Астана Опера (театр)

«Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылыс барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Театр шымылдығын тұңғыш ашқан Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектаклі болды. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толды.

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сахна астында, 12 метр тереңдікте, «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орналасуына есептеліпті.

«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Бұдан басқа ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: