Сай-сайлап, мал айдап, 4 страница

ТМД елдеріндегі ахуал 1996-1997 жылдары қарама-қайшылықтарға толы болды. Соған қарамастан, нақ 1997 жыл Қазақстанның ұлттық- мемлекеттік болашағын, өзіндік стратегиясын ұғынуда табысты жыл болды, сондықтан да – еуразиялық тұжырымдаманы зерттеп білуде жаңа қадам жасалынды.

2. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауында көрсетілгеніндей: еліміздің мүмкіндіктерін пайдалануымыз қажет, сондай мүмкіндіктердің бірі «біздің еуразия аймағындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан жағрафиялық жағдайымыздан шығады», және бұны «ғаламдану үдерісі... шешуші факторлардың бірі ретінде алға шығарды». Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы сауда-саттық Жібек Жолы арқылы жүргізілген болса, тағы бір басы ашық мәселе, «болашақта да сауда, қаржы ағымы жүйелері және Еуропа мен Азия арасындағы көші-қон барған сайын күшейе түспек. Тек осы себепке байланысты, - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті, – басқа да көптеген саяси тұрақтандырушы факторларды айтпағанда, мен еуразия идеясын алға шығардым, оның стратегиялық болашағына сенімдімін».

Маңызды мәселе, Н.Ә. Назарбаев еуразиялықтың мән-мәтінін кеңейте түсті – енді еуразияның келелі мәселелер жиынтығы ТМД елдерін қамтып қоймай, Еуропа мен Азияның өзара әрекеттестігін де қамтыды. Қазақстан Президенті «Еуразия құрлығында түгелдей тату көршілік, сенім арту қатынастары» орнатылуы қажеттілігі туралы мәлімдеме жасады. Қорытындысында, Қазақстан «әлемдік оқиғалардың көш соңында қалып қоймайды», керісінше, Қазақстан «Еуразияның белортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың – Қытай, Ресей және Мұсылман әлемдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекершілік ролді атқарады». Еуразиялықтың мән-мағынасын түсіндіруде аса маңызды – приципті және жаңашыл – қадам, яғни, Қазақстанның XXI ғасырда жүретін жолына сәйкестігі туралы 1997 жылғы Жолдауында айтылды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей әр түрлі жол бар: батысеуропалық, шығыс азиялық, ресейлік, жаңатүркілік.

Елдің нышаны ретінде қар барысын таңдай келе, Н.Ә. Назарбаев былай дейді: Азиялық жолбарыс тұқымдас бола тұра, Қазақстан Барысының «өзіндік ерекшелігі бар» - ол ең үздік ұлттық, батыстық және шығыстық сапаларға ие болуы тиіс. Қазақстан Барысының мұндай сапалық үйлесімі, Қазақстанның «еуразиялық ел» ретіндегі қасиетті нышандардың тоғыстырылуы еді.

Сонымен, Еуразиялық жоба және кең мағынадағы еуразиялық – доктриналық (ілімдік) деңгейге тұжырымды көтерді.

Әдістемелік нұсқаулар: Елбасының еуразияшылдық жобасының мәнін ашып көрсетуде посткеңестік кеңістіктегі саяси жағдайды ескеру керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан-2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы, 1997.

2. Назарбаев Н. Ә. Тарих толкынында. Алматы. 1999.

3. Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы: «Атамұра», 2003.

4. Назарбаев Н. Ә. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстандық жол. Алматы, 2007.

2. Назарбаев Н. А. Евразийский Союз: идей, практика, перспективы 1994-1997. Москва; Фонд содействия развитию социальных и политических наук, 1997. 480 с.

Дәріс 10.

ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара

ынтымақтасу ҮДЕРІСІНДЕГІ еуразияШЫЛДЫҚ

идЕясының орны және маңызы

Мақсаты: ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызын айқындау.

1. ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызы.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия доктринасының жаңа кезеңі.

Негізгі түсініктер: Еуразиялық ықпалдасу, жаһандану, интеграция, Еуразия кеңістігі

1. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы еуразиялықтың теориялық және практикалық дамуының жаңа кезеңі болды. Бірақ та 2000-шы жылдардың алдында бағыт бірмәнді болмады. 1999 жылдың қазан айында («Тәуелсіз газеттің» бас редакторы В.Т. Третьяковқа берген сұхбатында) Н.Ә. Назарбаев бұрынғыша «көптеген посткеңестік мемлекеттер үшін жергілікті міндеттерінің жалпы немесе жақын геосаяси және экономикалық кеңістік контексінде өздерінің тарихи болашақтарын жүйелі көруден басым екендігін көрсетеді. Шындығында көбі Ресейдің бағытына тәуелді, сондықтан Қазақстан оны «бос, әлсіз және тұрақсыз емес, аяғына нық тұрған түрінде көргісі келеді. Бұл үшін ең жақсы жол – халықты ұйымдастыра алатын елдің зиялы күштерін, парасатты және табанды лидерлерін біріктіру. Еліміздің басшысы мен Ресей халқының көрегендігіне, оның сондай лидерлерді ұсына алатын қабілетіне сенемін» деді.

Ресейді Б.Н. Ельциннің басқару кезеңі аяқталды, 2000-шы жылы президенттік сайлау алда тұрды және сөз жоқ Н.Ә. Назарбаев оң бетбұрыс болатынына сенді. Сондықтан сұхбаттың соңында Қазақстан Президенті «Халықтың игілігіне жұмыс істейтін, сенімділік негізінде елдерді шынында да біріктіретін бірлестік ретінде, болашақта мемлекеттердің Еуразия одағы идеясына біздің қайта оралатынымызға сенемін. Және бұл одақ бүгінгі Еуропалық одақ сияқты Еуразия халықтары сүйсінетін одақ болады» деді.

2000 жылы ақпан айында, енді Ресей Президенті міндетін В.В. Путин атқаратын жаңа жағдайда, Н.Ә. Назарбаев «Независимая газета» да еуразиялықты өзінің қалай түсінетінін бұрынғыдан да тереңдетіп, мәнін қайтадан ашты: «Реализмнің негізінде қала отырып...тарихтың өн бойы біздің ортақ территориямызда руханиятының қабылдауының, болмысының, тәжірибесінің ұқсастығы анықталған ерекше өркениетті типтің қалыптасқанын лақтырып тастауға болмайды. Біздің еуразиялықты оқып шығумыз конъюнктурлық геосаяси шайқалуды болғызбайды және тарихтың тұңғиық логикасын есепке алады. Біз біздің халықтарымыздың мәдени-тарихи жақындығын негізге аламыз». Мұндай тарихи-мәдени (Л.Н. Гумилев рухында) еуразиялық- негіздірек, іргелірек, екінші жағынан, ағымды саяси шайқалудан тәуелсіз. Осындай бағытты айта отырып, Н.Ә. Назарбаев қазіргі еуразиялықты пайымдау, негіздеу жолында, тек қана ықпалдасу конъюнктурасынан шықпайтын тағы бір маңызды қадам жасады.

Еуразиялықтың аймақтық аспектісі шындығында сақталады, себебі «қазіргі кезең – Президент айтқандай, - жалғыздың уақыты емес». Жаңа шақырулар мен қауіп-қатерлер шешілмеген мәселелерге сеніп, «бізге біздің басымыздың бірікпейтінін қаншалықты өнімсіз және жақыннан көретінін қайтадан көрсетеді. Соныменен, 2000 жылы Қазақстан Президенті өзінің ықпалдасқан еуразиялық жолды ұстайтынын нақтылайды, оның түсінігін тарихи-мәдени тұрғыда тереңдетеді, еуразиялық өзара әрекеттің жаңа кезеңіне кірісу қажет деп есептейді.

Дегенменен, ықпалдастық біржақты болмайды, сондықтан мұндай бетбұрыс үшін аймақтық мәселеге, «еуразиялық» ұғымның өзіне Ресейдің жаңа көзқарасы қажет болды. Ресей Федерациясының жаңа Президенті В.В. Путин ішкі саяси жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының Президентімен кездесуге сындарлы түрде барды. 2000 жылы Кедендік одақты құруға талпыныс толыққанды халықаралық ұйымды құрмай тиімді емес екендігі түсінікті болғанда, жаңа ұйымды сапалы тұжырымды белгілеуде, терең мағынасы бар географиялық термин-«Еуразиялық экономикалық қауымдастық» деген атау қабылданды. 2000 жылы 10 қазанда «Еуразиялық» ұғым қазіргі саяси тілдегі негізгі ұғымдардың қатарынан жоғары деңгейде өзінің заңдылығына ие болды.

2. Халықаралық-құқықтық жағынан «Еуразиялық экономикалық қауымдастық», бұл «Мемлекеттердің Еуразиялық одағы» емес, бірақ мұндағы ұғымдардың, тұрғылардың және мақсаттардың сабастастығы даусыз. Маңыздылығы сол, «еуразиялық» ықпалдастықтың бұл заңдастырылуы Қазақстанның жаңа астанасы – Астанада өтті. Осының бәрі Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық жобасының әуелі бастан негізділігін және дұрыстығын куәлайды.

2001-2002 жылдар Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасының дамуының жаңа кезеңі болды, онда мәдениет пен өркениеттің диалогының «ғаламдық» тақырыбы өзінің орнын алды. Қазақстан Президенті 1-ші Еуразиялық медиа-форумды аша отырып «Біз Батыс пенен Шығыстың бір-бірімен кездесуге деген қозғалысында ғана емес, сондай ақ, осы уақытта және осы құрлықта ашықтықтың жаңа философиялық негізін және өркениеттің ынтымағында қалыптастыруда бізге байланыстының бәрін жасауымыз тиіс» екендігін айтты. Саяси жағынан 2001-2002 жылдары Қазақстан мен Ресейдің арқасында тек қана «азияттық» емес, шын мәнінде «еуразиялық» бірлестік болған ШЫҰ және СВМДА сияқты жаңа халықаралық құрылымдардың іс-әрекеттерінің басталуының маңызды мәні болды.

2004 жылы, Еуразиялық бастаманың 10-жылдығында Н.Ә. Назарбаев өз қорытындысын жасады және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде екі мәрте өткен халықаралық ғылыми форумда сөз сөйледі (2 сәуірде –«Еуразиялық: идеядан практикаға» атты ғылыми конференцияда және 19 маусымда – «Еуразиялық ықпалдастық: қазіргі даму бағыттары және ғаламданудың шақыруы» атты форумда). «Он жыл бұрынғы Еуразиялық одақтың жобасын ұқыпты оқып шығу үлгіге салынған өзара тиімді экономикалық мүдденің қағидалары, ықпалдасудың әр түрлі деңгейлері және әртүрлі қарқыны, аймақтық қауіпсіздік және еріктілік ұлттық егемендікке ешқандай қауіп-қатер төндірмейтініне және жаңа жүзжылдықтың міндеттеріне барынша сай келетініне иландырады» – деді Н.Ә. Назарбаев 2 сәуірде.

Әсіресе 2004 жылы 19 маусымдағы халықаралық форум есте қаларлықтай болды, онда алты елдің – Қазақстан, Ресей, Белорусссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения президенттері сөз сөйледі. 2006 жылы 26 мамырда Қазақстан Президенті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттер алдында тағы да сөз сөйлеп және «Еуразиялық – бұл ХХІ ғасыр идеясы. Бұл болашақтың идеясы. Бұл бүгінде ғаламдану талап етіп отырған ықпалдастық үдеріс тәжінің жақұты. Бұл идеяның сыншылары бар, бірақ мен ол жүзеге асып жатыр деп ойлаймын. Үш тәжірибелік зат – ЕуразЭҚ, СВМДА және ШЫҰ – бұл болашақ еуразиялықтың үш құраушысы. Мен бұл мекемелер болашақта бірігеді және ақыр соңында үлкен Еуразиялық идея, Еуразиялық құрлықтың бірлігі жеңіске жетеді ойлаймын. Бірақ бұл идеяға рухани, ғылыми негіз қажет. Және оның рухани астанасы, Еуразияның жүрегі Астана қаласы болуы мүмкін. Ал, бұл жүректің нағыз қадірлі қазына орталығы – біздің Еуразиялық университет». Сол 2006 жылы «Central Asia Monitor» газетіне берген сұхбатында Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – Азияда да, Еуропада да, Батыста да, Шығыста да, ғаламдық Солтүстікте де, Оңтүстікте де. Мұндай бағыт орасан зор мүмкіншілік береді» деп атап өтті.

Соңғы жылдар - 2008-2009 – Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық тұжырымының дамуының келесі кезеңдері болды. Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша «Еуропаға жол» бағдарламасы қабылданды. 2008 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісінде өткен «Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыс диалогы» атты үлкен халықаралық ғылыми конференцияның ғылыми қауымдастықта аса зор жаңғырыққа ие болды. Өзінің ықпалдастық бастамасында Қазақстан Президенті тек қана ТМД елдеріне көңіл аудармайды. 2008 жылы маусымда, Астанада өткен ОБСЕ-нің Парламенттік ассамблеясында (Азия аймағында бірінші рет өткен) Н.Ә. Назарбаев «ерте ме кеш пе» құрлықта «Еуропалық одақ қағидасы бойынша» қалыптасатын Еуразиялық одақ идеясын тағы да дамытты. Және мұндай одақтың орталығы Еуразиялық құрлықтың ортасында орналасқан қала Астана бола алады. Шындығында сөз ЕвразЭО Кедендік одағының негізінде «Еуразиялық экономикалық одақты» құру жөнінде жүрді.

Бүгінгі күні ғаламдық әлемде қаржылық-экономикалық дағдарыс басталды. Еуразиялық жобаның тағдыры жаңа жағдайда қандай болуы мүмкін? 2009 жылы 11 наурызда Еуразиялық университеттердің ассоцациясында сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев «Бүгін ТМД-ның барлық елдері әлемдік дағдарысқа қарсы іс-әрекет жолдарын іздеу кезінде, нағыз дамыған ірі мемлекеттер өздерінің экономикалық мәселелерін жеке шешуге дәрменсіз жағдайда, тағдыр еуразиялық ықпалдастық тұжырымның маңыздылығын тағы да растайтынын» көрсетті. Президент «Ұзақ мерзімді болашақта еуразиялық ықпалдастыққа балама жоқ екеніне мен қазір бұрынғыдан да қатты сенімдемін» деді.

Қазақстан Президентінің ғаламдық мәселені шешуде өз ұсынысы бар. Ол «Дағдарыстың кілті» мақаласында және 2009 жылы наурыз айында өткен ІІ Астаналық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде баяндалды. Ескеретін жәйт, Н.Ә. Назарбаевтың жолы еуразиялық ұлттықтың үстіндегі есеп айыратын бірлікті құруды қарастырады. Ол аймақтық ықпалдастыққа түбегейлі басқа жаңа сапа беруі мүмкін.

Н.Ә. Назарбаев шындығында 15 жыл ішінде (1994 жылы жобаны ұсынғаннан кейін) еуразиялық теория «тәжірибелік іске аса бастады, және бүгін еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықтың үш өлшемі – экономикалық, әскери-саяси және мәдени-гуманитарлық – жөнінде айтуға болады» деді. Қазақстанның аймақтық және ғаламдық стратегиясында 2010 жылдың алатын ерекше мәні бар. Бұл жыл ЕҚЫҰ - на төрағалық ету жылы, Қазақстан, Ресей және Беларуссияның Кедендік одағының өз қызметін бастайтын жылы. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасының тұжырымды дамуын және өмір шындығында жүзеге асуын көрсетеді.

Әдістемелік нұсқаулар: Посткеңестік мемлекеттер арасындағы еуразиялық ықпалдасуды қарстырғанда экономикалық- саяси жақтарды назарға алу керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Абуталипов С. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бүгінгі бағыты мен бағдары // Ақиқат.№2004. 29-31 бб.

2. Евразийство в ХХІ веке: проблемы и преспективы // Под ред. акад. НАН РК А. Н. Нысанбаева.-Алматы, 2009.-334 с.

Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.

2. Іңкәрбаев Е. Еуразия идеясының бастаулары // Саясат.- 1998, қараша-89-94 бб.

3. Тулегенов Е. М. Еуразиялық одақ идеясының Қазақстанда жүзеге асырылуы. Тарих ғылымдарының кандид. атағын алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2010.

Дәріс 11.

Еуразиялық одақ идеясының тари­хи, этномәдени және әлеуметтік-эконо­микалық алғышарттары

Мақсаты: Еуразиялық одақ идеясының тари­хың, этномәдени және әлеуметтік-эконо­микалық алғышарттарың қарастыру.

1.ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯ ИІРІМДЕРІ

2.Еуразиялық одақ құрудың принциптері

Қазақстан тарапы еуразиялық одақ жо­басын ұсынғанда ТМД елдерінің мүд­­десіне сай тең құқылы және еркін түрде кооперативтік дамудың үлгісін нақтылап беруге тырысты. Еуразиялық одақ егеменді мемлекеттердің тұрақты­лық пен қауіпсіздік, әлеуметтік-эконо­ми­­калық жаңғыруға бағытталған ин­тег­­рациясының тәуір бір үлгісі десек болар. Ресейдің А.Дугин, И.Панарин се­кілді идеологтары еуразиялық идея туралы айтқанда тең құқылы әріптестік негізіндегі интеграцияны емес, баяғы еуразиялық ұлы державаны қалпына келтіруді аңсайды. Тарихта найзаның ұшымен, білектің күшімен осынау ұлан-ғайыр кеңістікте Атилла, Шыңғыс хан империясы, Әмір Темір империясы, Ал­тын Орда, Ресей империясы, КСРО се­кілді еуразиялық державалар болғаны белгілі. Шовинистік пиғылға салынған Ресей саясаттанушысы Игорь Панариннің ойынша, еуразияшылдықтың негізі Еу­ра­зиялық Русь идеясынан бастау алады. Орыс еуразияшылдары Батыстануға, яғни атлантизмге қарсы тұрса, екінші жағынан еуразияшылдық идеясын бұрынғыша ықпал етудің идеологиялық құралына айналдырғысы келеді. Осы арада ба­сын ашып алу керек, еуразияшылдық идея­сының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савиц­кий, Г.В.Вернадский дамытқан фи­ло­со­фиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың еуразияшылдық док­три­насын теориядан шынайы бол­мыс­қа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға бо­лар. Олай болса, ресейлік «ескі еу­ра­зияшылдық» пен қазақстандық «жа­ңа еуразияшылдықтың» ара-жігін ажы­ратып алған жөн шығар. Бірін­шіден, еуразияшылдық Ресей үшін та­рихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екін­шіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Ба­тыс­тан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жы­лы қабылдаған «Еуропаға жол» бағ­дарламасы осының айғағы. Үшін­ші­ден, Назарбаевтың еуразиялық док­­тринасы орыстар сияқты тар ауқым­дағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өр­ке­ниетаралық байланыстар әдісі. Жа­бық емес, ашық жүйе, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады.
Еуразиялық одақ идеясының тари­хи, этномәдени және әлеуметтік-эконо­микалық алғышарттары бар. Белгілі тарихшы Лев Гумилев атап өткендей: «ішкі Еуразия халқы славян-тұрандық қауымдастығымен көзге түседі, яғни қауымдастық жай этникалық қа­на емес, суперэтностық мәнге ие» ора­сан зор кеңістік болып табылады. Он­да батыс еуропалық, славяндық, түр­кі­лік этномәдени құндылықтарды топ­­тас­­тырған әр алуандылық байқалады. Сарапшылар арасында Еуразиялық одақ­ты баяғы КСРО-ға қайта оралу деп бағалайтындар да жоқ емес. Алайда қайта оралу емес, интеграциялық қай­­та жаңғыру деп түсінген жөн. Бұл әлемде қалыптасқан дәстүр. Мәселен, Еуропалық одақта – 27 ел, 1999 жыл­дан бастап құрылған Африкалық одақта – 53 мемлекет бар. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өтті деу қиын. Дегенмен бұған дейін әртүрлі деңгейде, әскери жағынан ҰҚШҰ-ға, экономикалық тұрғыдан ЕуразЭҚ-қа, саяси мүдде жағынан ШЫҰ-ға, АӨСШК-ке интеграциялану үрдісі жүзеге асты. Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссияға бүкіл ТМД-ның ЖІӨ-нің 94 пайызы, сауда айналымының 88 пайызы тиесілі екен. Посткеңестік елдер арасында «біз еуразиялықпыз!» деген ұстаным санаға дендеп еніп келеді.
Қазақстан басшысы жиі көтеріп жүрген жаңа интеграциялық ұйым құру, жаңа аймақтық валюта қалыптастыру жөніндегі ойлары Еуразиялық одақтың алғышарты болса керек. Бұл үшін Еуропалық үлгіде Еуразиялық одақтың атқарушы комитеті мен жалпы парламент, әр сала бойынша комиссиялар құру керек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Еуразиялық одақ құрудың төрт принципті мәселесі бар. Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады. Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі ин­тег­рация идеясы. Үшіншіден, қауіп­сіз­дікті бір ғана елдің күш-жігерімен қам­тамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қа­уіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі.
Елбасының: «Менің Еуразиялық одақ туралы идеям ұлтаралық, мемлекетаралық мәселелер мен қайшылықтарды өркениетті түрде шешуді ұсынады. Халықтар интеграциясы саяси тәуелсіздігі мен этникалық біртұтастығын сақтау арқылы қазіргі заманғы мемлекеттілігі шын мәнінде еуразиялық кеңістіктің бейбіт дамуының саналы және өркениетті формуласы» дегені бар.

Еуразиялық одаққа бес қадам:
Бірінші:
1994 жылы 29 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде ТМД қатысушыларына тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтерді.
Екінші қадам:
1995 жылы Қазақстан, Ресей, Бе­ло­руссия президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойды. Кедендік одаққа 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды.
Үшінші қадам:
2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Бело­руссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мем­ле­кет­аралық кеңесінде жаңа ха­лықаралық ұйым – Еуразиялық эко­номикалық қауымдастық құрылды.
Төртінші қадам:
2002 жылы Қазақстан, Қырғыз­стан, Тәжікстан және Өзбекстан президент­тері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қой­ды.

Бесінші қадам:
2003 жылы Мәскеуде төрт мемлекет басшылары – Қазақстан, Белоруссия, Ресей, Украина басшылары бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.

Әдістемелік нұсқаулар: Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың ықзметін қазіргі күнгі БАҚ материалдарына сүйене отырып қарастыру керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: