Айнымалылар

Айнымалылар– әр түрлі мәліметтер типін уақытша сақтау үшін пайда­ланылатын шамалар. Программалар жазып, айнымалыларды пайдалану кезінде қолданылатын арнайы символдарға жататындар:

$ – доллар белгісі – айнымалы аты осы таңбадан бастайды,

" – қос тырнақша – сөз тіркесі түріндегі мәліметтерді жазуға арналған,

' – апостроф белгісі – бұл да сөз тіркесі түріндегі мәліметтерді жазуға арналған, бірақ айнымалы мен константа мәндерін емес, тек солардың аттарын шығарады.

Әрбір айнымалының программада латын әріптерінен, цифрлардан және сызу белгілерінен тұратын бірегей атауы (идентификатор) болуы керек. PHP-дегі барлық айнымалылар атауы $ белгісінен басталады.

Айнымалылардың дұрыс атаулары: $х, $strName, $y1, $_name.

Сонымен, PHP тіліндегі кез келген айнымалының аты ($) доллар белгі­сімен басталып, одан кейін тек латын әріптерінен мен цифрлар орналасады, бірақ доллар белгісінен кейін тек қана әріп тұруы тиіс (айнымалы атында ұлттық әріптер қолданылмайды). Мысалы:

$alfa // Бұл дұрыс жазылған айнымалы

$alfa_5_5 // Бұл да дұрыс жазылған

$54beta_gamma //Бұл айнымалының аты қате, цифрдан басталған

$345 // Бұл айнымалының аты да қате

$alfa-bir // Бұл да айнымалының қате жазылған түрі

Сондай-ақ, бас әріп пен кіші әріп екі түрлі болып саналады, сондықтан $Alfa_bir мен $alfa_bir екеуі бірдей емес. Айнымалылар ретінде әр түрлі типтегі шамалар қолданыла береді, мысалы, сөз тіркестері, жеке символдар, сандар, жиымдар, логикалық мәндер, т.с.с.

Арифметикалық амалдар (операциялар) таңбалары:

+, -, *, /, % (модуль бойынша бөлу, бөлуден шыққан қалдықты табу),

салыстыру операторлары (= =,!=, >, <, >=, <=),

логикалық операциялар (||, &&,!),

5.3- мысал. Айнымалыларға мәндерді меншіктеу

<?php

$first='Text'; //'Text' мәнін $first-ке меншіктеу

$second=$first; // $first мәнін $second-ке меншіктеу

$first='New text'; // $first мәні – 'New text'

echo "first мәні $first болады <br>";

// $first айнымалысы мәні шығарылады

echo "second мәні $second болады <br>";

// $second мәнін шығарамыз

?>

Нәтижесі:

first мәні New text болады
second мәні Text болады

4 Тұрақтылармен жұмыс істеу

Script орындау барысында тұрақты шамаларды, яғни мәні өзгермейтін шамаларды сақтау үшін константалар немесе тұрақтылар пайдаланы­лады. Константаларға математикалық тұрақтылар, құпия сөздер (парольдар), файл адрестері және т.б. жатады. Тұрақтының айнымалыдан негізгі айырмашылығы – оған мән бір-ақ рет беріледі және оның жарияланған мәнін өзгертілмейді. Бұған қоса тұрақтылар аты алдына доллар таңбасы жазылмайды және оларға мәнді қарапайым меншіктеу арқылы беруге болмайды. Тұрақтыларды анықтау үшін define() арнайы функциясы қолданылады. Оның синтаксисі мынадай:

define( " тұрақты_аты "," тұрақты_мәні ",

[ " регистрден_тәуелсіздігі " ])

Келісім бойынша тұрақтылар аттары регистрге тәуелді, бірақ әрбір тұрақты үшін қосымша аргумент ретінде регистрден_тәуелсіздігі мәнін true мәніне өзгертіп, бұл қасиетті жоюға болады. Келісім бойынша әрқашанда тұрақты аты жоғарғы регистрде (бас әріптермен) жазылады.

Тұрақтының мәні оның $ таңбасысыз жазылатын атын көрсету арқылы пайдаланылады. Бұған қоса тұрақты мәнін алу үшін аргументі тұрақты атына сәйкес constant () функциясын пайдалануға болады. Келесі жолға көшу <BR> тәгімен орындалады.

5.4 -мысал. Айнымалыларға тұрақты мәндерді меншіктеу

<?php // PASSWORD тұрақтысын анықтаймыз

define("PASSWORD", "qwerty");

define("PI", "3.14",True); // регистрден тәуелсіз

// PІ константасын анықтаймыз

echo ('PASSWORD ');

// PASSWORD сөзін шығарады

echo (constant("PASSWORD")."<BR>");

// qwerty мәнін шығарады

echo (password."<BR>");

/* password сөзі және ескерту шығады, өйткені

регистрден тәуелсіз тұрақты енгізілген болатын */

echo (pi);

// PI регистрден тәуелсіз болғандықтан 3.14 шығады

?>

Осының нәтижесі:

PASSWORD qwerty
Notice: Use of undefined constant password - assumed 'password' in c:\Inetpub\wwwroot\php\primer2-4.php on line 6
password
3.14

PHP құрамында орнатылған тұрақтылар бар:

□ __file__ (екі астын сызу символына дейін және одан кейін) – программа атынан тұрады;

□ __ line__ (екі астын сызу символына дейін және одан кейін) – сол мезетте интерпретатор өңдеп жатқан қатар нөмірін береді;

□ php_os – операциялық жүйенің нұсқасы мен атынан тұрады;

□ php_version – РНР нұсқасынан тұрады.

Мысалы, төмендегі программаны орындасақ:

<?php

echo __FILE__. "<BR>";

echo __LINE__. "<BR>";

echo PHP_OS. "<BR>";

echo PHP_VERSION. "<BR>";

?>

Оның нәтижесі мынадай болады:

Z:\home\localhost\www\vercia.php
3
WINNT
5.3.1

Алғашқы жол сервердегі localhost\www бумасындағы vercia.php файлының орындалғандығын, мәлімет беріп тұрған жол нөмірі 3 екенін және операциялық жүйе мен РНР нұсқалары нөмірлерін беріп тұр.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: