Айнымалылар мен сандар типтері

PHP тілінде сегіз қарапайым айнымалылар типі бар. Солардың ішінде

төрт скалярлық тип:

integer – бүтін (мысалы 1000),

boolean – логикалық (true, false; 1, 0),

float – нақты (жылжымалы нүктелі сан), соңғы нұсқаларда

double – екі еселенген нақты сан (3,14),

string – сөз тіркесі, яғни тіркестік тип ("Алма"),

екі аралас (құрамдас) тип:

array – жиым,

object – объектілі айнымалы(объектіге бағытталған программалауда),

және екі арнайы тип бар:

resource - ресурс

NULL.

Мұнда программалаушы айнымалылар типін енгізбейді. Олар пайда­ланылатын мәніне қарай (контекст бойынша) орындалу сатысында анықталады.

Айнымалыны қолдану үшін меншіктеу арқылы оған кез келген бір мән беру керек, сондықтан айнымалыны алдын ала хабарлау қажет етілмейді, яғни айнымалыға мән меншіктелген сәттен бастап оның типі анықталады.

Айнымалыға мән меншіктеу келесі түрде атқарылады:

$variable= "мән"; $alfa=5.56;

немесе

$variable="өрнек"; $alfa=5.56*$x/1.5;

$number=7; // integer

$number2 = 7.8;// float

$string="Жол"; // $string айнымалысына Жол мәні берілген

$string2='Жол'; // $string2 айнымалысы мәні де Жол

$boolean=true; // $boolean айнымалысы мәні – true

PHP кез келген уақытта өзінде сақтаулы мәліметтерге сәйкес айнымалы типін өзгерте алады.

$var="Жол"; // string типі

$var=7; // енді айнымалы integer типінде

gettype (<Айнымалы_аты>) функциясы айнымалы типін қайтарады (5.7. листинг).

5.5- мысал. Айнымалы типін шығару

<?php

echo "<HTML><HEAD>\n";

echo "<TITLE> Айнымалылар типі </TITLE>\n";

echo "</HEAD> <BODY>\n";

$var=7;

echo gettype($var); // integer

echo "</BODY></HTML>\n";

?>

Мұның жауабы тек integer деген сөз болады.

Сонымен қатар, нақты айнымалылар типін тексеретін функциялар бар:

- isint (<айнымалы>) – егер айнымалы бүтін сан болса true мәнін қайтарады;

- is_integer (<айнымалы>) – егер айнымалы бүтін сан болса true мәнін қайтарады;

- isdouble (<айнымалы>) – егер айнымалы нақты сан болса true мәнін қайтарады;

- is_float (<айнымалы>) – егер айнымалы нақты сан болса true мәнін қайтарады;

- is_string(<айнымалы>) – егер айнымалы сөз тіркесі болса true мәнін қайтарады;

- is_array (<айнымалы>) – егер айнымалы жиым болса true мәнін қайтарады;

- is_object (<айнымалы >) – егер айнымалы объект болса true мәнін қайтарады;

- is_bool (<айнымалы >) – егер айнымалы мәні логикалық болса true мәнін қайтарады;

- isset (<айнымалы >) функциясы көмегімен айнымалының бар екендігін тексеруге болады. Егер айнымалы анықталса true мәнін қайтарады.

Мысал үшін біздің бастапқы программамызды бүкіл әлемге емес, тек бізге ғана сәлем беретіндей етіп өзгертейік.

5.6 мысал. Айнымалының бар екендігін тексеру

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> 4.6 мысал </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

<?php

if (isset($name)) {

echo "Hello, $name";

}

else {

echo "Өз атыңызды енгізіңіз: <BR>\n";

echo "<FORM>\n";

echo "<INPUT type=\"text\" name=\"name\">\n";

echo "<INPUT type=\"submit\" value=\"OK\">\n";

echo "</FORM>\n";

}

?>

</BODY>

</HTML>

Программаны бірінші рет іске қосқанда атын енгізу үшін шақыру пайда болады. Өзіміздің атымызды енгіземіз (мысалы, Бақыт) және ОК шертеміз. Нәтижеде “Hello,Бақыт” сәлем жолы шығады.

Айнымалыны unset () функциясы арқылы жоюға болады.

unset (<айнымалы>);

Бұл функция айнымалы үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеп және енді қажет болмағанда қолданылады. Айнымалыны жою компьютер жадын босатуға мүмкіндік береді.

6 Бүтін сандар типі

Бұлар бүтін сандар жиымындағы мәндерді береді, мысалы:

integer Z = {..., -2, -1, 0, 1, 2,...}

Бүтін сандар ондық, он алтылық және сегіздік жүйелерде алдындағы міндетті түрде көрсетіле бермейтін таңбасын жазу арқылы бейнеленеді (-7; +456; 4589).

Егер сегіздік санды пайдалансақ, бірінші символ 0 (нөл) болуы керек,он алтылық сандарда алғашқы символдар 0x болуы тиіс. Мысалы:

$a = 1234; # ондық сан

$a = -123; # теріс сан

$a = 0123; # сегіздік сан (ондық жүйеде 83)

$a = 0x1A; # он алтылық сан (ондық жүйеде 26)

Мұнда integer типіндегі сандар шамасы компьютер платформасына тәуелді болып келеді, оның ең үлкен (максимал) мәні 2 миллиард шамасында болады (32-биттік таңбалы бүтін сан). PHP тілінде таңбасыз integer типіқолданылмайды.

Егер берілген сан integer шекарасы диапазонынан асып кететін болса, ол float типіне айналып кетеді. Сондай-ақ операцияны орындау барысында да оның нәтижесі integer арнасынан асып кетсе, float типі қолданылады. Сан­ның типін анықтау үшін var_dump() функциясы пайдаланылады.

PHP тілінде бүтін санды бүтін санға бөлу кезінде нақты сан шығады, мысалы, 1/2 = 0.5 болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: