Орган белгілейді

9. Осы баптың күші ұрпақты болу тіндерін (жыныстық жасушаларды) қамтитын, адамның өсіп-өну

процесіне қатысы бар тіндерге және (немесе) ағзаларға (ағзалардың бөліктеріне), сондай-ақ қан

мен оның компоненттеріне қолданылмайды.

Ескерту. 170-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары

1. Донор осы Кодекстің 165-бабында көзделген құқықтардан басқа:

1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін)

алу бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің денсаулығында орын алуы ықтимал

асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;

2) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша жүргізілген

хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік

берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.

2. Реципиент:

1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін)

транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның денсаулығында орын алуы

ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;

2) жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін

медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін

алуға құқылы.

3. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және өзге де қызметкерлеріне донор мен реципиент

туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады.

28-тарау. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін,

гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, қаны мен оның компоненттерін,

жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу,

әкету

Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

172-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және

(немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын,

сүйек кемігін әкелу, әкету үшін негіздер

1. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің

жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында транспланттау қажет болған;

2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер қажет болған;

3) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде жүзеге асырылады.

2. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің

жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағынан әкету:

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына

медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегі

жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;

4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;

6) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын донордың гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек

кемігін шетелде тұратын реципиентке транспланттауды жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады.

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5)

тармақшаларында көзделген жағдайларда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін

Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан

Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге арналған лицензияны уәкiлеттi орган медициналық

қызметке арналған лицензияға сәйкес «трансплантология», «гематология» мамандығы бойынша қызметін

жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.

4. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушалары,

сүйек кемігі өткізілетін жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және

Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты)

негізінде жүзеге асырылады.

5. Адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: