Жеделхат

Хабарлау баяу орындалған жағдайда басқа жедел жеткізілім қажет болады.

Жеделхаттар бір пунктте бірнеше мәтіндермен немесе бірдей мәтінмен - әр түрлі пункттерде жіберілуі мүмкін.

Жеделхаттар әр түрлі болады: фото жеделхат, жүйелік жеделхат, куәландырылған, қол қойылған жеделхат, сенім-жеделхат, арнайы бланкіде төленген жауабы бар жеделхат, және т.б.

Жеделхатты 2 (екі) бөліктен тұратын арнайы сызықпен көрсетілген бланкіде жазады:

Бірінші бөлігі сызық бойымен – телеграф арқылы беріледі;

Екнші бөлігі сызықтың астында – телеграф бойынша жіберілмейді және төленбейді.

Жеделхаттың бірінші бөлігі келесі деректемелерден тұрады:

ü санаты туралы мәлімет немесе жеделхаттың ерекше түрімен (қажет болған жағдайда);

ü мекен-жай иесі;

ü мәтіні;

ü жеделхатқа қол қойған қызметкердің фамилиясы (оның қызметі көрсетілуі мүмкін);

ü жеделхатты жіберген мекеменің аты (мекен-жай иесіне аты белгісіз болған жағдайда қысқартылған түрде көрсетіледі).

Екінші бөлігі келесі деректемелерден тұрады:

ü жеделхатты жіберуші мекеменің аты (мекен-жайы көрсетілген);

ü жеделхатты жіберген адамның қолы (қызметін көрсетеді);

ü мөр;

ü уақыты.

Мекен-жай иесіне жеделхатты міндетті жеткізу келесі санаттарға бөлінеді: үкіметтік, жедел, халықаралық, жай түрдегі. Жай түрдегі жеделхаттарға санаты көрсетілмейді.

Мекен-жай иесін жеделхатта көрсеткенде ереже бойынша алушының мекен-жайы қысқартылған түрде жазылады. Егер алдында мекен-жайы таныс болмаса, онда бірінші рет мекен-жайы толық көрсетіледі.

1. Жеделхат ұғымы қалай анықталады?

2. Жеделхаттың жіберілу тәсілдерін атаңыз.

3. Жеделхат санаттарын көрсетіңіз.

4. Жеделхат қалай жазылады?

5. Құжатта мекен-жай иесі қалай көрсетіледі?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: