Келісімшарт, шарт

Келісімшарт - жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

Шарттың (келісімшарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу - сату туралы; ә

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісімшарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісімшарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісімшарт.

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт;

ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісімшарт;

б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу-заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

шарт - договор

қол қоюшылар - подписавшиеся

төменде қол қоюшылар - нижеподписавшиеся

сату- сатып алу - купля-продажа

маған тиеселі - принадлежащий мне

жеке басы - личностъ

құқықтық іс-әрекетке

қабілеті - дееспособность

анықталды - установлен

тексерілді - проверен

тіркелді - зарегистрирован

қол қойылды - подписан

мәміле -сделка

мекенжайда тұратын -проживающий по адресу

берілген -выданный

жекеменшік құқығы бойынша -по праву собственности

келісімшарттың негізінде -на основании договора

жалпы пайдалы ауданы -общая полезная площадь

шаршы метр -кв. метр

құрайды -составляет

осы уақытқа дейін -до настоящего времени

тыйым салынбаған -под адрестом не состоит

- оценивать

- довести, донести

Үлгімен танысыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: