Аккумулятор батареялары

Аккумулятор батареясыз қозғалтқыш жұмыс істемейді, болмаса иінді біліктің кіші жиіліктегі айналысында жұмыс істеп тұрғанда токпен тұтынатын орындарды қоректендіру үшін қызмет етеді. Аккумулятор батареясы өзара тізбектеліп байланысқан, құрылысы жөнінен біртекті бірнеше аккумулятордан тұрады.

Аккумулятордың қызметі электр энергиясын химялық энергияға (қуатталу) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (қуат беру) жүйелі түрде айналдыруға негізделген. Аккумулятор батареясы қозғалтқышты іске қосқанда стартерді электр тогымен қоректендіруге, барлық тұтынушы аспаптарды қозғалтқыш жұмыс істемегенде электр энергиясымен қамтамасыз етуге, сонымен бірге қозғалтқыш иінді білігінің кіші айналу жиілігінде тұтынушы аспаптарды генератор қондырғыға көмектесіп қоректендіруге қолданылады. Қазіргі көпшілік автомобильдерге қорғасын қышқылды аккумулятор батареялары орнатылады.

Қарапайым қорғасын аккумулятор электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ерітіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан тұрады. Электролиттегі тілімшелердің беті күкірт қышқылды қорғасынмен басқаша айтқанда қорғасын сульфатымен жалатылған.

Аккумулятор жұмыс істеу үшін міндетті түрде зарятау, яғни ол арқылы электр тогын өткізу керек. Тысқары көзден аккумулятор арқылы тұрақты электр тогы өткен кезде химиялық реакцияның нәтижесінде, тілімшеде қорғасынның асқын тотығы, ал ток көзінің теріс полюсімен жалғастырылған тілімшеде борпылдақ кеуекті қорғасын пайда болады. Сонымен бірге электорлитте оның тығыздығын арттыратын күкірт қышқылы бөлінеді. Тілімшелерге қосылған шам зарядталғаннан кейін жанады. Олай болса, зарядталған кезде аккумуляторға жинақталған химиялық энергия, разрядталу кезде электр энергиясына айналады.

Аккумулятор пластиналары белсенді массамен – ұнтақ қорғасынмен толтырылған, темір тор түрінде жасалынады. Энергия қорын арттыру үшін жұп тілімшелерінің санын көбейтеді. Тоқтың тұрақты күшімен білгілі бір түпкі кернуеге дейін үздіксіз қуат алу кезінде, қуатталған аккумулятор толық беретін электр мөлдшерін аккумулятор сыйымдығы дап атайды. Аккумулятор сыйымдығы ампер-сағатпен өлшенеді.

Аккумулятор батареясы ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пласмассадан немесе эбониттен жасайды. Оның түбінде тілімшелер тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң және теріс тілімшелер жиыны орналасқан. Оң пластиналарды плюс таңбалы полюсті қысқышқа, ал теріс тілімшелерді минус таңбалы полюсті қышқышқа жалғайды. Оң тілімшелер теріс тілімшелер аралығына орналасқан, сондықтан теріс тілімшелердің саны, оңға қарағанда біреуі артық. Тілімшелер бір-бірінен ұсақ тесікті бөгеттер сеператорлармен бөлінген. Олар арнайы өңделген ағаштан, өте ұсақ тесікті пластмассадан немесе шыны талшығынан жасалады. Сеператорлар пластиналарды қысқа тұйықталудан сақтайды және өз бойынан электролитті еркін откізеді. Банканы электролитпен толтыруға қажетті тесігі бар қақпақпен жабады. Электролит құятын тесік тығынмен жабылады. Тығында аккумулятор қуысын атмосферамен жалғастыратын желдеткіш тесігі бар, ол химиялық реакция кезінде бөлінетін газды шығуы үшін қажет. Батареяны құрастырғаннан кейін, аккумулятор қақпағының жиегін арнаулы қышқылға төзімді мастикамен құйып тастайды.

Жеке аккумуляторларды біріктіретін ұстатқышта батареяның жасалған күні мен маркасы, мысалы, 6 СТ-50 ЭМС, көрсетіледі. Батарея маркасы былайша түсіндіріледі. Бірінші цифр тізбекті жалғастырылған аккумулятордың санын көрсетеді, ол батареяның (12В) номинал кернеуін білдіреді. Бірінші цифрдан кейінгі әріптер батареяның ауыр стартерлі екенін көрсетеді. Ондай батарея ерекше берік болып келеді. Ол ауыр жұмыс атқаратын автомобильдерде қолданылыды. 50 цифрі 20 сағаттық разрядталу кезінде батареяның ампер-сағаттық сыйымдылығын көрсетеді. Цифрдан кейінгі бірінші әріп бактағы материалдың сипатын (Э – эбонит) білдіреді, екіншісі –сеператорлар материалы(С – шыны талшықты), (М – өте ұсақ талшықты пластмасса). Құрғақ зарядталған батарея маркасының шетіне 3 әрпі болады.

Электролитті химиялық таза күкірт қышқылымен тазартылған судан дайындайды. Қышқыл мен суды қышқылға төзімді ыдысқа құйып араластырады, мұндай қышқылды суға аз-аздан сыздықтатып құйяды. Егер суды қышқылға құятын болса тасқынды реакция болады, қышқыл шашырап ыдыстың ернеуінен асады,ал денеге тисе күйдіріп жіберуі мүмкін. Электорлитті қышқыл мен суды ара қатысын оның тығыздығы арқылы анықтайды.

Электорлитті климат жағдайын ескере отырып жасайды. Қысқы температура 30оС-қа дейінгі орталық аудандар үшін толық зарядталған аккумуляторларда электролиттің тығыздығы жыл бойына 1,27 г/см3 болуға тиіс. Температура төменгі жағдайда электролиттің тығыздығы жоғары, ал температура көтерілген кезде төмен болуға тиіс.

Электорлиттің тығыздығын ареометрмен тексереді. Аккумулятордың разрядталуына қарай, электролиттің тығыздығы кеми түседі. Электролиттің деңгейі мен тығыздығын батареяның әр элементі сайын тексереді. Электролит деңгейі пластиналардың үстіңгі жиегінен 12-14 мм жоғары тұруы керек.

Электролит буланған кезде тазартылған су құю керек, өйткені тек су ғана буланады, ал электролит ағып кеткен кезде аккумуляторға күкірт қышқылының ерітіндісін қосады. Электролиттің тығыздығына қарай, аккумулятор

батареясының зарядтану деңгейін анықтайды. Жүк түсірілген батареялардың зарядтану деңгейін қосылған кедергі кезінде жүк ашасы арқылы өте дәлдікпен анықтайды. Күш түсіру ашасының ұштықтарын кезегімен аккумулятордың қысқышына тығыз етіп қысады және вольтметрдің көрсеткішіне қарайды. Толық зарядталған аккумулятордың кернеуі 1,7 В-дан төмен түспеуі керек. Батареяның жекелеген аккумуляторлары кернеуінің айырмасы 0,1 В-дан аспауы тиіс. Егер айырмашылық осы мәнділіктен көп болса немесе батарея жазда 50%-тен астам және қыста 25%-тен астам разрядталса, онда оны зарядтауға жіберу кажет. Батареяның бұзылмауы үшін оны ұзақ мерзім бойы жартылай зарядталған күйде қалдыруға болмайды. Пластиналардың бұзылуына жол бермес үшін стартерді ұзақ уақыт бойы және қатарынан бірнеше рет қосуға болмайды.

10.2.1. АККУМУЛЯТОР БАТАРЕЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ

ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ.

Бұл көрсеткіштерге жататындар:

Аккумулятордың электр қозғаушы күші (ЭҚК) – бұл оң және теріс электродтардың ашық тұрған сыртқы тізбектегі потенциалдарының айырмашылығы.

Аккумулятордың кернеулігі – оң және теріс электродтардың тұйықталған сыртқы тізбектегі потенциалдарының айырмашылығы.(қуат алу және қуат беру кезінде)

Электролиттің тығыздығы – бұл аккумулятор батареясының қуат алу дәрежесі, қуат алу кезінде көбейеді, ал қуат беру кезінде кемиді. Тығыздық – денсиметр аспабымен өлшенеді және аккумуляторды пайдаланылатын аймақтың климаттық жағдайына байланысты болады.

Аккумулятор батареясының сыйымдылығы (А/сағ) – бұл қуатталған аккумулятордың белгіленген шектеулікке дейін үздіксіз қуат берілетін ампер – сағаттық электр күшінің көлемі. Аккумулятор батареясының сыйымдылығы пластиналардың көлеміне, тығыздығы мен электролиттің температурасына және берілген қуаттылығының мөлшеріне байланысты болады. Автомобильді ұзақ мерзімге сақталуға тоқтатылғанда немесе электротехникалық жұмыстарды атқарғанда, қысқа тұйықталудан және өрттен сақтандыру үшін, өздігінен қуат беруді азайту мақсатында аккумулятор батареяларын өшіру үшін «масса» өшіргіштер қолданылады. Автомобильдерге орнатылған «масса»өшіргіштер қолмен немесе аяқпен басып, электрлі арақашықтықты (дистанциялық) басқару арқылы қосылады. Өшіргіш ВК-318 қолмен басқарылып қосылатын ажыратқышы корпустан 2, ішіне қозғалмайтын 1, 13 екі латунды түйіспелері бар. Түйіспе 1 «массадан» оқшауланған, ал түйіспе 13 «массамен» жалғастырылған. Сонымен бірге серіппелер 11, оське 12 қыстырылып бекітілген қозғалмалы түйіспелі дискден 3, және қосымша диск 14 штогынан 6 оқшауланып серіппемен 7 төмен қарай итеріліп тұрады. Штоктың 6 ажыратқыш пен қозғалмалы түйіспенің 14 жоғары көтеріліп ажыратылуы, серіппенің 15 көмегімен жүргізіледі. Аккумулятор батареясын электр тізбегіне жалғастыру үшін штокты 6 төмен қарай қолмен жылжытқанда алдымен түйіспелер 1, 13 қосымша түйіспелі дискіге 14 тұйықталады, сонан соң негізгі түйіспелі диск 3 тұйықталады. Осы тұйықталу кезінде шток 6, серіппе 9 мен тоқтатқыш пластина 8 штоктың 6 дөңгелек ойығына 5 енгізіліп, штокты 6 тұйықталған қалпында тұрады. Аккумулятор батареясын электр тізбегінен ажырату үшін штокты 4 басау керек, бұл кезде тоқтатқыш пластина 8 штоктың 6 дөңгелек ойығынан 5 шығарылып, серіппенің 15 көмегі арқылы шток 6 және оған бекітілген түйіспе дисклер 3, 14 жоғары көтеріліп, түіспелерден 1, 13 бөлініп, ажыратылған қалыпқа келеді.

Өшіргіш ВК-860 арақашықтықтан (дистанционды) басқару, үш негізгі бөліктен тұрады: түйіспелі құрылғыдан, электрлімагниттен және электрмагнит штогынан, түйіспелі құрылғыға күшпен жеткізу жүйесінен тұрады. АКБ – нан қоретенетін барлық тұтынушыларды қосу үшін, басқару өшіргіш массаның К түймесіне басқанда қосылады. Бұл кезде қоректену тоғы электромагниттің 1 орамына беріледі, соның әсерінен якорь мен оған бұралған шток 3 төмен қозғалып күш әсерін контактылы құрылғының штогына 4 жеткізеді. Шток 4 фиксатормен 5 бірге серіппенің күш әсерін кері қайтарып төмен қозғалады. Сол уақытта фиксатор 5 осьқа 7 орнатылған рычагтың 6 ойығына орнығады да өшіргіштің контактыларын 9, 10 қосады. АКБ нанқоректенетін барлық тұтынушыларды ажырату үшін, басқару өшіргішінің К түймесіне қайтадан басып ажыратылады. Бұл кезеде электромагниттің 1 орамына ток беріледі, шток 3 шток 4 арқылы контактылар рычагқа 6 әсер етеді, ол өзінің осінде айналып, ойығынан фиксаторды 5 шығарып, штоктың 4 ойығына кіргізіп қояды. Соның әсерінен жылжымалы контакт 9 серіппенің 8 күшінің әсерінен тізбекті ажыратады. Егер АКБ – сы разрядталған болса, онда өшіргіштің массасын қосу мен ажырату якорьға 2 резеңке қорғағыштан (чехол) 11 басып ажыратады. Өшіргішті қосу түймесіне К 2 сек артық басып ұстауға болмайды.

10.3. ГЕНЕРАТОР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

Соңғы уақытта жүк автомобильдері мен жеңіл автомобильдерде электр магниттерден қоздырылатын ауыспалы токтың үш фазалы генераторларын орнататын болды. Мұндай генератордағы магнит ағыны қоздырғышың орамы арқылы жасалады, ол арқылы тұрақты электр тогы өтеді. Қозғалтқышты іске қосқанда тұрақты токты аккумулятор батареясынан пайдаланады, ал қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде генератордан шығатын айнымалы ток түзеткіштердің көмегімен тұрақты токқа айналады. Қоздырғыштың орамы қалпына қарай автомобильдың электр жабдықтарының үш фазалы генераторлары қозғалмайтын және айналмалы қоздыру орамды болып екі топқа бөлінеді.

Қозғалмайтын қоздырғыш орамы бар генератор беріктігімен, қарапайым құрылысы және күрделі емес қызмет істеуімен түсіндіруге болады.

Генератор кіріктірілген түзеткіші бар жабық контактыланбаған үш фазалы динамомашина болып табылады. Генераторға статор, қақпақтар, ротор және түзеткіш орнатылған.

Статор электротехникалық болаттан жасалған пластиналардан құрастырылған. Оның тоғыз плюсі бар оған статор орамының катушкасы кигізілген. Тізбектеп жалғастырылған үш катушка фазаны құрайды. Фазалардың шеті қысқыш арқылы түзеткішпен, ал басы жұлдызшамен жалғастырылған. Статорға екі жағынан қақпақтар бекітілген. Артқы қақпаққа шығармалы қысқыштар бар екі қалып бекітілген; олардың бірінде Ш (шунт, яғни генератордың қоздырғыш орамы), В (түзеткіш) және М (массасы) әріптері, ал екіншіден екі қысқыш оларға (айнымалы ток) белгісі жазылған. Қақпақтарға генератордың бекітуге арналған табандар жасалған.

Генератор роторының көлденең қимасы алты сәулелі жұлдызша тәрізді. Ротордың пластиналары электротехникалық болаттан дайындалған және ол майын өзгертуді қажет етпейтін, қақпақтарға орнатылған жабық конструкциялы екі шарикті подшипникте айналатын білікке қатаң орнатылған. Қоздырғыш орам болат втулкаға қозғалмайтындай етіп бекітілген және М мен Ш қысқыштары арқылы тұрақты токпен қоректенеді.

Ротор айналған кезде жұлдызша сәулелері қоздырғыш орамның өзектемірінің ұшы маңында қозғалады. Осы орамнан пайда болған магнит ағының втулкадан ауа саңылауы арқылы ротордың жұлдызшасына өтіп, оны магниттейді өз кезегімен ротордың магнитті ағыны фазалы катушкалардың айналымдарын қыйып өтеді және оларға түзеткіштің көмегімен тұрақты токқа айналатын айнымалы токтың индукцияланған электр қозғаушы күшін бағыттайды.

Түзеткіш алты диодтан құрастырылған, ол арнауы пластинаға – жылу бұрғышқа (диод ұстағыш) престелген. Диодтардың өткізгіштері генераторды фазаларына екі – екіден жалғастырылған. Түзеткіштің қырланған алюминий корпусы бұрандамен генератордың алдыңғы қақпағына бекітілген.

Генераторды іске қосу шкив арқылы ременмен жүзеге асырылады, ол білікке шпонка және гайкамен бекітілген. Шкивке генератор тұсынан желдеткіш бекітілген, ол генератор мен түзеткішті салқындату үшін қызмет етеді. Генераторда шеткалы – коллекторлы торап жоқ.

Ауыспалы қоздырғыш орамы бар генератор. Бұл топтағы генераторларды автомобильдерге орнатады. Ол статордан, ротордан және түзектіш блоктан тұрады.

Статор электротехникалық болат пластинадан құрыстырылған сақина тәрізді болып келеді оның ішкі бетінде 18 плюс бар, оның арқайсысына бес айналымнан тұратын орам кигізілген. Сонымен, әрбір фазада өзара тізбектеп қосылған алты катушка бар. Фазалардың шеті шығарылмалы қысқыштармен, ал басы жұлдызшамен жалғастырылған. Магнит өрісі қоздыру орамымен және ротордаға 12 плюсті магнит өткізгішпен жасалады. Қоздыру орамы ротордың втулкасына бекітілген, ал оның өткізгіші контактылы сақиналарға дәнекерленген. Қорек қыздырғыш орамға оталдырудың қосқышы, реле- реттеуші, щетка және контактылы сақина арқылы аккумулятор батареясына беріледі.

Генератордың роторы айналған кезінде ротордың магнит өрісі күш сызықтарымен статордың орам өткізшін қиып өтеді және оларда айнымалы электр тогы индукацияланады. Түзеткіш блокта элетр тогын түзету жүреді және сыртқы тізбекке тұрақты электр тогы беріледі. Генеротардың жұмысына бақылау жасау приборлардың қалқанына орнатылған амперметрдің көмегімен жүзеге асырылады.

Жұмыс істеп тұрған кезде қозғатқыштың иіндібілегінің сондай-ақ генератор роторының айналу жиілігі тұрақты емес. Осының нәтижесінде генератор өндірітін токтың кернеулігі де тұрақты болмайды. Жиілік артқан сайын кернеу жоғары болады және керісінше, жиілік кеміген сайын кернеуі төмендейді. Мұндай ауытқулар ток тұтынатын аспаптардың жұмыс істеуі қауыпты жағдай жасамайды.

Иіндібіліктің айналу жиілігіне және генеретордың шамадан артық күштен қорғалуына қарамастан генератор өндіретін желідегі тұрақты кернеуді ұстау үшін реле реттеуішті қолданады.

Контактылы транзисторлы реле – реттеуіш генераторлардың контактылы сызықша транзисторлы реле реттеуішімен жұптасып жұмыс істейді. Реле реттеуіш кернеуді реттеуге арналған құрылғыдан, қорғау релесінен, маусымдық реттеуішті ауыстырып қосқыштан тұрады. Барлық үш құрылғы табанға орнатылған онда изоляцияланған екі В және Ш қысқышы және изоляцияланбаған бір М қысқышы орналасқан.

Генеротордың кернеуін реттеуге арналған құрылғы кернеуді (РН) электр магнитті реттеушінен, транзистордан, резисторлардан (Ry, Rd, Rt, R6) және жартылай өткізгіш диодтардан (Д1 және Д2) тұрады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Қорғасын – қышқылды аккумулятор батареясының құрылысын түсіндіріңіз?

2.Аккумулятор батареясының сыйымдылығы дегенімізне, оның көлемі неге

байланысты болады?

3. Қорғасын – қышқылды аккумулятор батареясының маркасы қалай талданады?

4. Аккумулятор батареясын тізбектен өшіргішінің қызметі?

5.Аккумулятор батареясының кенеуін қандай құралмен тексереді?

6. Тұрақты ток генераторымен салыстырғандағы ауыспалы ток генераторының

қандай артықшылығы бар?

7 Генератордың қызметі неге негізделген?

11 тарау. ТҰТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ.


11.1. КОНТАКТЫЛЫ ТҰТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ.

Тұтандыру жүйесі қозғалтқыштың цилиндрлерінің жану камераларында сығылған жұмыстық қоспаны жұмыс істеу ретіне байланысты белгіленген мезгілде жандыру үшін қажет. Карбюраторлы және газбаллонды қозғалтқыштарда жұмыстық қоспа электр білтесінің электр ұшқыны арқылы тұтандырылады. Ол үшін тұтандыру жүйесі қозғалтқыштың барлық жұмыстық режимінде жоғарғы кернеулік ток күшінде жұмыс істеуі керек. Электрлі қоректену көзіне

байланысты тұтандыру жүйесі екі түрге бөлінеді: батареялы және магнето арқылы тұтандыру жүйесі. Автокөліктерде көп тараған түрі батареялы, оның токты үзіп- таратуына байланысты контактылы, контактылы-транзисторлы, контактысыз

тұтандыру жүйесі болып бөлінеді. Контактылы-транзисторлы тұтандыру жүйесі барлық автокөліктерде бірдей болып келеді, көп қолданылған түрі контактысыз тұтандыру жүйесі.

Батареялы тұтандыру жүйесі: АКБ, генератор мен реле-реттегіш, тұтандыру-катушкасы, қосымша резистор, токты үзгіш- таратқыш, конденсатор, тұтандыру білтесі, күшейткіш резистор, тұтандыру қосқышы, төменгі және жоғарғы кернеулі ток өткізгішінен тұрады.

Жоғарғы кернеулі ток күші үзгіш-таратқыш пен тұтандыру катушкасының бірге жұмыс істеуінің әсерінен пайда болады. Үзгіш жұдырықшасының айналуы кезінде төменгі ток кернеуін контакты арқылы ажыратқанда катушканың алғашқы орамындағы ток пен магнит өрісі жойылады. Жойылатын магнит өрісі тұтандыру катушкасының екінші орамының айналымдарын қиып өтіп, онда электрқозғаушы күшін туғызады. Егерде алғашқы орамда ток көп болса, онда Э.Қ.К екінші орамда көп болады, және магнит өрісінің жоғалу жылдамдығы мен екінші орамның айналымы көп болады. Екінші орамда айналымның көп болуына байланысты, оның шеттеріндегі ток кернеуі 17-24 кВ-қа жетеді.

Алғашқы орамда жұдырықшаның үзгішті ажырату әсерінен Э.Қ.К.-тің индукциясы 200-300 В жетеді. Соның әсерінен токтың жоғалу шетіне қарай контактылардың арасында ұшқын пайда болып, контактылардың істен шығыуна әсер етеді. Сол үшін алғашқы орамда токтің ажыратылу жылдамдығын арттыру үшін және контактылардың жануын азайту үшін үзгішке паралелді түрде конденсатор жалғанып контактылары арасындағы ұшқынды азайтады.

Ажыратылған контактылардан қуатталған конденсатор тұтандыру катушкасы-ның алғашқы орамында қосымша резистор мен АКБ берілген кері бағыттағы ток импульсінен магнит өрісі жойылып, Э.Қ.К.-тің екінші орамды индукциялау әсерінен ток кернеуі артады. Екінші орамда пайда болған жоғарғы ток кернеуі таратқышқа беріліп, одан тұтандыру білтесінің электродтарының арасынан пайда болған ұшқын арқылы цилиндрлердегі жұмыстық қоспаны тұтандырады.

Контактылы тұтандыру жүйесінің екінші орамында ток кернеуінің жеткіліксіз болуы, әсіресе иіндібіліктің жиілігін арттырған кезде; сығылу дәрежесі мен иіндібіліктің айналу жиілігінің шектеулілігі; үзгіш контактыларның істен шығуы, тұтандыру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін төмендетуі және қозғалтқыштың үнемді жұмысын қиындатуы сияқты біршама кемшіліктері бар. Сол үшін контактыларды жиі тазалап, олардың тұтандыруды айналдыру бұрыштарын жиі реттеп тұру қажет.

11.2. ТҰТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН АСПАПТАРЫ.

Батереядан тұтандыру жүйесінде- төмен және жоғары кернеулі екі тізбек бар. Төменгі кернеулі тізбек АКБ-дан немесе генератордан қоректенеді. Оған тізбекті түрде оталдыру қосқышы, қосымша резисторы бар оталдыру катушкасының алғашқы орамы, үзгіш пен «масса» қосылған. Жоғары кернеулі ток тізбегі тұтандыру катушкасының екінші орамынын, таратқыштан, жоғары кернеу өткізгішінен, тұтандыру білтесі (свеча) мен «массадан» тұрады.

Тұтандыру катушкасы (11.2. сур.) төменгі ток кернеуін жоғары ток кернеуіне айналдыру үшін қолданады. Ол ажыратылған магнит тізбекті автотрансформатор тәрізді. Өндірісте контактылы, контактылы-транзисторлы оталдыру жүйелеріне арналған катушкалар шығарылады. Олар конструкциялары бірдей, бірақ екінші орамдарының жалғануы мен жекеленген бөлшектерінің және ішіне толтырылған оқшаулағыштарынан айырмашылықтар бар. Б1, Б7А катушкасының ішіне - рубаракас толтырылады, ал Б13, Б102-Б, Б115, Б117 катушкаларына трансформатор майларын толтырады. Трансформатор майы орамдарды жақсы оқшаулап, олардың жылуын тез салқындатады және пайдалану мерзімін ұзартады. ЗиЛ-4331, ГАЗ-33-07, майлы толтырғышты Б-102-Б оталдыру катушкасы, ВАЗ- автомобильдеріне –Б115 немесе Б117 катушкалары орнатылады. Оталдыру катушкасы корпустан, қақпақ, жекеленген электротехникалы болат пластинкадан жасалған өзектемірден, алғашқы орамнан, екінші орам кигізілген оқшауланған түтікшеден, бір ұштығы ВК түйіспесіне жалғастырылған, шығарылмалы қысқыш, қосымша резистор және фарфорлы оқшаулағыштан тұрады. Барлық бөлшектер тұрқына салынып, оқшаулағышпен оқшауланып корбалит қақпақпен жабылады. Қақпақ пен тұрқының арасына резина төсем салынып май құйылып бекітіледі. Алғашқы орамда 250-400 айналымды орамнан, екінші орамда 19-26 мың айналымды орамнан тұрады және орамдары парафин мен канифоль қоспасымен оқшауланады.

Үзгіш-таратқыш белгілі моментте төменгі ток кернеуін үзіп, жоғары ток кернеуін оталдыру шамына қозғалтқыштың цилиндрлерінің жұмыс істеу ретіне байланысты таратып жеткізу үшін қолданады және қозғалтқышқа жүк түсуі мен иіндібіліктің айналу жиілігінің өзгеруіне байланысты оталу бұрышын өзгертіп тұрады.Үзгіш-таратқыш корпустан, төменгі ток кернеуін үзгіштен, жоғары ток кернеуін таратқыштан,ортадан тепкіш реттегіш пен ваккумды-реттегіштен және октан-корректордан, конденсатордан қозғалмайтын-қозғалмалы контактылерден, біліктен, жұдырықша муфтадан тұрады. Қозғалмайтын диск корпусқа бекітілген, қозғалмалы контакты текстолит қалып пен пластина серіппе арқылы жалғастырылған. Түйіспелер вольфрамнан жасалған. Қозғалмайтын контактыны эксцентрик арқылы қозғап контактылердің арасын реттеуге болады. Түйіспелерге конденсатор паралел жалғанады. Оның орамының бір ұшы «массаға», ал екінші ұшы үзгіш-таратқыш клемасына жалғанады. Қозғалтқыштың цилиндрлерінің санына байланысты үзгіш – таратқыштар, төртұшқынды, алтыұшқынды, сегізұшқынды болып жасалады, жұмыстық айналу бағытына байланысты оңға немесе солға айналады.

Таратқыш (11.3. сур.) ротордан, қақпақтан тұрады. Карболитті роторға латуннен жасалған таратқыш тілімше орнатылған. Карболитті қақпақта ортаңғы және бүйірлі латуннен түйіспелері бар. Ортаңғы түйіспенің ішкі қуысына таратқышқа серіппе арқылы қыстрылып тұратын көміртекті контакты қойылған. Көміртекті контакт 8-14 кОм тұратын, радиоқабылдағышқа кері әсер тигізбес үшін қойылған бәсеңдеткіш резистор. Таратқыш тілімше мен бүйірдегі түйіспелердің арасының саңылауы 0,2 – 0,8 мм-ге тең.

Иіндібіліктің иінінің бұрыштық шамасы Ж.Ш.Н.-ге жетпей жұмыстық қоспаның жану камерасында оталуы, оталудың бұрышық озуы болып табылады. Тұтанудың бұрыштық озуы, қозғалтқыштың белгіленген жұмыстық режимінде қуатының артуы мен жанармай шығынының азайуына көмек беруін, оптималды бұрыштық озу болып табылады. Тұтанудың бұрыштық озуы қозғалтқыштың жұмыс істеу режиміне байланысты автоматты түрде өзгеріп тұрады. Алғашқы реттелуі қолдың көмегімен қойылады.Үзгіш-таратқыштың ерте тұтанудың бұрыштық озуының өзгеруін үш тәуелсіз құрылғы атқарады, ортадан серпігіш тұтанудың озуын реттегіші –жұдырықша муфтаны, ваккумды реттегіш –қозғалмалы дискіні, октан – корректор –тұрқыны бұру арқылы реттейді.

Ортадан серпігіш тұтанудың озуын реттегіші иіндібіліктің айналу жиілігіне байлансты өзгереді. Үзгіш- таратқыштың білігіне ортадан серпігіш екі жүк престеліп орнатылған. Жұдырықша муфтаның қырларының саны қозғалтқыш цилиндрлер санымен тең, және біліктің осіне байланысты біршама бұрышқа бұрылады. Муфта тілімшеге бекітілген.

Біліктің айналу жиілігі артқан сайын реттегіштің жүктері ортадан серпігіш күш әсерінен сыртқа қарай керіледі. Жүк тілімше мен жұдырықша муфтаны үзгіш- таратқыштың білігінің айналу бағытына қарай қозғайды. Жұдырықша қырлары қозғалмалы контактіге ертерек жақындап үзгіш контактыны ажыратып, оның тұтануының бұрыштық озуын арттырады. Біліктің айналу жиілігі төмендеген кезде, тұтанудың бұрыштық озуы кемиді, орадан серпігіш күштің жүктері серіппенің көмегімен кейін қайтарылады.

Вакуумды реттегіш үзгіш-таратқыштың корпусына бекітілген, камерадан, диафрагммадан, серіппе мен жетектен тұрады. Қозғалқышқа түскен жүктің азайуына байланысты, карбюратордың дроссель қалқалағышының жабылу әсерінен сиретуі артып,түтік арқылы жалғастырылған вакуум реттегіштің диафрагммасын оңға қарай қозғалтады. Диафрагммаға жалғастырылған қозғалмалы дискі таратқыштың білігінің айналуына қарсы қозғалтып бұрады. Соның әсерінен жұдырықша қырлары үзгіштің түйіспелерін ертерек ажыратады. Қозғалтқышқа жүк түсіруді арттыру арқылы дроссель қалқалағышы мен ваккумдегі сейілту азайғанда, диафрагмма серіпенің көмегімен солға қозғалып, жұдырықша қырлары үзгіштің түйіспелерін кешірек ажыратады.

Октан – корректор (11.4. сур.)үзгіш- таратқыштың төменгі бөлігіне бекітіледі. Ол қозғалмайтын, қозғалмалы, реттегіш тілімшелерден тұрады. Реттегіш тілімше винтпен астыңғы тілімшеге бекітіп реттеу үшін доғал ойықты болды, қозғалмайтын тілімшелерде шкала мен тірек кронштейн, қозғалмалы тілімше үзгіштің тұрқына винтпен ортаңғы тілімшеге бекітіледі. Үзгіш- таратқыштың тұрқын қозғалтып, тұтанудың бұрыштық озуын октан – корректордың шкаласының көмегімен тексеру арқылы өзгертеді. Үзгіштің контактылерінің саңылауының октан – корректор арқылы өзгеруі, оның контактылерінің дұрыс реттелгеніне байланысты болады. Контактылердің саңылауы 0,4-0,5 мм болуы тиіс.

Конденсатор ішінде қалайы мен цинктен арасына жұқа арнайы қағаз салынған екі орамды рулон тұрқынан тұрады. Ол өзіндік индукция электр қозғаушы күш пайда болған кезде қуаттанады. Кері бағытта қуат бере отырып, ол алғашқы орамда токты, сонымен қатар магнит өрісінің тез жойылуын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде екінші орамда кернеу көтеріледі. Конденсатор көлемі 0,17-0,25 мкФ – аралығында болуы тиіс. Егер көлемі төмен болса, түйіспелер арасында күшті ұшқын пайда болады, ал көлемі көп болса, онда екінші орамда ток кернеуі төмендейді.

Тұтандыру білтесі (свечасы) (11.5. сур.) қозғалтқыштың цилиндрлеріндегі жұмыстық қоспаны электр ұшқыны арқылы жандыруға қолданады. Ол болат бұрандалы тұрқы мен бүйірлік ұштықтан, ортаңғы оқшауланған электродтан, тұрады. Оқшаулағыштар уралит немесе брокорунда сияқты керамикалық

материалдан жасалады және жоғары температураға төзімді болады. Ортаңғы

стержень мен электрод никельді – маргенецті, хромды – никельді болаттан жасалады. Электродтардың арасының саңылауы 0,6-0,8 мм болуы керек. Тұтандыру шамының жылу сапасы олардың калильді санына байланысты арнайы қондырғыларда анықталады. Автомобильдерде А11НТ, А17ДВ, М8Т маркалы тұтандыру білтелері қолданылады. Бірінші әрпі бұранданың тұрқына бұралатын бөлігінің диаметрін, А-М14х1,25, М- М18х1,5; екінші сандар – калильді санын – 8, 11, 14, 17, 20, 23, 26 білдіреді;

Үшінші әріп корпусқа бұралатын бөлігінің ұзындығы, Н – 11мм, Д – 19мм, (12 мм көрсетілмейді), В – әрпі конустық жылудың конустың жиегінен артық шығуы, Т– әрпі ортаңғы электродтың оқшаулағышы –термоцемент.

11.3. КОНТАКТЫЛЫ –ТРАНЗИСТОРЛЫ ТҰТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ.

Қозғалтқыштың сығылу дәрежесі мен иіндібіліктің айналу жиілігінің артуына байланысты, оның құрылысының жаңарып өзгеруінен тұтандыру жүйесіне артық кернеулік қажет болды. Пайдалану кезінде кернеуліктің өзгеруі тұтандыру шамының электродтарына күйіп, оның саңылауы да өзгереді. Сондықтан цилиндрлерде жұмыстық қоспаның әлсіз тұтануы байқалады.

Сенімді және ұзақ мерзімді жұмыс істеу үшін, кемшіліктерді болдырмауға соңғы жылдары көпцилиндрлі қозғалтқыштардың тұтандыру жүйесіне контактылы- транзисторлы және контактысыз тұтандыру жүйелерін қолдана бастады.

Тұтанудың контактылы–транзисторлы жүйесінің кәдімгі батареялық тұтанудан айырмашылығы, үзгіш-таратқыш контактылері (В) мен отұтандыру катушкасының (А) аралығына транзисторлары коммутатор (Б) қосылады. Коммутатор қорғасын қорытпасынын қырлы корпусының монтаждалған, корпустың төменгі бөлігінде транзистордың электронды қорғау блогы (8) импульсті трансформатор (9) және резисторлар орналасқан. Корпустың бүйірінде өткізгіштерді жалғауға арналған төрт қысқыш бар: М – автомобильдің массасымен, Р (таратқыш) – үзгіш – таратқышпен, К (катушка) - катушканың тұтандыру қысқышымен, атаусыз қысқыш – осы катушканың тиісті қысқышымен қосылған.

Транзисторлы коммутатор екі режимде: біріншісі- коммутатор схемасы тұтандыру катушкасының алғашқы орамына ток өткізуге ашық (үзгіш

контактылері тұйықталған), екіншісі- коммутатор схемасы тұтандыру катушкасының алғашқы орамына ток өткізуге жабық (үзгіш контактылары ажыратылған) жағдайларда жұмыс істейді.

Үзгіш түйіспелері (10) транзистор (8) базасының тізбегіне қосылған.

Контактлер тұйқталған кезде, олар арқылы шамалы ток өтеді (0,75А). Транзистор базасы тогының күші шамалы болғандықтан, контактысы үзілген кезде іс жүзінде электр ұшқынынан тозбайды. Контактлердің қызмет ету ұзақтығына тек механикалық тозу әсер етеді.

Тұтандыту катушкасының екінші орамындағы жоғары ток кернеуі таратқыш арқылы тұтандыру шамына беріліп, кері екінші орамға қайтарылады. Э.Қ.К.-тің өздігінен индукциялануы, катушканың алғашқы орамы арқылы конденсаторды зарядтайды, бұл транзисторды Э.Қ.К.-тің әсерінен, ал электрлі конденсатор транзисторды артық импульсті кернеуліктен қорғайды.

Диод Д1 ток көзінің тұтандыру катушкасының алғашқы орамын айнала жүріп, тура бағытта диод- стаблитрон Дст арқылы қозғалуын болдырмайды.

Кремнийлі диод- стаблитрон Дст транзистордың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

11.4. КОНТАКТЫСЫЗ ТҰТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ.

Қазіргі кезде тұтандыру жүйесінің көп тараған түрі контактысыз тұтандыру жүйесі. Тұтандыру ұшқынының берілуін дабыл беру сезгісі арқылы анықтайды. Контактысыз тұтандыру жүйесінде магниттіэлектрлі немесе жартылайөткізгішті сезгілер пайдаланады. Магниттіэлектрлі сезгі тұрақты магнит пен орамнан тұрады. Магниттің айналысында сезгінің орамында айнымалы Э.Қ.К. пайда болады. Оң мәніндегі кернеулікте транзистормен басқарылған ток сезгі орамы- база- Б, эмиттер -Э – сезгі орамы тізбегіне беріледі. Транзистор алғашқы орам арқылы АКБ тогымен ашылып, коллектор К- мен эмиттерден Э ток өтіп транзисторға беріледі. Теріс мәніндегі кернеулікте транзистор жабылып, катушканың алғашқы орамында ток ажыратылады, екінші орамда Э.Қ.К.-тің индукциясы артып оталдыру шамына ұшқын беріледі.

Магниттің бір айналуында сезгінің орамында бір оң импульсті, бір теріс импулсті Э.Қ.К. индукциясы пайда болады, транзистор бір ашылып, бір жабылады, тұтандыру катушкасында бір жоғары кернеулікті импульс пайда болады. Көп цилиндрлі қозғалтқышта сезгінің магнит полюс жұптарының саны, цилиндрлер санымен бірдей болуы керек.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Тұтандыру жүйелерінің қандай түрлері болады?

2. Тұтандыру катушкасының құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

3. Үзгіш – таратқыштың құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

4. Тұтандыру білтесінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз? Олар қалай белгіленеді?

5. Контакктылы – транзисторлы тұтандыру жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

6. Контактысыз тұтандыру жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

12 тарау. ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ЭЛЕКТРЛІ ТҰТАНДЫРУ

ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БАҚЫЛАПӨЛШЕУ АСПАТАРЫ.

12.1. ЭЛЕКТРЛІ ІСКЕ ҚОСУ ЖҮЙЕСІ


Электрлі іске қосу жүйесі қозғалтқыштың иіндібілігін айналдырып іске қосып, жанғыш қоспаның араласып тұтануына әсер етеді. Карбюраторлы қозғалтқышта иіндібіліктің айналу жиілігі 50-100 айн/мин, дизельді қозғалтқышта 50-250 айн./мин. аралығында болады. Іске қосу тогы 300-800 А. дейін жетеді. Айналудың мұндай жиілігін қолмен айналдыру жүргізушіге едәуір жүк түсіреді. Оны жеңілдету үшін электрлі стартер қолданады. Электрлі тұтандыру жүйесіне стартер, АКБ, стартер тізбегі («масса» өшіргіш, қосқыш реле, электр жібі)жатады. Стартердің негізгі бөлшегі АКБ-дан қоректенетін тұрақты ток көзінің электрлі қозғалтқышы саналады. Стартер қажетті айналдыру моментінде иіндібіліктің айналу жиілігіне жеткізіп, жұмыстық жанғыш қоспаны жандыруға көмек беруі тиіс. Сондықтан стартердің білігі иіндібілікпен тұтандырар кезде қосылады. Бұл үшін жетекші тістегеріш стартер білігінің бойлық бағытында шлицамен жылжып, сермердің тәжісімен жалғасып іске қосылады.

Қазіргі автомобильдерде арақашықтықтан еріксіз элетромагнитті іске қосып

басқаратын, номинал кернеулігі 12 В, 24 В стартерлер қолданылады. Олар СТ230-А1, СТ230-Б4, СТ130-К4, СТ-130-А, СТ117-А – 12В, СТ-142 – 24В болады. Стартердің негізгі бөлшектеріне; төрт полюсты өзектемір орнатылған тұрқы, қоздырғыш орамы бар якорь, якорь білігі, коллектор, алдыңғы қақпақтан щетка ұстағыш пен щеткадан тұрады.

Қосқышты іске қосқанда АКБ-дан қосқыш релеге ток беріліп, реле өзектемірі магниттеліп контактылерді түйістіреді. Реленің тартылатын және ұстатқыш орамдары арқылы өткен ток якорь орамдарымен төлкелі ішкі рычагты тартады. Рычаг муфтаның көмегімен жетекші тістегерішті сермердің тісті тәжісімен жалғастырады. Стартер тістегеріші қосылып және коллектордан якорьға берілген ток кенеулігі арқылы айналып сермерді айналдырады. Стартердің жетекші электромагнит релесі жетекші тістегерішін сермермен қосып ұстап тұруға, электр қозғағышты ток тізбегіне жалғастыруға көмектеседі.

Жетекші механизм тістегерішті сермермен қосып, электр қозғалтқышпен айналдыру моментін беруге, стартерді автомобиль қозғалтқышы тұтанғаннан кейін істен шығудан сақтайды.

Бос жүріс муфтасы ұзақ уақыт мерзімді жұмыс істеуге арналмаған, муфтаның істен шығуын болдырмау үшін, оны тұтандырғаннан кейін жылдам ажырату керек. Стартерді ажыратқанда жетекші реленің якорі мен оның жұмыс істеген бөлшектері серіппенің көмегімен алғашқы қалпына қайтарылады.

12.1.1. СТАРТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІ.

Автомобильдерде кеңінен қолданылатын стартерлер СТ230-А1, СТ230-Б4, СТ130-К4 еріксіз қосылатын, арақашықтықтан басқарылатын және 12 В номиналды кернеулікте қоректенеді. Құрылысы мен жұмыс істеуіне байланысты олардың айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мысалы, ГАЗ-3307, -3302 «ГАЗель» автомобильдер қозғалтқыштарында орнатылған СТ230-А1 стартерінің (12.2 сур.), құрылысы мен жұмыс істеуін қарастырайық. Оның номиналды қуатылығы 1,5 кВт, максималды бұралу моменті — 22,5 Н*м.

Электрлі қозғалтқыш. Электрлі қозғалтқыштың негізгі құрылысы төрт полюсты өзектемірлері бар тұрқыдан 9 (12.2, а. сур.), оған катушка 10 қоздырғыш орамы бекітілген, қақпақтардан 13, 30, аралық тірек 29 пен якорден 8 тұрады. Тұрқы мен полюсты өзектемірлер жұмсақ төмен көміртекті болаттан дайындалған. Қоздырушы орамдары екі жіптен тұрады; әрбір жіпке түзу бұрышты кесінділі мыс өткізгіштен дайындалған екі катушка тізбектеліп қосылған. Орам аралық оқшаулағыш арнайы қағаздан дайындалған.
Коллектор жағының қақпағы 13 — болаттан штампталған, төрт қорап тәрізді щетка ұстағышқа бекітілген мыс – графитті электрлі щеткаларға 15 арналған терезесі бар. Екі щетка ұстағыш стартер тұрқына жалғанған («массаға»), ал басқа екеуі тұрқынан гетинакстен дайындалған төсемімен оқшауланған. Оқшауланған щетка ұстағышқа қоздырғыш орамның параллел жібінің екі ұшы жалғанған, ал басқа екі ұшы бірігіп түйіспе бұрандаға 16 шығарылып жалғанады. Стартер тұрқының шетка ұстағыш шетінің қуысы резеңке төсемді 11 құндақпен жабылған.
Аралақ тірек 29 якорь білігін қисаюдан сақтандырады. Аралық тіректің 29 қақпақтары 13, 30 стартер тұрқына тарқыш бұрандалармен бекітіледі. Қақпақ 30 шойыннан дайындалған және стартерді сермер картеріне бекітуге арналған фланец бар. Сонымен бірге бұл фланецке стартер механизм жетегінің қақпағы 27 бекітіледі. Аралық тіректің қақпақтарының ішіне үш сырғыма ішпектер орнатылған, онымен якорь білігі 8 айналып тұрады. Біліктің ось бағытындағы

қозғалысы, таяныш сақинамен 2 ұсталып тұрған реттегіш тығырықтың 1 қалыңдығын өзгертумен реттеледі. Якорь біліктен, өзектемірден, орамнан 7, және коллектордан 14 тұрады. Трансформатор болат тілімшеден жинақталған якорь өзектемір ойығына, жеке секциядан тұратын орам оралған, олардың ұштары бірнен – бірі оқшауланып коллектордың мыс тілімшелеріне дәнекерленеді. Коллекторға серіппенің көмегімен төрт элекрлі щеткалар 15 қысылып тұрады.
Тартқыш реле. Жетекші рычагқа 26 күш әсерін келтіруге (12.2, а)сур.) және стартер тізбегінің тұйықталуына тартқыш реле қолданылады. Ол құндақтан 22, пластмассалы қақпақтан 19, зәкірден 23 қайтарғаш серіппеден 24, түйіспелі диск штогы 20 және тартылатын мен ұстатқыш орамдарының 21 серіппесінен 18 тұрады. Якорь реле латунді түтікте қозғалып тұрады, оның үстіне алдымен тартылатын орам, ал оның сыртынан ұстатқыш орам оралған. Тартылатын орам якорь орамына тізбектеліп қосылған, ал ұстатқыш орам – оған параллелді жалғанған. Екі орамдарда 21 бірге біріккен ұштығы бар, ол қақпаққа 19 бекітілген қысқышқа 17 жалғанады. Тартылатын орамның екінші ұшы түйіспе бұрандаға 16, ал ұстатқыш орамның екінші ұшы – стартер тұрқына жалғастырылады. Реле орамы магнит жетек болатын құндақпен жабылған. Көрсетілген түйіспелерден басқа стартер тізбегіне КЗ қысқышы қосылады, (12.2, б) сур.), оның көмегімен қозғалтқышты іске қосу кезінде тұтандыру катушкасының тізбегіндегі қосымша

резистордың жібі тұйықталады. Якорь штогындағы екі серіппелердің ортасына түйіспелі диск 20 серіппесімен 18 еркін орнатылған, оны түйіспелері бастапқы қалпында ашылып тұрғанда ұстап тұрады.
Стартерді іске қосқанда магнит өрісі якорь 23 реле орамын тартады, ол оске 28 орнатылған саусақпен 25 рычагқа 26 әсер етеді. Бұл кезде рычагтың төменгі ұшы жетекші муфта 6 мен қайтарғыш серіппе 5 арқылы аунақшыл муфтаны 4 якорь білігінің иірмек шлицасымен жетекші тістегерішті 3 сермердің тісті тәжісімен толық қосылғанға дейін қозғалтады. Мұнымен бір мезгілде якорьдің жұмыс жүрісінің соңында түйіспелі дискінің көмегімен стартердің жұмыс жүрісінің ток тізбегін тұйықтайды. Тартқыш реленің тартылатын орамы бұл кезде тұйықталады, ал якорь латунды түтіктің ішінде ұстатқыш орамының магнит өрісінің әсерімен ұстатылып тұрады. Стартер якорі қозғалтқышты іске қосу үшін айнала бастайды. Стартерді сөндірген кезде ұстатқыш орамның тізбегі ажыратылып, якорь релесі жетекші бөлшектерімен серіппенің 24 көмегімен бастапқы қалпына қайтарылады, жетекші тістегеріш сермердің тісті тәжісінен шығарылып, стартер өшіріледі. Қозғалтқышты іске қосқанда іске қосу ток күші 550...600 А жетеді, ал оның бос жүрісінің ток күші 70...80 А тең.
Жетекші механизм. Жетекші механизмнің бос жүріс муфтасы 9 бар (12.3 сур.), ол стартерден сермерге бұралу моментін жеткізеді және қозғалтқышты іске қосқаннан кейін сермерден стартер білігіне айналуды жібермейді, сонымен якорьдің айналу айырмашылығын тоқтатады. Муфта стартер білігінің шлицасына орнатылған шлицалы төлкеден 3, төрт сына тәрізді ойық жасалған құрсаудан 5, тығынжылды 11аунақшадан 6, тығынжыл серіппесінен 10, тістегерішпен 8 бірге дайындалған күпшектен 7 тұрады. Тығынжыл серіппенің 10 көмегімен аунақшаны құрсау мен күпшектің ішкі беттерінің ортасына қысады.
Қозғалтқышты іске қосқанда бұралу моменті жетекші тістегеріштен сермердің тісті тәжісіне беріледі. Бұл кезде аунақша құрсаудың сына тәрізді жіңішке бөлігіне қозғалып, құрсау мен тістегеріш күпшегінің ортасына қатты сыналанып қыстырылады. Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін тісті берілістердің үлкен беріліс санынан сермер стартердің жетекші тістегерішін үлкен жиілікте айналдырады, стартер білігінің айналуына байланысты онымен бірге құрсауда 5 айналады, бұл кезде күпшектен 7 тістегеріш 8 кейін кешігіп құрсау мен күпшектің ортасы ажыратылады. Стартер бұл кезде тізбекті өшіргенге дейін бос жүріс режимінде жұмыс істейді.

Қозғалтқыш іске қосылмаған жағдайда немесе жетекші тістегеріш сермердің тісті тәжісінде ұстатылып қалғанда шектегіш серіппе 1 жетекші муфта 2 мен рычагты 26 (12.2, а, сур.) солға тірелгенше қозғалтады, бұл кезде рычагтың жоғарғы ұшы якорь релесі арқылы стартердің ток тізбегін өшіреді. Қайтарғыш серіппе 4 (12.3 сур.) жетекші тістегеріштің 8 тістері сермердің тісті тәжісінің тістерімен сәйкес қосылмаған жағдайда теңестіріп жалғастыруды қамтамасыз етеді. Серіппе, қысылып, түйіспелі дискіге жетекші релені тұйықтап стартер якорін айналдыруға мүмкіндік береді. Қарастырған элементермен бірге іске қосу жүйесіне қоршаған ортаның төмен температурасында қозғалтқышты іске қосуды жеңілдеткіш қондырғы да жатады.

12.1.2 ТӨМЕН ТЕМПЕРАТУРАДА ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ

ТҰТАНДЫРУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ.

Қозғалтқыштың тұтануын ауа-райының төмен температурасында жеңілдету үшін, оған әртүрлі жылытқышты пайдаланады. Дизельді қозғалтқыштың жіберу құбырымен енетін тазартылған ауаны жылытуға, дизельді және карбюраторлы қозғалтқышта салқындату сұйықтығы мен картердегі майды жылыту арқылы жеңілдетеді.

Жіберу кезіндегі ауаны және салқындату сұйықтығын бірге жылыту арқылы, қозғалтқыштың тұтануын жылдамдаты. Картердегі майды жылыту арқылы иіндібіліктің айналу жиілігін стартермен айналдыруға жеңілдетеді.

Электрлофакельді жылытқыш дизельді қозғалтқышты ауа-райының суық кезінде, -25оС қыстық майды, -18оС –ға дейін жай майды пайдаланған қозғалтқышты жеңіл тұтандыруға көмектеседі. Жылытқыш дизельді жанармай жүйесіне жалғастырылған.

Жылытқыш екі электрлі факельді штифті шамнан тұрады. Ол қозғалтқыштың ауа жіберу құбырына орнатылып, электрлімагнитті жанармай клапанынан, қосымша резисторлы термореле, жылыту қосқышы, контактор, ажыратқыш реле, бақылау лампасы арқылы бақыланып іске қосылады. Қысқа тұйықталудан сақтау үшін оны сақтандырғышқа, токты пайдалануды бақылау үшін амперметр жалғанады.

Факельді шамның тұрқында металлды құндақ тәрізді жылытқыш элемент бар, оның ішіндегі толтырғышта жоғары жылулық өткізгішті иірмек престеліп, оны металлды құндақтан оқшаулап тұрады. Сүзгі арқылы тазартылған жанармай штуцер арқылы факелді шамға беріліп, жиклермен үнемделеді. Шамның ішіне берілген жанармай оның дөңгелек керегесі арқылы жылытқыш элемент пен түтік арасында жылумен буланады.

Жылыту мен булануды жеделдету үшін тор бар. Шамның төменгі бөлігінде көлемді тор орнатылып, ауаның өтуіне аралған екі қатарлы ойық дөңгелек экран бекітілген. Көлемді тор булану мен жанармайдың жануын жеделдетсе, экран жіберу құбырынан өткен ауаның жылдамдығынан, жанған алауды өшіртпеу үшін керек.

Жылытқышты қыздыру үшін қосқышты электр ток көзіне қосып, басып ұстап термореленің қосымша резистор арқылы электрлі факельге ток өтіп оны жылытады.

1-2 минуттай термореле тұйықталы, электрмагнитті жанармай клапаны ашылып, жанармай жылытқыш шамға барады. Бақылау шамы дабылы тұтандыруға дайындығын білдіреді. Стартермен қозғалтқышты іске қосып иіндібілікті айналдырғанда, ашық жанармай клапанынан қыздырылған шамға жоғары қысымды сорабтан берілген жанармай тұтанып, құбырдан өткен ауаны жылытады, қозғалтқышты жылдам тұтануына көмектеседі. Қозғалтқыш тұтанғаннан кейін жүргізуші факельдің қосқышын біршама ұстап жандырып тұруға болады.

12.2. БАҚЫЛАП-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ.

Автомобильдер мен автобустарды дұрыс пайдалану үшін бірнеше бақылап-өлшеу аспаптарын орнатады. Оларды екі топқа бөледі: көрсететін, дабыл беретін аспаптар.

Көрсететін аспаптар көрсеткіш шкала мен стрелкасы бар. Олар жүргізушіге бақылау параметрі бойынша өлшемдерін көсетіп тұрады. Ол аспаптарға: ауа мен май қысымын өлшеу, жанармай деңгейін өлшеу, спидометр,тахометр,эконометр т.б. тұрады.

Дабыл беретін аспаптар жүргізушіге механизмдер мен агрегаттарда ақауы пайда болғанда ескерту дабылын береді. Олар жарықты немесе дыбыспен ескертіп, сезгілері ток к


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: