Тарау. Трансмиссия


14.1. ТРАНСМИССИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ.

Автомобильдер трансмиссиялары – қозғалтқыштан берілген бұрылу моменттін, жетекші доңғалақтарға жеткізетін бірнеше агрегаттар мен механизмдердің біріккен жиынтығын айтады. Бұрылу моментінің берілуі, ұзындығы мен бағытына қарай бір мезгілде жетекші доңғалақтарға бөлінуі арқылы өзгереді.

Қозғалтқыш пен жетекші доңғалақтардың арасының жалғануына және бұрылу моменттінің берілуіне байланысты трансмиссиялар: механикалық, құрамалы (гидромеханикалық), электрлі және гидрокөлемді болып бөлінеді.

Қазіргі кезде көп тараған түрі – механикалық трансмиссия, агрегаттар мен қозғалтқыштың және жетекші доңғалақтардың орналасуына байланысты әртүрлі болады.

Екі немесе бірнеше жетекші белдікті автомобильдерге үлестіргіш қорабын орнатады, қосымша айқартопсалы беріліс жалғанып, әрбір жетекші доңғалақтарда жекеленген басты берілісі, жартылай осі мен дифференциалы болады. Мұндай трансмисияны көбінесе белдікті трансмиссия деп аталады, өйткені, бұрылыс моменті бірінші белдікке беріліп, содан кейін сол мен оң жетекші доңғалақтарға беріледі. Жекленген толық жетекті автомобильдерде, доңғалақ формуласы 6Х6; 8Х8; 10Х10; механикалық борттық трансмиссиясында, қозғалтқыштан берілген бұрылу моменті ілініс пен беріліс қорабы арқылы үлестіргіш қорабына беріліп, одан теңдей оң мен сол жақтағы жетекші доңғалақтарға бөлінеді. Үлестіргіш қорабынан бұрылу моменті борттық редукторға жеткізіліп, одан жетекші доңғалақтарға беріледі, мұнда әрбір жетекші доңғалақтың өзінің басты берілісі бар. Борттық трансмиссияның құрылысы күрделі болғандықтан, оны қолдану шектеулі болады.

Құрамалы (гидромеханикалық) трансмиссия - гидротрансформатор мен механикалық беріліс қорабынан тұрады. Гидротрансформатор іліністің орнына орнатылады. Бұрылу моменті гидротрансформатордан механикалық беріліс қорабына автоматты немесе жартылай автоматты түрде беріледі. Мұндай трансмиссияларды гидромеханикалық беріліс деп айтады.

Электрлі трансмиссиялар, жүк көтеру салмағы 70- 170 тонналық карьерлік аударғыш – автомобильдерде қолданады. Электрлі трансмиссия V – бейнелі турбоүрлеуішті дизельді қозғалтқыштан 770-1690 кВт қуат алатын жетекші электрліқозғалтқыштан және тұрақты ток генераторынан тұрады. Электрлі трансмиссия дизельдің механикалық энергиясын электр энергиясына айналдырып, генератордан жетекші доңғалақтармен бірге орнатылған жетекші электрлі қозғалтқышқа жеткізеді. Жетекші доңғалақтармен бірге орнатылған жетекші электрлі қозғалтқыш – электромотордоңғалақ деп аталады.

Электрлі трансмиссия жетекші доңғалақтардың жетегін жеңілдетеді, бірақ металдың көлемді болуы мен П.Ә.К (пайдалы әсер коэффицент) төмен болғандығына байланысты оны шектеулі қолданады.

Гидрокөлемді трансмиссиялар механикалық энергияны сұйықтық насостың қозғалысына айналдырып, бұрылу моментін гидроқозғалтқыштың білігіне жалғастырылған жетекші доңғалақтарға жеткізеді. Үлкен көлемділігі мен салмағына байланысты және П.Ә.К. төмен болуымен бірге бағасы жоғары, сондықтан көп қолданыста болмайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: