РНР тілі негіздері

PHP – серверде орындалатын программалау тілі. JavaScript тіліне қарағанда PHP тілі қолданушының программалық жабдықтамасынан тәуел­сіз, сондықтан ол әрқашан орындалады.

Программа немесе скрипт деп аталатын нұсқаулар тізбегі PHP тілінің интерпретаторы арқылы орындалады. Программа кодының HTML-кодқа енгізілу мүмкіндігі бар. PHP тілі Интернетте қолданылатын басқа тілдерден, мысалы Perl, осы мүмкіндік арқылы ерекшеленеді. PHP-коды серверде ол Web-браузерге берілмей жатып өңделеді. Нәтижесінде Web-браузер қарапайым HTML-код немесе басқа бір шешім қабылдайтын деңгейде болады.

PHP тілінің қысқаша даму тарихы

PHP (ол мына сөз акронимі: "PHP: Hypertext Preprocessor/Гипермәтіндік Преүрдісор ", алғашқыда - Personal Home Page сөзінен шыққан) – HTML ортасына енгізілген сценарийлерді жазу тілі.

Бұл тілдің синтаксисінің басым бөлігі C, Java және Perl тілдерінен алынған (әрине өзінің ерекшелігіне байланысты жаңа мүмкіндіктер қосылған). Тілдің мақсаты – Web-программалаушыларға жеңіл әрі жылдам өзгертуге болатын динамикалық түрдегі ықшам html-парақтар құру мүмкіндіктерін беру. PHP – HTML ортасына енгізілген, бірақ серверде орындалатын сценарийлер жазу тілі.

PHP тілінің бір ерекшелігі – мәліметтер базаларымен бірігуінің жоғары деңгейде болуы. Қазіргі кезде бұл тіл бірсыпыра мәліметтер базаларын сүйемелдей алады, олар: Oracle, Adabas D, Sybase, FilePro, mSQL, Velocis, MySQL, Informix, Solid, dBase, ODBC, Unix dbm, PostgreSQL

PHP тілін 1994 жыл аяғында Расмус Ледорф (Ras-mus Lerdorf) ұсынған болатын. Оның алғашқы нұсқалары сайтты және ондағы резюмені қанша адам көрге-нін қадағалау мақсатында жасалған болатын. Бұл тіл-дің бастапқы бір нұсқасы 1995 ж. шығып, ол Personal Home Page Tools деген атпен белгілі болады. Мұнда қонақтарға арналған мәлімет, санауыш және т.с.с. қосымшалар болған еді.

Қазіргі кезде 1996 ж. өзінде PHP тілі әлемдегі 15,000 веб-сайтта қолданылғаны белгілі. Ал 1997 ж. бұл көрсеткіш 50,000-нан асты. 1997 ж. PHP тіліне бірсыпыра жаңалықтар қосылды. Содан бастап Расмустың жеке жобасы бірсыпыра программалаушылардың қолдауымен жақсы ұйымдасқан жұмысшы топқа айналды. Бұл тілдің синтаксистік анализаторын Зев Сураски (Zeev Suraski) мен Анди Гутманс (Andi Gutmans) қайтадан жазып шықты, осы нұсқадағы анализатор PHP 3 тілінің негізі болып қалыптасты.

PHP тілі 1998 ж. ортасында дүние жүзіндегі 150,000 cайтта қолданылды. Болашақта олардың саны Интернеттегі Netscape's flagship Enterprise server ортасындағы сайттардан да асып түсті.

PHP тілі барлық ірі-ірі операциялық жүйелерге енді, ол Linux ортасында, Unix (HP-UX, Solaris и OpenBSD) нұсқаларында, Microsoft Windows, Mac OS X, RISC OS, т.б. орталарда жұмыс істей бастады. PHP тілі көптеген web-серверлерде сүйемелденетін болды. Олар Apache, Microsoft Internet Information Server, Personal Web Server, Nets-cape, iPlanet-серверлер, т.с.с.

Осы серверлердің көпшілігінде PHP тілінің арнайы модульдері бар. PHP тілі суреттерді бейнелеп, PDF-файлдарды, тіпті Flash клиптерін де көрсете алатын болды.

Қазір РНР – жылдам дамып келе жатқан программалау ортасы, ол Интернеттегі көптеген серверлерде жұмыс істейді. РНР-де жасалған файлдар серверлердің барлығында да сақталып, өңделе береді. РНР тілінің артықшылығы оны HTML-парақтың кез келген жеріне қосып, түрлендіруге болады. Оған қоса тілдің синтаксисі, құрылуы, ережелері де онша қиын емес.

РНР тілінің ерекшеліктері

РHP – HTML-кодқа қосылатын, бірақ серверде орындалатын скриптер тілі. PHP тілі скриптерінің құжатқа енгізілуін көрсе­тетін бір мысал қарастырайық.

1 мысал. PHP кодтарын құжатқа енгізу

<html>

<head>

<title> Listing l </title>

</head>

<body>

<?php echo "Hello! This is my first programm!";?>

</body>

</html>

Блокнотта осы программалық кодты теріп PHP форматында (мысалы, index.php) C:\Apache\Apache2\htdocs бумасына немесе қолданылатын сервер­ге байланысты басқа орында сақтаймыз. Web-браузерді іске қосамыз және адрес өрісінде http://localhost/тереміз.

Нәтижесінде “Hello, world” сөз тіркесі экранға шығады. Енді жоғарыдағы бастапқы HTML-код жолдарын қарастырып көрейік.

Ашылу тәгі – <html> бұл файлда HTML-кодтары қолданылатынын көрсетеді. <title> Listing 1 </title> құжат атын береді, оны өзгерту өз қолы­мызда, яғни қалаған атты таңдай аламыз. Бұл тәгтер <head>... </head> тәгтері арасында тұруы тиіс, олар тақырыпты құрайды.

<body> контейнері құжаттың негізгі бөлігін қамтиды, ол экранда көрінеді. PHP-скрипті де осы бөлімде орналасқан. Мынадай жол:

echo "Hello! This is my first programm!";

браузер терезесіне қостырнақша ішіндегі мәтінді шығарады. Скрипт экранға мынадай жол шығарады:

Hello! This is my first program!

(Сәлем! Бұл менің бірінші программам!)

Экранға шығарылатын қазақша сөздерді орыс әріптерімен немесе ағылшын тілінде тере­міз, өйткені қазақ әріптері шығарылмайды.

РНР тілінің әрбір операторы нүктелі үтірмен (;) бөлініп жазылады. Егер ол жазылмаса, браузер қате кеткенін білдіріп, жол нөмірін көрсетеді.

РНР артықшылықтары.

• Perl типтес тілде жазылған PHP скриптерінің CGI скриптерден негізгі айырмашылығы мынада – CGI программасында енгізілетін HTML кодтары жазылады, ал PHP тілін пайдаланғанда – программа дайындалған HTML параққа ашылып-жабылатын тәгтердің көмегімен енгізілледі (1 мысалды қара – <?php және?>).

• PHP тілінің JavaScript тілінен айырмашылығы – PHP скрипті серверде орындалып, клиентке жұмыстың нәтижесі беріледі, ал JavaScript коды толығымен клиенттің машинасында орналасады және тек сол жерде ғана орындалады.

• Internet Information Server жүйесіне қызығушылары РНР-ді Active Server Pages (ASP) ортасымен ұқсастықтары бар деп санайды, ал Java тілін қолдаушылар РНР-ді Java Server Pages (JSP) ортасына ұқсас деп санайды. Негізінде, аталған үш тілдің барлығы да Web-сервердегі HTML парақтардың ішіне код енгізуге мүмкіндік береді.

• РНР-де көптеген мәліметтер базасымен жұмыс істеу мүмкіндігі мәлімет­тер базасын пайдалану арқылы жазылған Web-қосымшалардың жазылуын жеңілдетеді және ол өте қарапайым түрде болады.

РНР кемшіліктері.

• РНР тілінің бастапқы идеологиясы бойынша оның кішігірім скрип­тердің жазылуына бағытталуы оның негізгі кемшілігі болып саналады. Сондай-ақ бұл кемшілік РНР 4 және одан бұрынғы нұсқаларында қайталанды.

• РНР жартылай компиляцияланатын тіл болғандықтан, ол толық компиляцияланатын С тілімен жылдамдығы бойынша салыстырыла алмайды. Сонымен қатар көптеген кішігірім парақтардан құралған жобалар жазғанда, оларды компьютер жедел жадына жүктеу мен С тілінде жазылған CGI программасы шақыру кезінде біршама артық шығындардың пайда болуына әкеп соқтырады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: