Тапсырма№2

Тесттік сұрақтарға жауап беру

1 нұсқа

1. Гигиена – ғылым, ал санитария:

A) гигиенаның тәжірибеде қолданылуы

B) гигиеналық қалыптар мен ережелердің және шаралардың сақталуын бақылау жүйесі

C) гигиеналық қалыптарды өңдеу

Д) адам ағзасына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларды зерттеу

Е) ауруларды емдеу

А, В

С,Д

Д,Е

В, С

А,Д

2.Гигиенаның міндеттері болып табылады:

A) демографиялық жағдайларды зерттеу және оны болжамдау

B) тұрғындардың жалпы аурушаңдылықтарын зерттеу

C) денсаулық сақтау практикасына нормативтер, ережелерді енгізу және халықтық шаруашылық пен оның тиімділігін бағалау.

Д) тұрғындардың аурушаңдылық құрылымын бағалау және болжамдау

Е) келешекке санитарлық жағдайды болжамдау

АВ

СЕ

ДЕ

ВД

BE

3. Адам денсаулығына қай жол арқылы қол жеткізеді:

A) алдын алу жолы

B) қайта қалпына келтіру жолымен

C) аурушаңдылықтың ретроспективті көрсеткіштерін зерттеу жолы арқылы

Д) тұрғындардың аурушаңдылығын зерттеу арқылы

Е)қоршаған ортаның негізгі нысандарын бағалау жолы арқылы

АВ

СД

СЕ

АД

ВС

4.Антропогенді деп, қоршаған ортаның қандай факторларын атайды:

A) космостық сәулелену

B) күн радиациясы

C) топырақта радиоактивті калийдің болуы

Д) қоршаған ортада Cs137 болуы

Е) ауада күкірт газының болуы

АВ

ВС

СД

ДЕ

АЕ

5. Адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларға:

A) табиғи-клматтық факторларды зерттеу (күн радиациясы, температура,ылғалдылық,қысым, ауаның қозщғалыс жылдамдығы)

B) ауамен, тағам өнімдерімен түскен химиялық заттардың адам ағзасына әсерін зерттеу

C) адам ағзасына өндірістік факторлардың (шу, вибрация, температура) әсерін зерттеу

Д) зияндылықтың токсикологиялық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

Е) зияндылықтың органолептикалық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

6. Төменде келтірілгендердің қайсысы гигиенаның

1- мақсаты

2- міндеттері болып табылады:

A) уланудың клиникасын зерттеу

B) аурудың диагнозын қою

C) ауруды емдеу

Д) адам денсаулығын сақтау мен нығайту

Е) адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларды зерттеу

1-Д 2-Е

1-С 2-А

1-В 2-Д

1-А 2-В

1-А 2-С

7.Алдын алу шараларына төменде келтірілген қай бағыттар жатады:

A) ауруды емдеу, аурудың белгілерін зерттеу

B) улану клиникасын зерттеу

C) денсаулықты нығайту мен аурулардың алдын алу

Д) аурудың патогенезін зерттеу

Е) аурудың диагнозын қою

8. Адам денсаулығын сақтау- медицинаның міндеттерінің ішінде ең негізгісі болып табылады. оның тиімділігі келесі жолдармен жетеді:

A) аурудың диагностикасын жақсартумен

B) аурудың патогенезін зерттеу

C)аурудың себебін анықтау

Д) денсаулықты нығайту мен аурулардың алдын алу

Е) ауруды емдеу

9.Гигиенаның мақсаты болып табылады:

A) аурудың белгілерін зерттеу

B) аурудың диагнозын қою

C) ауруды емдеу

Д) адам денсаулығын сақтау мен нығайту

Е) науқастарды реабилитациялау

10.Гигиенаның міндеттеріне не жатады:

A)науқастарды реабилитациялау

B) аурудың клиникалық ағымын зерттеу

C) ауруды емдеу

Д)әйелдердің репродуктивтік қызметтерінің жағдайын зерттеу

Е) адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларды зерттеу

2- нұсқа

1.Гигиенаның міндеттеріне не жатады:

A) жаңа дәрілік препараттарды дайындау

B) аурудың клиникасын зерттеу

C) ауруды емдеу

Д) әйелдердің репродуктивтік қызметтерінің жағдайын зерттеу

Е) денсаулық сақтау тәжірибесіне шаралар ретін енгізу, олардың тиімділігін бағалау

2. Адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторларға:

А) су, топырақ, тағам өнімдерінде химиялық заттардың таралуы

B) ауа, тағам өнімдерімен түскекн химиялық заттардың ағзаға әсерін зерттеу

C) адам ағзасына өндірістік факторлардың әсерін зерттеу

Д) зияндылықтың токсикологиялық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

Е)) зияндылықтың органолептикалық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

3. Санитарлық бақылауды жүргізу барысында санитарлық дәрігер қолданады:

A)зерттелінетін нысандағы аурудың құрылымын

B) аурудың санитарлық-статисткалық көрсеткіштерін

C) өндірістің экономикалық көрсеткіштерін

Д) санитарлық заңдылық

Е) зерттелінетін аумақтағы тұрғындардың жастық-жыныстық құрамы

4. Санитарлық заңдылыққа жатады:

A) зияндылықтың органолептикалық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

B) зерттелінетін нысанның аурушаңдылық құрылымын

C) нысанды санитарлық сипаттау

Д) санитарлық хаттама

Е) мемлекеттік стандарттар (мысалы "ауыз су")

5.Санитарлық заңдылыққа жатады:

А) СанН мен Е

B) зерттелінетін нысанда аурудың құрылымы

C) нысанды санитарлық сипаттау

Д) санитарлық хаттама.

Е) зияндылықтың органолептикалық концентрациялары бойынша табалрыдығын орнату

6. Санэпидқызметтің басқарма органы болып табылады:

A) қалалық денсаулық сақтау басқармасы

B) халықтық білім берудің қалалық бөлімі

C) қалалық тергеу комитеті

Д) мемлекеттік салық комитеті

Е) басты санэпидқызмет

7.Алдын алу шараларының жүйесінде негізгі жүйе болып табылады:

A) санитарлық бейнелеу

B) тереңдетілген санитарлық зерттеу

C) санитарлық паспорт

Д) санитарлық хаттама

Е) гигиеналық нормалау

8.Гигиеналық нормалау мына мақсатпен жүргізіледі:

A) аурушаңдылықты сангитарлық-статистикалық зерттеу

B) санитарлық бейнелеу

C) санитарлық сараптама

Д) тереңдетілген санитарлық зерттеу

Е) нысанның органолептикалық қасиеттеріне зерттелінетін фактордың әсерлерін зерттеу

9. Адам денсаулығына әсер ететін табиғи және антропогенді факторлар деп:

A) табиғи-клматтық факторларды зерттеу (күн радиациясы, температура,ылғалдылық,қысым, ауаның қозғалыс жылдамдығы)

B) Ауамен, тағам өнімдерімен түскен химиялық заттардың адам ағзасына әсерін зерттеу

C) адам ағзасына өндірістік факторлардың (шу, вибрация, температура) әсерін зерттеу

Д) зияндылықтың токсикологиялық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

Е) зияндылықтың органолептикалық белгілері бойынша табалдырықтық концентрацияларын орнату

10.Адамның денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның факторларының заңдылықтарын зерттеу:

A) судағы токсикалық заттардың құрамы мен таралуын зерттеу

B) тіс аурулары (флюороз және тіс жегісі) мен судағы фтордың концентрацияларының байланыстылығын зерттеу

C) токсикалық заттардың ағзаға миграциялық-сулық ену жолдарын зерттеу

Д) токсикалық заттардың ағзаға миграциялық-ауалық ену жолдарын зерттеу

Е) ағзаға токсикалық заттардың транслокациялық түсу жолдарын зерттеу

Тақырып № 2 Үйлердің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау-3 сағат.

Мақсаты. Тұрғын және аурухана бөлмелеріндегі микроклиматтық жағдайларын бағалау және оның қолайсыз әсерлерін алдын алу жөніндегі білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- ағзаның жылу гомеостазын жылу мен қамтамасыз етудегі химиялық және физикалық термореттелудің рөлі жөніндегі білімді қалыптастыру;

- тұрғын үйлер мен ЕАМ микроклимат көрсеткіштері және олардың нормативтері жөніндегі білімді қалыптастыру;

- жылытудың оптималды жүйелері жөніндегі білімді қалыптастыру;

- бөлмедегі ауаның физикалық көрсеткіштерін анықтау дағдысын қалыптастыру;

- жылу сезінуі бойынша адамның жылулық жағдайын анықтау дағдысын қалыптастыру;

- микроклиматты бағалау дағдысын қалыптастыру;

- микроклиматты оптимизациялау бойынша алдын алу шаралары жөніндегі дағдыны қалыптастыру;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Адамның жылу ретттелу механизмі

2. Адамның қоршаған ортамен жылу алмасуын анықтайтын ауа ортасының физикалық факторлары және гигиеналық маңызы.

3. Микроклимат, адамның жылулық жағдайын анықтайтын ауа ортасының физикалық қасиеттерінің жиынтығы ретіндегі адам организміне қолайсыз микроклиматтық жағдайларының әсері

4. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралар.

5. Ауа ортасының физикалық факторларын бағалау және өлшеу әдістері.

Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтармен жұмыс істеу: температураны, ауаның қозғалу жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу аспаптарымен таныстыру, жағдайлық есептерді шешу.

Әдебиеттер

Негізгі:

1.Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР:Медицина,2000.- С.76-110, 197-220.

2.Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – Ростов н/Д:»Феникс».2002.- С.59-73, 31-47, 48-53.

3. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. 3-е изд. – М.:ГОУВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С.7-16, 190-194.

Қосымша:

1.Амрин М.А. Гигиеническая оценка воздушной среды/Учебно-методическое пособие для студентов медицинских факультетов. – Алматы: КазНМУ, 2003. – С. 6-21, 48-50.

2.Гурова А.И.,Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене.-М.:Изд-во Университета дружбы народов.1991.- С.11-31

3. Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бардов В.Г. и др. Общая гигиена: пропедевтика гигиены.- К.:Вища шк.,1999.- С.177-237, 140-142, 237-289.

4.Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. - М.: Медицина, 1983.- С.93-101.

5.Румянцев Г.И. с соавт. – Общая гигиена.- М.: Медицина,1985.- С.263-268.

6. Санитарные правила и нормы «Требования к устройству и содержанию больничных

организаций и организаций охраны материнства и детства» от 24.06 2002 г.

Бақылау

1. Сұрақтар бойынша ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейін бақылау:

1. Микроклимат. Микроклимат көрсметкіштері.

2. Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсері.

3. Ылғалдылықтың гигиеналық маңызы. Ылғалдылық түрлері. Өлшеу бірлігі.

4. Ауа қозғалысының гигиеналық маңызы. «Жел раушаны» оның қосалқы маңызы.

5. Барометрлік қысымның гигиеналық маңызы. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсері.

6. Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау.

7. Микроклимат түрлері: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын.

8. Адам ағзасына қолайсыз микроклиматтық жағдайлардың әсері.

9. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шаралар.

10.Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау бойынша әдістер.

11.Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігі.

3. Студенттердің өзіндік жұмыс жасау барысындағы соңғы білім деңгейлерін бағалау:

· Тапсырма 1. Аспаптық зерттеулер нәтижесімен және өзінің жылу сезінуі бойынша микроклиматтық жағдайларға баға беру және жұмыс принципімен таныстыру.

· Тапсырма 2. Ылғалдылықты, температура мен ауаның қозғалысы жылдамдығын анықтауды, аспаптармен зерттеулер жүргізу, нормативтермен салыстыру және оны оптимизациялау бойынша ұсыныстар беру.

Тақырып № 3. Бөлмелердегі табиғи және жасанды жарықтануды, инсоляциялық тәртіпті гигиеналық бағалау– 3 сағат Мақсаты:Тұрғын үйлер мен ауруханалардың атбиғи және жасанды жарықтануына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру. Бөлмелерде инсоляциялық тәртіп пен жарықтануды бағалау жөніндегі білімді қалыптастыру. Міндеттері: - Бөлмедегі табиғи жарықтануға қойылатын гигиеналық талаптар жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - Табиғи жарықтанудың негізгі көрсеткіштері жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - Инсоляциялық тәртіп түрлері және оның гигиеналық маңызы жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - Жасанды жарықтануға қойылатын гигиеналық талаптар, анықтайтын әдістер, әртүрлі бөлмелерге арналған нормативтері жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - ЖК; ТЖК, түсу бұрышын, сәулені, тесік бұрышы, тереңдену коэфициентін анықтай отырып, табиғи жарықтануды бағалау жөніндегі білімдерін қалыптастыру. - ЕПМ инсоляциялық тәртіпке баға беру, науқастарға қажетті болатын инсоляциялық тәртіпті есепке ала отырып, палаталарға оларды дұрыс орналастыру жөніндегі білімдерін қалыптастыру. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Бөлмедегі табиғи және жасанды жарықтанудың көрсеткіштері мен бағалайтын әдістері. 2. Тұрғын бөлмелер мен емдеу мекемелеріндегі табиғи және жасанды жарыққа, инсоляциялық тәртіпке қойылатын гигиеналық Оқыту және сабақ беру әдістері:кіші топтарда жұмыс жасау: аудиториядағы табиғи және жасанды жарықтануды бағалау бойынша оқу-зерттеу тапсырмаларын орындау. Әдебиеттер: негізгі: 1. Гигиена / Под ред. акад РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР Медицина.2000.-С.105-110, 350-353, 360-393, 458-461. 2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д:»Феникс»,2002.-С.48-58, 286. 3. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. – М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С. 16-27. қосымша: 1. Амрин М.К. Гигиеническая оценка воздушной среды. – Алматы:Информационно-издательский отдел КазНМУ, 2003. – 66 с. 2. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена. М.: Медицина, 1985. С. 151-164, 271-276. 3. Пивоваров Ю.П., Гоева О.Э., Величко А.А. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. М.: Медицина, 1983. С. 101-110, 199-210. 4. Гурова А.И., Горлова О.Е., «Практикум по общей гигиене», М.,1991, стр.31-38. 5. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков – М.: Медицина,2002.- С.333-343. 6. Санитарно-эпидемиологические требования к устройству и содержанию дошкольных организаций от 4.07.03г. № 2.01.017.03. 7. Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях № 2.01.015.03. 8. СНиП РК 3.02-25-2004. Общеобразовательные учреждения.- Астана.2005. 9. СНиП РК 3.02-24-2004. Дошкольные учреждения.- Астана.2005. 10. Санитарные правила и нормы РК «Требования к устройству и содержанию больничных организаций и организаций охраны материнства и детства» от 24.06 2002 г.. Бақылау: · Сұрақтар бойынша ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейлерін бақылау 1. Көрінетін жарықтың ағзаға әсері. Бөлмені рационалды жарықтандырудың маңызы. 2. Бөлменің табиғи жарықтануын анықтайтын факторлар. 3. Бөлменің табиғи жарықтануының көрсеткіштері. Олардың нормативтері, анықтау әдкстері. 4. Инсоляцияның гигиеналық маңызы. Инсоляциялық тәртіп түрлері. 5. Жасанды жарықтаныруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар. 6. Жасанды жарықтану түрлері мен көздері, олардың сипаты. 7. Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойлатын гигиеналық талаптар. 8. Люксметр аспабының жұмыс істеу принципі. · Тапсырмалар және тестті орындау бойынша білім деңгейін қорытынды бағалау: Тапсырмалар: 1. Оқу аудиториясында ЖК, ТЖК (сырттан берілген жарық кезінде) өлшеу, сонымен бірге, түсу бұрышын, тесік бұрышын, терезе арасындағы қашықтық, тереңдену коэфициентін есептеу.(тәжірибелік дағды) 2. Жасанды жарықтану кезіндегі жарықтануды люксметр аспабының көмегімен және есептеу әдісі арқылы өлшеу. (тәжірибелік дағды) 3. Шамдарға гигиеналық баға беру. (тәжірибелік дағды) 4. Бөлмедегі инсоляциялық тәртіпті анықтау.(тәжірибелік дағды) 5. Алынған мәліметтердің негізінде жарықтанудың гигиеналық талаптарға сай екендігі жөнінде қорытынды беру және оны түзету бойынша ұсыныстар беру. (құқықтық дағды) Тесттер: Тесік бұрышы-бұл көрсеткіш: · Табиғи жарықтанудың · Жасанды жарықтанудың · Күн ағымының қарқындылығына · Шу деңгейіне · Шу қарқындылығының Түсу бұрышы-бұл көрсеткіш: · Жасанды жарықтанудың · Шу деңгейіне · Шу қарқындылығының · Табиғи жарықтанудың · Жарық ағынының бағыты ТЖК-бұл көрсеткіш: · Ауа ылғалдылығы · Ауа температурасы · Ауаның қозғалыс жылдамдығы · Жарықтану · Ауаның бактериалды ластануы Оңтүстік аудандарда ғимараттардың оптималды бағытталуы: С Ш Б О О,ОШ Суық климаттық аудандарда терезенің бағытталуы: · Батыс · оңтүстік · солтүстік · шығыс · солтүстік-шығыс Ыстық климаттық аудандарда ғимараттардың бағытталуы мына бағытта болмайды: · батыс бағытында · шығыс бағытында · солтүстік-шығысқа · солтүстікке · оңтүстік-шығысқа Тұрғын үйлердің табиғи жарықтануы үшін қолданылмайды: · жарықтану коэфициенті · түсу бұрышы · тесік бұрышы · шамдардың салыстырмалы қуаттылығы · тереңдену коэфициенті Жұмыс орнында табиғи жарықтануды бағалау кезінде тесік бұрышы болуы керек: · 10 градустан кем емес · 5 градустан кем емес · 15 градустан кем емес · 27 градустан кем емес · 20 градустан кем емес Инфрақызыл сәуле: · Фотохимиялық үрдісті күшейтеді. · Бактерицидтік қасиетке ие · Жылулық әсері бар · Эритемді-қыздыру әсері бар · Рахитке қарсы әсерге ие Шамдардың қажетті санын есептеу ккзінде ескерілмейді: · Төбе мен еденнің жарықтану коэфициенті · қабырға · биіктігі · жарықтанудың берілген деңгейі · шамдардың қуаттылығы · бөлменің биіктігі ЖК 1:6 – 1:7 қандай бөлмелерде жеткілікті болып табылады: · аурухана палатасы үшін · операциялық бөлме · оқу бөлмесі үшін · босану залы · аудитория үшін қандай бөлмелер үшін ЖК 1:4 – 1:5 кем болмау керек: · аурухана палатасы үшін · тұрғын бөлме үшін · санитарлық түйін · коридор · оқу бөлмесі үшін Қандай бөлмелер үшін ТЖК – 1 % жеткілікті: · аудитория · сыныптар үшін · операциялық залдар үшін · босану залы үшін · босанғаннан кейінгі палаталар үшін

Тақырып №4. Ауыз судың сапасын және сумен қамтамасыз ететін су көздерін гигиеналық бағалау -3 сағат

Мақсаты Су факторының гигиеналық маңызы туралы түсінік бері және ауыз судың сапасына және сумен қамтамасыз ету үшін су көздерін қолдану мүмкіндігі бағалау жөніндегі білімін қалыптастыру

Міндеттері:

- Ауыз су сапасының негізгі көрсеткіштері және ҚР «Ауыз су» Сан ЕменҚ бойынша судың микробиологиялық, химиялық, органолептикалық және радиологиялық көрсеткіштерінің гигиеналық маңызы жөніндегі білімін қалыптастыру;

- Жер асты және жер үсті су көздері мен сумен қамтамасыздау көздерінің санитарлық-гигиеналық сипатамасы жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

- Санитарлық дәрігердің іс әрекеті (судан сынама алу принципі, қосымша жолданатын құжаттар) жөніндегі білімін қалыптастыру;

- Ауыз су сапасы және талдау нәтижелері бойынша оның жарамдылығы бойынша қорытынды беру жөнінде білімдерін қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жұқпалы, паразиттік және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторының рөлі

2. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу

3. Ауыз судың сапасын бағалау

4. Жер асты және беткей су көздерінің санитарлық сенімділігі

Сабақ беру және оқыту әдістері: жағдайлық есептерді шешу, дискуссия

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА,2000.-С.111-175с.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д:»Феникс»,2002. – С.74-108.

3. Гурова А. И., Горлова О. Е. – Практикум по общей гигиене. – М.: Изд– во Университета дружбы народов, 1991. – С. 39-54.

4. Аликеева Г.М. Гигиена воды/Учебно-методическое пособие. – Алматы.: КазНМУ, 2003. – 70 с.

5. Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы». - Алматы, 2006 ж. - 74 б.

6. Кенесариев Ү.И. оқулық «Гигиена» Алматы, 2009 жыл

Қосымша

1. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения. Учебник для медицинских вузов и колледжей. – Алматы: НИЦ«Ғылым», 2002. – С.46-70.

2. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж...Экология және халық денсаулығы. - Алматы: «Ғылым», 2002. – С.46-70 .?

3. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммуналды гигиена. -

4. Пивоваров Ю. П., Гоева О. Э., Величко А. А. – Руководство к лабораторным занятиям по гигиене – М.: Медицина, 1983.-С.42-58.

5. Румянцев Г. И., Вишневская Е. П., Козлова Т. А. –Общая гигиена –М.: Медицина, 1985. –С. 106-151.

6. СанПиН РК 3.02.002.04 «Санитарно-эпидемиологические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения».

7. СанПиН РК № 2999 от 11.08.2004г. «Санитарно-эпидемиологические требования по охране поверхностных вод от загрязнения». – 17с.

8. СанПиН РК № 229 от 13.05. 2005г. «Санитарно-эпидемиологические требования к нецентрализованному хозяйственно-питьевому водоснабжению». – 7с.

Ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейлерін бақылау:

1. Судың гигиеналық маңызы.

2. Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлі.

3. Судың табиғи химиялық құрамы мен химиялық ластануына байланысты аурулар.

4. Ауыз су сапасына қойылатын гигиеналық талаптар (ҚР СанЕменҚ 3.02.002.04. «Ауыз су»)

5.Сумен қамтамасыз ету көздері (беткей, жер асты).

6.Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған.

7. Суды пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар, санитарлық дәрігерінің жұмыс істеу тактикасы. Су көздерін санитарлық қорғау.

II. Ауыз суының сапасын бағалау бойынша жағдайлық есептер

1. Су тасымалдау жүйесіне берілтін судың сапасы туралы қорытынды беріңіз:

иісі-2 б

дәмі, ауызда қалатын дәмі-2 б

түстілігі- 20 градус

құрғақ қалдығы-340 мг/л

хлоридтер- 84 мг/л

сульфаттар- 154 мг/л

темір- 0,03 мг/л

жалпы кермектілігі- 5,5 ммоль/л

нитраттар- 3,0 мг/л

фтор-0,75 мг/л

хлор қалдығы- 0,5 мг/л

микробтар саны-40

жалпы және термотолерантты ішек таяқшасы түріндегі бактериялар және колифагтар- 100 мл суда жоқ

меншікті альфа активтілігі- 0,5 Бк/л

2. Орташа климат зонасындағы ауыз судың сапасы туралы қорытынды беріңіз:

иісі-2 б

ауызда қалатын дәмі-3 б

түстілігі-10 градус

лайлығы+0,5 мг/л

құрғақ қалдығы-1400 мг/л

хлоридтер -520 мг/л

сульфаттар - 900 мг/л

жалпы кермектілігі- 15 ммоль/л

темір -0,3 мг/л

мыс -0,5 мг/л

фтор -1,0 мг/л

микробтар саны -30

жалпы және термотолерантты ішек таяқшасы түріндегі бактериялар және колифагтар -100 мл суда жоқ

3. Су үлестіретін жүйеге берілетін судың сапасы туралы қорытынды беріңіз:

иісі және дәмі- 1б

түстілігі -10 градус

лайлығы - 1 мг/л

кермектілігі-5 ммоль/л

құрғақ қалдығы- 800 мг/л

хлоридтер -300 мг/л

сульфаттар -430 мг/л

фтор-1,0 мг/л

қорғасын-0,04 мг/л

кадмий-0,005 мг/л

жалпы және термотолерантты ішек таяқшасы түріндегі бактериялар және колифагтар- 100 мл суда жоқ

4.Су тасымалдау құбырларындағы судың сапасы жөнінде қорытынды беріңіз:

иісі, дәмі -2 б

түстілігі- 25 градус

құрғақ қалдығы-800 мг/л

хлоридтер-400 мг/л

сульфаттар-180 мг/л

темір -0,5 мг/л

жалпы кермектілігі- 7,1 ммоль/л

нитраттар-10 мг/л

фтор-0,9 мг/л

хлор қалдығы-0,7 мг/л

микробтар саны-30

жалпы және термотолерантты ішек таяқшасы түріндегі бактериялар және колифагтар- 100 мл суда жоқ

меншікті альфа активтілігі- 0,15 Бк/л

5. Ыстық климаттық зонадағы артезиан суының сапасы жөнінде қорытынды беріңіз:

иісі-2 б

ауызда қалатын дәмі-3 б

түстілігі-10 градус

лайлығы-0,5 мг/л

құрғақ қалдығы-1200 мг/л

хлоридтері-350 мг/л

сульфаттары-600 мг/л

темір-0,5 мг/л

мыс-1,5 мг/л

жалпы кермектілік-10 мг/л

фтор-1,0 мг/л

микроб саны-30

жалпы ішек таяқшасы түріндегі бактериялар 100 мл суда - 2

термотолерантты ішек таяқшасы түріндегі бактериялар 100 мл суда - 2

Тақырып №9. Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау -3 сағат

Мақсаты: Топырақтың санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы және елді мекендерді тазарту жүйелері туралы түсінік беру, санитарлық жағдайдың көрсеткіштері бойынша топырақтың ластану және қауіптілік дәрежесін бағалауды және осы мәліметтерді өз жұмысында пайдалану жөніндегі білімді қалыптастыру.

Міндеттері:

- Топырақтың құрамы мен қасиеттерінің гигиеналық маңызы жөніндегі білімді қалыптастыру;

- Биогеохимиялық аумақтар, эндемиялар жөнінде білімін қалыптастыру;

- санитарлық дәрігердің іс әрекеті жөнінде білімін қалыптастыру (сынама алу принципі);

- Топырақтың механикалық құрамы мен санитарлық жағдайының мәліметтеріне сүйеніп жер учаскесінің емдеу мекемелерін орналастыруға жарамдылығын бағалау жөніндегі білімді қалыптастыру;

- Топырақтың табиғи химиялық құрамы мен сипаттамасын, оның жаснды химиялық ластануының қарқындылығын ескере отырып геохимиялық эндемиялар даму мүмкіндігін бағалау жөніндегі білімді қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Топырақтың гигиеналық маңызы.

2. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері.

3. Топырақтың табиғи химиялық құрамымен, химиялық және биологиялық ластануымен байланысты болатын аурулардың алдын алу бойынша шаралар.

4. Елді мекендерді тазарту әдістері

Сабақ беру және оқыту әдістері: кіші топтарда жұмыс істеу – жағдайлық есептерді шешу

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена /Под ред. Акад. РАМН Г.И.Румянцева. –М.:ГЭОТАР Медицина.2000.- С.176-196.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д: «Феникс».2002.-109-125.

3. Гурова А.И.,. Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене. М.: Изд-во университета дружбы народов, 1991.- С. – 60-62.

Қосымша:

1. Габович Р.Д., Познанский С.С., Шахбазян Г.Х. Гигиена. Киев: Высшая школа, 1984- С. - 86-106.

2. Гончарук Е.И., Габович Р.Д., Гарковый С.И. и другие. Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиене. М.: Медицина, 1990.- С. 216-278.

3. Неменко Б.А, Кенесариев У.И.Коммунальная гигиена. –Алматы:НИЦ «Ғылым», 2003. – С.209-246.

4. Румянцев Г.И. с соавторами. Общая гигиена. М.: Медицина, 1990.- С. – 140-154.

5. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А.. Общая гигиена. М.: Медицина, 1985.- С. – 133-140.

Бақылау:

1. Ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейлерін бақылау

1. Топырақтың қасиеті мен құрамының гигииеналық маңызы.

2. Топырақтың эпидемиологиялық маңызы.

3. Биогеохимиялық провинциялар (табиғи және техногенді), эндемиялар.

2. Топырақтың өздігінен тазаруы, көрсеткіштері.

Студенттердің өздері орындайтын жұмыстарының нәтижелері бойынша қорытынды білім деңгейін анықтау:

Тапсырма №1. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері мен елді мекендерді тазартудың тәсілдерімен танысу.

Тапсырма № 2. Топырақтың санитарлық жағдайын бағалау бойынша жағдайлық есептерді шешу.

Жағдайлық есептер

Есеп 1. Елді мекенде мектеп-интернат құрылысыныа ауданы 3 га рельефі тегіс, бұрын ауыл шаруашылығыны жері болып, онда органикалық және минералды тыңайтқыштар, пестицидтер қолданылған жер учаскесі берілген. Учаскеде және оған жақын жерде шоырланған ластану көздері жоқ.Учаске топырағы құмдауыт келген. Топырақтың зертханалық талдауының мәліметтері:

Көрсеткіштер Бақылау учаскесі Тәжірибелік учаске
Аммонилі азот мг/100 г 3,4 3,8
Органикалық көміртегі, % 0,3 0,4
нитриттер, мг/100 г 0,2 0,3
нитраттар, мг/100 г 1,2 1,8
хлоридтер, мг/ 100 г 38,4 40,7
Жалпы мөлшерлер:
азота, мг/100 г 2,1 2,4
Гумус азотының мөлшері    
Микроб саны    
коли-титр, г 1,0 1,0
анаэробтар титрі, г 0,1 0,1
Гельминт жұмыртқаларының сан    
25 м2-дегі шыбын личинкалары мен қуыршақтарының саны    

Мәліметтер орманды бақтың территориясында орналасқан бақылау учаскесінің көрсеткіштерімен салыстырылды. Келесі сұрақтарға жауап бере отырып учаскенің санитарлық жағдайына баға беріңіз:

1. Бақылау учаскесі дұрыс таңдалған ба?

2. Құрылыс үшін субглинисті топырақ сәйкес келе ме? Бұл топырақтың ауа- және су өтімділігі, жылу сыйымдылығы, капиллярлығы, су сыйымдылығы мен гигроскопиялығы қандай?

3. Бұл жерлердің бұрынғы қолданылу сипатын ескерсек, қандай ластаушылар табылуы мүмкін?

4. Сіздің ойыңызшы, топырақтың тағы қандай ластаушыларының мөлшерін анықтау керек еді?

5. Зертханалық талдау мәліметтерінің қайсысы топырақтың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздігі, экзогенді химиялық заттармен органикалық ластануы туралы айтуға мүмкіндік береді?

6. Хлебниковтың санитарлық саны нені білдіреді? Жоғарыда келтірілген мәліметтерден оның қалай есептеуге болады?

7. Топырақтың тазалық және қауіптілік дәрежесіне баға беріңіз.

8. Берілген учаскені мектеп-интернат құрылысына пайдалануға бола ма? Болмаса, неге?

Есеп 2. Балалар сауықтыру кешені қала маңында орманды дала жолағында орналасқан. Төменде. Кешеннен 2 км жерде сүт-тауар фермасы орналасқан. Оның ағын сулары кешеннің желді жағынан еңіспен 30 км-ден өтетін каналға тасталады. Жақын жатқан поселкелерде аскаридоз бен эхинококкозбен жоғары аурушылдық анықталған.

Балалар сауықтыру территориясы топырағы зертханалық талдау мәліметтері

Көрсеткіштер Бақылау учаскесі Тәжірибелік учаске
Қоспалар 3% 4%
Сазды бөлшектер 50% 55%
Құмды бөлшектер 48% 41%
Аммонийлі азот мг/100 г 4.5 5,0
Органикалық көміртегі, %    
нитриттер, мг/100 г 0,6 3,6
нитраттар, мг/100 г 1,2 1,8
жалпы азот 39,2  
Гумус азотының мөлшері    
Микроб саны    
коли-титр, г 0,2 0,01
анаробтар титрі, г 0,05 0,0001
Гельминт жұмыртқаларының саны    
Қуыршақтар мен личинкалар саны    

Келесі сұрақтарға жауап бере отырып учаскенің санитарлық жағдайына баға беріңіз:

1. Сауықтыру кешен маңайында ластау көздері бар ма? Санитаррлық қорғау алаңы жеткілікті ме?

2. Төменде орналасуы учаскенің санитарлық жағдайына әсер етеді ме?

3. Кестеде берілген механикалық құрамы бойынша топырақтың сипатын анықтаңыз?

4. Бұл топырақтың ауа және су өтімділігі, капиллярлығы, су сыйымдылығы мен гигроскопиялығы қандай?

5. Келтірілген көрсеткіштердің қайсысы топырақтың органикалық ластануын көрсетеді (экскременттермен, несеппен және басқалармен)?

6. Қандай көрсеткіштер топырақтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі туралы айтуға мүмкіндік береді?

7. Хлебниковтың санитарлық саны нені білдіреді? Кестеде келтірілген міліметтерді пайдаланып оны есептеуге бола ма?

8. Қандай жағдайда бақылау учаскесімен салыстыруды қолданады?

9. Қандай көрсеткіштер топырақтың нәжіспен ластануының тікелей көрсеткіші болады?

10. Балалар кешенінің территориясындағы топырақтың тазалығы мен қауіптілік дәрсежесі қандай?

11. Бақылау учаскесі дұрыс таңдалған ба? Жоқ десеңіз, өз ойыңызды негіздеп беріңіз.

12. Сіздің бұл аудандағы топырақтың санитарлық жағдайының қолайсыздығы туралы тұжырымдарыңызды қандай мәліметтер дәлелдейді?

13. Бұл учаске топырағының ластануының ескілігі қандай? Ол жалғасып жатыр ма?

14. Санитарлық жағдайды сауықтыру бойынша ұсыныстар беріңіз

Тақырып №6. Рационалды тамақтану, принциптері. Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын гигиеналық бағалау - 2 сағат

Мақсаты: Тағамның энергиялық құндылығына, сапалық құрамына, рационның баланстылығына және халық арасындағы әртүрлі жас топтарының тамақтану тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар мен тағам өнімдерінің құндылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілетін шаралар кешені жөніндегі дағдылармен және ет пен сүтті органолептикалық бағалауды үйрену жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-Тағамның энергиялық құндылығына, сапалық құрамына, рационның баланстылығына және

халық арасындағы әртүрлі жас топтарының тамақтану тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар жөніндегі білімді қалыптастыру;

- Тағамдық азықтарды санитарлық сараптау мақсаты, міндеттері, әдістері мен жүргізу әдістері жөніндегі білімдерін қалыптастыру;

-Тағамдық азықтарды сапа санаттары жөнінде білімін қалыптастыру;

- Ет, сүт, банкідегі консервілерді санитарлық сараптау жөніндегі білімін қалыптастыру;

- Есептеу мәліметтерін тағамдық заттар мен энергияға физиологиялық мұқтаждық нормаларымен, сондай ақ тәуліктік энергия шығын көрсеткіштерімен салыстыра отырып тағам рационы толық құндылығын гигиеналық бағалау жөніндегі білімді қалыптастыру.

- Негізгі тағамдық өнімдердің (ет,сүт, консерві) сапасына баға беру және органолептикалық, физико-химиялық, гельминтологиялық және басқа да зерттеу түрлерінің мәліметтеріне сүйене отырып, қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды беру жөніндегі білімді қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Рационалды тамақтану, принциптері.

2. Энергетикалық баланс, түрлері.

3. Тәуліктік энерго шығын (реттелетін, реттелмейтін).

4. Жеке адам және ұжымдық тамақтану құндылығын бағалау әдістері.

5. Алиментарлық аурулар, жіктелуі.

6. Сүт, ет, банкідегі консервілердің тамақтық және биологиялық құндылығы

7. Сүт, сүт өнімдерінің ет және банкідегі консервілердің эпидемиологиялық қауіптілігі, химиялық ластанумен байланысты пайда болған аурулар.

8. Жарамсыз тамақты қабылдаумен байланысты аурулардың алдын алу Тағам өнімдерін санитарлық сараптау.

9. Ет, сүт және банкідегі консервілерді сараптау

Оқыту мен сабақ беру әдістері: кіші топтарда жұмыс істеу- жағдайлық есептерді шешу.

Әдебиеттер

Негізгі:

1. Гигиена/ Под ред. Акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000.- С. 221-266.

2. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Гигиена питания: Учебное пособие по общей гигиене для студентов медицинских вузов. – Алматы,2005. – Ч.1. – С.42-137.

3. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – Ростов н/Д: «Феникс», 2002. – 148-207.

4. Гурова А.И., Горлова О.Е.. Практикум по общей гигиене. - М. Изд-во Университета Дружбы народов, 1991.- С. 69-74.

5. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека, 3-е изд. – М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ,2001.- С.72- 96.

6. Кенесариев Ү.И. Гигиена оқулығы Алматы 2010 жыл 240-251 беттер

Қосымша

1. Ванханен В.Д., Лебедева Е.А., - Руководство к практическим занятиям по гигиене питания. М. Медицина, 1987.- С. 26-41.

2. Королев А.А. Гигиена питания: учеб. Для студ. высш. учеб. заведений. – М.:Издат. центр «Академия», 2006. – С.22-398.

3. Пивоваров Ю.П., Гоева О.Э., Величко А.А.. - Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. М. Медицина, 1983. С. 4-13.

4. Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания.- М.:Издат. центр «Академия», 2005. – С.233-246.

5. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена, М. Медицина, 1985- С. 24-41, 47—76.

6. Татарская Л.Л., Бутейкис Н.Г. Детское питание. М. Медицина, 1996.

7. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические аспекты питания с курсом общей биохимии.- Алматы, 1998.

8. Шелстон Х. Правильное сочетание пищевых продуктов/ Пер. с англ.- С. Петербург: ЭКАМ, 1991.- 57 с.

Бақылау:

1. Ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейлерін бақылау

Сұрақтар.

1. Тамақтану гигиенасы пәні мен мақсаты.

2. Энергетикалық баланс, түрлері.

3. Тәуліктік энергошығын (реттелетін, реттелмейтін).

4. Рационалды тамақтану, негізгі принциптері.

5. Жеке адам мен ұжымның тамақтану құндылығын бағалау әдістері

6. Алиментарлық аурулар, жіктелуі.

7. Санитарлық дәрігердің тамақтануды ұйымдастыру және оның гигиеналық эпидемиялық қауіпсіздігін бақылаудағы атқаратын жұмысы.

8. Тағам өнімдерінің санитарлық сараптамасы, жүргізу мақсаты, міндеттері, әдістері тәртібі.

9. Тағам өнімдерінің сапа категориялары.

10. Сүттің залалсыздығын анықтау.

11. Сүттің эпидемиологиялық рөлі. Сүт және сүт өнімдері арқылы берілетін аурулардың алдын алу.

12. Еттің санитарлық сараптамасының әдістемесі: органолептикалық зерттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу.

13. Ет арқылы берілетін жануарлардың жұқпалы және инвазивтік аурулары, олардың алдын алу.

2. Ситуациялық есептерді шешудің нәтижелері бойынша қорытынды білім деңгейлерін бақылау:

Тапсырма №1 Энергиялық құндылығына, сапалық құрамына, рационның баланстылығына тағам рационына, мәзір жіктемесі бойынша ұсынылған жағдайлық есептерді есептеу. Табақпен азық түлік жиынтықтықтарының алуан түрлігі және тамақтану тәртібін дұрыстығын бағалау. (тәжірибелік дағды)

Ошибка! Ошибка связи. 2. Рационның адекваттылығына, табылған кемшіліктерге баға беру. (коммуникативтік дағды)

Тапсырма №3 Тағам өнімдерінің залалсыздығын бағалау бойынша және қолдану мүмкіндігі жөнінде ситуациялық есептерді шешу.

Жағдайлық есептер.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: