Есеп № 6

Цементті өндіретін өндіріс орнында квартал аралық санитарлық тексерулерді жүргізу барысында жұмысшылардың ағзасына цемент шаңы мен шудың әсері бар екендігі анықталды. Жұмыс зонасының ауасында цемент шаңының концентрациясы ШРЕК 3 есе асады. Ал шудың қарқындылығы ШРЕД жоғары. Цемент шаңы тітіркендіргіш және фиброздық әсері бар, теріні, өкпе және кілегей қабаттарын зақымдайды, Сонымен қатар, шу есту мүшесіне, әсер етеді, сонымен бірге, ОЖЖ, ЖҚЖ қолайсыз әсер етеді. Сонымен бірге жұмысшылардың еңбегі көптеген ауыр жүктерді көтерумен де байланысты. Мед. тексерулерді жүргізу барысында жұмысшылар өкпе, тері және есту ағзасының аурулары бар. Қимыл-қозғалыс аппарат жағынан да бұзылыстары бар. Жұмысшылардың медициналық картасының мәліметтері бойынша өткен 10 жылда аурушаңдылыққа статистикалық зерттеулер жүргізілді. Жалпы аурушаңдылықтың және жекелеген нозология (тыныс алу жүйесі, көз, тері, сүйек) аурушаңдылықтың өсуі анықталды.Жұмыс зонасының ауасының ластануы технологиялық үрдістің бұзылуымен және жабдықтардың нашар герметизациясымен байланысты екендігі анықталды. ЖҚЗ қолданылмайды. Еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша шаралар қолға алынды. Осы шараларды қолданғаннан кейін санитарлық жағдайдың болжамы қолайлы болды.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2. Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Цемент шаңы мен шудың адам ағзасына әсері гигиенаның қандай әдістерінің көмегі арқылы анықталынды?

7. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

8. Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

9. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

10. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

11. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: