В секциясы

Ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыс сұрақтары

4 сұрақ

Оқушы, құрамында фотоэлемент және кернеуін өзгертуге болатын ток көзі бар схеманы құрастырады. Схема 4.1 суретінде көрсетіледі.

[Сурет 4.1]

5,20 × 1014 Гц жиіліктегі электромагниттік сәулелену фотоэлементке түскенде, миллиамперметр белгілі бір көрсеткішке ие болады.

Оқушы ток көзінің кернеуін өзгерте отырып миллиамперметрдегі көрсеткіш нөлге тең болғандағы вольтметрдің мәнін жазып алады.

(а) вакуумдағы жарық жылдамдығы 3,00 × 108 м/с.

Фотоэлементке түсетін сәуленің толқын ұзындығын анықтаңыз.

Толқын ұзындығы =   [1]

(b) Оқушы фотоэлементке түсетін жарықтың f жиілігін өзгерте отырып, әрбір жиіліктегі ток нөлге тең болатын кернеудің мәнін жазып алды.

4.2 суретінде оқушының жасаған жұмысының нәтижесі берілген.

f, 1014 Гц V s, В
5.2 0.50
5.5 0.62
6.9 1.18
7.4 1.37
8.2 1.75

(i) Берілген нәтижеге сүйене отырып, V s –тің f- тен тәуелділік графигін 4.3 суретіне салыңыз.

[Сурет 4.3]

[2]

(ii) Өзіңіздің құрған графигіңізді Планк тұрақтысын h анықтау үшін пайдаланыңыз.

h =   [3]

[Барлығы: 6]

4-сұрақ Жауап Балл
(a)   (λ = c/f = 3.00 × 108/5.20 × 1014 =)5.77 × 10-7 м/с  
(b) (i) Барлық 5 нүкте ± 1 мм дәлдікпен салынған және V s –тің f- тен тәуелділігі түзу сызықты және остердің аты мен өлшем бірліктері жазылған максимум 2
(ii) градиент = h/e немесе градиент табу үшін үлкен үшбұрышты пайдалану градиент (= 2.04/5.1 × 1014) = 3.8 - 4.2 × 10–15 (U) 6.08 – 6.72 × 10–34 Дж*с максимум 3
        [Барлығы: 6]
         

5 сұрақ

Оқушы қағаздың ортасына көлденеңнен түзу сызықты сызып АВ әріптерімен белгілейді.

Ол жарты шеңберлі шыны блокты табанымен (түзу қабырға жағымен) сызық бойына қояды және шыны блоктың сыртқы жағынан сызады.

Оқушы ақ түсті сәуле жарты шеңберлі шынының табанының ортасынан шығатындай етіп жарық көзін орналастырады.

Құрылғы 5.1 суретінде көрсетілген.

[Сурет 5.1]

(а) Оқушы жарық көзі мен жарты шеңберлі шыны арасындағы сәуле бойынан 2 нүктені Р1 және Р2 белгілейді.

Және жарты шеңберлі шынының табанынан шығатын сәуле бойынан да 2 нүктені Р3 және Р4 белгілейді.

Оқушы қағазының бейнесі 5.2 суретінде көрсетілген.

(i) 5.2 суретіне P1 –ден P4 –ке дейінгі сәуленің жолын сызыңыз.

[1]

(ii) Сызбаны қолданып, жарты шеңберлі шынының n (жарықтың сыну көрсеткішін) анықтаңыз.

n =   [2]

(iii) Жарықтың сыну көрсеткішінің эксперименталды түрде анықталған шамасының дәлдігін жоғарлататын екі тәсілді жазыңыз.

     
    [1]

[Сурет 5.2]

(b) Оқушы сәулені сағат тілі бойынша қозғай бастайды. Бір мезетте ол жарты шеңберлі шынының табанынан сәуленің шықпағанын байқайды.

Бұл құбылыс не себепті болатынын түсіндіріңіз.

   
   
  [2]

[Барлығы: 6]

5-сұрақ Жауап Балл
(a) (i) екі түзу: біріншісі P1 және P2 қосады; екіншісі P3 және P4 нүктелерін қосады; олар AB кесіндісінде (жанында) қиылысады  
(ii) - бірінші бұрыш: 36.5 – 41.5°; екінші бұрыш: 69 - 74°; - (n = sin(α)/sin(β) = sin(72.5°)/sin(39°) =) 1.52 немесе тапсырушының осы түрдегі көрсетілген дұрыс есептеулері макс. 2
(iii) екі кез-келген жауап: - сәуленің ортасынан қосымша нүкте салу - жұқа сәулені қолдану - жақсы ұшталған қарандашты қолдану - сәулені сызғанда қарандаштың ұшының қалыңдығын есепке алу - транспортирді АВ кесіндісіне дұрыс орналастыру (кесінділердің қыйылысу нүктесіне орналастыру) - кесінділерге жоғарыдан тігінен қарау, сонымен қатар бір көзді қысып тек бір көзбен қарау - көбірек нүктелерді белгілеу  
(b)   - сәуленің шыныға түсу бұрышы критикалық бұрыштан асып кеткен жағдайда - сәуле толық ішкі шағылуға ұшыраған жағдайда макс.2
        [Барлығы: 6]
         

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: