B секциясы

3 сұрақ

РНК және ДНК – екі маңызды табиғи полимерлер.

(a) ‘Полимер’ деген не?

 
  [1]

(b) Берілген екі полимерлерде ‘НК’ әріптері нені білдіреді?

 
  [1]

(c) Төменде ДНК молекуласының екi тiзбекті бөлiгiнің суретiн салыңыз.

Әрбір тізбек үш нуклеотидтен тұру керек. Тізбекке барлық төрт нуклеотид кіру керек.

Сіздің сызбаңыздың үзіндісі төмендегі шарттардың болуын айқын көрсетуі қажет:

- тізбектің негізінің болуын;

- азоттық негіздің негізбен қосылуын;

- комплементарлы тәсіл бойынша азотты негіздердің қосылуын;

- молекула аралық байланыстың қай түрі азотты негiздердiң қосылуына қатысатынын.

[5]

(d) Үш айырмашылықты көрсетіңіз.

   
   
   
   
   
  [3]
     

(e) РНК-ның үш түрі ағзаларға маңызды. Соның біреуі тРНК – транспорттаушы РНК.

(i) тРНК тірі ағзаларда болатын процесс үшін маңызды. Бұл қандай процесс?

  [1]

(ii) Осы процесте тРНК-ның функцияларының біреуін сипаттаңыз.

  [1]

[Барлығы: 12]

3 сұрақ Жауап Балл
(a)   Ұзын тізбекті молекулалар/ бірнеше қайталанатын буындардан тұратын молекулалар  
(b)   Нуклеин қышқылы  
(c)   - нұсқаулар орындалды – әрбiр тізбекте, ең аз дегенде, үш нуклеотид бар, және барлық ГЦА және Т қолданылғанü - негізі – бұл айнымалы дезоксирибоза қанты (“дезоксирибоза” термині кез келген түрде қабылданады) және фосфат (P қоршалған немесе белгіленген күйінде қабылданады) ü - негiздер тек қана қантқа қосыладыü - комплементарлық тәсілі бойынша байланыстыру бұл ГЦ және АТü - “сутекті байланыс” немесе “H байланысы” айқын белгіленуі қажет (мысалы, пунктир сызықтарымен белгіленген) қосылатын негіздердің арасында ü 5 максимум
(d)   - РНК-ның құрамында рибоза, ДНК-ның құрамында дезоксирибоза бар ü - РНК бір тізбекті, ДНК екі тізбектіü - РНК-ның құрамында урацил, ДНК құрамында тимин («тимидин» термині қабылданады) ü 3 максимум
(e) (i) Ақуыз синтезі/трансляция (аРНК)  
  (ii) Немесе тасымалдау/аминқышқылдарымен байланыстырады немесе а РНК негізіндегі триплет/кодонын анықтайды  
        [Барлығы: 12]
         

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: