат есімдерді көруге болмайды, тек ойлау, топшылау, сезу қабілеттері арқылы танылатын абстрактылы ұғымдар екені түсіндіріледі. Зат есім мағыналарын ашуда оқушылар кім? сұрағының адам ұғымын білдіретін атауларға, не? сұрағының жан-жануарлар, заттарға қойылатынына мысалдар келтіреді.

Сонымен қатар зат есімдер құрамы, құрылысы жағынан дара, күрделі болатыны меңгертіледі. Дара зат есімдердің бірі сөзден ғана жасалатыны: a boy, a girl, a teacher etc. Күрделі зат есімдер кем дегенде екі сөзден тұратыны айтылады. Мыс: a girl-friend, a class-room, a post-offiсe etc.

Зат есімдердің жасалуын сөз еткенде, мынадай ерекшеліктерді еске алу керек:

1.Зат есімдер лексикалық әдіс-тәсілдер арқылы жасалады, яғни ешбір жұрнақсыз жасалауы. Мыс: dog, chair, room etc.

2. Зат есімдер синтаксистік әдіс-тәсіл арқылы жасалады, яғни екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі немесе қосарлануы. 3. Зат есімдер жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

2. Nouns denoting inanimate objects: a pen, a table, a chair etc. 3. Collective nouns denoting a group of persons: family, crowd etc.

Зат есім тудырушы жұрнақтар: -ity:capacity, -ment:statement, -ness-uesfulness, -dom: freedom.

Зат есім тудырушы жұрнақтар Сын есім тудырушы Етістік Үстеу

-ity – capacity

-ment – statement

-ness - usefulness -able – capable

-ible – possible

-ous -verious -en –lightеn

-ize – organize

-ify - magnify -ly - lightly

Морфологиялық жағынан ағылшын зат есіміне түр (жекеше, көпше) және септік категориялары тән.

Зат есімнің сөйлемдегі қызметін оғыту.

Зат есімнің сөйлемдегі қызметін нағтылау барысында зат есімнің мағына ерекшелігі, морфологиялық тұлғасы өз ара ұштастырылып, қарастырылады. Зат есім сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш қызметін атқаратыны мысалдар арқылы түсіндіріледі.

Сын есімді оқыту

Сын есім зат есімдердің түрлі белгілерін тікелей де, басқа бір заттың қатысы арқылы да білдіреді.

Сын есімдер сапалық және қатыстық сын есім болып екіге бөлінуін де оқушыларға индукциялық, дедукциялық әдістер арқылы нақты мысалдармен дәлелденуі қажет.

Сапалық, қатыстық сын есімдердің мағыналық айырмашылықтары грамматикалық көрсеткіштермен ерекшеленіп отыратыны айтылып, қандай? деген сұрақ қойылатыны түсіндіріледі.

1. Сын есім жасаушы жұрнақтар. -able: capable, -ible: possible, -al: musical. –que: picturesque, -ous: various, -en: wooden, -ful: careful.

2. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер b)adj+adj+ed, red-cheeked, linx-eyed с) adj+adj red-hot, ivery-white, steel-blue d) adj+PII weather-beaten, well-known

Сын есімнің грамматикалық категорияларын оқыту

Сын есімнің басқа сөз табынан ерекше белгісі - шырай категорияларының болуы. Оны меңгерту салыстыру әдісімен ұштасып жатады, өйткені шырай категориясы екі заттың сынын өзара салыстыру, қатар қойып, сол сынның реңктік айырымдарын табу болып саналады.

Шырай белгілерін түсіндіру барысында оқушыларға мысал ойластыру сияқты жұмыстар тапсырылады. Сондықтан сын есімнің шырайын түсіндірудің алғашқы кіріспе сабағын сұрақ-жауап, әңгімелеу түрінде ұйымдастырған дұрыс.

Сын есімнің шырайлары реңдік мәні мен жасалу жолына қарай, жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай болып келеді.

Ағылшын сын есімдері морфологиялық жолмен, яғни жұрнақтар жалғау арқылы немесе синтаксистік-морфологиялық жолмен, яғни сөздердің бірігуі арқылы жасалатыны айтылады.

Синтетикалық жолмен слыстырмалы шырай –er, күшейтпелі шырай –est, жұрнақтарын қосу арқылы жасалады.

Бірақ барлық сын есім өз шырайларын синтаксистік жолмен жасай алмайтындығы оқушыларға нақты түсіндірілуі керек, әсіресе, екі буыннан тұратын сын есімдердің кейбіреуі шырайларын осы жолмен мыс: livelier-liveliest, easier-easiest жасаса, eager, real сын есімдері бұл ережеге бағынбайды. Сондықтан осы ережеден ауытқитын сын есімдер;

1) егер сын есім сөз екі дауыссызға аяқталса: crasp, modest, robust

2) көп буынды сын есімдер: difficult-more difficult-the most difficult

3) -ing жұрнағына ақталатын сын есімдер: a) charming, good-looking, cunning

Кейбір сын есімдер салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары мүлде басқаша жасайды:

bad-worse-the worst.

Сын есімнің синтаксистік қызметін оқыту

Сын есімдер семантикалық жағынан зат есімдер мен табиғи байланыста болып, үнемі заттың сынын, белгісін білдіретіндіктен, сын есімдердің синтаксистік қызметі сөйлем ішінде үнемі анықтауыш қызметін атқарады

Контексте қолдану, зат есімнен басқа сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай сын есімдер сөйлемде пысықтауыш, заттанған жағдайда толықтауыш та болатынын ескеру керек. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту негізінен сөйлем талдау барысында анықталады. Сондықтан сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі - анықтауыш, қосымша қызметі - бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш, болатынына бірнеше сөйлем алынып, олар көрнекі құрал сияқты жазылып, сын есімнің қызмет атқарып тұрғанын сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтап меңгерту барысында әрбір сын есімнің қандай қызмет атқарып тұрғанын меңгерту керек.

Сан есімді оқыту

Сан есімдер мағыналарына қарай сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.
1-12 дейінгі есептік сан есімдер болып келеді. Басқа сан есімдер, яғни 13-19 дейінгі сан есімдер онға дейінгі сан есімдерге –teen жұрнағын жалғау арқылы (thirteen, fourteen etc.), ал ондықтарды атайтын сан есімдер –tу жұрнағы арқылы жасалады (twenty, thirty, etc.)

Сан есімдер зат есімнің алуан түрлі сан мөлшерлерін, шамасын білдіреді. Ағылшын тілінде сан есімдер реттік және есептік сан есімдер болып бөлінетінін түсіндірілуі керек. Аттары көрсетіп тұрғандай заттардың ретін (the first), ал есептік сан есімдер заттың санын білдіреді (one, two, three). Есептік сан есімдер зат есімдермен қатар келгенде артикль қойылады. Ал реттік сан есімдердің алдынан «the» артиклі қатар келеді.

Реттік сан есімдер алғашқы үш сан есімдерден the first, the second, the third басқалары, есептік сан есімге –th жұрнағын қосу арқылы жасалатындығы түсіндіріледі. Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі анықтауыш.

Етістікті оқыту

Етістік зат есімнен кейінгі өз ішінде категорияға бай күрделі сөз табы болып саналады.

Етістіктің мағынасын, морфологиялық көрсеткіштерін және синтаксистік ерекшеліктерін байқатуда, неізінен, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру әдістерін етістіктің қимыл, амал-тәсіл, әрекет ұғымдарының атауы екендігі анықталып, олардың сұрағы айқындалады. Оқушылардың білім, жас ерекшелігіне, қабілет дәрежесіне сәйкес бірнеше сөйлемдер алып, оны көрнекілік түрде жазып, әңгімелесу, сұрақ-жауап әдісі бойынша түсіндіріледі.

Етістік-шақтық формаларының ана тілінен ерекшеленуіне байланысты игеруі қиындық келтіретін грамматикалық категория.

Етістіктің шақтарын оқыту. Етістіктің шақтарын оқытқан кезде оқушыларға ең алдымен ағылшын тілінің ең айрықша ерекшелігін, ағылшындар іс-қимылдың қалай жасалғандығына мән беретіндігі, сол себептен іс-қимылды 4 шақ және 4 түр (aspect) бейнелейтіні түсіндіріледі және ана тілінен алшақтықтың көп қиындық келтіретіні айтылуы керек. Мәселен, әрбір шақтық формаға үш грамматикалық категория тән. Олар: шақ (tense), түр (aspect) және перфект (perfect).

Tense Perfect Aspect Non-perfect Perfect
Present Common takes has taken
Continuous is taking has been taking
Past Common took had taken
Continuous was taking had been taking
Future Common will take will have taken
Continuous will be taking will have been taking
Future in the Past Common would take would have taken
Continuous would be taking would have been taking

Етіс категориясын оқыту. Іс-әрекет, қимыл мен істі орындаушылардың ара қатынасын білдіретін категория етіс деп аталады. Ағылшын тілі етістігіне екі етіс тән. Олар: the active voice (өздік, өзгелік етіс), the passive voice (ырықсыз етіс).

Ырықсыз етісті оқыту. Оқушыларға іс-әрекетті жүзеге асырушының жоқ екенін немесе оны атап көрсетуді қажет етпейтін іс-қимылды айтып жеткізу үшін ырықсыз етіс қолданылатыны түсіндіріледі. Ырықсыз етістің жасалу жолы: to be+Participle II. Мыс: Morning exercises are done every day. Our friends are helped.

Материал толық меңгерілгеннен кейін мұғалім оқушыларға жеке етістіктер беріп, олардан өздік етістіктер жасауына немесе өздеріне мысал ойлатып, түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізуіне болады.

Үстеуді оқыту

Үстеу сөздер лексико-семантикалық жақтарынан іс-әрекеттің әр түрлі сындық белгілерін, бейнелік, мекендік, мезгілдік, мөлшерлік жай-күйін білдірумен қатар, қимылдың болу-болмау мақсатын, себебін білдіреді. Үстеу сөздер мағынаға бай келеді, сол себепті үстеулер сөйлемде пысықтауыштың түрін көбейтеді.

Үстеу- грамматикалық белгілері мол категория, сөз табының негізгі үш түрлі принципі үстеуден табылады.

Үстеу мағына, морфология және синтаксистік ерекшеліктері жағынан етістіктің қарамағына қатысты сөз табы екенін оқушыларға меңгертіп, практикалық талдау барысында бірден аңғартып, кейбір ұқсас сөз табынан білуге баулу қажет.

Үстеу мен сын есімнің ұқсас белгілері көп. Сын есімдер, негізінен, зат есімнің алуан түрлі сындық белгілерін білдірсе, үстеулер - етістіктің түрлі белгілерін білдіретін атаулар. Сын есімдер сөйлемде анықтауыш қызметін атқарса, үстеу пысықтауыш болады. Үстеудің шырайлары туралы оқушыларға түсіндіру керек.

Early-earlier-earliest

Late- later-latest

Hard- harder-hardest

-ly жұрнағына аяқталған көптеген үстеулер және барлық көп буынды үстеулер шырайларын more, most сөздерінің көмегімен жасалады.

Wisely- more wisely-more wisely

Softly- more softly- most softly

Мағынасына қарай үстеулер бірнеше түрге бөлінеді. Негізгілерін ғана атап өтер болсақ:

Мезгіл үстеулері: yesterday, today, recently, lately, immediately, once, often, now and then, soon, yet always, already, never, ever.

Мекен үстеулері: outside, there, in front etc.

Қимыл-сын үстеулері: well, carefully, intentionally, silently, clearly etc.

Мөлшерлік үстеулер: very, much, quite, rather, hardly, mostly, almost, too, so, most etc.

Үстеу сөздері еліктеу сөздермен де семантикалық және сөйлемдегі қызметі жағынан да ұқсастығы бар. Атап айтсақ, үстеу етістіктің алуан түрлі жай күйлерін білдіреді, сол себепті кейбір сұрақтары мен қызметінде ұқсастық ұшыраса береді. Әсіресе бейнелік, сын-қимыл белгілерін білдірудегі ұқсастық жігін ажыратуға талдау барысында баса көңіл аударылады.

Үстеудің сөйлемдегі басты қызметі - пысықтауыш болу.

Есімдікті оқыту

Тілде өте-мөте жиі қолданылатын сөздер - есімдіктер. Есімдіктер зат есім, сын есім, сан есімдер сияқты белгілі бір нақты ұғымды бірдірмейді, есімдіктердің мағыналарын жалпылама береді. Есімдіктердің тілде жиі қолданылуының басты себебі - олардың басқа сөздерді ауыстырып, солардың орнына жүре алу қабілетіне байланысты екені оқушыларға түсіндіріліп, оның қай сөздің орнына қолданылып тұрғанын өзара байланысты айтылған сөйлемдерден ғана айыра аламыз.Мыс:The room was large. Somebody had cleaned it.

Ағылшын есімдіктері төмендегіше жіктеледі:

Personal pronouns

The common case: I, you, he, she, it, we, they

The objanctive: me, you, him, her, it, us, them

Posessive pronouns

Conjoint forms: my, your, his, her, its, our, their

Absolute forms: mine, yours, his, hers, its, ours, theirs

Reflexibe pronouns: myself, yourself, himself, herself, itself, ourselves, yourselves, themselves

Demonstrative pronouns:this, that, these, those, such, same

Indefinie pronouns: some, something, somebody, someone, any, anything, anybody, anyone

Negative pronouns: no, nothing, nobody, no one, neither

Universal pronouns: all, each, both, either, every, everything, everybody, everyone

Detaching pronouns: other, another

Reciprocal pronouns: each other, one another.

Interrogative pronouns: who, what, which, whose, whoever, whatever, whichever.

Conjunctive pronouns: who, what, which, whose, whoever, whatever, whichever.

Relative pronouns: who, whose, which, that.

Кейбір есімдіктерді оқыту туралы айтар болсақ, мәселен, белгісіздік (indefinite) есімдігі мен болымсыздық (negative) есімдіктерінің жасалу жолдары мен емлесін түсіндірген кезде олардың тіркесе келуін былайша көрсетуге болады. Some + body =somebody; some + one = someone; any +thing = anything.

Дәл осылай болымсыздық есімдіктері де түсіндіріледі: no +body = nobody; no + thing = nothing.

Синтаксисті оқыту.

Грамматиканың морфология секілді өзекті бір саласы - синтаксис. Оның қарастыратын негізгі мәселелері: сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары.

Сөз тіркесі.

Сөз тіркесін оқытқанда оқушыларға оның құбылысты атайтынын және бір-бірімен грамматикалық және мағыналық жағынан байланысып тұратынын жеткілікті мысалдармен дәлелдеу қажет. Осыдан келіп сөйлемнің құрамындағы сөздер белгілі бір тәртіппен байланысып, сөз тіркестерін жасайтыны анықталады. Мыс: All night an April- shower lasting ten days had beaten with persistent impetuosity against the window panes of Bursley (Benn) сөйлемінен келесі сөз тіркестерін көрсетуге болады: an April shower; a shower lasting ten hours; had beaten with persistent impetuosity; had beaten against the window plans of Bursley; had beaten all night.

Сөйлемнің осындай сөз тіркестерінен тұратыны ұғындырылады

Сөйлем

Тиянақты ойды білдіретін бір немесе бірнеше сөзді сөйлем дейміз. Сөйлемді оқытқанда басты назар аударатын нәрсе - сөйлем мен сөз тіркесін айыра білуге үйрету болып табылады. Оқушыларға сөйлемге бір нәрсе жайында хабар беру тән екенін айтып, мысалдармен дәлелденеді.

Ағылшын тіліндегі сөйлемдер құрылымына қарай:

1. Жай және күрделі (Simple or composite)

2. Толымды және толымсыз (Complete or inсomplete)

This book? Can you speak English?

3. Жақты және жақсыз (Two-member or one-member)

Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай жіктелуі.

Ағылшын тілінде сөйлемдер айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді: хабарлы (declarative), сұраулы (interrogative), бұйрықты (imperative) және лепті сөйлемдер (exclamatory).

I waited till the light turned to green.

When shall I see you again?

Come up and sit down.

What a quite evening!

Хабарлы сөйлемді оқытқанда, оның іс-әрекетті белгілі бір шақта жүзеге асқандығын хабарлайтынын, оны болымды (affirmative) және болымсыз (negative) деп айырып, түрлі шақтық формаларда үлгі сөйлемдер көрсетіліп, жаттығулармен бекітіледі. I have just come back from a business trip. I haven’t seen my sister yet.

Сұраулы сөйлемді оқытқанда оқытушы жалпы сұрақ (general questions), арнаулы сұрақ (special questions), анықтағыш сұрақ (tag questions) және балама сұрақ (alternative questions) деген сұраулы сөйлемдердің болатынын меңгертеді. Ол үшін бір нәрсе туралы білгісі келіп қойылған, «ия» немесе «жоқ» деген жауапты күтетін сұрақтың жалпы сұрақ болатыны, ол «do» көмекші етістігі арқылы жасалатыны түсіндіріледі. Мысалы: Does your sister go figure skating? Жалпы сұрақ сондай-ақ шақтық формалар жасаушы көмекші етістер және модалды етістіктер арқылы да жасалады. Мысалы: Will you read Арнаулы сұрақты оқытқанда, оның сұрау есімдіктері арқылы жасалатынын айта келіп, басты назарды сөлемдегі сөздердің орын тәртібіне аударамыз. Ол – сұрау есімдігі+көмекші етістік+бастауыш сөз (зат есім, есімдік)+ бастапқы формадағы негізгі етістік екенін үлгі сөйлемдер арқылы түсіндіріп, жеке жұмыс түрінде меңгертіледі. Мысалы: What are you doing here? Which story did you like best?

Бұйрықты сөйлем мен лепті сөйлемді оқытқанда назар аударатын жайт лепті сөлемнің құрылысы болуы керек. Сыртқы формасы сұраулы сөйлемге ұқсас болғанымен, ол “subject-predicate” түрінде беріледі. Мысалы: How beautifully she songs! What a funny story she told us!

Грамматикалық жаттығулардың түрлерi

Грамматикалық жаттығулардың мынандай түрлерi бар:

1. Тану жаттығулары. Олар грамматикалық құрылымдар арқылы ауызша берiледi. Мысалы: Сөйлемдi таңдап, егер Past Indefinite-те тұрған етiстiктер болса, қолдарыңызды көтерiңiз деп тапсырма берiледi.

Mike lives in Pushkin Street. I lived there last year. Ann comes home at half past two. She came home at 4 o’clock yesterday.

Оқушылар мұғалiмдi тыңдап, етiстiктi таныса қолдарын көтередi. Мұғалiм әрбiр оқушының түсiнгенiн тексере алады. Мысалы: Сөйлемдi оқыңыз.

1) iс-қимыл аяқталмаған. E.g. She was reading the book.

2) iс-қимыл аяқталған. E.g. She had read the book.

1. Mother was cooking dinner

Mother had cooked dinner when I came.

2. Mary was sending letters

Mary had sent letters when I saw her in the Post Office.

3. It was raining

It had rained when they left home.

Сөйлемдi оқып, етiстiктiң дұрыс формасын таңдаңыз.

1. I (go, went) to the library last Monday.

2. Tom (takes, took) a bus when he goes to school.

3. The children (say, said) good – bye to the teacher and run away.

Оқушылар сөйлемдi оқып шығып етiстiктiң осы сөйлемге байланысты берiлген дұрыс түрiн таңдауы керек.

1) Үйрету жаттығулары қиынырақ, ол оқушылардың сабаққа қатысып, сөйлеуiн талап етедi. Шетел тiлiн үйретуде үйрету жаттығулары мiндеттi. Тек қана тыңдау және көру арқылы жаңа тақырыпты меңгеру мүмкiн емес. Олар үйренгендерiн дауыстап және iштей сөйлеп үйренулерi керек. Көбiрек айтып, сөйлеген сайын тақырыпты жақсы меңгередi. Үйрету жаттығулары мынандай болып бөлiнедi:

а) Қайталау жаттығулары. Оқушылар сөйлеу үлгiсiн елiктей отырып мұғалiмнiң соңынан жекелеген және хормен қайталайды: T-Cl-P 1,2,3. they are dancing in the park немесе оқушылар диалогты тыңдап қайталайды.

- Is Ann dancing now?

- No, she isn’t.

- What is she doing?

- She is watching television.

Мысалы:

Kate is helping her mother.

Your sister is doing her homework

This girl is working on the farm.

Сөйлеу үлгiсiнiң, дыбыстардың, екпiннiң, әуеннiң дұрыс айтылуына назар аудару керек.

б) Сәйкестендiру. Оқушылар сөздердi сәйкестендiрiп қоя бiлу керек. Мысалы: The children are dancing in the park (in the garden, in the street, in the yard, in the hall, after classes, at the party).

Бiр оқушы сөздердi сәйкестендiрiп қояды, қалғандары қайталап оқиды. Сонан соң сөйлемдегi dancing сөзiн басқа сөздермен алмастырып қойып, үйренедi.

Мысалы: They are dancing (singing, working, walking, playing, running, talking, watering the flowers, planting trees, helping the workers) in the park.

Белгiлi бiр етiстiктi қолдану суреттермен, сөздермен берiледi де аз жұмыс жасалып көп нәтижеге қол жеткiзiледi жәнебұл жұмыс көп уақыт алмайды. Бұл жаттығудың тағы бiр артықшылығы оқушы бұл жаттығуды грамматикалық құбылыс деп қарамайды, формаға назар аудармайды. Ол тек сөздермен жұмыс iстейдi.

в) Қорытындылау (Аяқтау)

Оқушылар мұғалiм көрсеткен суреттердi қарай отырып, сөйлемдердi аяқтауы керек. Мысалы:

T: Look at the picture. Mike is...

P1: Mike is getting up

Cl: Mike is getting up.

T: Mike is...

P2: Mike is dressing

Cl: Mike is dressing.

Бұл жаттығуларда” is” етiстiгiнiң қолданылуына назар аудару керек. Мұғалiм «Mike is...» деп айтуы керек, бұл оқушының “is” етiстiгiн тастап кету қателiктерiн болдырмайды.

г) Мұғалiмнiң сұрақтарына жауап беру жаттығулары.

Мысалы:

T: Is Mike getting up?

P1: Yes, he is.

T: Who is getting up?

P2: Mike is.

T: What is Mike doing?

P3: He is getting up.

Үйрету жаттығулары: ауызша не жазбаша. Ауызшасы – сыныпта, жазбашасы – үйде iстеледi. Мысалы: оқушыларға берiлген үлгi бойынша 5-7 сөйлемдi жазып келу берiледi.

Келесi сабақта үй тапсырмасы ауызша тексерiледi. Оқушылар өздерiнiң тапсырмаларын оқи отырып, тыңдай отырып үйренедi.

3) Шығармашылық жаттығулар – бұл жаттығудың көп еңбектi талап ететін қиын түрi. Мынадай түрлерi бар:

а) мұғалiм көрсеткен сурет, зат бойынша әңгiме құрастыру. Мұғалiм суреттi көрсетiп Present Continious түрінде 3-5 болымды сөйлем құрастыруға тапсырма бередi.

б) грамматикалық тақырып бойынша берiлген сұрақтарға оқушылар Past Indefinite шағында жауап бередi.

с) мұғалiм берген оқиға бойынша оқушылар әңгiме құрастырады. Мысалы: бiр оқушы басқа оқушыға қимыл iстеуге бұйрық бередi, ол оқушы қимылды iстейдi, ал екiншiсi қимылды суреттейдi.

P1 Go to the door, Sasha.

P2 Sasha is going to the door.

P3 Open the door.

P4Sasha is opening the door.

Бұл ретте Present Perfect және Past Indefinite шақтарында қолдануға болады.

He has opened the door.

We opened the door a minute ago.

d) Тақырып бойынша әңгiме (topic). Оқушы сыныпқа келіп не iстегенiн айтып бередi.

e) Грамматикалық тақырыптарды пайдаланып диалог құрастыру. Мысалы:

P1: I have read an interesting book.

P2: What is it about?

P1: Indians.

P2: Will you give it to me to read?

P1: Why not.

f) оқылған мәтiндi ойнау.

g) қайталап айтып беру

h) ағылшын тiлiне аудару

J) еркiн сөйлеуге қатысу

Мысалы: “It” есiмдiгi бар сөздiк құрылымдар берiлген. (It is cold). Мұғалiм бұл құрылымды мынaдай сұрақтар арқылы бекiте алады.

T: What is the weather like today?

Is it cold today?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сөйлеудi үйренедi.

4) Грамматикалық мәтiндер: жаңа грамматикалық тақырыпты түсiндiру грамматикалық мәтiндер арқылы да берiледi.

1. тыңдап, түсiнуге арналған мәтiндер

2. сөйлеуге арналған мәтiндер

3. оқуға арналған мәтiндер

4. бақылау – тест мәтiндерi

Бақылау тест мәтiндерi оқушылардың грамматикалық бiлiмiн тексеруге мүмкiндiк бередi. Оған көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою, жақшаны ашу, өзгерту, кеңейту т.б. тапсырмалар жатады.

Сұрақтар:

  1. Нелiктен шет тiлiне үйрету грамматикасыз мүмкiн емес?
  2. Грамматиканы үйретудiң қандай әдiстерiн бiлесiң?
  3. Грамматикалық жаттығулардың түрiн бiлесiң бе?

Тапсырмалар:

  1. Оқушыларға арналған оқулық пен мұғалiмге арналған оқулықпен танысып шығып, грамматиканы үйрету қандай принцип арқылы берiлгенiн анықта.
  2. Оқулықтың бiр грамматикалық тақырыбына сабақ жоспарын құрастыр.
  3. 10 сұрақтан тұратын грамматикалық мини–тест құрастыр.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: