Тіл синтаксисі мен грамматикасы

1 HTML ортасынан PHP тіліне көшу

HTML тілі ортасынан шығып, PHP кодтары режиміне көшу тәсілдері:

1. <? echo("қарапайым әдіс");?>

2. <?php echo("құжаттармен жұмыс істеу кезінде");?>

3. <script language="php">

echo ("FrontPage сияқты кейбір редакторлар осындай

нұсқаларды пайдаланады");

</script>;

4. <% echo("ASP-тәгтері бар парақтарды құру кезінде өзара сәйкестік

үшін "); %>

Бұлардың тек екеуін (<?php...?> және <script language="php">... </script>) кез келген уақытта қолдануға болады, қалғандары сервер ерек­шеліктеріне қарай кейде орындалмайды.

Көптеген программалау тілдері тәрізді PHP тілі де программаның басын және соңын белгілеп отыратын таңбаларды қолданады, яғни PHP кодының басы мен соңын белгілейді. Олардың мұнда, PHP тілінде төрт нұсқасы қол­да­нылады:

1. Бірінші нұсқа, стандартты тәгтермен қоршау тәсілі:

· бастапқы тәг – <?php

· соңғы тәг –?>

Бұл нұсқа жиі қолданылады, кез келген серверде оның параметрлерінен тәуелсіз осы нұсқа жұмыс істей береді. Біздің мысалдарда осы нұсқа қолда­нылады. Қалған тәсілдер үшін сервер басқарушыларының РНР-ге арналған арнайы параметрлерін енгізу қажет.

2. Екінші нұсқа, қысқартылған тәгтерді қолдану:

· бастапқы тәг – <?

· Соңғы тәг –?>

3. Үшінші нұсқа тәгтері asp ортасы стилінде берілген:

· бастапқы тәг – <%

· соңғы тәг– %>

Бұл екеуі серверде арнайы параметрлер арқылы рұқсат беруге байла­ныс­ты жұмыс істейді, егер керекті параметрлер орнатылмаса, програм­ма іске қосылмай қалады.

1. Төртінші нұсқа:

· бастапқы тәг – <script language="php">

· соңғы тәг – </script>

Бұл нұсқа да әмбебап тәсілдерге жатады, кез келген серверлерде іске қосылады.

PHP файлдарының кеңейтілуі, яғни типі php немесе phtml болуы тиіс, соңғысы кейде іске қосылмауы да мүмкін. Кейбір серверлер ерекшеліктеріне байланысты басқа типтер де қолданыла береді, оны тек провайдер арқылы білуге болады. Біздің мысалдарда *.php кеңейтілуі қолданылады.

Әрбір оператор С тіліндегідей түрде (;) символымен аяқталады.

Жабылатын тәг те (?>) сол сияқты оператордың аяқталғанын білдіреді, сондықтан келесі нұсқалар бірдей болып саналады:

<?php echo "Бұл мәтіндік жол";?>

<?php echo "Бұл да мәтіндік жол"?>

2 Түсініктемелер беру

PHP тілі C, C++ тілдеріндегі және де Unix ортасындағы комментарийлерді (түсініктемелерді) қолдана береді. PHP-де түсініктемелердің үш түрі бар:

- жол соңында екі слэштен кейін түсініктеме жазылады (// түсініктеме), мысалы:

<?php

echo "Бұл мәтін"; // С++ тіліндегідей түсініктеме

?>

- хэш символы арқылы жазылатын түсініктеме (# – тор перне арқылы), мұндай түсініктемелерді циклдер мен жиымдар (массивтер) ішіне пайдалануға болады.

- бірнеше жолдан тұратын түсініктеме – слэш пен жұлдызшаның қатар­ласып келуімен басталып (/*), солардың кері реттілікпен орналасуы (*/) арқылы аяқталады.

/* Бұл көп жолдық комментарий (С тіліндегідей)

Бұл оның тағы бір жолы */

Соңғы нұсқаны жиі пайдалану қажет емес, өйткені ол кейбір жағдайларда программаның орындалуы кезінде қате беруі мүмкін.

Мысалдар. Енді біз PHP тілінде алғашқы программа жазайық. Әрине, программа жазу ортасында қалыптасқан салт бойынша, ол "Сәлем, әлем!" деген мәтінді шығаратын нұсқау болып табылады. Келесі кодты теріп, оны example1.php файлына жазып қояйық:

<?php
print "Hello, world!";
?>

РНР тілін іске қосып, браузерде осы файлды адресі бойынша шақырғанда, мысалы төмендегідей түрде:

http://localhost/example1.php

браузер экранына ағылшын тіліндегі Сәлем, әлем сөзі қос тырнақшасыз шығады.

Экранға мәлімет шығаратын print операторының басқа да бір нұсқасы бар, ол: echo();

Мұнда жақша қою міндетті емес, бірақ print және echo функциялар болып табылады, сондықтан анықтамалықтарда жақша қою керек деп айтылады. Сонымен, нәтижені екі оператор көмегімен шығаруға болады:

- echo – "Hello, world" тіркесін шығару үшін қолданғанбыз;

echo "Hello, world";

- print – бұл оператор Perl тілінде қолданылады.

print "Hello, world";

Қандай оператор қолдануды өзіміз таңдаймыз.

Енді осы мысалды HTML-тәгтерін қоса отырып шығарып көрейік.

5.1- мысал. HTML-тәгтерін PHP көмегімен шығару

<?php

echo "<HTML>";

echo "<HEAD>";

echo "<TITLE> 4.1 мысал </TITLE>";

echo "</HEAD>";

echo "<BODY>";

echo "Hello, world!";

echo "</BODY>";

echo "</HTML>";

?>

Мұның да нәтижесі де Hello, world! сөзі болып табылады.

Ал егер осы кодтардың мәтінін экранға шығарғымыз келсе, онда “ < ” және “ > “ таңбалары орнына сәйкесінше < және >таңбаларын теруіміз керек. Сонда программа коды төмендегідей болады:

echo "<HTML&gt";

echo "<HEAD&gt";

echo "<TITLE>4.1 мысал </TITLE&gt";

echo "</HEAD&gt";

echo "<BODY>";

echo "Hello, world";

echo "</BODY&gt";

echo "</HTML&gt";

Осының нәтижесінде келесідей бастапқы кодты аламыз:

<HTML><HEAD><TITLE> 4.1 мысал </TITLE></HEAD><BODY> Hello, world</BODY></HTML>

Көріп тұрғанымыздай, барлық код бір қатардың бойында орналасады. Әрбір тәгті бөлек қатарларда шығару үшін келесі қатарға көшу символын қосамыз (<BR>). Unix жүйесі үшін \n символы қолданылады. Windows операциялық жүйесінде келесі қатарға көшу символы екі символ \r\n комбинациясынан тұрады.

5.2- мысал. HTML-тәгтерін жеке-жеке жолдарға шығару

<?php

echo "<HTML><br>";

echo "<HEAD>\r\n";

echo "<TITLE>4.1 мысал </TITLE><br>";

echo "</HEAD><br>";

echo "<BODY> \r\n";

echo "Hello, world \r\n";

echo "</BODY><br>";

echo "</HTML&gt";

?>

Енді әрбір тәг өз қатарында шығады.

Бұл мысалдан HTML тілі мен РНР кодтары араласып қолданыла беретіні көрініп тұр, тек қос тырнақша таңбасын қолдану тәсіліне назар аудару қажет.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: