Сай-сайлап, мал айдап, 2 страница

3. Данилевский Н. Я. Россия и Европа. М., 2003. Савицкий П.Н. Евразийство.// Основы евразийства – М., 2002. – С.280.32. Савицкий П.Н. Географические и геополитические основы евразийства // Основы евразийства – М., 2002. – С.298-299.

Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Данилевский Н.Я. Россия и Европа: Взгляд на культурные и политические отношения славянского мира к германо-романскому. СПб., 1871. 2. Данилевский Н.Я. Сборник политических и экономических статей. Спб., 1890.

Дәріс 6.

Г.В. Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы.

Н.С. Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясы қалыптасуына қосқан үлесі

Мақсаты: Еуразияшылдық идеясының негізін салушылар- Н.С. Трубецкой Г.В. Вернадскийдің теориялық-тұжырымдамалық еңбектерін қарастыру.

1. Г.В. Вернадскийдің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі.

2. Н.С. Трубецкойдың өмірі және ғылыми еңбектері.

Негізгі түсініктер: этнография, түрік мәдениеті, еуразияшылдық идея

1. Вернадский Георгий Владимирович-1888-1973 жж. – белгілі орыс және американ тарихшысы, атақты ғалым В. И. Вернадскийдің ұлы. Мәскеу №5 гимназиясында оқыған. 1905 жылы Мәскеу университетіне түскен. Алайда 1905 ж. революциясы басталған кезде ол оқуын тастап, Германиядағы Фрайбург және Берлин университеттерінде оқуын жалғастырған.

1910 ж. Мәскеу университетіне қайтып келіп, ұстаздық қызмет атқарған. Бірақ 1911 жылы «Кассо ісі» бойынша Мәскеу университетінен шығып, Санкт-Петерборға кетеді. 7 жыл бойы Петербор университетінде дәріс оқып, «Русское массонство в царствование Екатерины ІІ» атты магистрлік диссертация қорғаған. Азамат соғыс жылдарында (1917-1920 жж.) Пермь, Киевке, Симферопольде оқытушы болған.

1920 жылы эмиграцияға кетіп, Константинополь, Афина, Прага, Карлова университетінде орыс заң факультетінде оқытушы қызметін атқарған.

1927 жылы Йель университетіне АҚШ-қа (Нью-Хейвен, Коннектикут штаты) шақыртылады. 1946 жылы осы университет Ресей тарихы профессоры атағы беріледі. 1956 ж. зейнеткерлікке шыққан.

Еңбектері:

«Русское массонство в царствование Екатерины ІІ»;

«Очерк истории права Русского государства ХҮІІІ-ХІХ вв.» Прага: Пламя, 1924;

«Русская история», М.: «Аграф», 1996;

«Древняя Русь»;

«Россия в средние века Тверь», Тверь-М.: «Леан», «Аграф», 1997

«Русская историография»;

«Московское царство»;

«Монголы и Русь. Тверь-М.: «Леан»; Аграф», 1997.

2. Трубецкой Николай Сергеевич 1890-1938 жж.- шетел орыстарының әмбаба ойшылдарының бірі, ірі лингвист, филолог, тарихшы, саясаттанушы.

1890 ж. Мәскеуде Мәскеу университетінің ректоры отбасында дүниеге келген. Әкесі атақты профессор, филолог С. Н. Трубецкой. Бұл отбасы ерте кездегі князь Гедиминович әулеті ұрпақтарынан. Отбасы жағдайы оның ерте уақыттан ғылыммен айналысуына ықпал еткен. Гимназияда оқи жүргенде этнография, фольклористика, тілтану, тарих және философиямен айналысады.

1908 жылы Мәскеу университетінің тарих-филолог факультетіне оқуға түседі. Осы кезде, сондай-ақ, философиялық-психологиялық бөлім және батыс еуропа әдебиет бөлімдері сабақтарына қатысқан.

1912 ж. салыстырмалы тіл оқыту мамандығы бойынша тәмәмдап, университет кафедрасына қалдырылады. Лейпцигте младограмматикалық мектеп доктринасын оқыған. Мәскеуге келген соң, Солтүстік Кавказ фольклоры, фин-угор тілі және славян тілдері мәселелері бойынша мақалалар жариялаған. Мәскеу лингвистикалық үйірмесі мүшесі болған. Онда болашақ еуразиялық тақырыбына жақын. Халықтану, этнография, мәдениет тарихы зерттеген.

1917 жылы табысты университетінде еңбек үзіліп, ол Кисловодске кетеді, біраз уақыт Ростов университетінде оқытушылық қызметін атқарған. Праславяндар Батыстан гөрі шығыспен жақын болды деген қағиданы ұстанған.

1920 ж. Болгарияға кеткен. Мұнда София университетінде профессор болған. Осы жылы «Еуропа және адамзат» деген әйгілі еңбегін шығарады. Еуразиялық идеология жасалады.

Осы кезде Трубецкойдың ғылыми қызметі екі бағытта дамыды:

1) таза ғылыми, филологиялық, лингвистикалық мәселелерге арналған. Прага үйірмесі, Венадағы зерттеулері;

2) Мәдени-идеологиялық, еуразиялық қозғалысна байланысты зерттеулер жүргізген.

Трубецкой П. Н. Савицкий және П. П. Сувчинский, г. В. Фроловскиймен пікірлес болған. Өмірінің соңғы кезін Венада өткізген. «Евразийский временник» журналында мақалалар жариялаған. Вена университеті славистика профессоры болды. Австрияны фашистер басып алған кезде оны бірнеше рет гестапо тергеуге алады. Оның қолжазбалары тәркіленіп, жойылған.

Л.Н. Гумилевке П. Н. Савицкийдің берген ақпараты бойынша Трубецкой князь, ақсүйек болуы себепті тұтқындамаған. Жиі тінту жасалуы Трубецкойдың жүйкесін тоздырып, соңында инфаркт миокардқа ұшыратып, 1938 жылы 48 жасында қайтыс болады. Еңбектері: « Европа и человечество»;«Наследие Чингисхана»;«Об истинном и ложном национализме»;«О туранском элементе в русской культуре»

Әдістемелік нұсқаулар: Г.В. Вернадскиймен Н.Трубецкойдың ғылыми қызметін қарастырғанда еуразияшылдық идеясының мән-маңызына ден қою керек.

Әдебиеттер тізімі:

1..Вернадский Г. В. «Монголы и Русь. Тверь-М.: «Леан»; Аграф», 1997 2.Вернадский Г.В. Опыт истории Евразии с половины VI века до настоящего времени. Берлин, 1934. 3. Трубецкой Н.С. Наследие Чингисхана//Европа и человечество. –М., 2000 г. – С.88-90.

Дәріс 7.

Л.Н. Гумилевтің түркі көшпелі өркениетінің ерекшеліктері

мен еуразияшылдық идеясын дамытудағы рөлі

Мақсаты: Л.Н.Гумилевтің өмір жолы мен ғылыми-шығармашылық қызметін, атап айтқанда, оның еңбектеріндегі түркі тарихының мәселелерін, пассионарлық теорияның тарихи маңыздылығы мен еуразияшылдық идеясына қатысты қызметін қарастыру.

1. Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі түркі халқы тарихының зерттелуі.

2. Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдық идеясын қалыптастыруға

қосқан үлесі.

Негізгі түсініктер: Этногенез, пассионарлық теория, көшпелі өркениет

1.Лев Николаевич Гумилев (1912 -1992 жж.) – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу нысанасы- Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л. Н. Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы-зерттеуші.

Л. Н. Гумилев бар ғұмырын Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихын тереңнен зерттеп-зерделеуге арнаған болатын.

Ол «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғағаны мәлім. Тұтқында жүргенде «Хунну» (1960) кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды. Сондай-ақ, оның «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970) атты еңбектері бар. Алғашқы екі кітабында Л. Н. Гумилев Ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын-ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген.

60-70 жылдарда Л.Н. Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды.

Л.Н. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) атты зерттеу жұмысында толық айқындалған. Оның тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) деген еңбегі болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Л.Н. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады.

Л.Н.Гумилевтің көне түріктер тарихына арналған кандидаттық және докторлық диссертациялар негізге алсақ, ол – тарихшы‑шығыстанушы. Сонымен қатар Лев Николаевичті түрколог ретінде тануға болады, алайда бұл мамандық түркі халықтарының тілі мен әдебиетін зерттейтін филологиялық, лингвистикалық бағыт болып табылады, ал бұл Л.Н.Гумилевтің ғылыми қызығушылығымен мүлдем сәйкеспейді. Оның шығармашылығын жинақтай келгенде, біз оның белгілі бір шығыс тілінің, аймағының немесе кезеңінің шеңберіне сыймайтын – шын мәніндегі еуразиялық масштабтағы ғалым екендігін мойындауымыз керек.

Л.Н.Гумилев – энкциклопедист, жалпы тарихтың білгірі. Ғұндар мен көне түріктерді оқу арқылы ол уақыт өлшемі бойынша кейінгі орта ғасырды зерттеді. 1930 жылдар мен 1990 жылдардың басына дейінгі аралықтағы оның ғылыми зерттеулерінің пәні тек бір ғана этникалық топ емес, тұтас Еуразия халықтары болды.

Л.Н. Гумилев Еуразияның дала халықтарының алдымен саяси, одан кейін этникалық тарихын зерттеу арқылы дәстүрлі филологиялық немесе әлеуметтік‑экономикалық шығыстану ғылымының шеңберінен шығып кетті. Ол кез келген ғалымның бағына бұйырмайтын аймақтық (еуразиялық) тарих деңгейіне, содан барып әлем тарихының концептуалды деңгейіне көтерілді.

Л.Н.Гумилевтің тарихшы ретіндегі тағы бір ерекшелігі оның бір жағынан ғұндардың, түркілердің, хазар мен монғолдардың тарихын зерттеуімен қатар, екінші жағынан өзінің жеке этнология нұсқасын, оның ішінде этногенез теориясын жасауы.

Л.Н.Гумилев мұрасы – 1960-1980 жылдары өзінің еуразияшылдығын жарнамаламаған, бірақ еуразияшылық идеясының ғылыми негіздемесіне қомақты үлес қосқан еуразияшыл-ғалым.

Жалпы алғанда, оның мұрасы қоғамдық-саяси ойлаудың тиімді бағыты ретінде терең негізделген еуразиятанушылық болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуразия университетіне 1994 жылы Лев Николаевич Гумилевтің атын берді.

Мемлекет басшысы – Қазақстанның ұлттық өрлеуінің және еуразия идеясының қолдаушысы. Қазақстан үшін Елбасының Еуразия халықтарының бірлігі контексіндегі түркілер мен славяндардың өзара қарым-қатынасы мәселесі бойынша, түркі-монғол әлемінің тарихын тану бойынша жұмыс істегені аса маңызды болып табылды.

2. Л.Н.Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды.

Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевқа былай хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылық сезіледі.

Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы ірі жетістігі, бұл оның пассионарлық идеяся мен этногенез теориясының негізін салуы. Ол «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс»- деген тұжырым жасаған болатын. Л. Н. Гумилевтің пайымдауынша ғарыш Жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады. Пассионарлықтың осылайша ағылуы ұлттар (этностар) мен өркениетті (супер этностарды) туғызады.

Л. Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. 1992 жылы берген соңғы сұхбатында Л.Н. Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысын былай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил». Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы орайда Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н. Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес болып келеді.

Әдістемелік нұсқаулар: Л. Гумилевтің алғашқы ғылыми ізденістеріне тоқталған кезде оның өміріне қатысты тұстарды арнайы қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1967.

2. Гумилев Л.Н. Хунны в Китае. Москва,1974.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Гумилев Л.Н. От Руси к России. Москва,1992.
  2. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. Москва,1992.
  3. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Ленинград, ЛГУ, 1989.

Дәріс 8.

О. Сүлейменов еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы

Мақсаты: О. Сүлейменов өмірі мен творчестволық қызметін қарастыру.

1.О. Сүлейменовтың түркі өркениетіне қатысты іргелі еңбектері.

2.«Аз и Я» еңбегіндегі еуразияшылдық идеясы.

Негізгі түсініктер: Славян, түркі халықтары, орхон-енисей жазбалары

1. Олжас Сүлейменов- көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі дипломат әрі саясаткер, әлемдік тұлға, ұлттардың дәнекері, белгілі ақын. Ол 1936 жылы 8 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін 1950 жылы бітірген. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының аударма бөлімінде оқыған. Олжас Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлік-редакция алқасының бас редакторы болып қызмет істеген. 1983-1991 жж. Қазақстан жазушылары Одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қаз КСР-і Жоғары кеңесінің Х, ХІ шақыртылымдарының депутаты, КСРО Халық депутаты болған.

1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты. 1995 Италияда, 1996 жылдан Грекия Республикасы мен Мальта республикасында Өкілетті және Төтенше елшісі болды.

Оның тұңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті. Сондай-ақ, оның "Нұрлы түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964), "Мешін жылы" (1967), "Қыш кітап" (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты (1986).

1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. "Арғымақтар" және "Адамға табын, жер, енді" атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі.

1975 жылы О. Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» зерттей келе, өзіндік ғылыми тұжырым жасады. Яғни, бұл жырдың түркі және славян мәдениеттерінің өзара ықпалы нәтижесінде туған шығарма екенін дәлелдеді. Кеңес идеологтары О. Сүлейменовтың тұжырымдарын пантюркистік және орыс мәдениетіне қарсы жазылған ұлтшылдықтың көрінісі деп айыптады. Мұны автордың өз сөзімен айтқанда: «Кейбір өркөкірек, ұлттық намысы қозғыш шамшылдарға қатты батқаны: көне орыс ескерткіштеріне басқа ұлт өкілінің талдау жасап, пікір айтуы. Олардың ойынша мұндай зерттеу, мұндай пікірді, әсіресе славян түркі халықтарының көне мәдениеті және олардың өзара қарым-қатынасы туралы әуелгі пікірді басқа ұлттың өкілі емес, тек орыс халқының өкілі ғана болатын». Дәл сол кезде «АЗ и Я» кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық қысым жағдайына түсті. Ал шын мәнінде Олжас Сүлейменовтың өз айтуынша: «Мен “Аз и Я” кітабын жазуға Дала мен Русьтің тарихы ежелден қойындасып кеткенін, екі елдің тарихтың ұзына бойында негізінен жа­қын­дасумен, бауырласумен өткенін, ха­лықтардың тіпті тілдері араласуға дейін жеткенін дәлелдеу үшін кірістім. Тіл деген тарихи ақпа­раттың ең бай қоймасы. Мәдениеттердің өзара жақындасуының ең толық суретін біз тілден таба аламыз. Түріктің “товарищ” деген сөзі орысқа ауысқаны бекер деуге бола ма? Ұрыс кезі­нен “ура” сияқты сөздер ғана ауысады. “АЗ и Я” кітабының ел назарын ерекше ау­дар­ғанының басты себебі – менің “Игорь жасағы жайындағы жыр­дың” ең алғашқы қостілді оқырманы бол­ғандығымнан. Мен сізге бір-ақ мысал келтірейін. Жырда “Се уримъ кри­чатъ подъ саблями по­ловецкыми” деген жол бар. Монолингвист аудар­машылар оны “се у Римъ” деп оқыған. Сонда немене, Кончак қыпшақтары Римге дейін барған ба? Енді Русь жерінен Рим деген қала іздей бастаған. Одан кейін Мәскеуді кезінде “третий Рим” деп атағанын еске түсір­ген. Одан да болмаған соң Переяслав князді­гін­дегі Римов деген қаланы еске түсірген. Ал енді қос тілді оқырманның көзімен қарасаңыз бәрі оп-оңай орнына келе қалады. “Уримъ” – кәдімгі түркі сөзі. Әйелдің өрім шашы. Қыпшақтар Игорь жорығынан кейін Руське қайта шапқанда әйелдердің ша­шын кескен, сөйтіп қорлаған.

Талайлар менің түпкі ойымды тым қарабайырлатып түсіндіреді. “АЗ и Я” кітабы тап бір “Игорь жасағы жайындағы жырды” қазақ жазған деп дәлелдейтіндей айтады. Бұл – күлкілі нәрсе. Мен ол жырды қос тілді меңгерген адам шығаруы, нақты айтқанда, түркі тілдерін де білетін орыс адамы шығарған болуы мүмкін деймін. Тап-таза тілді табу мүмкін емес. Корей тілінің 75 пайызын қытай сөздері, француз тілінің 25 пайызын араб сөздері құрайды екен. Солардың соған намыста­нып жатқанын естіп көрмеппін. Ал өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы ұлыдер­жа­ва­лық өркөкіректік орыс тіліне түркі сөздері араласқан дегеннің өзін кешіре алмады. Өркен жайған мәдениет – өзгелермен ұдайы, жүздеген жылдар бойы араласып-құраласудың жемісі. Сөз алмасу деген тілдің кедейлігінің белгісі емес, бұл оның даму үстіндегі тіл екендігінің белгісі.

Мәдениеттің ең басты құрамдас бөліктері қатарында поэзия мен музыка аталуға тиістігі талассыз. Бұл талассыз болса, онда түркі халықтарының дәл осы поэзия мен музыкада ешкімге дес бермейтіндігі тіпті талассыз. Өмір сүру салтына байланысты айтсақ, мысалы, ең таза музыка ХІХ ғасырға дейін көшпелі өмір салтын сақтап келген халықтарда екендігі даусыз. Ал отырықшылыққа ауысқан түркі халықтарында музыка көбіне сөздің немесе бидің сүйемеліне айналып кеткені белгілі. Көп нәрсе қалай түсіндіруге байла­ныс­ты. Батыстағы әдебиетте ғұндар талай уақыт бойы жабайылықтың баламасындай болып бейнеленді. Ақиқатында сол замандағы герман тайпалары әлеуметтік, мәдени дамуы жағынан Еуропаға келген ғұндардан көп төмен тұрған. Германдық­тар ғұндардан тұтас дүниетаным жүйе­лерін қабыл алған. А.Плетнева сияқты­лардың көшпенділерге мәдениет жат деген сөзінің түкке тұрғысыз екендігін тек Эрмитаждағы скиф алтын өрнектері-ақ даусыз дәлелдей алады. Ал олар клас­сикалық көшпенділер ғой.

Көшпенділер сөздің толық мағына­сында мемлекет құрмаған деген ғылыми негізсіз тұжырымдама десе де болады. Әдеби жазба тіл – мемлекет­тіліктің басты белгісінің бірі. Орхон мен Енисей бойларында сонау VІІІ ғасырда тасқа қашалған жазулардың тілі ғажап дүние. Әрі икемді, әрі қуатты тіл, ең кернеуі мол сезімдерді, поэтика­лық ойдың ең нәзік нақыштарын жеріне жеткізіп айта білетін тіл. Еуропа мен Азиядағы талай отырықшы халықтар ол заманда мұндай байлыққа қол жеткізбеген болатын. Көшпенділер тіпті сол Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе жасамаған болса да, әлем мәдениетінен ойып тұрып өз орнын алар еді.

Ежелгі түрік тілі Орхон-Енисей мәтін­дерінде ғана, басқа мәтіндер жоқ, ал бұл мәтіндер оғыз-қарлұқ тілдерінің нормаларына сай деген ұғым бар. Түркологиядағы догмалардың біреуі осы. Кейбіреулер осыдан шығарып, ол заманда қыпшақ тілдері болмаған деуден де тайынбайды. Олар қыпшақ тілдері оғыз тармағынан өрбіген дегенді айтқысы келеді. Сонда қыпшақ тілдерінің жасы біздің заманымыздың орта ғасырларынан бері қарай есептелетін болып шығады. Ал дұрысында, қыпшақ және оғыз тілдерін салыстырып қарасаңыз, ежелгі оғыз тілді жәдігерліктерден ап-айқын кипчакизм­дерді көресіз, олар грамматикадан да, лексикадан да танылып тұрады, мұның өзі екі тілдік бұтақтың да орхон-енисей жазбаларынан көп бұрын болғанын әрі бір-бірімен байланыстылығын айқын­дайды.

Әдістемелік нұсқаулар: Олжас Сүлейменовтің еңбектерін қарастырғанда ондағы еуразияшылдыққа қатысты жақтарын айқындау.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Сүлейменов О. «И в каждом слове улыбался бог» (Избранные стихи Сулейменова), Алматы, 2011.

2. Сүлейменов О. «Глиняная книга», Алматы, 2011.

3. Сүлейменов О. «АЗиЯ», Алматы, 2011.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Сүлейменов О. «Атамзамангы туркiлер» (Происх. древнетюркских языков, письменностей), Алматы, 2011.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: