Есеп № 42

Науқас С., 55 жаста, терінің жиі іріңді ауруларымен дәрігерге қаралды. Ауру тарихынан – қантты диабетпен ауырады, жұмыссыз, материалдық жағдайы өте ауыр. Қарап тексергенде лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі төмендегені анықталды.

1. Науқастағы лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі төмендеуінің патогенезін түсіндіріңіз.

Қантты диабетпен ауыратын адамдарда ақуыздар глюконеогенезге жұмсалады, олар ыдырайды. Сондықтан да иммунды жүйе әлсірейді, иммунды ақуыздар мөлшері азаяды, теріде ж/е шырышты қабаттарда іріңді қабынулар көбейеді.

2. лейкоциттер эмиграциясы сатыларын көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

· Лейкоциттердің маргинациясы

6- Қабыну медиаторы

7- Эндотелий жас-ы

8- Е, Р селектиндер син-і

9- Олардың лейкоциттердегі L селектин, интегринмен әрекеттесуі

10- Роллинг

· Қабыну мед-ң әсерінен интегрин-ң әсерленуі, лейкоциттердің жалған аятары ар-ы жасуша сыртына шығуы;

· Лейкоциттердің хемотаксисі:

7- Интерлейкин-8 –ң син-і

8- Нейтрофил рецепторының қозуы

9- Жасуша потенциалының өзгеруі

10- Цитозольде кальций ионының жиналуы

11- Жасуша ішілік майда талшықтардың жиырылып, нейтрофил-ң флогогенге қарай қозғалысы

12- Фагоцитоз.

3. фагоцитоздың тұқымқуатын және жүре пайда болған жеткіліксіздігінің патогенезін түсіндіріңіз.

Тұқымқуатын жеткіліксіздігі:

· лейкоцит адгезиясы бұзылысы – интегрин н/е Е,Р-селектиндермен бай-н L-селектин син-ң бұзылысы;

· хемотаксис ақауы – химиялық тартқыштардың жеткіліксіз өн-і, лейкоциттердің ішіндегі талшықатр мен түтікшелердің ақауында – «жалқау лейкоцит» - қозғалмайды.

· Фагоцит-ң бактериоцидтік жүйесінің ақауы – НАДФ-оксидаза(оттегі бос радикалын түзбей қалады), катиондық нәруыздардың, лизосомалық ферменттердің төмен белсенділігінде.

Жүре пайда болған жеткіліксіздігі:

· Қантты диабет

· Ауыр метал-мен улану

· Сәулесоқ ауруы

· Тамақ құрамында нәруыз жетіспеуі

· Стероидтық гормон-мен ұзақ емдеу

· қартаю

4. патогенездік емдеу ұстанымын негіздеңіз.

· Қабыну туындатқан себепкер ықпалды аластату

· Микроциркуляцияны қалпына келтіру – құрғақ қыздыру, физиотерапия

· Қабыну медиаторларының ферменттерін тежеу арқылы медиаторлардың син-н тоқтату – стероидтық гормондар, стероидтық емес препараттар

· Жасушалардың мембраналарын тұрақтандыру – антиоксидант, витамин

· Қан ұю жүйесін реттеу, фибринолизді арттыру

· Иммуностимуляторларды қолдану

· Хирургиялық тәсілмен іріңді ошақты алып тастау


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: