Силлабус

БЕКІТЕМІН

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

кафедрасының меңгерушісі

__________Шалғынбаева Қ.Қ

(қолы)

_________________ 2014ж.

Юриспруденция, филологиялық, шетел тілі, физикалық-техникалық мамандықтарының(тарының) магистранттары үшін

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

БПМК 03 -_Жоғары мектеп психологиясы

пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

(модульдін атауы және шифры)

СИЛЛАБУС

(оқу жұмыс бағдарламасы)

Астана

Силлабус

1. Курс оқытушылары: психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Айтышева АйгүлМұқатайқызы. Байланыс телефоны: 87015271987.(эл.жәшігі: Aigul_mukatay@mail.ru). Ғылыми қызығушылығы:Психологиялық кеңес берудің теориясы мен тәжірибесі. Психологияны оқыту әдістемесі. Ғылыми мектебі: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

  1. Карибаева Гүлназ Маратқызы, психология ғылымдарының кандидаты, доцент; тел: 87017715509, Karibaeva_GM mail enu.kz Е.А.Бөкетов атындағы ҚарҰУ, ғылыми қызығушылығы: тұлға психологиясы, кәсіби іс-әрекет психологиясы.

2. Пән туралы мәліметтер

Пәннің атауы және коды Жоғары мектеп психологиясы

Кредиттер саны 2

3. Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі

Сабақ түрі Сағаттардың жалпы саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы
Дәріс          
Тәжірибелік сабақ          
Семинарлық сабақ          
Зертханалық сабақ          
Студиялық сабақ          
МӨЖ          

4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизиттер: жалпы психология, жасөспірім психологиясы, тұлға психологиясын, дифференциалды психология, психогенетика, жоғары нерв әрекетінің физиологиясы, патопсихология.

4.2. Постреквизиттер: психологиялық ғылымның технологиялары, психология ғылымының теориясы мен әдіснамасы

4. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1Пәннің оқу үдерісіндегі орны. Жоғары мектеп психологиясы пәні міндетті компонент болып табылады.

Ғылым жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Оқыту үдерісіндегі адамның танымдық іс ірекетінің психологиясы. Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру үдерісінің гносеологиялық және онтологиялық мәселелері. Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырудың психологиялық құралдары мен әдістері. Келіспеушілік жағдайларда оқытуды басқару үдерісі.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.

Жоғары мектеп психологиясы курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде магистранттардың кәсіби ойлауы мен дағдыларын дамыту.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері

- Психология ғылымының түсіндірмелік теориялық аппаратын меңгерту;

- Адамның танымдық іс әрекетінің психологиялық мазмұнымен таныстыру;

- Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру мәселелерін түсіндіру;

- Өзінің мамандығы мен кәсіби іс әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін білу.

5.3 Оқу пәнін оқыту жоспары

№ апталар Тақырып атауы Оқытуды ұйымдастырудың формалары мен сағаттар саны МӨЖ арналған тапсырма және білімді бақылаудың формасы З
Дәріс Тәжірибе (семинар) Зертханалық Студиялық МӨЖ
  Жоғары мектеп психологиясының мақсаты мен міндеттері           Ғылым психологиясы (теориялық шолу жасау)
  Ғылым жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері           Психологиялық білімдердің жүйесі (схема)
  Оқыту үдерісіндегі адамның танымдық іс әрекетінің психологиясы           Танымдық іс әрекеттерге сипаттама беру (конспект)
  Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру           Жоғары білім берудің психологиялық аспектілері (слайд)
  Қазіргі заманғы оқытудың психологиялық құралдары мен әдістері.           Оқыту психологиясы (зерттеулерге аннотациялық шолу)
  Педагогикалық қарым қатынас психологиясы           Студенттік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері(баяндама). Педагог тұлғасы (баяндама). Қарым қатынас құралдары (баяндама).
  Келіспеушілік жағдайларда оқытуды басқару мәселелері           Конфликт психологиясы (слайд)
  Кәсіби іс әрекеттің психологиялық негіздері           Еңбек психологиясы (реферат)
  Психология және еңбек іс әрекеті           Мамандық таңдау және кәсіби бағыт (лабораторлық жұмыс есебі)
  Кәсіпке қабілеттіліктің психологиялық аспектілері           Эргономика және психология (әдебиеттерге аннотациялық шолу)
  Тұлғааралық қарым қатынастың психодиагностикалық мәселелері           Тұлғаның қарым қатынастағы орнын анықтау әдістері (психодиагностикалық әдістерді тексеріп көру және есеп әзірлеу)
  Басқару іс әрекетінің мазмұны мен құрылымы           Басқару психологиясы (тезистер, аннотациялар, глоссарий, схема-таблица)
  Менеджмент психологиясыныңтәжірибелік мәселелері           Қазіргі заманғы менеджмент (психологиялық талдау жасау)
  Қолданбалы психология негіздері           Қолданбалы психология (презентация)
  Жоғары мектептегі психологиялық кеңес беру           Тұлғаның кәсіби сапаларына байланысты кеңес беру техникаларын қолдану (есеп беру)

5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

№ № Автор, атауы, шыққан жылы Ақпарат көзі Бары (дана)
Кітапханада Кафедрада
Негізгі әдебиет
1. Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы. - Алматы, 2011- 216 бет. Оқулық    
  Жақыпов С. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. – Алматы: Алла прима ЖШС, 2008. – 216 б. Оқулық    
  Смирнов С. Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М., 1995. Оқулық    
  Климов Е.А. Психология профессионала. - М.,1996. – 260 с. Оқулық    
Қосымша әдебиет
  Джакупов С.М. Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. - Алматы, 2002. Оқулық    
  Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. - Алматы, 2004. Оқулық    
  Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. Психология высшей школы: особенности деятельности студентов и преподавателей. - Минск: Изд-во БГУ, 1978. – 460 с. Электрондық нұсқа    
  Маслоу А. Мотивация и личность.- СПб.: Питер., 2003. – 352 с. Электрондық нұсқа    
  Мэй Р. Искусство психологического консультирования. - М.: ЭКСМО-Пресс, 2002. – 256 с.. Оқулық    
  Психология: Адамзат ақыл- ойының қазынасы. 10 томдық. -Алматы, 2005. Электрондық нұсқа    
  Изакова А.Т. Өзін-өзі танытудың мағына құрушы факторларының кәсіби өзіндік анықталуға әсері: психол. ғылым. канд.... автореф. – Алматы, 2002. - 30б. Автореферат    
  Кәрібаева Г.М. Кәсіби іс-әрекеттің мотивациясы. Астана, 2008. Оқу құралы    
  Маркова А.К. Психология профессионализма. – М., 1996. Электрондық нұсқа    
  Семинихин С.П. Формирование успешной личности. – Новосибирск, 2002. Оқулық    

6. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

7.1 Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, МӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; коллоквиум формасында екі аралық бақылау; ауызша емтихан формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.

Ағымдағы бақылау - 20%

БОӨЖ және БӨЖ орындау - 20%

Аралық бақылау

- коллоквиум - 20%

Ағымдық және аралық бақылау - 60 %

Қорытынды бақылау -40 %

7.2 Бақылау формасы

Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады

Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

7. Оқу пәнінің саясаты

Курсты оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары сұрақтарға жауап беру (жазбаша немесе ауызша), аралық тестер, жеке хабарламалар, сынақ тәрізді бақылау әдістері негізінде мынадай бақылау түрлері қолданылады:

Оқу жүктемесі: аудиторлық сабақ - 30 сағат, МӨЖ - 45 сағат.

Пәннің талаптары: курсты оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары сұрақтарға жауап беру (жазбаша немесе ауызша), аралық тестер, жеке хабарламалар, сынақ тәрізді бақылау әдістері негізінде мынадай бақылау түрлері қолданылады:

- ағымдық (тікелей дәріске байланысты),

- аралық, БӨЖ-дің орындалуын бақылау,

- қорытынды бақылау (емтихан, сынақ, аттестация).

Магистранттардың білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

Әзірлеуші ___________________ Карибаева Г.М.

(қолы)

Кафедра отырысында қаралды ____________________________________ хаттама № ______ от «______» __________2014ж.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: