double arrow

Жанармай отынын жеткізу мен ауа тазалау аспаптар

Жанармай багы. Автомобильдерде бір немесе бірнеше жанармай багы орнатылып, отынды сақтау орны болып есептелінеді. Отын багының сыйымдылығы автомобильдің 400 – 600 км аралығындағы жүрісіне арналған. Жанармай багының ерекшелігі, оның жанармай құю қылта аузына және автомобильге бекітіп орналастыру орнының конструкциясына байланысты болады.

Ал құрылысы бойынша әртүрлі автомобильдердің жанармай бактары бір–бірне ұқсастығы бар.

Жанармай багы штампыланып және өзара пісірілген екі болат қаңылтырдан тұрады. Бактың ішінде оған қажетті қатаңдық беретін, бірнеше бөлікке бөлінген қабырға пісіріліп орнатылады. Бұл қабырғалар отынның шайқалуы кезінде оның кенересіне гидравликалық соққылардың қатты соғылуын болдырмайды. Қабырғаның төменгі жағында бактың бөлінген бөгеттерінің арасынан отын өту үшін ойықтар жасалған. Бактағы отынның қажетті деңгей мөлшері бактың ішіне орнатылған сезгінің көмегімен аспаптар қалқанында орнатылған өлшеуіш аспап арқылы көрсетіледі. Кейбір автомобильдердің жанармай багын, автомобильдің 50 км жол жүруіне арналған қосымша отынның бастапқы шығынын анықтайтын аспаптар орнатылады. Бактың қылта аузына болат каркастан тұратын тор сүзгі қойылып, бактың ішкі қуысын атмосферамен жалғастыратын екі автоматты клапаны бар қақпақшамен қаттылап жабылады.

Бактың ішіндегі қысымның 1,5 – 4 кПа дейін сейілту аралығында жіберу клапаны ашылып сыртқы атмосферамен жалғастырылады, ал артық қысым (0,01 – 0,02 МПа) болғанда оның шығару клапаны ашылады.

Жанармай сүзгілері. Жанармай отынын механикалық қоспалардан және судан тазарту үшін жанармай сүзгілері қолданылады. Бактан карбюраторға дейінгі жүру жолында жанармай отыны бактың, жанармай сорабының және карбюратордың тор сүзгілері арқылы тазартылады.

Сонымен бірге бак пен жанармай сорабының ортасына саңылау типті сүзгі–тұндырғыш, ал жанармай сорабы мен карбюратордың ортасына отынның майда тазартқыш сүзгісі орнатылады. Отынды мұндай мұқият тазартудың жүргізілу себебі, өте кішкене механикалық қоспалар мен сулар карбюратордың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі болмайды.

Отынның ірі тазарту сүзгісі жұқа тілімшелер жиынтығынан 8 тұратын саңылаулары 7 және штампыланған шығыңқы кертігі 6 бар сүзгі элемент 5 пайдаланылады. Сүзгі элементтер жиналып тұрғанда шығыңқы кертіктің арасынан 0,05 мм биіктікте отын өтуі үшін тесік саңылау болады, соның себебінен 0,05 мм-ден үлкен механикалық қоспалар өтпей тұндырғышта қалып қояды.Отын сүзгінің тұқына 3 жіберу тесігінен 4 түсіп, сүзгі элементтің 5 тілімшелерінің 8 саңылаулары 7 арқылы өтіп, шығару тесігінен 2 тазартылып шығады. Металл стаканның 1 ішінде отыннан су бөлініп тұндырылады да механикалық қоспалармен бірге тығынмен 9 бекітілген төгу тесігі арқылы түсіріледі.

Отынның майда тазарту сүзгісі өте ұсақ механикалық қоспалардан тазартып,карбюратордың қоспаүнемдегіш жүйесінің ақаусыз жұмыс істеуін және оның жиклерлерінің өте кішкене тесіктеріненотынныңкедергісіз берілуін қамтамасыз етеді. Отын жіберілу саңылауы 12 арқылы сүзгі тұрқына 11 бекіткіш 15 қыстырылған шыны стакан-тұндырғышқа 14 беріледі. Стакандағы отын керамикалық сүзгі элементтен 13 майда тазаланып, шығару тесігі 10 арқылы мұқият тазаланған отын карбюраторға беріледі.

Көптеген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштары тек қана латуннен жасалған тор сүзгі 16 немесе престелген қағаздан жасалып алюминий немесе капрон тұрқыда орналастырлған майда тазарту сүзгісі қолданылады. Мұндай сүзгінің жұмыс істеу тәсілі керамикалық элементті сүзгінің жұмыс істеу тәсілімен бірдей болады.

Жанармай отын сорабы. Отын багынан карбюраторға жанармай отынын еріксіз жіберу үшін отын сорабы қолданылады. ЗИЛ-130 және Москвич-2140 автомобильдерінің қозғалтқыштарында отын сорабы таратқыш біліктің эксцентригінен штанга арқылы іске қосылады, ГАЗ-24-10 және ГАЗ-53-12 автомобильдерінің қозғалтқыштарында – таратқыш біліктің эксцентригінің өзінен, ал ВАЗ қозғалтқыштарында – май сорабы мен үзгіш–таратқыш білігінің эксцентригі арқылы іске қосылады. Жақсы жұмыс істеу қабілеттілігне байланысты жарғақ диафрагмалы отын сорабы көптеп қолданылады.

ЗИЛ қозғалтқышының Б-10 сорабы негізгі үш бөліктен тұрады:

тұрқы 2, клапандар бастиегінен 7 және қақпақтан 10. Тұрқының ішіне күйенте 17, сығымдағыш серіппе 4 мен білікше 14 қолмен отын жібергіш тұтқа 1 орнатылған. Клапандар бастиегіне 7 үш шығару клапаны 13 және үш жіберу клапаны 8 бекітілген, клапандардың үстіңгі жағында тор

сүзгі 9 бар. Қақпақта сораптың жіберу мен сығымдаушы қуыстарын екіге бөліп тұратын қабырғасы 11 бар. Клапандар бастиегі 7 мен тұрқының 2 арасына қалың қабатты лакталған материалдан жарғақ диафрагма 6 орнатылып, штокқа 5 бекітілген, төменгі шеті тығырық арқылы күйентенің 17 ішкі аша тәрізді иығына жалғастырылған, ал оның сыртқы иығының ұшы серіппенің 15 көмегімен сораптың жетегінің штангасына 18 тұрақты тіреліп тұрады.

Отын сорабы келесі тәсілмен жұмыс істейді. Эксцентриктің 19 шығыршығы айналып келіп штанганың 18 астынан әсер етіп күйентенің 17 ұшын жоғары көтереді. Күйенте 17 осінде 16 айналып, өзінің аша тәрізді иығына жалғастырылған штокты диафрагмасымен 6 бірге серіппенің 4 күш әсеріне қарсы төмен қарай түсіреді. Бұл кезде диафрагманың 6 үстінде сейілту болып, соның әсерінен жіберу клапандары 8 ашылады, жанармай отыны бактан қақпақтың 10 жіберу қуысына А келіп түседі, тор сүзгі 9 арқылы тазартылып диафрагманың 6 үстіңгі жағын толтырады. Эксцентриктің19 шығыршығы штанганың 18 астынан айналып өткеннен кейін, серіппенің 4 әсерімен шток 5 диафрагмамен бірге жоғары көтеріледі, бұл кезде диафрагманың 6 үстіндегі отын қысымының әсерінен жіберу клапандары 8 жабылады, ал шығару клапандары 13 ашылып, отын сығымдаушы қуысына Б жіберіледі.Содан кейін шығару саңылауына бекітілген штуцерден түтік арқылы отын карбюраторға барады.

Егерде карбюратордың үнемдегіш жүйесінен берілген отынның шығыны аз мөлшерде, ал қалтқы бөлмешегінің бекіткіш клапаны жабық болатын болса, онда отын сорабы бос жүрісте жұмыс істейді. Бұл анықтамада жарғақ диафрагманың 6 үстіндегі отын, оны жоғары қозғалуға мүмкіндік бермейді, бұл кезде серіппе 4 қысылып тұрады да, ал шток 5 төмен түседі, сондықтан қалтқы бөлмешегінің

бекіткіш клапаны ашылғанша күйентенің аша тәрізді иығы өзінің осінде бос тербетіліп тұрады. Жөндеу – реттеу жұмыстары кезінде қалтқы бөлмешегін отынмен толтыру үшін қолмен отын толтыру құрылғысы арқылы атқарылады. Білікше 14 ойығымен, күйентеге 17 жалғастырылған, аша тәрізді иығына әсер етіп, шток 5 пен жарғақ диафрагманы 6 эксцентригтің көмегінсіз қолмен – тұтқаның 1 көмегімен төмен қозғалтады. Диафрагманың істен шыққан кезінде (жыртылғанда, тесілгенде, т.б.) отын тұрқының төменгі бөлігіне түсіп, бақылау саңылауы арқылы сыртқа төгіледі.

Ауа тазартқыш тазатрқышы. Ауада 0,0001 ден 0,1 г/м 3 дейін, кейде 2 г/м 3 дейін шаң-тозаң болады. Шаң-тозаңның цилиндр ішіне түсіп маймен араласқанда қойырмаға айналып, қажалатын (цилиндр-поршень, поршень-сақина, сақина-цилиндр) бөлшектердің жылдам тозуына әсер етеді.

Сондықтан ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін, қозғалтқыштарда ауа тазартқышы орнатылады. Ауа тазартқыштарды қолдану, қозғалтқыштың цилиндр-поршень топтары бөлшектерінің тозуын, ауа тазартқышсыз жұмыс істуіне қарағанда 2 – 3 есеге азайтады. Сонымен бірге ауа тазартқыш ауа жіберу процссі кезінде жіберу құбырында болатын шуылдың деңгейін де азайтады.

Ауа үш тәсілмен тазартылады:

Сүзілу – ластанған ауа сүзгі элементінен өтіп тазартылады(көбінде арнайы қағаз сүзгі);

Инерциялы – жоғары жылдамдықпен түскен ауа бағытын жылдам өзгертеді. Соның нәтижесінде ортадан тепкіш күш әсерінен ауаның құрамынан тазартқыш тұрқысының керегесіне ауыр механикалық қоспалар ажыратылып қалады;

Түйіспелі – ауа жүрген кезде жабысқыш затпен (маймен) жанасып, оған механикалық қоспалар жабысып қалады;

Өте кеңінен тараған түрлері құрғақ ауыстырмалы сүзгі элементті ауатазартқыш және сұйықты – инерциялы екісатылы ауатазартқыштар.

Құрғақ ауыстырмалы сүзгі (6.11. сурет.) қазіргі жүк және жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштарында кеңінен қолданылуда. Оның негізі ретінде қақпақтардың арасына қыстырылған ауыстырмалы арнайы тығыздалып оралған қағаздан немесе картоннан жасалған сүзгі элементінен 9 өткенде, ауа шаң-тозаңнан тазартылады. Ауаның жақсы тазартылып және кедергісінің аз болуы үшін қағаздың сыртқы беті кеңірек болуы шарт. Сүзгінің көлемін кішірейту үшін, қағаз тығыздалып бүктеледі. Бүктелген қағазды бұзылудан сақтау үшін оны тығыз картонмен қаптап, оралған сүзгінің сыртына қосымша поролон матадан 3 жасалған сүзгі элемент кигізіліп қойылады. Мұндай тазартқыш сүзгі элементі тұрқының 8 ішіне орнатылып қақпақпен 10 жабылады және ашабас сомынмен 1 тартып бекітеді. Жыл мезгілінің салқын уақытында термоқосқыштың 5 көмегімен өтелген газдарды шығару құбырының маңындағы жылы ауаны пайдаланады.

Сұйықты–инерциялы ауатазартқышы (6.12. сурет.) тұрқыдан, сүзгі тұрқысынан 7, сүзгі элементінен 2, май ваннасынан 1, сақина саңылаудан 3, ауа жинауға арналған қақпақтан 4, шағылыстырғыштан 8, ауажинағыштан 5 ауатазартқышты бекіткіш 9 пен ауа жинап өткізгіш 6 келтеқұбырдан тұрады. Қозғалтқыштың жұмыс істеуі кезінде жіберу құбырында сейілту жүргізіліп, ауажинағыштан 5 тазартылмаған ауа қақпаққа 4 жіберіліп, сақина саңылау 3 арқылы май ваннасына 1 өтіп, шағылыстырғышқа 8 бағытталады.

Ваннадағы майдың үстіне келіп түскен ауаның бағыты жылдам өзгеріп, капрон талшықтарымен немесе метеллдан тығыздалған сүзгі элементіне қарай қозғалады. Ауаның бағыты өзгерген кезде ауамен бірге ілесіп келген ірі механикалық қоспалар инерция күш әсерінен төмен қозғалып май ваннасында шөгінді болып қалады. Сүзгі элемент 2 арқылы өткенде ауаның бағыты бірнеше рет өзгереді, соның әсерінен ауадағы ұсақ шаң-тозаңдар сүзгінің тығыздалған талшығында ұсталынып тазартылады.

Тазартылған ауа бекіткіш 9 келтеқұбыр арқылы ауа жинап өткізгіш 6 келтеқұбырмен карбюратордың ауа жүретін келте аузына жіберіледі.

6.5. АУА ЖІБЕРУ МЕН ӨТЕЛГЕН ГАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ ҚҰБЫРЛАРЫ.

Жіберу құбыры жанғыш қоспаны карбюратордан қажетті арналар арқылы цилиндрлерге жеткізу үшін, ал шығару құбыры – қозғалтқышта өтелген газдарды сыртқа шығару үшін қолданылады. Ауа жіберу құбырын алюминий қортпасынан, ал шығару құбырын – сұр шойыннан құйып жасайды. Газдарды шығару құбырлары газдардың қозғалысына минимальды кедергі келтіріп, цилиндрлердің іші көбірек толуы үшін және өтелген газдардан жақсы тазаруына мүмкіндік келтіруі тиіс. Жіберу құбыры қозғалтқыштың жекленген цилиндрлеріне жанғыш қоспаның тең таралуын қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге жанғыш қоспаның жүруі кезінде отынның ұсақ қоспалары жіберу құбыр арналарының керегесінде жабысып қалады. Бұл қозғалтқыш цилиндрлеріне барған қоспаның құрамының әртүрлі өзгеру себебі болып, қалыпты жану процессі бұзылады. Бұл құбылысты болдырмау үшін, жіберу құбырына жанғыш қоспаны қыздыру қолданылады.Сондықтан жіберу құбырының қабырғаларының жартысы қосарланып жасалады, оның арасымен өтелген газдар немесе қозғалтқыш қаңқасының сұйықтық тысынан берілген салқындату сұйықтығы жүріп тұрады.

V- бейнелі қозғалтқыштарда жіберу және екі шығару құбырлары қолданылады. Жіберу құбыры қаңқаның бастиектерінің ортасына орналастырылады. Оны алиминий қортпасынан құйып және фрезерленген жазықтығымен екі бастиегіне, бойлық екі асбестік пен көлденең екі резиналы төсем арқылы бұрандаларға сомындармен бекітіледі. Цилиндрлерге жанғыш қоспа жіберетін арналары 7 мен 8, салқындату жүйесінің ыстық сұйықтығы жүретін арналары 6 мен 9 арқылы қоспа қыздырылып тұрады. Карбюраторды бұрандаға 2, радиатордың келтеқұбырын бұранда 3, клапанмен 1 жалғастырылған картерлік газдарды тазалау құбыры бұранда 4 және отын сорабын бұрандаға 5 бекітеді. Жіберу құбыры карбюратордың әрбір бөлмешегінен берілген жанғыш қоспаны белгіленген цилиндрлер тобына қозғалтқыштың жұмыс істеу ретіне байланысты жанғыш қоспаның сапасына қарай бірдей мөлшерде жүруіне арналып орнатылған.

Барлық бірқатарлы қозғалтқыштарда екі газ құбырыда бірге біріктірілген, келтеқұбыр фланцалары бұранда мен сомындар арқылы цилиндрлер қаңқасына бекітілген (ЗИЛ-157КД қозғалтқышында) немесе қаңқаның бастиегіне(ГАЗ 24-10 «Волга» және ГАЗ 31-02 «Волга» автомобильдерінің қозғалтқыштарында). Өтелген газдардың жылуымен жанғыш қоспаны қалыпты қыздыруды реттеу үшін мұндай қозғалтқыштардың газдарды шығару құбырына қайталанғыш қалқалағышы орнатылып, жіберу құбырының қыздыру қуысына түскен өтелген газдардың мөлшерін автоматты түрде өзгертіп тұрады. Қайталанғыш қалқалағыштың қалпын реттеу – қолмен немесе автоматты түрде жүргізіледі.

6.6. ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ БЕНЗИН ОТЫНЫН

БҮРКІП ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ.

Қазіргі бүркігіш карбюратордың қарапайым карбюратордан өзгешелігі, оннан астам қосымша құрылғысы бар, және оның қоспа дайындауы өзге ерекшелікпен жүргізіледі. Сонымен бірге карбюраторлы қоректендіру жүйесі бар қозғалтқыштың жұмыстық режимдері белгіленген шектікте болады.

Карбюраторлы қоректендіру жүйесімен салыстырғанда отынды бүркіп қоректендіру жүйесінде бірқатар артықшылықтары бар:

· қозғалтқыштың жоғары қуаттылығы;

· жақсартылған үнемділігі;

· жанғыш қоспаның құрамын дәлдікпен реттеп беру мүмкіндігі;

· өтелген газдардағы зиянды қалдықтарды азайту;

· сығылу дәрежесінің 2 – 3 бірлікке көбейту мүмкіндігі;

Қуаттылық пен үнемділік көрсеткіштері отынды цилиндрлерге тура таратып бүркіу мен енгізу кезіндегі кедергілерді азайту арқылы жүзеге асады(карбюратор жоқ). Ал сығылу дәрежесін көбейтуді жақсарту цилиндрлерді таза ауамен толтыру арқылы оның температурасын төмендетеді.

Бүрку жүйесінің кемшіліктеріне:

· бағасының жоғары болуы;

· техникалық қызмет көсетудің күрделілігі, арнайы құрылғылардың қажет болуы мен қызметші мамандардың жоғары біліктілігі қажет;

· бензин отынының тазалығы мен сапасына жоғары талап қою керек;

Орталық бүрку жүйесінде бір форсунка қолданылады, оны карбюратордың орнына орнатады және бүркілу енгізу құбырына жүргізіледі де қозғалтқыштың барлық цилиндрлеріне қызмет көрсетеді.

Таралымды бүрку жүйесінде жекеленген форсункалар әрбір цилиндрлердің жіберу клапандарының маңында орнатылады.

Тікелей бүрку жүйесінде форсункалар цилиндрлер қаңқасының бастиегіне орнатылып, жану бөлмешегіне тікелей бүркіп жеткізеді.

Кесте бойынша бүрку жүйесінің көрсеткіштері, отын жеткізу орны мен тәсілі, отын мөлшерін реттеу тәсілі және ауа шығынын анықтау тәсілі көрсетілген.

6.6.1. ОРТАЛЫҚТЫ БҮРКУ ЖҮЙЕСІ.

Өзінің қарапайымдылығы, сенімділігі мен бағасының төмен болуына байланысты орталықты бүрку жүйесі арзан бағадағы автомобильдерде қолданыла бастады. Оның қуаттылығы мен үнемділігіне байланысты таралымды бүрку жүйесінен кемшілігі бар және карбюраторлы қозғалтқыштар сияқты жіберу құбырының қабырғаларында жанармай қабықшаларының пайда болуы мен әрбір цилиндр үшін жұмыстық қоспаның біркелкі болмауы. Сонымен бірге бүркігіш пен жіберу клапандар арасының алыс болуына байланысты қозғалтқыштың жылдамдық режимі кемиді, ал бүркігіштің тұрқылық өлшемінің үлкен болуы жіберу жүйесінің гидравликалық кедергісін көбейтеді.

Жұмыс істеу тәсілі. Бүркігіш 2 (6.17. сур.), электронды басқару блогы 4 (ЭББ), арқылы жанармай отынын жіберу құбырына өткізеді. Ауа тазартқыштан берілген ауа, ауа шығынын өлшегіш 1 арқылы өтіп, бензин отынымен араласып жанғыш қоспаны құрайды. Бензин отын багынан сүзгі 1 арқылы электр сорабының 7 көмегімен 100 – 1 0 кПа қысыммен жеткізіледі.

Электронды басқару блогы ауа шығынын өлшегіштен 1, дроссельдік қалқалағыштың қалпы мен ашылу жылдамдығы сезгісінен 8, салқындату сұйықтығының температурасының сезгісінен 9 берілген дабылдарға байланысты бүркігішке басқару дабылын жеткізеді. Электронды басқару блогы аккумулятор батареясының 5 электр энергиясымен қоректенеді. Бензинді бүрку жиілігі иінді біліктің айналу жиілігіне сәйкес жүргізіледі. Бүркігіш 2 қысым реттегішпен 3 біріктірілген, ал дросельдік қалқалағыш және бос жүріс реттегіші 10 бір жиынға жинақталған.

6.6.2. ТАРАЛЫМДЫ БҮРКУ ЖҮЙЕСІ

Қазіргі уақытта жанармай отынын таралымды бүрку жүйесі(6.18.сур.) автомобильдер қозғалтқыштарында кеңінен қолданыла бастады.

Бензин отыны бактан 22 электр сорабының 1 көмегімен майда тазартқыш сүзгі 3 арқылы форсункалардың отын өткізгішіне 4 жіберіледі. Форсункалардың отын өткізгіші қысым реттегішпен бірге болады, ал электромагнитті форсункалар тұрақты қысымда ЭББ хабары арқылы жіберу клапандарының аймағына жанармай отынын бүркіп жіберіп тұрады. Қысым реттегіш 5 (сур. 7.25) жанармай қысымын тұрақты ұстап тұрады, егер жанармай отынының мөлшері көп болса, онда қысым реттегіште клапан ұяшығы ашылады да, артылған жанармай құйылу түтігі арқылы бензин багына қайтып құйылып, қысым тұрақталады. Цилиндрге екі жіберу клапандарын пайдаланған кезеде, форсунка жанармай отынын клапандардың жанасу ортасына бүркиді.

Ауа цилиндрлерге ауа тазартқышы, ауа шығынын өлшегіші 8 және жіберу құбыржетегі (ресивер) 12 арқалы түседі, ал ауаның мөлшері дроссельдік қалқалағыш арқылы реттеледі.

Ауа шығынын өлшегіші 8 мен иінді біліктің айналу жиілігінің сезгісінен 13 берілген хабарлар ЭББ келіп түседі. Бұл хабарларды анықтап өңдегеннен кейін және қозғалтқыштың жұмыс істеу режимінің белгіленген алгоритміне сәйкес циклдік ауа шығынының қатынасы берілгеннен кейін, ЭББ форсунка клапандарының қажетті ұзақтықта ашылуын басқару импульсін жіберіп, сол арқылы қажетті жанармай мөлшерін қамтамасыз етеді. Оны дроссельдік қалқалағыштың қалпының өзгеруі мен бұрылу жылдамдығы сезгісінен 7 берілген хабарына және салқындату сұйықтығының температурасы сезгісінен 14 берілген хабарына байланысты басқару блогында өңделіп басқарылады.

Еріксіз бос жүріс режимінде дроссельдік қалқалағышы жабық (сезгіде 7 соған сәйкес түйіспелер жұбы іске қосылады) және иіндібіліктің айналу жиілігі 1500 мин -1 жоғары болғанда жанармай отынын жеткізу тоқтатылады, сонан соң иіндібіліктің айналу жиілігі 900 мин-1 төмен болғанда қайтадан беріле бастайды.

Бос жүріс кезінде салқындату сұйықтығының температурасына байланысты, иіндібіліктің берілген айналу жиілігінде қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істеуіне, қозғалтқышқа жіберілетін ауа мөлшері автоматты түрде реттелу қарастырылған.

Қыздырылмаған қозғалтқыштың бос жүрісінде, дроссельдік қалқалағыштың жабылмаған кезінде ауа реттегіштің 11 жоғарғы мен төменгі арналары арқылы қосымша ауа ретінде беріледі.

Қозғалтқыштың қыздырылуына байланысты, салқындату сұйықтығының температурасы 50-70оС жеткенде, реттегіш ауа жіберуді тоқтатады, ауа жоғарғы арна арқылы түседі, оның қуысының саңылауы иіндібіліктің айналу жиілігін бос жүрісте реттейтін винті арқылы өзгертеді.

6.6.3. ЖАНАРМАЙ ОТЫНЫН БҮРКУ ЖҮЙЕСІНІҢ АСПАПТАРЫ.

Форсункалар отын өткізгіші 4 (6.19. сур.) форсункалар 2 орнатылған қуыс түтіктен және құбыржетек (ресивер) пен отын багына жалғастылыған отын қысымын реттегіштен 5 тұрады. Отын өткізгіш рампа цилиндрер қаңқасының бастиегіне немесе жіберу құбыр жетегінің үстіне орнатылады. Отын өткігіштің ұшына отын сорабынан келетін отынға арналған штуцер 3 бұратылып, оған түтік жалғанады. Форсункалардың төменгі шеті жіберу құбырына 1 жалғастырылған.

Жанармай отынының қысымын реттегіш (6.20. сур.)5 0,38 – 0,33 МПа қысымда форсункалар отын өткізгішінде жұмыстық қысымды ұстап тұрады.

Қысым реттегіш тұрқыдан 1, арасына клапаны 2 бар мембрана 4 қыстырылған қақпақтардан, тұрады.

Реттегіштің ішкі қуысы мембрана арқылы, вакуумдық және отынға арналған екі бөлікке бөлінген.

Вакуумдық қуысы реттегіштің қақпағына 3 орнатылып құбыржетекпен (ресивер) жалғастырылған, ал отынға арналған қуыс – реттегіш тұрқысына 1 орнатылып отын багымен жалғастырылған.

Дроссельдік қалқалағышының жабық кезінде құбыржетекте (ресиверде) 12 сейілту арттырылады, реттегіштің клапаны жанармайдың төмен қысымымен ашылып, артық жанармай құйылу түтігі арқылы отын багына құйылады. Бұл кезде отын өткізгіште 4 қысым тұрақталады.

Дроссельдік қалқалағыш ашылған кезде құбыржетекте (ресиверде) 12 сейілту төмендейді, реттегіштің клапаны жанармайдың жоғары қысымымен ашылып, соның әсерінен отын өткізгіште жанармай қысымы арттрылады, отын багына құйылатын жанармай тоқтатылып, қысымның көтерілуіне мүмкіндік береді.

Электр магнитті форсунка (6.21. сур.)электр магнитті клапан құрылғысынан тұрады. Ол мөлшерленген жанармай отынын бүркуге арналған. Отынның мөлшерленіп берілуі ЭББ –нан электр магнитті форсунканың катушка орамына берілген электр импульсінің ұзақтығына байланысты болады.

Форсунка(6.21. сур.) бүркігіш саптамасынан 1, клапанды бекіткіш инеден 2, тұрқыдан 3, электр магниттің катушка орамынан 4, сүзгіден 5, қақпақтан 6, серіппеден 7, электр магниттен 8 және бүркігіш тұрқысынан 9 тұрады.

Қозғалтқыштың жұмысы кезінде жанармай отыны қысыммен форсункаға сүзгі 5 өтіп

серіппенің 7 көмегімен жабық тұратын бекіткіш клапанына беріледі. При поступлении Электр импульсі берілгенде электр магниттің катушка орамында 4 магнит өрісі пайда болып, соның нәтижесінде өзектемірді 8 өзіне қарай тартады онымен бірге клапанды бекіткіш инеде 2 жылжиды. Бұл кезде бүркігіш тұрқысының 9 саңылауы ашылып жанармай шашыратылған түрде қысыммен бүркіліп беріледі.

Электр магнит катушкасының орамына берілген электр импульсі доғарылғанда магнит өрісі өшіп, серіппе 7 қысымының әсерінен өзектемір 8 мен бекіткіш ине 2 бастапқы қалпына қайтарылады. Бұл кезде бүркігіш тұрқысының 9 саңылауы жабылып, жанармай берілісі тоқтатылады.

Ортадан серпігіш отын сорабы (6.22.сур.)сорабпен бір тұрқыда орналасқан электр қозғалтқышының көмегімен іске қосылады. Ол статордан 3, оның ішкі беті электр қозғалтқышы якорінің осінен 8 біршама ауытқулы, электр қозғалтқышы якорімен жалғастырылған цилиндрлі сеператордан 16, және сепаратор ішіне орналастырылған роликтерден 17 тұрады. Сепаратор мен роликтердің арасында сорабтың негізі 2 мен қақпағы 5 орналасқан.

Сорабтың жұмысы кезінде жанармай отыны штуцер1 мен арна 18 арқылы түсіп, сеператорға 16 қайтарылады, роликтардың көмегімен шығару клапандары арқылы арнамен 6 электр қозғалтқышының қуысына және содан кейін кері қайтару клапаны 11 мен штуцер 12 арқылы құбыр жетекпен отын сүзгісіне жіберіледі. Жанармай отыны, электр қозғалтқышының қуысынан өткенде, оны салқындатады. Кері қайтару клапаны 11 құбыржетектен жанармайдың төгілуін және сорабты іске қосқанан кейін түтікте ауа тығынының пайда болу мүмкіндігін болдырмайды. Сақтандырғыш клапаны 4 жанармай отынының қысымын шектейді, электр сорабы 0,45 – 0,6 МПа қысым мәнінде

130 л/сағ жанармай отынын жеткізіп береді.

6.6.4. ТІКЕЛЕЙ БҮРКУ ЖҮЙЕСІ.

Цилиндрлер ішінде қоспа араласудың сапасын жақсарту үшін, бүркілудің қысымын жоғарлату керек. Сондықтан тікелей бүрку жүйесіндегі төменгі қысымды отын сорабы жанармай отынын сүзгі арқылы жоғарғы қысымды отын сорабына жіберіп, ол аккумуляторда(отын жинағыш, жанармай отыны жоғарғы қысымда болады) 5-13 МПа қысымды келтіреді. Қысымның жоғарлауына байланысты арнайы реттегіш артық жанармай отынын жоғарғы қысымды отын сорабына бағыттап жібереді. Аккумулятордағы қысымның мағынасы сезгімен белгіленіп, ЭББ беріледі. Аккумулятордағы жанармай отыны микропроцессордың бұйрығымен қосылатын электр магнитті форсункаға беріледі.

Жанармай отынының бүркілуіне байланысты цилиндр ішінде ұшқын арқылы ауа мен бензиннің қалыпты қоспасы тұтанады, оны ЭББ басқарып тұрады. Бұл кезде тұтандыру аймағынан алыс тұрған жанғыш қоспалар құрамы тапшыланған және кедей күйінде қалып қояды(ең шеткі аймақ).

Сондықтан, тікелей бүркілуде барлық жану бөлмешегінің көлеміндегі отынның құрамы бірқалыпты болмайды.

Тұтанған қоспаның жалыны цилиндр ішінің барлық көлеміне жайылып, α ≥ 2 коэффициенттік артық ауадағы тапшыланған қоспа құрамдары түгелдей тұтанады. Нәтижесінде қозғалтқыштың отын үнемділігі едәуір арттырылады және детонация мен калильді тұтану қаупі азаяды.

Детонация – бұл отынның бір нүктеде өте тез жануы немесе оны қопарылыс деп атайды. Детонацияның сырқы белгілері – тарсылдаған дыбыс. Бұл дыбысты автомобиль орнынан қозғалғанда немесе төмен октанды бензин пайдаланған кезде байқаймыз. Детонацияны болдырмау үшін жоғары октанды бензин құяды.

Калильді тұтандыру – бұл жанармай қоспаларының жану бөлмешегінде қызған бөлшектердің әсерінен алдын-ала тұтануы. Детонация мен калильді тұтандару жоғары температура мен қысым әсерінен пайда болады.

Таралымды бүрку жүйесімен салыстырғанда тікелей бүрку жүйесі келесі кемшіліктерді иеленеді: күрделі жабдықтар мен жоғарғы қысымды аппаратураның қажеттілігіне байланысты өте жоғары баға, форсунканың күрделі температурада жұмыс істеуі, жану бөлмешегінің күрделігі, бензин отынына қатаң талап қою(өтелген газдардағы күкіртті кеміту). Сонымен бірге жоғарғы қысымды отын сорғысы немесе насос-форсунканы пайдалануда, бензинде майлаушы құрамның азаюына байланысты оның дәстүрлі құрылымы күрделінеді.

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ.

1.Қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің аспаптарын атаңыз?

2. Детонациялық жұмыс істеуі неге байланысты болады?

3. Карбюраторда ауа мен бензиннің араласуы ненің әсерінен болады?

4. Артық ауа коэффициенті дегеніміз не? Қандай жанғыш қоспа қалыпты,

тапшыланған, байытылған, тапшы(кедей), бай қоспа деп аталады?

5. Карбюраторға қандай талаптар қойылады?

6. Қарапайым карбюратордың жұмыс істеуі. Неліктен қойылған талаптарға сәйкес келмейді?

7. Карбюратордың басты үнемдегіш жүйесінің қызметі?

8. Карбюратордың оталдыру құрылғысының қызметі мен жұмыс істеу тәсілі түсіндіріңіз?

9. Экономайзер мен жеделдеткіш насостың қызметі мен жұмыс істеу тәсілін түсіндірңіз?

10. Карбюратордың бос жүріс жүйесінің жұмысын түсіндіріңіз?

11. Ауаны тазартудың қандай тәсілдерін білесіз?

12. Өтелген газдардың шығыуы кезінде дыбыс өшіргіште дыбыс бәсеңдетудің қандай тәсілі қоланылады?

13. Өтелген газдардың каталитикалық бейтараптандырғышының құрылысын түсіндіріңіз?

14. Отынды бүрку жүйесі карбюраторлы қоректендіру жүйесіне салыстырғанда қандай артық ерекшеліктері бар?

15. Отынды таралымды бүркіп қоректендіру жүйесінің жұмыс істеу тәсілін түсіндіріңіз?

7 –тарау. ГАЗБАЛЛОНДЫ ҚОНДЫРҒЫЛЫ АВТОМОБИЛЬ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ.

     
 
 
 


7.1. ГАЗБАЛЛОНДЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕНГЕН СЫЗБАСЫ.

Автомобиль қозғалтқыштарында газды жанармай ретінде пайдалану жүк тасымалдау шығынын кемітуге, қоршаған ортаның ластануын азайтуға ықпалын тигізеді. Жанармай отыны ретінде газбаллонды автомобильдерде сығымды (табиғи) және сұйықты (мұнай) газдары қолданылады. Сығымды газ метаннан, сұйықты газ пропан мен бутаннан тұрады. Газбен қоректендіру жүйесінде цилиндр кенересінде күйе орнауын азайтады, жанармайдың булануын кемітеді, майдың жануы мен май қабыршығының жуылып кетуін болдырмайды, сондықтан май айырбастау мерзімі 1,5 – 2 есеге арыттырылады. Газ бен ауадан құралған жанғыш қоспа цилиндр ішінен жанып шыққан кезде адам ақзаларына кері әсер келтіретін улы заттары аз болады. Газ жанармайы жанған мезгілде, олардың басқа жанармайларға қарағанда, жану жылдамдығы мен жылу бөлінуі төмен болады. Пайдаланған газ жанармайы түрлеріне қарай қозғалтқыштың қуатын бірдей қысым дәрежесінде 7-12 % кемітеді. Сұйықты газбаллонды қондырғылы қоректендіру жүйесімен жұмыс істейтін жүк автомобильдері ЗиЛ-138, ГАЗ-53-07, жеңіл автомобильдер ГАЗ «Волга» мен «Жигули» автомобильдерінің барлық модельдері, автобустар ЛАЗ-695П, ЛиАЗ-677Г, қысымды газбаллонды қондырғылы автомобильдер ЗиЛ-138А, ГАЗ-53-27 және т.б. Газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың жұмыс істеу циклдары карбюраторлы қозғалтқыштардың жұмыс істеу циклдарымен бірдей, бірақ құрылысында көп өзгешеліктер бар.

7.1.1. ЖҮК АВТОМОБИЛІНІҢ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ОТЫНЫНА АРНАЛҒАН ГАЗБАЛЛОНДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ.

Сұйытылған газбен жұмыс істейтін газбаллонды ЗИЛ жүк автомобильдерінің базалық моделі, ЗИЛ-138 автомобилі болады.

Сұйытылған газ сұйық және булы түрінде автомобильдің алдына қарай сол жағына орналастырылған баллонда 25 болады. Баллонның алдыңғы бүйіріне газдың булы 19 және сұйытылған 24 фазаларының шығын вентильдері орнатылған. Қозғалтқышты оталдырғанда және қыздырғанда бу фазасынан, ал қыздырылғаннан кейін – сұйытылған газ фазасынан газ отынымен қоректендіруге қолданылады. Шығын вентильдерінен 19, 24 газ отыны магистральды вентильге 14 келіп түседі, содан кейін жоғары қысымды шланг 7 түтік арқылы газ буландырғышқа 4 барады. Газ бландырғыштағы 4 сұйықты газ, салқындату жүйесінен түтік 2 арқылы келетін ыстық сұйықтықтың жылуымен буға айналып, шланг түтікпен 3 сүзгіге 16 жіберіледі, онда механикалық қоспалардан (қабыршық, тот тозаңы) және т.б. заттардан тазартылады. Содан кейін газ отыны шланг түтікпен газ бәсеңдеткіштің сүзгісінен 12 өтіп газ бәсеңдеткішке 10 беріледі, онда газ қысымы атмосфера қысымына жақын екі сатылы төмендетіледі. Қысымы төмендетілген газ, бәсеңдеткіштің екінші сатысының қуысынан мөлшерлегіш – экономайзерлі құрылғысы 9 арқылы түтікпен 8 газ араластырғыштың 17 жіберу құбырындағы кері қайтару клапанына бағытталады да, форсунка арқылы газ араластырғыштың дроссельдік қалқалағыштарына жіберіледі. Газ араластырғыштан газдыауа қоспасы қозғалтқыштың цилиндріне беріліп, онда тұтанады.

Газ құрылғысының жұмысын, газ бәсеңдеткіштің бірінші сатысындағы қысымды көрсететін манометрмен 13, және сезгіден 21 анықтама алатын баллондағы сұйықты газдың деңгейін көрсеткішпен бақылайды.

Газ бәсеңдеткіш 10 қозғалтқыштың үстіне кронштейндердің көмегімен тікелей орнатылады, газ сүзгісі 16 кабинаның алдна капот астына бекітіледі, ал газ буландырғыш 4 жіберу құбыржетегінің үстіне бекітіліп орнатылады. Бәсеңдеткіштің бірінші сатысының газ қысымы манометрі 13 және баллондағы газ деңгейін көрсеткіші аспаптар қалқанында орналасқан. Жүргізуші кабинасының ішіне магистральды вентильдің 14 тұтқасыда енгізіліп орнатылған. Сұйытылған газ баллоны автомобиль қаңқасына бекітілген кронштейндерге орнатылған.

Автомобильдерде газ қондырғысы мен бірге қосымша қоректендіру жүйесі орнатылады. Қосымша қоректендіру жүйесі бензинмен жұмыс істегенде, газдың толық біткен кезінде немесе ақау пайда болған кезде пайдаланылады.

Қосымша қоректендіру жүйесі жанармай багы 5 кранымен 6, отынжетегінен 7, жанармай сорабынан 1, жанармай сүзгі-тұндырғышынан 4 және келте құбырдың екі шетіне орналастырылған тор жалын өшіргіші бар бір бөлмешекті карбюратордан 2 тұрады.

Қосымша қоректендіру жүйесі құрылғысының араластырғыш пен енгізу құбының ортасына арнайы қыстырма қондырғы 3 орнатылған, карбюраторды қозғалтқышға жалғайтын өткізгіш элемент болып табылады. Газбаллонды қондырғылы автомобильді бензинге ауыстырғанда қозғалтқыш жұмысы номиналды қуаттың 30-40 %-на дейін артады.

Газбаллонды қондырғылы ГАЗ жүк автомобильдерін ЗИЛ автомобильдеріне орнатылған құрылғылармен салыстырғандағы өзгешелігі, негізінен газбен қоректену жүйесінің газ сүзгісі орнатылмаған, соның нәтижесінде жоғарғы қысымды түтіктердің саны азаяды және кейбір газ қондырғыларының капот астында орналасуы өзгереді. Сонымен бірге ГАЗ автомобильдерінің қозғалтқыштарында карбюратор – араластырғыш орнатылған, ол қозғалтқыштың газ отынымен де және бензинмен де жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондықтан барлық ГАЗ жүк автомобильдерінде бензинге арналған жанармай багының көлемі, газбаллонды ЗИЛ автомобильдеріне қарағанда өте жоғары және 90 л құрайды.

7.1.3. ЖҮК АВТОМОБИЛІНІҢ СЫҒЫМДАЛҒАН ГАЗ ОТЫНЫНА АРНАЛҒАН ГАЗБАЛЛОНДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ.

Мұндай қондырғының сұйытылған газбаллонды қондырғыдан өзгешелігі, баллондардағы табиғи газ (метан) шығынына байланысты жұмыстық қысымы 20 МПа-дан атмосфера қысымына дейін өзгеріп тұрады. Сызбалы орналасуына байланысты сығымдалған газға арналған газбаллонды қондырғы сұйытылған газға арналған қондырғыдан бірқатар өзгерістері бар. Негізгі өзгешелігі олардағы баллондардың саны мен автомобильдерде оларды орналастыру және қоректендіру жүйесінде қолданылатын аспаптардың құрылысы. ЗИЛ-138А автомбилінде сегіз баллон, ал ГАЗ-53-27 автомобилінде – жетеу, сондықтан жүк салмағы 700-800 кг азаяды.

Сығымдалған газ отынымен жұмыс істеуге арналған газбаллонды автомобмильдер, әмбебап сызбасы бойынша құрастырылған, сығымды газ отынымен де, бензинмен де әсерлі жұмыс атқара алады.

Газ отыны баллондар секциясынан 13, 14 20 МПа қысыммен шығын вентилі 8 және газжылытқыш 15 арқылы жоғары қысымды бәсеңдеткішке 17 беріледі, онда газ қысымы 1,2 МПа төмендетіледі. Содан кейін газ сүзгісі 21 арқылы төменқысымды газ бәсеңдеткішке 24, одан – карбюратор – араластырғышқа 3, сонан соң қозғалтқыш цилиндрлеріне 25 жіберіледі.

Газбен қоректендіру жүйесін бақылау үшін сызбада манометрлер орнатылған: жоғары қысымды манометр 10, баллондардағы газ қысымын көрсетеді, және төменгі қысымды манометр 23, газ бәсеңдеткіштегі 24 газ қысымын көрсетеді. Манометр 10 бойынша автомобильдің қосымша жүрісін бақылауға болады. Баллондағы қысымның 1,2 МПа төмендеуі, автомобильдің 10 км шамадағы қосымша жүрісіне арналғанын білдіреді. Егерде бәсеңдеткішті реттеу керек болса немесе ақау болса, онда манометрдің 23 көрсеткіші хабар береді.

Қозғалтқыштың бензинмен қоректендіру жүйесі газ отынымен қоректену жүйесінің құрылысымен бірдей болады. Қозғалтқыштың газ отынымен жұмыс істеген кезінде бензиннің келуін тоқтату үшін радиатор қаңқасына электр

магнитті клапан 2 орнатылған, оның іске қосылуы жүргізуші кабинасынан жүргізіледі.

Газ баллондар секциясы 13, 14 арматуралары автомобиль рамасының алдыңғы бағытына байланысты оң жағына стремянкалармен бекітіледі.

Газжылытқыш 15 пен жоғары қысымды бәсеңдеткіш 17 рама лонжеронының сол жағына кронштейндермен бекітіледі.

Газобаллонды ЗИЛ автомобилінен өзгешелігі ГАЗ автомобиліндерінде ауа-райының төмен температурасында қозғалтқыштың тұтануын жеңілдетуге арналған аспап орнатылмайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: