Он екінші апта

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРІ (3 сағат)

Грамматика: Зат есім тудырушы жұрнақтар.

Зат есімдер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Туынды зат есімдер төменде берілген жұрнақтар арқылы жасалады:

-шы, -ші: жазу (писать) - жазушы (писатель), сурет (рисунок) - суретші (художник), балық (рыба) - балықшы (рыбак).

-ша, -ше: мысалы: кітап (книга) - кітапша (книжка).

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: бала (ребенок) - балалық (детство), дос (друг) - достық (дружба), батыр (герой) - батырлық (мужество, геройство), бай (богатый) - байлық (богатство).

-хана: ас (пища) - асхана (столовая), дәріс (лекция) - дәрісхана (лекционный зал), ем (лечение) - емхана (поликлиника).

-паз: істемпаз (трудолюбивый), өнерпаз (талантливый).

1. Берілген туынды зат есімдермен сөйлемдер құрастырыңыз.

Мейірбандық, қонақжайлық, азаматтық, дәріхана, қалашық, үйшік, аңшы, шеберхана, әнші, кедейлік, балалық, үгітші, тігінші.

Үлгі: Мейірбандық – жақсы қасиет, т.б.

2. Мәтінді оқып, баяндауға жоспар жасаңыз.

Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра

Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған».

Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді.

Халық мұрасындағы көркем мәдениет тас дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ дәуіріндегі «жануарлық таңбадан» басталған. Ол бертін келе дәстүрлі зергерлік, тас қашау, мүсіндеу, киіз үй жасау т.б. кәсібінен көрініс алды.

Қолданбалы өнердің бел туындыларының бірі – тас өңдеу. Оның негізгі түрлері тас ескерткіштер, мүсінтастар. Тасқа қашалып жазылған жырлар («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк») еркіндік аңсаған халықтың бақытты өмірі жайлы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресіп келе жатқан ерлердің қаһармандықтарын келер ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, тәлім-тәрбиелік әсер қалдырған.

Қазақтардың ою-өрнектері негізінен тұрмысқа қажетті заттарды әшекейлеу үшін пайдаланылса, жалпы қолданбалы өнері тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланылған мәні бар шығармаларға айналды. Ер адамдар тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеді. Ал әйелдер кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, киіз бастыру, сырмақ сыру, тері киім тігу сияқты өнер түрлерімен айналысқан. Қыз- келіншектердің қолынан тоқылған кілем, алашалар, басылған киіз, текеметтер, сырылған сырмақ, көрпелер әрдайым көздің жауын алады. Бұл өнер де шеберден асқан ісмерлікті, бояу түрлерін сезіне білуді, үлкен эстетикалық талғамды талап етеді.

Самұратова Т.К.

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

3.Жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

дәстүрлі қолданбалы өнері – традиционное прикладное искусство

әлемдік мәдениет – мировая культура

әшекейлер - украшения

зергерлік - ювелирный

тас өңдеу – обработка камня

кесте тігу - вышивка

ісмерлік - художественность

эстетикалық талғам – эстетический вкус

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Халықтың дәстүрлі өнеріне не жатады?

2) Дәстүрлі өнер қалай басталған?

3) Тас өңдеу өнерінің туындылары қазір бар ма?

4) Тұрмысты әшекейлеу өнеріне нелер жатады?

5) Қазақтың дәстүрлі өнерінен сізге не ұнайды?

6) Өз туыс-таныстарыңыздан өнерлі адамдарды білесіз бе?

5.Өнер туралы қанатты сөздерді жаттап алыңыз.

Ер қадірін ер білер,

Зер қадірін зергер білер.

Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл еркем өнерімен көркем.

Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.

Болат біз қап түбінде қалмас.

Алтынды ала білген бөле де біледі.

Шеберлікке шек жоқ.

Қазаншының өз еркі

Қайдан құлақ шығарса.

Ата өнері - балаға мұра.

6.Мәтінді оқып, қысқаша өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Қазақтың ұлттық қолөнері (қосымша оқуға)

Оюлап өрнек салу - халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері көп. Халық арасында кеңінен тараған кесте өнерінде де ою-өрнектің сан түрі қолданылады. Қазақтың халықтық қолөнерінде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-өрнек. Арқар мүйіз, қошқар мүйіз оюлар халқымыздың күнделікті тұрмыстағы тұтыну заттарында жиі кездеседі.

Ертедегі ою-өрнектердің халық арасында көп қолданылатын түрлері «Ай»- өрнектері аспандағы айға ұқсас етіп жасалған. «Айыр»-айырдың өрнекте берілетін түрі көбінесе айыр тұяқты малдардың бақайын бейнелейді. «Алақан» өрнегі сырмақ, сырмақ, алаша, бау өрнектерінде кездесіп отырады.

Ши тоқу өнері де ерте заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнердің түрі. Сан-алуан әдемі өрнектермен оралып тоқылған шилер, киіз үйдің керегесіне тартылып, үйге өзгеше сән беретін болған. Шиді үйдің аяқ-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап кою үшін, киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген.

Қазақтың үй кәсіпшілігінде өрмек тоқу кең таралған. Өрмек арқылы бау-басқұрлар, алаша токылады. Арқан, жіп, баулар, негізінен, түтіп, шүйкелеп, есіп, бұрау арқылы, кейде жіптен өру, тоқу тәсілдерімен жасалады.

Кілем тоқу. Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі - кілем тоқу. Кілемнің екі түрі - түкті кілем және тақыр кілем болады. Түкті кілем көбінесе оңтүстік аймақтарда таралса, тақыр кілемді, негізінен, солтүстік өңірде тоқыған.

Киіз басу. Киіз басуға қойдың күзде кырқып алынған жүнін пайдаланған. Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады.

Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілу үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.


www.topreferat.com/

7.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Мал терісі қазақ... өте кең қолданылған шикізат. Әрбір іске әр түрлі... пайдаланылған. Шеберлер оның... өзінше атау берген. Мысалы, қара мал... сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөлген. Жылқы... - бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлген. Түйе терісін - атан терісі, бота терісі деп... бөлген. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары... өте кең қолданылған.

Керекті сөздер: тұрмысында,, әркайсысына, қазақ қолөнерінде, терілерін, екіге, терілер, терісін.

Екінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді мазмұндаңыз.

Қазақ кино өнері

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады.

Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді.

1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды.

Сейдахметова Қымбат.

2. Сұрақтарға жауап әзірлеңіз.

1) Қазақ киносы қашан пайда болды?

2) Әлиби Жангельдин кино өнерінің дамуына қандай үлес қосты?

3) 1925 жылы Қазақстанның кино өнерінде қандай ірі жаңалық болды?

4) Қазір Қазақстандағы кино өндірісі жайлы не айта аласыз?

3.Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.

Қазан төңкерісі, кино залы, киносеанстар, белсенді насихатшылар, лента және жылжымалы кинопроектор, киношежірешілер, деректі фильм,

тәуелсіздік, әлемдік кино өнері.

Үлгі: Кино өнерінде қазан төңкерісінен кейін үлкен жаңалықтар болды.

Үшінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.

Қазақ театр өнерінің дамуы

Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.

1910–1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды.

Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.

1928 жылы бұл театр Қызылорда қаласынан жаңа астана Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді. 60-шы-90-шы жылдар қазақ театр тарихындағы шығармашылық ізденістердің жарық кезеңі болып саналады. М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Олардың ішінде А. Островскийдің «Грозасы», Ж.Б. Мольердің «Сараңы», В. Шекспирдің «Асауға тұсауы», Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Анасы», М. Булгаковтың «Кабала святошы», Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тері» (1973 ж., реж. Ә. Мәмбетов) ерекше орын алады.

Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінен Астана қаласында 1 опера және балет театры, 8 драма және музыкалық драма театры және 2 қуыршақ театры ашылды.

www Kitaphana

5.Мәтінді берілген жоспар бойынша топқа бөліп баяндаңыз.

1. Алғашқы театрлар.

2. Кәсіби театрлар және оның алғашқы әртістері.

3. Театрдаға тың серпіліс.

6.Сұхбаттасыңыз.

- Раушан, бүгін кешке қолың бос па?

- Иә, қолым бос.

- Сен Астанадағы қазақ театрында болдың ба?

- Бір-екі рет барғанмын.

- Ол кімнің атында екенін білесің бе?

- Жоқ, есіме түспей тұр.

- Ол театр Қазақстанның халық әртісі Қалибек Қуанышбаевтың атында. Ол кісі - қазақ киносы мен театрына көп еңбек сіңірген адам. Бүгін осы театрда «Абылай хан» атты спектакльдің премьерасы болады екен, бірге барып көрейік. Қалай қарайсың?

- Барсақ, барайық. Билет бар ма?

- Иә, менде екі билет бар, Назгүл екеуіміз бармақшы болғанбыз. Ол, апасы науқастанып қалып, ауылға кетіп қалды.

- Жарайды, рахмет.

- Иә, киініп, дайын тұр. Өзім хабарласамын.

7.Қосымша оқуға.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: