Билет №4 бүкіл әлемдік тартылыс заңы

1.Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Ауырлық қүші. Салмақ. Салмақсыздық.

Ньютонның тартылыс заңы — кез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады:

мұндағы, Г - гравитациялық тұрақты деп аталатын пропорционалдық коэффициент.

Ауырлық күші — жер бетіне жақын орналасқан кез келген материялық бөлшекке әсер ететін күш; Жердің айналуымен шартталған центрден тепкіш инерция күші мен дененің Жермен гравитациялық әсерлесуінің қорытқы күші.

Ауырлық күшінің жұмысы – дененің ауырлық центрі биіктігінің өзгерісін сол дененің салмағына көбейткенге тең .

Дененің салмағы. Салмақсыздық -денелердің жерге тартылу күшін ауырлык күші деп атадык. Ауырлық күшімен катар салмақ ұғымы да жиі қолданылады. «Салмақ» сөзі өздеріңе жақсы таныс. Алайда көп жағдайда ауырлық күші мен салмақты жиі шатастырады. Сонда салмақ дегеніміз не?
Тірек үстінде тұрған денені карастырайық. Денеге бұл жағдайда да ауырлық күші әрекет етеді, ал оның кұлауына тірек кедергі жасайды. Бұл кезде дене мен тірек өзара әрекеттеседі, дене өзі жатқан тіректі кысып басады. Бұл күш дененің салмағы болып табылады. Әдетте салмақты Р әрпімен белгілейді. дене жіпке, аспаға және т. б. ілініп койылса да дәл солай болады. Сонымен, дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.
2. Электромагниттік индукцияның ашылуы. Индукциялық токтың бағыты. Ленц ережесі. Құйынды электр өрісі.

Тоқтардың магниттік әсерлесуі, электр тоғының магнит өрісінтудыру қабілеті ашылғаннан кейін көп ғалымдар кері процес – магнит өрісі әсерінен электр тогын тудыру мүмкіншілігін іздестірді. Осы мәселені 1831 жылы М.Фарадей алғашқы болып шешті. Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде, катушкада ток пайда болатынын анықтады.Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады. Электромагниттік индукция нәтижесінде пайда болатын электр тогын индукциялық ток деп атайды.

Электромагниттік өріс теориясын сипаттайтын теңдеулер жүйесін талдай отырып, Максвелл электромагниттік өріс кеңістікте электромагниттік толқын түрінде тарай алады деген теориялық болжам жасады. Максвелл теориясының негізінде жұлдыздар мен планеталарда, тіпті Әлем көлемінде өтіп жатқан, сондай-ақ микродүниедегі, атомдар ішінде өтетін сан алуан құбылыстарды түсініп, сипаттау мүмкін болды.

3.Берілгені:

U=100Дж

A=200Дж

Q-?

Q=U+A=100Дж+200Дж=300Дж


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: