Сенімхат

Мінездеме

Мінездеме қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.

Мінездеменің басқы бөлімі - анкеталық мәліметтер (аты жөні, туған жылы, білімі т.б.).

Екінші бөлімде еңбек қызметі туралы мәліметтер (мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі т.б.) және еңбегіне берілген баға жазылады.

Үшінші бөлімде қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестермен қарым қатынасына баға беріледі.

Қорытынды бөлімде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.

Мінездемені қызметкердің өз сұрауы бойынша, басқа мекеменің сұрауы бойынша және өзінің бастамасымен әкімшілік немесе мекеменің қоғамдық ұйымы (егер бар болса) жазады.

МІНЕЗДЕМЕНІҢ деректемелері:

ü құжаттың түрі – МІНЕЗДЕМЕ;

ü мәтіні;

ü қол қою;

ü мерзімі;

ü мөрі.

Ережеге сәйкес мінездеменің мәтіні екі бөлімнен тұрады:

Кіріспе бөлімінде: фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы, туылған күні, білімі, қызметі, еңбек өтілі (стажы) көрсетіледі.

Негізгі бөлімде – іскерлігі, жұмысына жауапкершілігі, алған марапаттаулары, ұжымдағы адамдармен қарым қатынасы, қызметтегі өсуін жазады.

Егер, мінездемені қоғамдық ұйым немесе еңбек ұжымы бекітсе онда хаттаманың нөмірі мен мерзіміне сілтеме жиналыста қаралады. Мінездемеге мекеме жетекшісі, жетекші маман, қоғамдық ұйым жетекшісі қол қояды, мөрмен куәландырылады.

Мінездеме 2 (екі) данада жазылады.

№ 5 Қолхат, сенімхат

Қолхат

Құжат үлгісі мынадай түрде болады:

ü құжататауы – ҚОЛХАТ;

ü мәтін;

ü мерзімі;

ü қолы;

ü мөрі.

Құжатмәтініндеқолхатберушініңқызметі (қажетжағдайда), аты-жөні, алғанақшаныңмөлшерінемесебасқақұндыдүниеніңкімненалынғаны (аты-жөні) толықкөрсетіледі.

Қолхаттаақшакөлеміалдыменсанмен, сосынсөзбенжазылыпкөрсетіледі. Егермәтіндеқандайдабіржөндеулер, өңдеулер, өшірулеркездессе, құжаткүшінжояды. Мәтінменқойылғанқолдыңарасындағыбоскеңістіксызықпентолтырылады. Қолхатбірданатүріндетолтырыладыжәнеақшатүріндегіқұжатпенбірдейдәрежедесақталады.

Кейдеқолхаттақатысушыкуәлеркөрсетіледі. Олжағдайдакуәлерқолхатқаөзқолдарынқойыпрастайды.

Ақшанынемесеқұндыдүниеніқайтарғанжағдайдақолхатжойылады.

1. Қолхаттыңнегізгіқұрылымдықерекшелігіқандай?

2. Мазмұныменқұрылымдықжағынанқолхатқандайқұжатқаұқсаскеледі?

3. Қолхаттаақшакөлеміқалайкөрсетіледі?

4. Құжатқандайсебептіжағдайлардакүшінжояды?

5. Қолхат неше дана етіп толтырылады?

СЕНІМХАТ

Сенімхат сенім көрсетілген адамға сенім білдірушінің үшінші адам алдында сенім тапсыру құжаты болып табылады.

СЕНІМХАТ екі түрде болады:

§ арнайы, мекемеден берілген;

§ жеке, азаматтан берілген.

Арнайы сенімхаттар мекеме қызметкеріне қандай да бір келісімді аяқтауға, ақша алуға, құндылықты қажетті заттарды өз атынан алуға беріледі.

Мұндай СЕНІМХАТТЫҢ мынадай деректемелері болуы тиіс:

ü мекеменің аты;

ü мекеме туралы анықтамалық мәлімет;

ü құжаттың аты;

ü құжаттың уақыты, күні;

ü құжаттың тіркеу нөмірі;

ü құжаттың мәтіні;

ü қызметкерлердің қолдары;

ü мекеменің мөрі.

СЕНІМХАТТЫҢ мәтінінде келесі мәліметтер болуы тиіс:

· сенім берілген адамның қызметі, паспортының мәліметі;

· сенімхат бойынша іс атқарылатын мекеме;

· іс-әрекеттің түрі;

· сенім алған адамның қолының үлгісі;

· сенімхаттың уақытының мерзімі.

Сенімхат мекемнің бланкісінде жазылуы мүмкін.

Егер, сенімхат көрсетілген іс-әрекет ақшаға және материалдық құндылықтарға қажетті болса онда оған мекеме басшысы және бас есепші қол қояды. Көп жағдайда сенімхаттың типтік бланкілері қолданылады.

Жеке сенімхаттар жеке азаматтан айлығын, еңбек кітапшасына байланысты әртүрлі өнімдерін, зейнетақысын, жәрдемақысын, стипендиясын, банкідегі ақшасын (салымын), ақшалай және салымды алмасуларын алуға берілетін сенімі.

Аударылған сенімхаттарға нотариалдық куәландыру міндетті емес. Олар сенім берушінің жұмыс істейтін немесе оқитын жерінен куәландыруы мүмкін, тұратын тұрғылық мекен-жай мекемесінен және өзі емделіп жатқан әкімшілдік-стационарлық емдеу орталығынан беріледі.

Жеке СЕНІМХАТ келесі деректемелерден тұрады:

ü құжаттың аты;

ü құжаттың мерзімі (уақыты, күні);

ü мәтін (сенім білдірушінің сенімді адамы және іс-әрекет мерзімі көрсетіледі);

ü сенім білдірушінің қолы;

ü сенім білдірушінің жұмыс істейтін мекемесінің, тұрғылықты мекен-жай ұйымының (өзі тұратын), немесе оқитын жерінің мөрі.

Сенімхаттар өзінде көрсетілген мерзімдегі іс-әрекетке беріледі. Егер, сенімхатта мерзімі (қанша уақытқа берілгендігі) көрсетілмесе онда берілген уақыттан бастап 3 (үш) жылға жарамды болады.

Сенімхат егер, берілген мерзімі, уақыты көрсетілмесе жарамсыз болып саналады.

Сенім білдірушінің тілегімен сенімхат нотариалды куәландырылуы мүмкін. Нотариалдық түрдегі сенімхаттар екі жақтың келісімімен жасалынады.

Сенім білдірілген адамға жүктелетін өкілеттілік мейлінше дәл, өте нақты, қатесіз сауатты баяндалуға тиіс.

1. Сенімхаттың өзге азаматтық қарым-қатынас құжаттарынан айырмашылығы неде?

2. Сенімхаттың неше түрі бар?

3. Арнайы сенімхат қандай жағдайларда беріледі?

4. Құжат мәтінінде қандай мәліметтер болуы тиіс?

5. Сенімхаттар қанша мерзімге беріледі?

№7 ЖЕКЕ ІС, КАДРЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ, САУАЛНАМА, ЖЕКЕ КАРТОЧКА


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: