ГАЗ отынын жеткізу аспаптары

Газ отынын жеткізу аспаптарына газды буландыру мен жылыту, баллондағы сығымды немесе сұйықты газдардың қысымын атмосфера қысымына дейін төмендету,газдыауа қоспасын дайындау және жеткізу, қозғалтқыштың барлық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құрылғылары қолданылады. Сонымен бірге аппаратуралар газдарды тазалап сүзуге және кез-келген мезгілде қозғалтқышты тоқтату үшін қолданылады.

Газ буландырғышы (7.5. сур.)сұйықты газды редуктор алдында газ тәрізді буға айналдыру үшін орнатылады. Газды буландыру үшін қозғалтқыштың салқындату жүйесінің сұйықтығы немесе өтелген газдардың жылуын, электр жүйесінің жылытқышы пайдаланылады.

ЗИЛ және ГАЗ автомобильдерінде алюминий қорытпасынан дайындалған екі құйылма бөліктен тұрады. Буландырғыш қозғалтқыштың салқындату жүйесіне жалғанады. Магистральді вентилінен берілген сұйықты газ буландырғыштан өткенде газ тәрізді буға айналып, газ сүзгісінен тазартылып газ редукторына беріледі.Газ буландырғыш қозғалтқыштың бірқалыпты жұмыс істеуін кез-келген режимде барлық жыл мезгілінде салқындату сұйықтығының 800 С температурасында қамтамасыз етеді.

Газ жылытқышы (7.6. сур.)сығымды газдардың құрамында болатын дымқылды, көміртекті қышқылды жылытып, газ конденцатының қыс мезгілінде газ түтіктеріне қатып, тоқтап қалуын болдырмайды.

Сығымды газды жылыту үшін қозғалтқыштан пайдаланып шығарылған газдардың жылуын пайдаланады. Газ жылытқыш корпустан және оның ішіне орнатылған иректелген түтіктен тұрады. Газ жылытқышты қозғалтқыштың пайдаланылған газдарды шығару құбырына дыбыс өшіргішке дейін орналастырады. Пайдаланылған газдар жылытқыштан өткенде, оның ішіндегі иректелген түтіктегі газды жылытып атмосфераға шығарылады. Газдарды жылыту жылдамдығы оның шығару саңылауын реттеуіш шайбамен реттеледі.

Газ сүзгісі (7.7. сур.) газдарды механикалық қоспалардан тазарту үшін қолданылады. Сұйықты газдар механикалық қоспалардан сұйық немесе булы газ түрінде тазартылады, смолалы заттар мен күкіртті қоспалар булы газдар түрінде тазартылады.

Автомобиль газ қондырғыларында тор сүзгі және дөңгелектенген киіз 3 жиынтықты газ сүзгісі пайдаланылады. Газ сүзгісі газ магистраліне жылытқыш немесе газ буландырғыштан кейін орнатылады. Кейбір автомобильдерде (7.7.сур.)электр магнитті клапанмен 1 бір тұрқыда орналасқан газ сүзгісі сұйық газ фазасының түтігіне орнатылған. Газ сүзгісі ретінде кезектесіп жиналған тор сүзгі мен киіз шайбалы элемент 3 пайдаланылады. Сығымды газ сүзгісі жоғарғы қысымды газ редукторының алдында, ал екіншісі екі сатылы газ редуторының алдында орналастырлады. Газ сүзгісі тұрқыдан 2, стаканнан 4, киіз сүзгі элементі 3 мен бекіткіш бұрандадан 5 және біртұтас электр магнитті клапаннан 1 тұрады.

Газ қысымын бәсеңдеткіш (редуктор)

(7.8. сур.)10 сығымды немесе сұйықты газдардың қысымын атмосфера қысымына жақын төмендету үшін пайдаланылады. Автомобильдерде газ редукторы қозғалтқыш өшірілгенде газды автоматты түрде тоқтатуға, екінші сатыдағы артық газ қысымын реттеуге, газ мөлшерін қозғалтқыштың барлық жұмыстық режиміне мөлшерлеу үшін қолданылады. Газ бәсеңдеткіші бір, екі, үш сатылы қысым төмендеткішті болады. 1,6 МПа қысымды сұйықты газдар үшін екі сатылы газ қысымын бәсеңдеткіш, ал 20 МПа қысымдағы сығымды газдар үшін бір сатылы және екі сатылы екі газ қысымын бәсеңдеткіш орнатылады. Бәсеңдеткіш сатыларының санын көбейткенде қысымның реттелу тұрақтылығы жақсарады, бірақ оның құрылымы да күрделі болады. 1,6 МПа қысымда жұмыс істейтін сұйықты газ отынына арналған газобаллонды қондырғыда екі сатылы газ қысымын бәсеңдеткішті қолдану көптеп иеленді, ал 20 МПа қысымда жұмыс істейтін сығымды газ отынына арналған газобаллонды қондырғыларда, негізінен үш сатылы жүйеде газ қысымын бәсеңдету қоланылады. Ол бір- және екі сатылы бәсеңдеткіштерден тұрады. Бәсеңдеткіштің жұмысы газдардың буланып берілу түріне арналған. Бәсеңдеткіштің барлық сатыларының жұмыс істеу тәсілі біріне-бірі ұқсас.

Барлық отандық газбаллонды қондырғылы жүк автомбильдерінде қолданылатын екі сатылы газ бәсеңдеткіштің жұмысын қарастырып көрейік.

Қозғалтқыш жұмыс істемей тұрған кезде және жүргізуші кабинасында орналасқан, магистральді вентиль жабық тұрғанда, бәсеңдеткішке газ отыны түспейді.

Серіппе 1 (7.8. сур, а.) бәсеңдеткіштің бірінші сатысының диафрагмасын 2 жоғары иіп қозғалтады да екіиықты рычагтың 9 көмегімен бірінші сатының клапанын 3 ашады. Екінші сатының клапаны 8 бұл кезде жабық болады, өйткені конустық серіппе 6 екінші сатының диафрагмасын 4 жоғары иіп, екіиықты рычагтың 7 жазыңқы ұшын жоғары көтереді. Газ қысымы барлық сатыларда бұл кезде атмосфералық қысыммен тең болады.

Егер магистральды вентильді ашқанда, онда (7.8. сур, б, в, газ отыны оның жүрісі жалпақ сызықпен бағытталған) баллоннан бәсеңдеткіштің бірінші сатысына түсіп (7.8. сур, б, қараңыз) диафрагманы 2 төмен иеді, 0,25 – 0,30 МПа қысымда екіиықты рычагтың 9 көмегімен бірінші сатының клапанын 3 жабады. Үлкен қысымда сақтандырғыш клапан 10 ашылып, артық газ отыны бәсеңдеткіштің бірінші сатысынан атмосфераға шығарылады.

Конусты серіппенің 6 қысым күшін қайтарып, газ қысымы екінші сатының клапанын 8 ашады да, мөлшерлегіш құрылғы 12 арқылы түтікпен 13 карбюратор-араластырғыштың14 араластырғыш бөлмешегіне жіберіледі. Екінші сатының клапаны 8 ашылу үшін, қозғалтқыштың оталуы немесе жұмыс істегенінде жіберу құбырынан 15 түтік 16 арқылы жүк түсіргіш құрылғысына 11 сейілту жүргізіледі, сейілтудің әсерімен серіппені 6 сығу арқылы екінші сатының сеіппесіне 5 диафрагманы 4 төмен қозғалтуға көмектесіп, клапанды 8 ашады.

Суретте газ бәсеңдеткіші мен карбюратор – араластырғыштың (7.8. сур, в,) бос жүрістегі жұмысы көрсетілген. Бұл режимде диффузордағы сейілтудің жұмысы өте кіші болады, кері қайтару клапаны 17 жабық ал газ отыны бәсеңдеткіштің екінші сатысынан жіберу құбырына 15 тек бос жүрістің түтігі 18 арқылы жіберіледі. Газ бәсеңдеткіштің жұмысына қойылатын негізгі талаптар, қозғалтқыштың әртүрлі режимдерде жұмыс істеген кезінде жіберілген газ қысымының кіші тербелісі болып табылады.

Бір сатылы газ қысымын бәсеңдеткіш, сығымды газ отынымен жұмыс істейтін автомобильдерде қосымша орнатылады, сақтандырғыш клапаны мен жоғары және төмен қысымды дабылдағышы бар.

Мөлшерлегіш-экономайзерлі құрылғы. Газ отынын мөшерлеп жіберу мөлшерлегіш-экономайзерлі құрылғыда жүргізіледі.

Ол қозғалтқыштың жұмыстық режимдеріне байланысты жанғыш қоспаның сапасын реттеп тұрады.

Газ отынының реттеліп берілуі, қозғалтқыштың жүктеліп жұмыс істеген кезінде тапшыланған қоспа жіберіліп, жоғары үнемділік пен өтелген газдардағы уытты қалдықтардың минимальды азаюын қамтамасыз етуі тиіс. Дросельдік қалқалағыштардың толық ашылған кезінде (қозғалтқыштың максимальды қуатын алу үшін) жанғыш қоспа экономайзерлі құрылғының көмегімен байытылады.

Пневматикалық типтегі мөлшерлегіш-экономайзерлі құрылғысы (7.9. сур.) үнемділікті реттегіш жиклері 1 мен қуаттылығын реттегіш жиклерден 2, клапаннан 3, мембранадан 5 және серіппелерден 4, 6 тұрады. Экономайзердің жұмысы жіберу құбырынан берілген сейілтудің көмегімен жүргізіледі.

Жіберу құбырындағы сейілтудің үлкен дәрежесінде (0,016 – 0,065 МПа), қозғалтқыштың жұмыс істеуі, қозғалтқыш иіндібілігінің минимальды айналу жиілігіне және жекеленген жүктелуіне сәйкес келеді, мембрана 5 экономайзердің серіппесінің 6 қысымын кері қайтарып иіледі, ал экономайзердің клапаны 3 серіппенің 4 көмегімен жабылады. Бұл кезде газ отыны қозғалтқышқа тек үнемділікті реттегіш жиклерінен 1 жіберіледі.

Жіберу құбырындағы сейілтудің азаюына байланысыты экономайзердің серіппесі 6 клапанды 3 ашады да, газ отынының қосымша мөлшері қуаттылығын реттегіш жиклер 2 арқылы қозғалтқыш цилиндріне жіберіледі.

Пневматикалық экономайзердің қосылуы клапан 3 алдындағы сейілтуге әсер етеді, ол өзінің кезегінде газ отынының шығынына байланысты болады.

7.3. ГАЗ ОТЫНЫН АРАЛАСТЫРҒЫШТАР.

Жанғыш қоспаның дайындалуы және қозғалтқыш иіндібілігінің белгіленген айналу жиілігіне келтіру үшін, оның реттелуі мен жіберілуі газ отынын араластырғышта жүргізіледі. Толтылу коэффиценті мен қозғалтқыш қуаттылығын арттыру үшін, араластырғыш газауа қоспасының түсуіне минимальды кедергіде әсерлесуі тиіс. Сонымен бірге араластырғыш

қозғалтқыштың сенімді оталуын, оның бос жүрісте қалыпты жұмыс істеуін, қозғалтқыш иіндібілігінің кіші айналу жиілігінен жүктемелі режимдеріне жәймен өтуін, ал газ отынымен және бензинмен жұмыс істейтін әмбебап қозғалтқыштарда – қозғалтқыштың бір отынмен жұмыс істеуі келесі отынға жылдам ауысып іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Газ отынын араластырғыштың карбюратордан ерекше өзгешелігі, онда отын буланбайды, өйткені газ отыны араластырғышқа бу тәрізді күйінде беріледі. Газ отынының ауамен бір агрегаттан араластырғышқа жіберілуі, мөлшерлегіш құрылғының элементтерін жеке блокқа шығарып немесе газ отынын араластырғышпен біріктіру, араластырғыштың құрылғысы ықшамды болады. Сонымен бірге, араластырғышқа жеделдеткіш құрылғының қажеті болмайды, өйткені қозғалтқыштың қуаттылығын арттыру үшін дроссельді қалқалағыштарды жедел ашқанда, газ отынының шығыны ауа шығынымен пропорциональды артады.

Газ отынын араластырғыштар құрылғысы бойынша карбюратормен (карбюратор-араластырғыш) бірге немесе жеке қондырылады. Араластырғышқа газ отынын газ форсункасымен немесе диффузордың қысылған қуысы арқылы, немесе диффузор мен дроссельді қалқалағыштардың арасынан жібереді. Сұйықты газ отынымен жұмыс істейтін газобаллонды автомобильдерде, газ араластырғыш пен карбюратор–араластырғыш қолданылады. Қозғалтқыштың моделіне байланысты араластырғыштардың диффузорлар диаметрінің өзгешелігі, иіндібіліктің айналу жиілігін шектеуіш пен дроссельді қалқалағыштардың жетегін реттеу тәсілі бойынша әртүрлі модификациясы болады. Газ отынын араластырғыштардың отынмөшерлегіш элементтері негізінен ұқсас және газ қысымын бәсеңдеткіш құрылғысымен біріктіріліп жасалған. Араластырғыш СГ-250 (7.10. сур.)екібөлмешекті, жанғыш қоспа тігінен түсіріледі, дроссельді қалқалағыштары паралельді ашылады. Газ араластырғыштың тұрқысында 11 екі дроссельді қалқалағыштар 10, алынатын екі диффузорлар 6, екі жазыңқы газ форсункалары 5 орнатылған. Қозғалтқышты оталдыру кезінде қоспаны байыту үшін араластырғышта автомат клапанды ауа қалқалағыштары 4 бар, ол жанғыш қоспаның көп байытылуын болдырмайды. Жіберу келте құбырына 2 кері қайтару клапаны 3 орнатылған, қозғалтқыш иіндібіліктің минимальды айналу жиілігінде жұмыс істеген кезде, газ отынының негізгі жүйеге берілуін тоқтатады және

реттегіш құрылғыны қозғалтқыштың ішінен кері берілген ұшқын қопарылысның қарсы қысымынан қорғайды. Бос жүріс жүйесіне штуцер 7 арқылы түскен газ отыны, бос жүріс арнасының қақпағында орнатылған реттегіш винттердің 8, 9 көмегімен реттеледі. Сонымен бірге, араластырғышта қозғалтқыш иіндібілігінің айналу жиілігін ортадан тепкіш – вакуумды шектеуіштің 1 атқарушы механизмі орнатылған.

Газ араластырғыш СГ-250 (7.11. сур.) екі сатылы газ қысымын бәсеңдеткішпен бірігіп жұмыс істеуге арналған. Негізгі газ отыны мөлшерлегіш-экономайзерлі құрылғының 1 арнасы 2 арқылы, диффузорлардың 8 қысылған қуысына орнатылған кері қайтару клапаны 6 мен газ форсункаларына 7 беріледі.

Иіндібіліктің кіші айналу жиілігінен жүктемелі режимдеріне жәймен өтуіп қозғалтқыштың бос жүрісте қалыпты жұмыс істеуі үшін, араластырғыштың әрбір араластырғыш бөлмешегіне арнайы екі газ жіберу жүйесі орналастырылған.

Иіндібіліктің минимальды айналу жиілігінде қозғалтқыш жұмыс істегенде кері қайтару клапаны 6 жабық тұрады, тікбұрышты саңылау 4 төменгі сейілту аймағында болады да, газ отыны домалақ саңылау 3 арқылы араластырғыш бөлмешектің дроссельді қуысынан кейін келіп түседі. Жіберілген газ отынының мөлшері реттегіш винтпен 11 реттеледі. Бұл кезде ауа дроссельді қалқалағыштар мен араластырғыш бөлмешектер керегелерінің арасындағы саңылау арқалы түседі.

Дроссельді қалқалағыштар 5 ашылғанда тікбұрышты саңылау 4 жоғары сейілту аймағына өтеді, сол арқылы газ отыны түседі де, қозғалтқыш иіндібілігінің айналу жиілігі арттырылады. Бос жүріс жүйесіне жалпы газ отынының берілуі винтпен 10 реттеледі.

Қозғалтқыш иіндібілігінің айналу жиілігі артқан кезде диффузорларда 8 сейілту артады және кері қайтару клапаны 6 ашылып, негізгі газ отынын беруді қосады. Қозғалтқыш иіндібілігінің кіші айналу жиілігінен жүктемелі режимдеріне өте жоғары жәйлілікте өтуі, бос жүріс жүйесіне бәсеңдеткіштің мөлшерлегіш құрылғысына дейінгі қуысынан немесе бәсеңдеткіштің екінші сатысынан тікелей газ берілуіне байланысты болады. Бірақ қозғалтқыштың мұндай қоректендірілуі бос жүріс режиміндегі кіші жүктелген жұмысында жанғыш қоспаның артық байытылуына әкеледі. Егер мөлшерлегіш құрылғыдан кейінгі қуыснан газ отынының берілуін азайтатын болса, онда қозғалтқыш жұмысының сапасы ауыспалы режимдерде төмендейді.

Осыған байланысты газ отыны араластырғыштың бос жүріс жүйесіне, мөлшерлегіш құрылғыға дейінгі орналасқан қуыснан арнамен 12, ал мөлшерлегіш құрылғыдан кейінгі қуыснан арналарымен 4, 9 жіберіледі.

7.4. ОТЫНЫН ҚҰЮ, ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТҰТАНДЫРУ МЕН ТОҚТАТУ.

Автомобильдерге газ отынын құю. Автомобильдерге сұйытылған газ отынын құю негізінен автомобильдерге cұйық отындарды толтырумен бірдей болады. Автомобильдерді сұйытылған газ отынын толтыру кезіндегі ерекшеліктеріне келесі міндеттер қойылады:

· газ толтыру шланг түтігі мен баллонның вентильдері міндетті түрде тығыздалып жалғану керек;

· баллонға максималды газ толтыруын бақылауды максималды толтыру вентилі арқылы бақылау керек.

· Газ отынының ақ көбіршіктерінің көрінуі баллонның газ отынының толғандығын білдіреді және газ отынын құюды тоқтату керек;

· автомобильдердің газбаллонды қондырғысы газ отынын құю кезінде жазық бойында орналасуы керек.

Дұрыс орналаспаса баллонның сұйықты газ отынына мөлшерден артық толтырылуы немесе толмай қалуы мүмкін;

Сығымдалған газ толыру кезінде қозғалтқыштың жұмысын тоқтатады. Газ толтыру шланг түтігін бұрандалы жалғауымен автомобильдің газ баллонының толтырғыш вентилімен жалғастырады. Сонан соң толтырғыш вентильді ашып, газдардың сыртқа шығып тұрмағанын бақылап, баллондағы қалдық газдарды манометр арқылы тексереді. Егерде баллондардағы газдардың қысымы 0,5 МПа төмен болса, онда баллондарды ауаның 1,0 – 1,5 МПа қысымымен үрлеп атмосфераға шығарылады. Ауамен үрлеп шығаруды 2-3 рет қайталап жүргізеді.

Автомобильге газ құю арнайы газ толтыру станцияларындағы газ ресиверлерінене толтырады. Ресиверлер бір бірімен екі – үш секциялы болып жалғастырылған, автомобиль баллондарының әр секцияларын жеке толтыруға мүмкіндігі бар. Газ құюды газ қысымы төмен баллондардың секциясынан бастап, сонан соң басқа секциясын толтыруға ауыстырып 20 МПа қысымға дейін толтырады. Сығымды газдың толтыру мөлшерін көледік өлшем бірлігімен (м2) жоғарғы қысымды манометрмен газ толтруға дейінгі және газ толтырғаннан кейінгі мөлшерін өлшеу арқылы анықтайды. Жіберілген газдың мөлшері температураның өзгеруі мен сығымды газдың коэффицентін түзету арқылы ескеріледі.

Қозғалтқышты тұтандыру. Қозғалтқышты газ отынымен тұтандыру кезінде бензин отынымен тұтандыру сияқты іске қосу стартерін пайдаланады. Тұтандыру алдында қозғалтқыштың салқындату сұйықтығының, майдың және жанармай отынының деңгейін тексеріп алады; газ жеткізу аппаратуралары мен құрылғыларының толық тығыз бекітілгенін және ақаулары жоқ екендігін тексеру керек; баллондағы газдардың мөлшерін тексеру керек; салқын қозғалтқышты оталдыру алдында баллонның бу фазасының вентилін немесе қызып тұрған қозғалтқышты оталдыру алдында сұйықтық фазасының вентилін ашады; магистральді вентильді ашып баллондағы және бәсеңдеткіш бірінші сатысындағы газдардың мөлшерін тексеру керек.

Салқын қозғалтқышты тұтандыру кезінде қиындық болса, араластырғыштың ауа қалқалағышын аздап жабады, ал қозғалтқыштың басқа жұмыстық режимдерінде ауа қалқалағышы толық ашық болуы керек. Ақауы жоқ қызып тұрған қозғалтқышты оталдру онша қиындық келтірмейді, бірден тұтанып жұмыс істейді. Ауа–райының төмен температурасында салқын қозғалтқышты тұтандыру келесі тәсілмен жүргізіледі. Бу фазасының шығын вентилі мен магистральді вентильді ашады. Қозғалтқыштың жылдам тұтануы үшін газ қысымын бәсеңдеткіш пен газ араластырғыштың аралығындағы газ жүретін түтіктерді бәсеңдеткіштің екінші сатысындағы штогын еріксіз қолмен аз уақытқа басып, газ отынымен толтырады, немесе газ араластырғыштың ауа қалқалағыштарын аздап жабады. Дроссельдік қалқалағыштарының басқару тұтқасын тартып, оны жартысына дейін жабады. Қозғалтқышты тұтандыру мен оны қыздыру иіндібіліктің төменгі айналу жиілігінде жүргізіледі. Салқындатқыш сұйықтығының температурасы 50-60о С жеткенде баллонның сұйықтық фазасының шығын вентилін ашып, бу фазасының шығын вентилін жабады. Бу фазасының шығын вентилінен қозғалтқыштың ұзақ уақыт жұмыс істеуіне болмайды, өйткені сұйық газдардың булану фракциясы қарқынды жүргізіледі. Қозғалтқышты қыздырып болғаннан кейін дроссельдік қалқалағыштардың қолмен басқару тұтқасын бастапқы қалпына қайтарып ашады және егерде ауа қалқалағыштары қозғалтқышты оталдырар алдында жабылған болса, онда толық ашылуы тиіс.

Қозғалтқышты тоқтату.

Қозғалтқышты қысқа уақытқа тоқтататын болса, онда тұтандырудың қосқышын ажыратады. Магистральды мен сұйықтық фазасының шығын вентильдері ашық болады, бірақ газдардың жүруін газ қысымын бәсеңдеткіш тоқтатып тұрады.

Қозғалтқышты ұзақ уақытқа (1–2сағ.) тоқтататын болса, онда магистральды вентильді жауып, газ араластырғыш құрылғы мен магистральді вентильдің арасындағы газ жетектеріндегі газ отындарының толық қолданылып болғанынша қозғалтқыш жұмыс істеп тұрады. Қозғалтқыш тоқтағаннан кейін тұтандырудың қосқышын ажыратады.

Қозғалтқышты ұзақ мерзімде (түнгі немесе смена аралық) тұраққа тоқтататын болса, онда бу мен сұйықтық фазасының шығын вентильдерін жауып, газ отындарының толық қолданылып қозғалтқыш өздігінен тоқтағанша жұмыс істеп тұрады. Қозғалтқыш тоқтағаннан кейін тұтандырудың қосқышын сөндіріп, магистральді вентильді жабады.

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ.

1.Автомобиль қозғалтқыштарына отын ретінде қандай жанғыш ғаздар

қолданылады?

2. Газбаллонды қондырғының жалпы құрылысын түсіндіріңіз?

3. Сұйық және сығымды газдарға арналған баллондардың құрылысын

түсіндіріңіз?

4. Газ отынын араластырғыш пен карбюратор–араластырғыштың құрылысын

түсіндіріңіз?

5. Қандай аспаптар газ отынын жеткізу аппаратурасына жатады, олардың

қызметі?

6. Газ қысымын бәсеңдеткіштің жұмысын түсіндіріңіз?

8 – тарау. ДИЗЕЛЬДІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ.

 
 


8.1. ДИЗЕЛЬДЕГІ ҚОСПА АРАЛАСУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Дизельді қозғалтқышта жанармай отыны жоғарғы қысымды отын сорабынан форсунканың көмегімен сығылу ырғағының соңындағы ауаның қысымынан да жоғары қысыммен цилиндр ішіне бүркіледі. Қоспа араласуы отынның цилиндр ішіне түскеннен кейінгі мезгілден басталады.

Жанармай отынының булануы мен тұтануы сығылған ауаның жоғары температурасы мен қысымының нәтижесінде жүзеге асады (сығылу ырғағының соңында ауаның температурасы 550о – 700оС, ал қысымы – 3,5 – 5,5 МПа жетеді). Айтатынымыз, қоспанының тұтанғаннан кейін жану бөлмешегінде температура мен қысым жылдам жоғарлайды да, жанармай отынның бүркілген жалынының ұсақ қалдық бөліктерінің және отынының булануы мен тұтануы жедел арттырылады.

Дизель қозғалтқыш жұмысының жақсартылған қуаттылығы мен үнемділік көрсеткіштерін арттыру үшін, отынның бүркілуін оның цилиндрлерінің ішіне ішпектің жоғарғы шектік нүктеге (ЖШН) жетпестен бұрын орындалуы керек.

Форсункалар жанармай отынын қажетті оздыру бұрышымен бүрку үшін, жоғары қысымды отын сорабы отынды сығымдап жіберуді одан ертерек бастауы керек. Бұл отын сорабынан форсункаларға дейінгі отынның сығымдалып жету уақытының қажет екендігін білдіреді.

Жоғары қысымды отын сорабы отынның берілуін бастау моментінде, иіндібіліктің иіні жоғары шектік нүктеге жетпесе, оны отынның бүркілу бұрышының оздыруы деп айтады.

Дизель қозғалтқыштарының цилиндрлеріне берілген ауаның мөлшері бірдей болады, оған түскен жүктемелерге тәуелді болмайды. Кіші жүктеме кезінде де цилиндрлер ішінде отынның толық жануы үшін ауаның мөлшері әркезде болады. Бұл кезде артық ауаның коэффициенті жоғары мөлшерде болады. Жүктеменің көбейуіне байланысты отынның берілуі көбейеді, бірақ бұл кезде ауа коэффициентінің мағнасы кемиді, нәтижесінде отынның жану процессі төмендейді. Сондықтан артық ауа коэффициенттінің минимальды мөлшері әртүрлі дизель отынының түтінсіз жұмыс істеуіне

α= 1,3÷1,7 аралығына тең, бұл карбюраторлы қозғалтқыштармен салыстырғанда дизельдің жоғары үнемділігін көрсетеді.

Қоспа араласу мен жану процессінің жақсаруына жұмыстық қоспаны дайындау мен берілген жану бөлмешектерінің түрлері маңызды ықпал көрсетеді. Жұмыстық қоспаның дайындалу тәсілі бойынша көлемді, көлемді-пленкалы, пленкалы қоспа дайындалу түрлері болады. Дизельдерде қазіргі қолданылатын жану бөлмешектерінің жалпы негізгі құрылымы бойынша екі үлкен топқа біріктіруге болады: бөлектелінбеген (бір қуысты) және бөлектелінген (екі қуысты).

Бөлектелінбеген жану бөлмешегі (8.1. сур, а,) поршень Ж.Ш.Н. тұрғандағы поршньнің түбі мен бастиектің 2 астынғы арасындағы көлем 3 болып табылады. Бұл бөлмешектер бір қуысты көлемді қоспа араласу деп аталады, өйткені қоспа араласу процессі отынның бүркілуі дизельдің көлемді жану бөлмешегіндегі ыстық ауаның қалың ортасына тікелей негізделген. Бұл кезде бүркілген отынның тозаңдары ауамен жақсы араласу үшін, ауаның жаңа заряды жіберілу кезінде ұйытқымалы немесе бұратылмалы жіберу арнасының көмегімен қатынасады, ал жану бөлмешегінің түрі форсункадан 1 берілген отынның бүркілу тәсіліне сәйкес жасалуы қарастырылған. Мұндай қоспа араласу тәсілі ЯМЗ мен КамАЗ дизельді қозғалтқыштарында қолданылады.

Бөлектелінген жану бөлмешегі екі көлемнен тұрады, біріне–бірі арналарман жалғастырылған: негізгі көлемі, поршень түбіндегі қуысқа жасалған, және қосымша, қозғалтқыш қаңқасының бастиегіне орнатылған. Бөлектелінген немесе екі қуысты бөлмешектердің негізінен екі тобы қарастырылған: Алдыңғы бөлмешекті және құйын тәрізді бөлмешекті. Дизельде мұндай бөлмешектер құйын тәрізді бөлмешекті және алдыңғы бөлмешекті деп аталады.

Құйын тәрізді бөлмешекте (8.1. сур, в,) қосымша бөлмешектің 10 көлеміжалпы жану бөлмешегінің көлемінің 0,5 – 0,7 бөлігін құрайды. Негізгі 12 мен қосымша 10 бөлмешектер, жанамалап құрастырылған қосымша бөлмешекке арнамен 11 жалғастырылған, соның нәтижесінде ауаның қозғалысы құйын тәрізді ұйытқымалы болады.

Алдыңғы бөлмешекті дизельдерде алдыңғы бөлмешек цилиндр тәрізді болады және тура арнамен поршень түбіне орналастырылған негізгі бөлмешекке жалғастырылады. Отынның алдыңғы бөлмешекке бүркілген моментінде жеке тұтану нәтижесінде жоғары температура мен қысым келтіріліп, негізгі бөлмешекте өте әсерлі қоспа араласуы мен отынның жануын қатамасыз етеді. Қазіргі жылдамдығы жүретін құйын тәрізді және алдыңғы бөлмешекті дизельдердің жоғары сығылу дәрежесіне байланысты жеткілікті жоғары қуаттылықты көрсеткіштері бар. Олардың негізгі кемшіліктеріне бөлектелінбеген бөлмешекті дизельдермен салыстырғанда арттырылған отын шығыны жатады, қозғалтқышты оталдыру қиындығы болғандықтан арнайы оталдыру құрылғысы қолданылады.

8.2. ДИЗЕЛЬДІҢ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ.

Дизельді қоректендіру жүйесіне жанармай отынын және ауа жеткізу аппрптуралары, өтелген газдарды шығару құбыры мен өтелген газдардың дыбысын өшіргіш жатады.Төрт ырғақты дизельдерде отын жеткізу аппаратураларының бөлектелінген түрі көп тараған, оларда жоғары қысымды отын сорабы мен форсункалар бөлек орнатылып отын жеткізу түтігімен жалғасады. Дизель отын жеткізу негізгі екі магистральмен жүргізіледі: төменгі және жоғарғы қысымда. Төменгі қысымды магистральдің механизмдері мен бөлшектерінің міндеті отынды сақтау орнынан, оны сүзгіден өткізу және кіші қысыммен жоғары қысымды отын сорабына жеткізуден тұрады. Жоғарғы қысымды магистральдің механизмдері мен бөлшектері дизель отынын жеткізіп және қозғалтқыш цилиндрлеріне қажетті мөлшерде отынды бүркуді қамтамасыз етеді.

ЯМЗ-236М2 мен ЯМЗ-238М2 (7.2, а, сур.) дизелінің жанармай отын аппаратурасының негізгі механизмдері мен бөлшектеріне: жоғары қысымды отын сорғы 10; төменгі қысымды отын жеткізуші сорғы12; отын бүркілуді оздыру муфтасы 2, цилиндрлер бастиегіне орнатылған форсункалар 5, отын багы 14 ірі тазартқыш отын сүзгісімен 17, майда тазатқыш отын сүзгісі 3, төменгі қысымды

отын өткізгіш түтіктер 8 және 7, жоғары қысымды отын өткізгіш түтіктер 9, кері құю отын өткізгіш түтіктер 6, 4 және 1.

Жоғары қысымды отын сорабының жетегі дизель қозғалтқышының таратқыш білігіне орнатылған тістегерішті беріліс арқылы іске қосылады. Жетектің білігі 23 қақпақпен 24 жабылған ішпектерге орнатылған. Отын бүркілуді оздыру автоматты муфтасының 2 көмегімен ол сорабтың жұдырықша білігімен жалғастырылған, артқы шетіндегі қақпақ 11 астында дизельдің иіндібілік айналу жиілігінің көпрежимді реттегіші қондырылған.

Отын аппаратурасының механизмдері мен бөлшектерінің бірігіп жұмыс істеуі және ондағы отынның қозғалысы келесі тәсілмен жүргізіледі. Төменгі қысымды отын жеткізу сорғы12 отын өткізгіш түтікпен 13 бактан 14 отынды арқылы ірі тазартқыш отын сүзгісі 17 арқылы сорылып, артық қысыммен отын өткізгіш түтікпен 8 майда тазатқыш отын сүзгісіне 3 жіберіледі.

Бұл отын сүзгісінен 3 отын өткізгіш түтікпен 7 отын жоғары қысымды отын сорабына жіберіліп, одан отын жоғары қысыммен отын өткізгіш түтік 9 арқылы дизельдің жұмыс істеу ретіне байланысты оның форсункаларына 5 беріліп, олар арқылы цилиндрлерге бүркіледі.

Төменгі қысымды отын жеткізу сорабы 12 дизель отынын көп мөлшерде жібереді, бұл дизельдің жұмыс істеуіне қажетті, онда отынның жоғары қысымды отын сорабында қолданылмаған бөлігі, кері қайтару клапанынан 22 кері құю отын өткізгіш түтіктері 4 пен 1 арқылы отын багына құйылады. Форсункалардың 5 бөлшектерінің саңылауы арқылы бүркілмей өткен дизель отыны кері құю түтігімен 6 отын багына құйылады. Бұл кезде бүркілуге қолданылмай қалған дизель отыны сорап пен форсункалардың бөлшектерін майлау мен салқындатуды қамтамасыз етеді.

КамАЗ-740 дизелінде (7.2, б, сур.) дизель отыны бактан 40, төменгі қысымды отын жеткізуші сорабынан 27 келтірілген сейілтудің көмегімен, ірі тазартқыш 43 және майда тазатқыш 36 отын сүзгілері арқылы жіберіледі.

Төменгі қысымды отын өткізгіш түтіктермен 41, 45, 28 және 37 дизель отыны жоғары қысымды отын сорабына 29, одан отын жоғары қысыммен отын өткізгіш түтік 25 арқылы оның форсункаларына 30 беріліп, олар арқылы дизельдің жұмыс істеу ретіне байланысты цилиндрлерге бүркіледі. Қолданылмаған дизель отыны мен жүйеде пайда болған ауа жоғары қысымды отын сорабының 29 кері қайтару клапаны мен майда тазатқыш 36 отын сүзгісінің клапан-жиклер кері құю түтіктерімен 35 және 38 бакқа құйылады. Форсункалардан артылған дизель отыны кері құю түтіктерімен 44 және 33 үштік жалғама 42 мен отын өткізгіш түтік 39 арқылы бакқа құйылады.

ЗИЛ-4331 және КамАЗ автомобильдерінің дизельдерінде төмен температура жағдайында олардың оталуын жеңілдету үшін отын жүйесіне электрліфакель құрылғы жалғастырылған.

Құрылғыға жіберу құбырына орнатылған және ауаны жылытатын факельді шамы 34 жатады, жылытылған ауа цилиндрлерге жіберіледі. Дизель отыны факельді шамына отын өткізгіш түтікпен 31 магнитті клапан 32 арқылы түседі. Электрліфакель құрылғы температураның – 25оС қозғалтқыштың оталуын жеңілдетуге қажетті құрал болып табылады, сонымен бірге оталдыру процессі кезінде аккумулятор батареяларын жүктелуден сақтайды, дизельдің жүктелу жұмысын жеделдетеді және қыздырылмаған қозғалтқыштан шығарылтын өтелген газдардың түтіндеуін азайтады.

8.3. ТӨМЕНГІ ҚЫСЫМДЫ МАГИСТРАЛЬДІҢ

МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН БӨЛШЕКТЕРІ.

Төменгі қысымды магистраліне жанармай отын багы, ірі отын тазатқыш пен майда отын тазартқыш сүзгілері, төменгі қысымды отын жеткізуші сорабы, қолмен отын жіберуші сорабы және төменгі қысымды отын өткізгіш түтіктер.

Жанармай отынының багы. МАЗ-5335, -5432 автомобильдерінде отын багы 14 болат қаңылтыр жаймадан жасалған, раманың оң жағына кронштейнге орнатылып, тартпа хомуттармен бекітілген. Бактың жылжымалы тығыз жабылатын қақпақты және тор сүзгілі қылта аузы бар. Қақпақтың ауа шығару мен енгізетін қосарланған клапаны бар. Бактың ішінде отынды алдын-ала тазартатын (ірі тазартқыш) сүзгі және отын деңгейін көрсеткіш сезгі орнатылады. Бактың астыңғы бөлігінде тығынмен жабылған отын ағызу саңылауы бар.

Отынның ірі тазартқыш сүзгісі. Отынның ірі тазартқыш сүзгісі жанармай отынын алдын-ала тазалау үшін қолданылады. МАЗ автомобильдерінде ірі тазартқыш сүзгі 17 бактың 14 ішіне қойылады (7.2, а сур.) және тұрқымен отын жинағыш тік түтіктен 21, қақпақ 16 пен саңылауланған металл каркасқа 20 салынған, мақтақағаз жіптен тығыздалып жасалған сүзгі элементтен 19 тұрады. Төменгі қысымды отын сорабы отын жинағыш тік түтіктен 21 сүзгі элементке 19 жіберіледі, онда тазартылып, штуцер 15 арқылы төменгі қысымды отын өткізгіш түтікке 13 түседі.

ЯМЗ дизелінен КамАЗ-740 пен ЗИЛ-645 дизельдерінің ірі тазартқыш сүзгілері келесі құрылымды ерекшеліктері бар. Ірі тазартқыш сүзгінің арнайы (мақта-матадан) сүзгі элементі жоқ, ал отының тазартылуы стакан-тұрқысының ішіне орнатылған арнайы тыныштандырғыш тор сүзгінің көмегімен жүргізіледі. КамАЗ автомобилінде рама лонжеронына, ал ЗИЛ-4331 автомобилінде — отын багының кронштейніне бекітіледі.

Отынның майда тазартқыш сүзгісі. Отынның ірі тазартқыш сүзгісі жанармай отынын (7.3. сур.) жоғары қысымды отын сорабына жіберілерден бұрын мұқият тазалау үшін қолданылады. Ол тұрқыдан 8, қақпақтан 4 және сүзгі элементтен 3 тұрады. Қақпақ тұрқымен стерженьге 9 бұралатын бұрандамен 5 бекітіледі. Тығыздалып бекітілуін тығыздағыш төсем атқарады.

Сүзгіде отынның жүретін тұсында жиклер 6 бар, содан отынның (артық) бөлігі сүзгі элементіне түспей өткізгіш түтікпен отын ағызылады. Бұл сүзгінің ластануын азайтады және отынның үздіксіз төменгі қысымды магистраліне жіберіліп тұруын қамтамасыз етіп, жоғары қысымды магистральге ауаның түсуін болдырмайды.

Ауыстырмалы сүзгі элементі 3 болат каркастан 2 дайындалған, көп саңылау тесіктері бар. Каркас матамен қапталған, оның үстіне арнайы біріктіретін зат сіңдірілген сүзгі элементтін ораған. Сүзгі элементтің сыртқы бетін дәкеленген лентамен оралған. Қақпаққа 4 сүзгі элементі серіппенің 1 көмегімен қысылады. Төменгі қысымды отын сорабының жұмысы кезінде жанармай отыны жиклер 6 арқылы сүзгі элементіне жіберіледі, одан тазартылған отын каркас 2 пен өзектемірдің 9 арасына түседі, одан соң, арна арқылы жоғары қақпаққа 4 көтеріліп, отын өткізгіш түтікпен жоғары қысымды отын сорабына жіберіледі. Жүйені отынмен толтырып, араласқан ауаны шығару үшін, қақпақтағы тығынмен 7 бекітілетін саңылау атқарады. Сүзгінің түбіне тұндырылған механикалық қалдықтарды төменгі тығынмен 10 бұрандалы бекітілген саңылаудан жібереді.

КамАЗ-740 және ЗИЛ-645 дизелдерінің майда тазартқыш сүзгілерінің келесі ерекшеліктері болады. Майда тазартқыш сүзгі 36 (7.2. сур.) қоректендіру жүйесінің басқа аспаптарынан жоғары орналастырылған, жанармай отынының алмасуы кезінде, жүйеде пайда болған ауаның қоспасын, 0,15...0,17 МПа қысымнан артық болған кезде жеңілдетіліп, жиклер арқылы оған орнатылған қосымша клапан ашылып, бакқа жіберетін отын өткізгіш түтікпен құйылады.

Жанармай отынының сапалы тазартылуын арттыру үшін майда тазартқыш сүзгісі, арнайы қағаздан тығыздалып дайындалған және қосарланған бір тұрқыға орнатылған паралель жұмыс істейтін екі ауыстырмалы сүзгі элементтері қолданылады.

Төменгі қысымды отын сорабы. Бұл отын сорабы жанармай отынын бактан жоғары қысымды отын сорабына жеткізу үшін арналған. Поршень типті отын жеткізгіш сорабы жоғары қысымды отын сорабының жұдырықша білігінің эксцентригінен қозғалысқа келтіріледі. Сораптың тұрқына отынның жіберілуі және шығарлуы үшін серіппелермен 14, 16 қысылған жіберу 13 және шығару 15 клапандары орнатылған. Поршень 19 роликті түрткіштің 3 көмегімен қозғалысқа келтіріледі, ол роликтен 2, штоктан 5 және эксцентрикті 23 түрткішке қысып тұратын серіппеден 4 тұрады (8.4, б, сур.). Поршеньнің 19 жоғары қозғалысында қысыммен келтілген отынның жіберілуіне байланысты жіберу клапаны 13 жабылады, а шығару клапаны 15 ашылады.

Бұл кезде отын А қуысынан өткізу арнасы 22 арқылы Б қуысына түседі, оның көлемі поршеньнің жоғары қозғалысына байланысты арттырылады.

Поршеньнің 19 төмен қозғалысы кезінде (8.4, в, сур.) шығару клапаны 15 жабылады да, отын Б қуысынан сораптың шығару саңылауына барып, одан шығару штуцері 17 арқылы майда тазартқыш сүзгісіне түсіп, сонан соң жоғары қысымды отын сорабына жіберіледі.

Бұл кезде А қуысының көлемінің ұлғаюына байланысты сейілту пайда болады, сның әсерінен жіберу клапаны 13 (8.4, б, сур.) ашылып, жіберу саңлауының штуцері 7 (8.4, а, сур.) арқылы жаңа жанармай отыны түсіп, сорабтың жұмысы кезектесіп қайталанады. Дизельді қозғалтқыштың әртүрлі жұмыс режимдерінде отын өткізу арнасында 22 (8.4, б, сур.) тұрақты қысым арнайы дайындалған серіппенің 18 көмегімен поршеньді 19 ауыспалы жүріске келтіру арқылы жеткізіледі.

Дизельдің жекеленген жүктемелі режимінде отынның кіші шығыны кезінде Б

қуысындағы қысымның әсерінен поршень 19 өзінің толық жүрісін жүргізе алмайды, сондықтан түрткіштің штогы 5 (8.4, а, сур.) бос жүрісте қозғалады, соның нәтижесінде отынның жіберілуі азаяды. Шток 5 пен бағыттаушы төлке 20 саңылауы керегесінің арасынан түсетін отынмен жоғары қысымды отын сорабының картеріндегі майдың араласуын болдырмау үшін, қайтадан жіберу клапанының 13 қуысына дренажды арна 6 арқылы жіберіледі. Төменгі қысымды отын сорабының тұрқына қолдың көмегімен отын жеткізу сорабы орнатылған, ол қоректендіру жүйесін жанармай отынымен толтыруға және жөндеу – реттеу жұмыстарынан кейін немесе автомобильді ұзақ уақыт тұрықта сақтау кезінде жүйеде пайда болған ауаны шығару үшін қолданылады. Қолдық сорабы цилиндрден 11, штогы 9 бар поршеньнен 8 және тұтқадан 10 тұрады.

Қолдың көмегімен отын жеткізу үшін тұтқаны 10 бұрандалы ұштықтан 21 бұрап ағытып (8.4, в, сур.), тұтқамен штокты қозғау арқылы әдеттегі поршеньді сорабы ретінде қолданып, магистральға отын толтырады немесе жүйенің ішіндегі ауаны шығарады. Қолмен отын жеткізіп болғаннан кейін қоректену жүйесіне қолдық отын жеткізу сорабынан ауа сорылуын болдырмау үшін, тұтқаны 10

ұштыққа 21 қаттылап бұрап, поршеньді төсемге 12 толық тығыздап (8.4, а, сур.) бекітеді. ЯМЗ-236М2 мен ЯМЗ -238М2 дизельдерін КамАЗ-740, ЗИЛ-645 және

Д-245.12 дизельдерін салыстыру барысында жоғары қысымды отын сорабтарының құрылымы бойынша жеке бөлшектерінің өзгешелігі болғанымен олардың жұмыс істеу тәсілдерінде айтарлықтай өзгешелік болмайды. КамАЗ-740 дизелінің (8.5. сур.) төменгі қысымды отын сорабы келесі тәсілмен жұмыс істейді. Түрткіштің 1 төмен түсуіне байланысты поршень 2 серіппенің 3 көмегімен төмен қозғалады. Бұл кезде А қуысында сейілту жүргізіліп, жіберу клапаны 4 серіппені сығымдап ашылып, отынды осы қуысқа отын өткізгішпен ірі отын тазартқыш сүзгіден жібереді.

Б –қуысында болған жанармай отыны бір уақытта сығымдалып, жоғары қысымды отын сорабына ығыстырылады (ЖҚОС).

Поршеннің 2 жоғары қозғалысы кезінде алдын ала түскен отын қысымының әсерінен жіберу клапаны 4 жабылып, шығару клапаны 6 ашылады. Бұл кезде отын А – қуысынан отын өткізу арнасы арқылы Б – қуысына түседі және поршеннің 2 төмен ауыспалы қозғалысы кезінде сорабтың суреттелген жұмыс циклы қайталанады. Төмен қысымды отын сорабының фланцасына қолдық отын шайқалту сорабы 5 бекітіледі. КамАЗ дизельдерінің қоректену жүйесінде ұқсас үлгіде қолдық отын шайқалту екінші сорабы орнатылған, ілініс картеріне тіреуіш арқылы бекітіледі. Мұндай сорабтан кабина аудармай жанармай отынын қолдың көмегімен жіберуге мүкіндік береді, қозғалтқышты оталдыру кезінде, әсіресе күрделі жағдайда маңызды пайдалану шарттарында ыңғайлылық көрсетеді.

8.4. ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДЫ МАГИСТРАЛЬДІҢ

МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН БӨЛШЕКТЕРІ.

Дизельді қозғалтқышының жоғары қысымды магистралін қоректендіру аспаптарына жоғары қысымды отын сорабынан, бүркуді оздыру муфтасынан, форсункалар мен жоғары қысымды отын өткізгіш түтіктерден тұрады.

Жоғары қысымды отын сорабы. Отынды дәлдікпен мөлшерлеп және оны белгіленген момент мезгілінде жоғары қысыммен бүркігішке (форсункаларға) жеткізу үшін жоғары қысымды отын сорабы қолданылады. Дизелді қозғалтқыштарда көп тараған түрі және отын беру соңында реттелетін тұрақты жүрісті тығынжылы(плунжер) бар көпсекциялы сорабтар қолданылады. Сораб секцияларының орналасуы бойынша бір қатарлы және V-бейнелі болып бөлінеді. Отын сорабының әрбір секциялары дизельді қозғалтқыштың бір ғана цилиндрінің жұмысын атқарады, сондықтан отын сорабының секциялар саны цилиндрлер санымен анықталады.

Дизельдік отын сорабтары Д-245.12 — бірқатарлы төрт секциялы, ЯМЗ-236М2 — бірқатарлы алты секциялы ЯМЗ-238М2 мен ЗИЛ-645 дизельдерінде — бірқатарлы сегіз секциялы, КамАЗ-740 дизелінде — V – бейнелі сегіз секциялы болады. Сораб арқылы берілген бүркілу қысымы 17,0–18,5 МПа жетеді.

ЯМЗ-236М2, -238М2, ЗИЛ-645 пен Д-245.12 дизельдеріндегі бірқатарлы отын секцияларының құрылымы бойынша бір-бірінен айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мысалы, құрылым түрлері бойынша ЯМЗ-236М2 дизелінің бірқатарлы бір-біріне ұқсас алты секциядан тұратын жоғары қысымды отын сорабы болады

(7.6 сур.). Сораб тұрқының 1 төменгі бөлігінде сальнигі бар өздігінен қозғалмалы екі радиальды-тіректі шарик ішпекке 20, тістегеріші(шестернясы) 11 мен жұдырықша білік 12 орнатылған.

Жұдырықша білікте сорабтың әрбір секциясына арналған профильді жұдырықшалар 79 және жоғары қысымды отын сорабының орналастыру жазығына 13 бекітілетін төменгі қысымды отын жеткізу сорабын іске қосатын эксцентригі 14 бар. Сораб тұрқының аралығында әрбір жұдырықшаға қарсы аунақшалы – түрткіш(ролик - толкатель) 18 орнатылған. Аунақшылдың осі 75 өзінің ұшымен сораб тұрқының ойығына кіріп тұрып, түрткіштің айналып кетуін болдырмайды.

Сорабтың секциялары тұрқының жоғарғы бөлігіне орналасып бұрандамен 29 бекітіледі. Әрбір сораб секцияларының негізгі бөлігі тығынжыл жұбы болып, тығынжыл 6 мен гильзадан 35 тұрады. Тығынжыл жұбы хром-молибденді болаттан жасалып және жоғары қаттылыққа дейін шыңдалады. Мұқият өңделгеннен кейін тығынжыл мен гильзаны жинағанда, олардың арасының бірігу саңылауы 0,0015 – 0,0020 мм болуы тиіс. Қозғалмалы бөлшектердің мұндай жақын бірігу тығыздығы, отынды бүркуге қажетті қысыммен қамтамасыз етеді. Дизель отыны тығынжыл жұбына арнамен 36 беріледі, ал кері қарай алдыңғы шетінде қақпақ астында орнатылған кері қайтару клапаны 5 бар арна 30 арқылы қайтарылады. Егер арнада қысым 0,16 – 0,17 МПа көбейетін болса, онда кері қайтару клапаны ашылып, отынның артық бөлігі отын багына қайтарылады. Отын жүретін арнаға ауа түсетін болса, онда тығынмен 8 бекітілген саңылау арқылы шығарылады. Гильза 35 шетінің өңделген бетіне сығымдағыш клапанның 33 ершігі 34 тіреліп тұрады. Ершік тығынжыл гильзасына штуцермен 7 тығыздағыш төсем арқылы қысылып тұрады.

Сығымдағыш клапан 33 таяныш конусты ойығы бар қалпақшадан, жүк түсіргіш белдемеден және отын жүруіне арналған қиығы бар құйрықшадан тұрады. Сығымдағыш клапан үстіне серіппе 32 орнаталған, оны ершікке итеріп тіреп тұрады. Жоғары шеті таяныштың 31 қырына тіреледі.

Сорабтың жұдырықша білігі 12 айналғанда жұдырықшаның ұшы 19 роликті түрткішке 18, одан болт 40 арқылы тығынжылға әсер етіп оны жоғары көтереді.

Жұдырықшаның ұшы 19 роликті түрткіштің 18 астынан айналып өткеннен кейін, таяныш тіректерге 39, 28 тіреліп тұрған серіппе 38, тығынжылды бастапқы орнына қайтарады. Рейка 3 гильзаға кигізілген бұрылу төлкесінің 16 тісті тәжісімен ілініседі, ал төлкенің төменгі бөлігінің тіктелген ойығына тығынжылдың қыры 17 орнығып тұрады.

Өзінің ось бағытында рейка 3 қозғалғанда төлке 16 гильзаның үстінде айналады да, тығынжыл қырына 17 әсер етіп, оны бұрады, соның нәтижесінде форсункаларға берілетін отынның мөлшері өзгеріп тұрады. Рейканың жүрісі оның бойлық ойығына кіріп тұрған таяныш винтпен 37 шектеледі. Рейканың артқы шеті Р тұрқында орнатылған иіндібіліктің айналу жиілігін шектеуіш жетегіне 10 жалғастырылған. Сорабтан рейканың шығып тұратын алдыңғы шеті қақпақпен жабылып пломбыланған, оған автомобильге сынақ жұмыстарын өткізгенде қозғалтқыштың қуаттылығын шектеуіш винті 2 бұралған.

Дизель цилиндрлеріне иіндібіліктің айналу жиілігіне байланысты отын бүркілуді оздыру үшін сорғының алдыңғы бөлігіне ортадан тепкіш муфта орнатылған. Ол жетекші 23 мен жетектегі 26 жартылай муфтадан тұрады. Жетекші жартылай муфтаға екі ось 27 бекітіліп, оған ортадан тепкіш жүкшелер 25 орнатылған, оның қиығына осьтің 27 бір шетіне ұстатылып тұратын серіппелер 22 қойылған, ал екінші шетіне — таяныш саусаққа 21 жетекші жартылай муфталар 23

орнатылады. Муфтаның механизмі жиналып жетектегі муфтаның бұрандасына бұралған қақпақпен 24 жабылған.

ЗИЛ-645 дизелінің жоғары қысымды отын сорабы бірқатарлы сегіз секциялы, бүркілу қысымы 18,5 МПа дейін жетеді. Ол цилиндрлер қаңқасының ортасына орнатылған. Сорабының жетегі иіндібіліктен екі тісіті дөңгелек арқылы жетек алып, серпімді муфта жетегіне және бүркілуді оздырудың автоматты муфтасына беріледі. Отын сорабының секциясы ЯМЗ дизелінің сорабы сияқты, тығынжыл (золотникті) типті, тығынжыл жүрісі тұрақты. Жекеленген құрылымдарының өзгелігіне қарамастан сорабтың секцияларының жұмыс істеуінде ЯМЗ-236М2, -238М2 дизель сорабының секциялар жұмысынан көп өзгешелігі жоқ.

Тығынжыл типті ЯМЗ-236М2, -238М2, Д-245.12, КамАЗ-740 және ЗИЛ-645 дизельдерінде орнатылған жоғары қысымды отын сорғының жұмыс істеуі тығынжыл үстінің қуысын отынды жекелеп өткізіп толтырудан, форсункаларға қысыммен отын жіберуден, тоқтатып және артылған отынды төгу түтігіне өткізуден басталады. Қозғалтқыш жұмыс істегенде отын сорабының рейкасы отын жіберу мөлшерінің өзгеруіне байланысты қозғалады, бұл кезде барлық секциялардың тығынжылы бірдей бұрылады.

Егерде барлық секциялар бірдей жұмыс істейтін болса, онда мысалға ЯМЗ-236М2 дизель сорабының бір секциясының жұмыс істеуін қарастырып көрейік. Тығынжылдың 1 төмен қозғалысында (8.8. а, сур.) гильзаның 12 ішкі қуысы сорабтың тұрқындағы 11 жіберуші арнасынан 10 жіберілген отынмен толтырылады. Бұл кезде жіберу саңылауы 9 ашылып, отын тығынжыл үстіндегі қуысқа 8 түседі. Сонан кейін жұдырықшаның әсерінен тығынжыл жоғары көтеріле бастайды (8.8.б, сур.), тығынжылдың жоғары жиегі гильзаның жіберу саңылауын 9 толық жапқанға дейін, отынды қайтадан жіберуші арнаға 10 кері қайтарады. Бұл саңылау жабылғаннан кейін отынның қысымы жедел артады,

1,2–1,8 МПа қысымдағы отын, серіппе 5 күшінің әсерін қайтарып, сығымдағыш клапанды 6 көтеріп түтік жетекке түседі.

Тығынжылдың жоғары қозғалысында форсунка серіппесінің қысым күшінен артық болатын қысымға жоғарлайды(16,5+05 МПа дейін), соның әсерінен форсунканың инесі көтеріліп жану камерасына отынның бүркілуі жүрізіледі. Отынның берілу тығынжылдың винттелген жиегі 13 (8.8. в, сур.) гильзадағы жібе


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: