Тыйым салынады

4. Реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін (басқа организмнің

тіндеріне сіңісуіне жәрдемдесетін органикалық тіндердің иммунологиялық қасиеті) адам

транспланттау бойынша тірі донор болуы мүмкін.

5. Тірі донор жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өтуге және өзінің тіндерін және

(немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) алуға болатындығы туралы консилиумның қорытындысын

алуға тиіс.

6. Кәмелетке толмаған адам немесе әрекетке қабілетсіз адам болып табылатын тірі донордың

тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) алу осы бапта көрсетілгендермен қатар,

бір мезгілде мына шарттарды сақтағанда ғана:

1) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес денсаулығының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алған

оның заңды өкілдерінің нотариат куәландырған жазбаша келісімі болған;

2) тиісті келісімді беруге қабілетті басқа үйлесетін донор болмаған;

3) реципиент донордың ағасы-інісі немесе апасы-қарындасы (сіңлісі) болып табылған;

4) транспланттау реципиенттің өмірін сақтап қалуға арналған;

5) ықтимал донор алуға қарсылық білдірмеген жағдайда, мүмкін болады.

7. Кәмелетке толмаған адамдардың немесе әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің

келісімі медициналық араласу басталғанға дейін кез келген сәтте кері қайтарып алынуы мүмкін.

8. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу оның

нотариат куәландырған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

9. Транспланттау үшін жұп ағзаның бірі, олардың болмауы денсаулықтың біржола бұзылуына

әкеп соқтырмайтын ағзаның бір бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін.

10. Егер алу кезінде денсаулық сақтау ұйымына осы адамның тірі кезінде не оның жұбайының

(зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің ол өлгеннен кейін оның тіндерін және

(немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) репициентке транспланттау үшін алуға келіспейтінін

мәлімдегені туралы хабарланған болса, мәйіттен тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың

бөліктерін) алуға жол берілмейді.

Егер консилиум тарапынан тіркелген өлім фактісінің даусыз дәлелдемесі болса, мәйіттен

транспланттау үшін тіндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктері) алынуы мүмкін.

Өлім туралы қорытынды биологиялық өлімнің немесе бас миының біржола семуінің (мидың

өлімінің) расталуы негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.

11. Кейіннен транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін)

алуды қамтамасыз ететін адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін растауға

қатысуына тыйым салынады.

170-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың

бөліктерін) транспланттау тәртібі

1. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау қажеттігі туралы

медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының консилиумы береді.

2. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау реципиенттің не

кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды

өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.

3. Реципиент не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған

реципиенттің заңды өкілі алдағы уақытта жасалатын транспланттауға байланысты реципиенттің

денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертілуге тиіс.

4. Инфекция жұқтырған тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін)

транспланттауға тыйым салынады.

5. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу және

консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес

"трансплантология" мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық

сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес

ұйымдарында ғана жүргізіледі.

6. Транспланттау мақсатында мәйіттерден тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың

бөліктерін) алу және консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және мемлекет

қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте

және оның еншiлес ұйымдарында жүргізіледі.

7. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға мемлекеттік

денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес "трансплантология" мамандығы бойынша

қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық

сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында ғана жол беріледі.

8. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алудың, консервациялаудың,

адамнан адамға және жануардан адамға транспланттауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: