Ілініс

Ілініс қозғалтқыштан трансмиссияны аз уақытқа ажыратып, автомобильдің жүру алдында оларды өзара бірқалыпты қосуға және жүргеннен кейін беріліс қорабын берілістерге өзгерту үшін қызмет атқарады.

Сонымен бірге ілініс қозғалтқыш пен трансмиссия бөлшектерін автомобильді шұғыл тежеген кезде, күш түсу әсерінен ақау пайда болудан сақтайды.

Құндақ сермерге қаттылап бекітілген, жетекші дискімен шарнирлі жалғанады. Шарнирлер, жетекші дискіні ось бағытында жылжуына және құндақтан берілген бұрылу моментін қабылдауға мүкіндік береді. Сермер мен жетекші диск араларына жетектегі диск қойылған.

Жетекші мен жетектегі дискілер серіппелер арқылы сермерге сығылып, бұралу моментінің үйкеліс күшінің әсерін, беріліс қорабының жетекші білігінің шлицасына орнатылған жетектегі дискіге береді. Бұл кезде ілініс қосылып, бұралу моменті жетекші білік арқылы трансмиссия агрегаттарына беріледі.

Егер педальді басатын болса, онда жетек арқылы қосқыш ашаны кері итеріп, іліністі сығымдағыш ішпек арқылы ажыратады. Сығымдағыш ішпек жылжып, рычагтың ұшын итерген кезде, оның сыртқы шарнирлі орнатылған жетекші диск оңға қарай қозғалады, құндақ пен жетекші диск арасындағы серіппе сығылады. Жетекші диск ажыратылып, беріліс қорабына бұралу моменті берілмейді. Бұл іліністі ажырату болады.

Егер педальді жіберетін болса, онда сығымдағыш ішпек қайтарғыш серіппенің көмегімен бастапқы орнына қайтарылып, жетекші диск мен құндақтың арасындағы серіппе, жетекші дискіні сермерге сығып қысады,

ілініс қайтадан қосылады.

Сермерден бұралу моментін алатын бөлшектер іліністің - жетекші бөлігіне, бұралу моментін беріліс қорабының жетекші білігіне беретін бөлшектер- жетектегі бөлігіне жатады.

Жетектегі дискілердің санына байланысты фрикционды ілініс бір дискілі және екі дискілі болып бөлінеді.

Бір дискілі ілініс – сығылмалы серіппелі, сығылмалы мембраналы болып екіге бөлінеді.

14.2.1. БІР ДИСКІЛІ СЫҒЫЛМАЛЫ СЕРІІППЕЛІ ІЛІНІС.

Зил, ГАЗ, ГАЗ «Волга», ПАЗ, бір дискілі сығылмалы серіппелі ілініс орнатылған. Мұдай іліністің құрылымына жетекші дискі мен құндақтың айналасының арасына бірнеше цилиндрлі серіппелер орнатылған. Мұндай муфталар серіппенің әсерінен өте жоғары іліністе болып, техникалық қызмет көрсету жеңілдеу болады.

ЗиЛ автомобильінің ілінісі цилиндрлер қаңқасына бекітілген шойын картердің ішіне бекітіледі. Жетекші бөлігі сермер және сермерге бұрандалармен бекітілген жетекші диск мен құндақтан тұрады.

Жетекші дискіге ілініс құндағына ашалы тірекке инелі ішпектің көмегімен сомын арқылы рычагтар бекітілген. Құндақты айналдыра бірнеше сығылмалы серіппелер қойылған және жетекші диск жағынан серіппенің серпімділігі жойылмас үшін, жылу өткізбейтін шайба орнатылған.

Жетектегі бөлігіне – жетектегі диск, күпшек, беріліс қорабының жетекші білігі жатады. Жетектегі дискінің екі шетіне фрикционды жапсырма бекітілген. Жапсырма мыс – асбесті немесе металл – асбесті материалдан жасалынған. Күпшек жетекші дискімен серіппе арқылы жалғастырылған, серіппе фрикционды – серіппелі бөліктің негізгі бөлігі болып, бұратылу тербелісінің өшіргіші – демпферлі серіппелер деп аталады.

Бұратылу тербелісін өшіргіш қозғалтқыштың иіндібілігінің бірқалыпты айналыста болмауынан, иіндібіліктің айналу жиілігінің жылдам өзгеруінен, автомобильдің тегіс емес жолдармен жүргенде, іліністі жылдамдатып қосқанда пайда болатын бұралу тербелістерін азайтады. Бұралу тербелістерін азайту, трансмиссия механизмдерінің, айқартопсалы берілістердің және тістегерішті берілістерінің ұзақ уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Іліністі ажыратқыш – сығымдағыш ішпектен, үш немесе төрт ажыратқыш рычагтардан тұрады. Ішпекпен муфтаны жылжыту, іліністі ажыратқыш аша арқылы жүргізіліп, муфта тартқыш серіппемен жақындайды.

Осы кезде ішпек рычагтан 1,5 – 3 мм-ге қайтарылады, ілініс педалінің бос жүрісінің саңылауы 35 – 50 мм –ге тең болады. Ішпек саңылауының азайуы, қозғалқыштың жұмыс істеу барысында іліністің бос айналуынан фрикцион жапсырмалары мен ішпектің тез тозуына әсер етеді. Саңылаудың көп болуы, іліністің толық ажыратылмай, біріліс қорабының тісті тегеріштері бір берілістен екіншісіне толық қосылуын қиындатады.

Іліністің ажыратқыш механизм жетегі – механикалы, автомобиль рамасының сол жағындағы лонжеронына орнатылған, рычагтар мен жетекші тяга арқылы ажыратқыш ашаға жалғанады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: