Kk.wikipedia.ord/wiki

1.Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңыз, мағынасын өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толды. Театр бірнеше кезеңдерден өтті: 1934 жылы Алматыда «Қазақтың музыкалық театры» болып ашылды, 1937 жылы оған қазіргі атауы берілді, 1941 жылдан бастап ол «академиялық» болды, ал 1945 жылы театрға ұлы Абайдың аты берілді.

Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының музыкалық жағынан өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін бұлардың көбі Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері болып атанды.

Жаңа театрдың шымылдығы 13 қаңтар 1934 жылы музыкалық «Айман-Шолпан» спектаклімен ашылып, таңқалдырар табысқа жетті. Сол кезді өз естелігінде Қанабек Байсейітов былай деп жазады: «15 мамырға дейін «Айман-Шолпан» 100 рет қойылды. Қалада әңгіме тек спектакль жайында болып, жұрт гуілдеп оның әндерін айтып жүрді».

Қазақстанның опера өнері тарихында 1944 жыл жаңа бір үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Театрға жаңа буын жас әншілер келіп қосылды. Олар Байғали Досымжанов, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаевтар еді. Біраздан соң өз композиторларымыз жазған алғашқы ұлттық операларымыз да дүниеге келді.

Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы Мәскеуде, Үлкен театрда көрсетіліп, зор шабытпен шырқалды. Мәскеуліктер қазақтың бірінші операсына аса зор ықыласпен сүйсініп, ұзақ қол соқты. Әсіресе бұлбұл әнші Күләш Байсейітова талғампаз Мәскеу халқының жүрегін баурап алды.

«Абай» операсы Ленинград, Берлин, Дрезден, Лейпциг, Тәшкен, Ярославль қалаларында көрсетілді. Ол 1958 жылы Мәскеуде Үлкен театр сахнасында басты рольді Ришат Абдуллин орындаған «Абай» операсы зор құрметке ие болды. «Біржан-Сара» операсы 1946 жылы жарық көрген еді. Осы декадада бұл опера да Үлкен театр сахнасында қойылып, зор табысқа ие болды. Мұқан Төлебаев бірден қазақ музыка өнерінің классигі боп шыға келді.

malimetter.kz

2.Мәтінге жоспар құрыңыз.

3. Мәтінде кездесетін туынды зат есімдердің жасалу жолын түсіндіріп, олармен сөйлем құраңыз..

Мемлекеттік, Академиялық, музыкалық, қайраткер, табыс, естелік, әнші, ұлттық, мәскеулік, талғампаз.

4. Төменде берілген зат есімдерге екінші бағандағы жұрнақтарды тіркеп, олармен сөйлем құраңыз.

өнер қой

жақсы қор

сән гер

бір ды

бас ма

мұра сыз

мирас інші

туын шы

шығар ды

жағым қой

ұнам лық

ұлт паз

5. Оқып, есте сақтаңыз.

Қазақстандағы ең бай жұлдыздар

2011 жылғы қазақстандық ең бай жұлдыздардың ондығына қарар болсақ, онда жұлдыздарымыздың тапқан-таянғандары миллионға да жетпейді. Ал Форбестің Топ-100 әлемдік жұлдыздардың жылдық көрсеткіші 4.5 млрд. Дегенмен алынған деректерге қарасақ, қазақстандық ең бай жұлдыздардың көш басында МузАрт тобы келеді екен.

1. MuzArt/МузАрт тобы. Жылдық табыс: 800 мың доллар

Аталған топтағы негізгі солистер Сәкен мен Кенжебек болса, топтың тағы да бір белді мүшесі Мейрамбек 2011 жылы «Ғашық жүрек – 2» киносында негізгі рөлдердің бірін орындап, мамандардың айтуынша, 2011 жылдың ең қымбат актері атанды. Әр күнгі кино түсіру алаңында 7000 доллардай сыйақы алып отырған. Ал, жалпы топқа келетін болсақ, МузАрт тобы 2003-2004 жылдары Қытай мен Ресей қалаларын аралап, мол табысқа кенелген. Ал 2006 жылы Түрік нарқына дендеп еніп кетті. 2007 жылы топ мүшелерінің қатары тоғыз адамға көбейіп, ән әлемінде өзіндік өрнектер салды. 2011 жылы өздері жеткен жетістіктер турасында документальдық кино түсірді.

2. Батырхан Шүкенов. Жылдық табысы: 720 мың доллар

Қазақстанның белгілі әртісі, композиторы. Өнердегі жолы 1982 жылдан басталған. Бастапқы кезде «Арай» ансамблінде Роза Рымбаеваны сүйемелдеуде саксофоншы болды. 2009 жылы ЮНИСЕВ-тің Қазақстандағы өкілі болды. 2010 жылдың мамырында «Абайлаңыз, сүйкімді қыз» атты жеке төртінші альбомын шығарды.

3.Баян Есентаева. Жылдық табысы: 700 мың доллар

Журналист, жүргізуші, қазақстандық бес жобаның авторы. Сарапшылардың айтуынша, «Ғашық жүрек» киносынан 350 мың доллардай кіріс кірген. «Ғашық жүрек – 2» киносының бірінші қойылымында-ақ 5 млн теңге тапқан. Ең негізгі жобасы - жылдық табысы 300 мың доллар құрайтын «КешYou» тобы. 2012 жылдың көктемінде продюсерлік орталық «Ел Арна» телеканалымен бірлесіп, екінші рет «Қазақ аруы» сұлулық байқауын өткізді.

Massaget.kz

БӨЖ тапсырмалары. Қазіргі қазақ өнері жайлы шағын шығарма жазыңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы. 1998.

2. Құлсариева А..Мәдениеттану сөздігі.-Алматы, 2001.

ОН ҮШІНШІ АПТА

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТАМЫРЫ (3 сағат)

Грамматика: шылау және оның түрлері.

Бірінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнері

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби–музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп табылады. Айтыс қазақ даласында XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет – ғұрып, салт–дәстүрі басты себеп болды. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалы түрде орындалуы. Айтыстың ең ежелгі түрі – «Бәдік» айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатады. Бәдік айтысынанбасқа өлі мен тірінің, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері қалыптасқан.

Айтысты XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В. Радлов, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарды.

Ақындар жекпе–жек ұрысқа шыққан батырлардай бір–біріне күш көрсетіп, өздерінің мықтылығын айтып, қорқыта сөйлейді. Сонымен қатар, өз жерінің, елінің шыққан ортасының кереметтігін жырлайды. Әрине, жеңу мақсатын көздеп келген ақын басқасының мін-кемшіліктерін тізе жырлайды.

Айтыс түйіні – шындық. Қандай тапқыр ақын болса да шындықтан жалтарып құтылып кете алмаған, сондықтан оның бәрі де тек шындықпен айтылған аталы сөзге тоқтап, бас иетін болған. Айтыс ақындардан тапқырлықты, білімдарлықты, өмір тануда сергек сезімталдықты және өзгеге ұқсамас өзіндік ерекшелігін талап еткен. Ертеде өткен ақындар айтысының дүлдүлі Біржан мен Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлманбетті және т.б. атауға болады. Олар рулы елдің ар–намысын қорғаушылар болған.

Қазіргі кездегі айтыскерлер сөз шеберлігі мен тапқырлығының арқасында көрермен қауымның көңілін көтеріп, қошеметтерге ие болып жүр. Қазақ халқының өнер сүйер қауымына танымал ақындар - Қуаныш Мақсұтов (Қарағанды), Сара Тоқтамысова (Семей), Айтақын Булгаков (Талдықорған), Аманжол Әлтаев (Астана), Кенжебай Жүсіпов (Қызылорда), Ринат Зайытов (Семей), Дәулеткерей Қапыұлы (Астана), Айбек Ережепов (Талғар), Асылбек Ишанов (Орал), Жандос Бөгембаев (Алматы облысы), Күміс Сарсенбаева (Жамбыл облысы), Нұрлан Мұсаев (Маңғыстау) және Аманжол Зағыпарұлы (Қызылжар), Сырымбек Сәрсембаев (Құлсары) және т.б.

referat.kz

2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Айтыс – айтыс (состязание акынов)

Суырып салма – импровизация

Әлеуметтік көзқарас – социальный взгляд

Өлі мен тірі – живые и мертвые

Кең өріс алды – широко распростронялось

Тапқырлық – находчивость

Сезімталдық – чувственность

3. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

5) Айтыс қандай өнер?

6) Айтыстың өлеңнен айырмашылығы неде?

7) Қазақ айтысы қашан зерттелді және кім зерттеді?

8) Айтыс қандай түрлерге бөлінеді?

9) «Айтыс түйіні – шындық» дегенді қалай түсінесіз?

10) Бұрынғы, қазіргі айтыскер ақындардан кімді білесіз?

11) Өзіңіз айтысты тыңдадыңыз ба?

12) Айтыс тыңдарманға қандай әсер береді?

4.Есіңізге түсіріңіз.

Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын сөз табы «Шылау» деп аталады. Шылаулар өз алдына сөйлем мүшесі болмайды. Шылаулар қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.

Септеулік шылау Жалғаулық шылау Демеулік шылау
Атау, барыс, шығыс және көмекте септіктерде тұрған сөздерден кейін қолданылады. Оларға жататындар: үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. Оларға жататындар: және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер. Сөйлемге қосымша мағына береді. Оларға жататындар: ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті

5.Мәтіннен шылауларды тауып, теріп көшіріңіз, түрлерін ажыратыңыз.

Үлгі: және (жалғаулық), т.б.

6.Мәтінді оқып, бәдік айтысы жайлы біліп алыңыз.

Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу үшін оның иесі – бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп "бәдік" айтатын болған.

Айт дегенде айтамын-ау бәдікті,

Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.

От оттамай, су ішпей жата берсе,

Бәдік емей немене бір кәдікті,

Көш! Көш!

Бертін келе адамның ойсанасы, білім-танымы есейе, жетіле келе бәдік айтысы діни нанымнан арылып, жаңа сипат алады, мазмұны жаңғыра бастайды. Ол енді жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына айналады, онда әзіл-оспақ басым.

Ж і г і т:

Қаратауым дегенде, Қаратауым,

Тау басынан соғады қара дауыл.

Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,

Қаптай көшіп келеді біздің ауыл.

Қ ы з:

Бәдік кетіп қалыпты таудан асып,

Таудан арғы бұлтпенен араласып.

Енді екеуіміз бәдікті тауып алып,

Шын құмардан шығалық сабаласып.

Мұнда діни нанымнан туған бәдік мазмұнынан еш нәрсе қалмаған. Өмірге құмартқан жастар әзілі ғана бар.

7. Сұхбаттасыңыз.

- Ажар, Сен айтыстың қандай түрлерін білесің?

-............................................................................

- Айтыстың қай түрі өте ертеде шыққан?

-............................................................................

- Бәдік айтысының айтылу жайлы туралы не айта аласың?

-...................................................................................................

- Қыз бен жігіттің айтысында әлеуметтік мәселе қаралған ба?

-.............................................................................................................

- Қазіргі заманда ақындар айтыса ма, айтысса, ол жайлы сенің пікірің қандай?

-...............................................................................................................

Екінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Күй атасы – Құрманғазы

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, ойын - тойдың шырайын келтірген.

Құрманғазы бала кезінен-ақ қос ішекті домбыра күйіне құмар болып өсті. Сондықтан да, ол сахараның атақты күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ оның домбырасының тілі мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныға тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын.

1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы мен оның жан досы, дауылпаз ақын, керемет күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға қарсы шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады.

Құрманғазы түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина».

Құрманғазы - өмірге ғашық күйші. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

Құрманғазы 1880 жылы Астрахань түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: