Рульдік жетек

Рульдік механизмнен басқару доңғалақтарына бұрушы күшті жеткізу үшін рульдік жетек қолданылады. Рульдік жетек толық рульдік трапеция (тәуелді асқыш) және шешілмелі рульдік трапеция (тәуелсіз асқыш) болып жасалады. Сонымен қатар рульдік трапеция алдыңғы белдікке орналасады. Рульдік жетектің бөлшектеріне: 1) рульдік сошка; 2) бойлық рульдік жетек; 3) руль тычагтары; 4) көлденең жетек; 5) бұру сафалары; (оң, сол)

Рульдік сошка 5 автомобильдің көлденең осіне параллел жазықтықта немесе алдыңғы белдіктің балкасына параллел жазықтықта дөңгелек доға бойымен бұралып тұрады.

Жеңіл автомобильдерде бойлық жетек болмайды,бұрылу күші сошкадан 5 ортаңғы жетекке 8 және екі бүйірдегі13 жетек арқылы бұру сафасына беріледі. Сошка барлық автомобильдерде конусты шлицті білікке тығыздалып орнатылып, гайкамен тартылып бекітіледі. Сошканың білікке дұрыс бекітілуі үшін оған арнайы белгі жасалады. Рульдік сошканың төменгі бөлігінде конусты тесігі бар, оған көлденең жетектің 8 саусағы бекітіледі.

Бойлық рульдік жетек 6 қалың түтіктен, екі шеті қалыңдатылып бұралмалы екі топса бекітуге арналып жасалады. Топсалар саусақтан 2, саусақтың сфералық шарлы бетін қоршап тұратын төсемдерден1, 3, серіппеден 4 және бұрандалы қақпақтан 6 тұрады.

Бұрандалы қақпақты бұрап қаттылағанда, серіппенің көмегімен саусақтың шарлы беті төсемдер арқылы қысылып тартылады. Серіппе дөңгелектен рульдік сошкаға берілген соққыларды жеңілдетеді және қажалудан пайда болған саңылауды реттеу үшін пайдаланады. Серіппенің қатты қысылмауы үшін шектеуіш орнатылған және ол серіппе сынған жағдайда саусақтың шарлы басы топсадан шығып кетуін болдырмайды.

Рульдік рычагтар 7, 14 жетекке топсалы болып жалғанады. Топсалар әртүрлі конструкцияда жасалынып, шаң –топырқ түспеуі үшін резиналы қақпақ арқылы қорғалады. Топсаларды майлағыш арқылы май жеткізеді. Кейбір автомобильдердің топсаларында пластмассалы төсемдер пайдаланылып, автомобильдерді пайдалану кезеңінде майлануды қажет етпейді.

Көлденең рульдік жетек 8 қалың түтіктен жасалып, екі шетіне шарлы саусақты ұштық 7 бұратылып бекітіледі.

Көлденең жетектің екі шетіне, шарлы саусақты ұштықтың бұралып бекітілуі үшін оң және теріс бұрандалы болып, дөңгелектердің аралығын реттеу кезінде жетектің ұзындығын өзгерту үшін қажет болады. Саусақтың ұштығы жетекке қатайтқыш болтпен 8 қысылып бекітіледі. Көлденең рульдік жетекке топсалар салынып, саусақтар 2 жетекте перпендикуляр қозғалып тұрады. Тәуелсіз асқыштың алдыңғы дөңгелегінің көлденең жетегі, топсалы жалғанған ортаңғы және екі бүйір жетектерден тұрады.

16.3. РУЛЬДІК ЖЕТЕКТЕРДІҢ КҮШЕЙТКІШТЕРІ.

Автомобильдерді басқару кезінде көп күш салып бұрмау үшін, руль дөңгелегіне берілетін жер бедерінен пайда болатын соққылардың әсерін азайту үшін және алдыңғы доңғалақтың шинасы жарылып кеткен жағдайда оны басқарудың қауіпсіздігін жеңілдету үшін рульдік жетекке күшейткіш қондырғылар орнатады. Күшейткіштер гидравликалық және пневматикалық болып бөлінеді. Көп тараған түрі гидравликалық күшейткіш және ол рульдік механизммен біртұтас болып, (КамАЗ, ЗиЛ) немесе рульдік механизмнен бөлек орнатылады. (МАЗ, ГАЗ – 66).

ЗиЛ автомобильдеріндегі рульдік механизмнің гидравликалық күшейткішіне:

1. руль дөңгелегі, 2. рульдік білігі, 3. карданның топсалары, 4. карданды беріліс білігі, 5. руль механизмі және гидравликалық күшейткіші, 6. гидравликалық күшейткіштің насосы, 7. төменгі қысымды түтік, 8. жоғарғы қысымды түтік,

9. қалақшалы насос, 10. кері қайтару клапаны, 11. сақтандырғыш клапаны,

12. шарикті клапан, 13. серіппе, 14. плунжер, 15. золотник,

16 басқару клапаны, 17. бұру винті, 18. поршень – рейка, 19. тісті сектордың білігі, 20. тісті сектор, 21. гидравликалық цилиндр, 22. сұйықтық бачогы жатады.

Гидравликалық жүйеге қалақшалы насос 9, сұйықтық бачогы 22 орнатылған және ременді беріліс арқылы иіндібіліктің шкивімен бірге айналып іске қосылады. Цилиндрдің 21 ішінде поршень–рейка 18, оның ішіне гайка кигізілген, білік бойының бағытында винттің 17 бұрылысында жылжып қозғалады. Цилиндр 21 гидрокүшейткіштің картері ретінде қолданылып, басқару клапанының 16 корпусы бекітілген, оған золотник 15 орнатылып, білік бұрылғанда қозғалады. Поршень–рейка18 тісті сектормен 20 іліністе болады, білікпен 19 біртұтас болып корпустың иіні мен бүйірдегі қақпақа бронза втулка арқылы орналастырылған.

Автомобильдің түзу жүрісінде насостан 9 берілген сұйықтық, басқару клапаны 16 арқылы өтіп, цилиндр 21 күшейткішінің екі жақтауындағы қуысын толтырылады да, бачокқа 22 қайтып құйылады. Руль дөңгелегін оңға немесе солға қарай бұрғанда, басқару клапанының 16 корпусына қатынасты золотникті 15 қозғалтады және цилиндр күшейткішінің бір қуысын бекітіп, екінші қуысына сұйықтықты қысыммен жеткізеді. Қысыммен берілген сұйықтық поршен – рейканы 18 қысым күшімен итеріп, тісті секторлы 20 білікке жалғастырылған рульдік сошканы айналдырып жылжыту арқылы жүргізушіге алдыңғы басқарушы доңғалақтарды бұруға жеңілдік беріп көмектеседі. Басқару клапаны 16 күшейткішпен алты серіппе 13 және алты реактивті плунжер арқылы орталықтандырылған. Шарикті клапан 12 насос жұмыс істемеген жағдайда немесе шланг түтігінде ақау болған жағдайда жоғарғы қысым бағытын сұйықтықтың ағызу бағытымен жалғастырады. Иінді біліктің жоғарғы айналу жылдамдығында насостан берілген сұйықтықтың қысымын шектеу үшін кері қайтару клапаны 10, жоғары қысымнан (6 – 7 МПа) сақтау үшін, кері қайтару клапанының ішіне орнатылған сақтандырғыш клапаны 11, атқарады. Күшейткішке жұмыстық сұйықтық ретінде барлық мезгілді Р – маркалы майы қолданылады. Оның орнына жаз мезгілінде турбиналық май – 22, немесе индустралды май – 20, қыс мезгілінде веретенды май – АУ қолданылады.

ЗиЛ автомобилінде руль дөңгелегінің бос жүрісі 15о бұрыштан аспауы керек, оны жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың иіндібілігінің төменгі жиілігі кезінде тексеріледі.

МАЗ автомобильдерінің барлық модельдерінде гидрокүшейткіш рульдік механизмнен жеке орнатылады.

Маз гидрокүшейткіші мына бөлшектерден тұрады:

1. золотник, 2. түтік, 3. тығын, 4. стақан, 5. бойлық рульдік жетектің шарлы саусағы, 6. сфералы төсем, 7. цилиндр корпусы, 8. реттегіш гайка, 9. цилиндр,

10. поршень, 11. шарлы саусақтың корпусы, 12. руль сошкасының шарлы саусағы, 13. шлаг – түтік, 14. таратқыштың корпусы.

Реттегіш золотник 1 таратқыштың корпусының 14 ішіне орналасқан. Золотниктің 1 үш дөңгелек ойықтан тұратын қуысы бар. Күшейткіштің гидрожүйесіне шестернялы насос орнатылып түтік 2 пен шланг – түтік 13 арқылы май жіберіліп тұрады. Шеткі ойық насостың жіберу каналымен жалғастырылған, ортаңғы – кері қайтарып құю магистралімен бачогқа барады. Золотниктің сыртында екі сақиналы жырашық бар, оның біреуі сол жағындағы, екіншісі оң жағындағы реактивті камерамен жалғасып тұйықталған қуысты құрайды.

Шарлы саусақтың корпусында 11 екі сфералы төсемдермен 6 қыстырылған руль сошкасы 12 мен бойлық руль жетегінің шарлы саусақтары бекітілген.Саусақтарды сфералы төсемдер 6, тығын 3, реттегіш гайка 8 арқылы серіппенің көмегімен тығыздалған. Рульдік сошканың саусағы 12 стақан 4 ішіне орнатылып, ось бағытында 4 – мм – ге дейін жылжиды. Стақанмен 4 бірге золотникте 1 қозғалады, өйткені ол стақанға 4 болтпен қаттылап бекітілген.

Күшейткіш цилиндр 9 корпусытың 7 екінші шеті, шарлы саусақтың корпусымен бұрандалы жалғастырылған. Күшейткіш цилиндр 9 ішінде поршень штогымен орналасқан және топсалы түрде автомобиль рамасына бекітілген. Цилиндр қуысы поршеньмен екіге бөлінген және түтік арқылы таратқыштың корпусының 14 каналымен және золотниктің қуысымен 1 жалғастырылған. Қозғалтқыштың жұмыс істеп тұрған кезінде, насос май сұйықтығын жіберу магистралі арқылы тоқтаусыз гидрокүшейткіштің таратқыш корпусына жіберіп тұрады.

Автомобильдің түзу жүрісінде, майдың жүрісі насостан гидрокүшейткішке барып, кері қайтару магистралі арқылы бачокқа құйылады.

Руль дөңгелегін оңға немесе солға қарай бұрған кезде, рульдік сошка шарлы саусақ 12 арқылы золотникті 1 бір шетіне қарай қозғалтады. Бұл кезде золотник 1 корпусындағы жіберу мен қайтару қуыстары қосылып, золотниктің ортаңғы ойығы арқылы май сұйықтығы күшейткіш цилиндрдің қажетті қуысына құйылады және оны поршеньге 10 қатынасты шток арқылы қозғалтады. Цилиндрдің қозғалысы басқарушы доңғалақтарға шарлы саусаққа жалғастырылған бойлық рульдік жетек арқылы беріледі. Егер рульді бұруды тоқтатсақ, онда золотниктің жүрісіде тоқтайды, бірақ реттегіш корпусы 14 золотниктің бастапқы қалпына келгенше жылжиды да, май сұйықтығы құйылып доңғалақ бұрылысы тоқтатылады. Гидрокүшейткіш жоғарғы сезгіштікте жұмыс істейді. Басқару доңғалағының бұрылуы үшін золотниктің 0,4 – 0,6 мм қозғалысы қажет болады. Руль дөңгелегінің бұрылу күші бастапқыда 50 Н аспайды, ал жоғарғы бұрылу күші жер бедеріне байланысты 200 Н болады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Рульдік басқару қандай негізгі бөлшектерден тұрады?

2. Рульдік механизм мен рульдік жетек дегеніміз не?

3. Басқарылу доңғалақтарының әртүрлі бұрылу бұрышы қалай қамтамасыз етіледі?

4. Жүк және жеңіл автомобильдердің рульдік трапецияларының құрылымының негізгі айырмашылығын көрсетіңіз?

5. ГАЗ-3307, ЗИЛ-431410, МАЗ-5335 автомобильдерінің рульдік механизмдерінің ерекшеліктері қандай?

6. Рульдік жетек қандай негізгі бөлшектен тұрады?

7. Рульдік күшейткішті қандай мақсатта қолданылады?

8. ЗИЛ-431410 мен МАЗ-5335 автомобильдерінде қандай гидрокүшейткіш қолданылады?

9. Қосарланған рулдік механизмде қолданылатын гидрокүшейткіштің құрылымы мен жұмыс істеуі қандай?

10. МАЗ-5335 автомобилінің жеке орнатылған гидрокүшейткішінің жұмысы неге негізделген?

17 – тарау. ТЕЖЕУІШ ЖҮЙЕСІ.


17.1. ТЕЖЕУІШ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.

Тежеуіш жүйесі автомобильдің жылдамдығы тежеп, оны шұғыл тоқтатуға және орнында тоқтатып ұстап тұру үшін пайдаланады. Сенімді тежегіш жүйелері оның орташа жылдамдығын көбейтіп және автоомобильді қауіпсіз пайдалануды арттырады.

Тежеуіш жүйесінің түрлері.

Жұмыстық тежеуіш жүйесі: Бұл автомобильдің басты тежеу жүйесі, барлық доңғалақты тежеп, жүріс жылдамдығын баяулатуға және шұғыл тоқтатуға арналған. Көбінде бұл тежеуіш аяқ тежегіші деп аталады.

Тұру тежеуіші. Көбінесе тұру тежегішін автомобиль тоқтағанан кейін қосады, сондықтан ол автомобильдің бір орнында қалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе автомобильдің жетекші доңғалақтарына трансмиссияның білігін тежеу арқылы әсер етеді. Бұл жүйе қолмен басқарылады, сондықтан оны қол тежеуіші деп атайды.

Қосымша тежеуіш жүйесі. Басты тежеуіш жүйе істен шыққан кезде автомобильді тоқтатуға арналған. Мұндай жүйесі жоқ автомобильдерде істен шықпаған жұмыстық тежеу жүйесінің бөліген (бірінші немесе екінші) контур немесе тұру тежеуіш жүйесін пайдаланады.

Көмекші тежеуіш жүйесі. Автомобиль жолдың ұзақ еңіске қарай жүргенде жылдамдықты шектеуге арналған. Шектеуіш – тежеуіші трансмиссия білігіне әсер етеді, басты тежеуіш жүйесін қызып кетуден және таулы жерден тез істен шығудан сақтайды. Жүк автомобилі қала сыртында әр 100 км жүрген жолда тежеуішті 125 рет іске қосады таудағы жолда осы жүйені іске қосу бірнеше ретке жетеді. Сондықтан таулы жерден тежеуішті іске қосқанда көмекші тежеуіш жүйесі, жұмыстық тежеуіш жүйесіне түсірілген салмақты азайтуға көмектеседі.

Тіркеменің тежеуіш жүйісі. Тіркеме доңғалақтарын жүріс кезінде, тоқтағанда және теркеменің жүріп келе жатқанда автомобильден ажырап кеткен жағдайда тежеуге арналған. Жұмыстық, тұру және қосымша тежеуіш жүйелері барлық автомобильдерде қолданылады, ал көмекші – толық салмағы 12 тоннадан асатын ауыр жүк автомобильдерінде және толық салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда, тіркеме тежеуіш жүйесі автомобильді поездарда теркемелерін тежеу үшін пайдаланады.

Әр тежеуіш жүйесі бір немесе бірнеше тежеуіш механизмдерінен және тежеуіш жетектерінен тұрады. тежеуіш жүйесінің механизмдері орнатылуына байланысты доңғалақты, трансмиссиялы, айналмалы түріне байланысты дисклі, барабанды болып келеді. Тежеуіш жетектері гидравликалық, пневматикалық, механикалық болып бөлінеді. Тежеуіш жүйесін жеңілдету үшін оларға күшейткіш, тежеуіш күшін реттеуіш және басқада қондырғылар орнатылады. Барлық автомобильдерде аяқ тежеуіші және рычагпен ұстату тежеуіші қолданылады.

Тежеуіш жетектерінің педальді тежеуіш механизмдері гидравликалық, пневматикалық болады. Гидравликалық жетекті тежеуіш жүйесінің құрылысы қарапайым болғанымен жүргізушіден көп күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан мұндай тежеуіш жетекті жүйелер жеңіл автомобильдерде немесе 5-6 тоннандан аспайтын салмақта жүк автомобильдерінде қолданылады. Жүк автомобильдерінде және автобустарда толық салмағы 8 тоннадан артық болса онда пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесі қолданылады. Кейбір жүк автомобильдерінде қосарланған – пневмогидравликалық тежеуіш жүйесі қолданылады.

17.2. ТЕЖЕУІШТІҢ ЖЕТЕКТЕРІ.

Автомобильдерді тежеуге, тежеу механизмдерімен бірге қозғалтқышпен де тежеуді, аэродинмикалық тежеуді пайдаланады. Қозғалтқышпен тежеуді автомобиль жоғарыдан төмен түсіп келе жатқанда қолданады. Мұны қозғалтқыштың айналу жылдамдығын азайту арқылы жүргізеді. Аэродинамикалық тежеуді автомобильдердің жарысы кезінде өте жоғары жылдамдықты азайту үшін (парашют, арнайы қалақша) қолднылады. Бұл құрылғыларды іске қосқанда ауа кедергісі ұлғайып, автомобильдің жылдамдығын азйтады. Автомобильдерде өте көп тараған тежеуіштің түрі – механикалық тежеуіштер. Оларды фрикционды тежеуіш механизмдер деп айтамыз. Фрикционды тежеуіш механизмдер дискілі және атанақты болып бөлінеді. Механикалық жетекті атанақты тежеуіш жүйесі.

Атанақты тежеуіш механизмдерінде тежеу атанағы білікпен (доңғалақпен) жалғасқан, айналып тұрады, тежеуіш педалін 1 басқанда жетек 2 рычагпен 3 жалғасқан жұдырықша 4 білік, айналматын қалыптарды 7(колодка) атанаққа 6 (барабанға) жақындатып үйкеліске түседі де, оны қысып тежейді.

Тежегіш педалін босатқанда, серіппелер педальді бастапқы қалпына қайтарады, ал серіппе 5 тежегіш қалыпты 7 атанақтан кері қайтарады. Атанақпен 6 тежеуіш қалыбының 7 арасында саңылау пайда болып, атанақ доңғалақпен бірге айналады. Атанақты тежеуіш механизмдері жүк автомобильдерінің доңғалақтары мен трансмиссияларында, ал кіші және орта класты жеңіл автомобильдердің артқы доңғалақтарын тежеуге қолданады.

Дискілі тежеуіште диск доңғлақпен бірге айналады, қалыптары(колодкалар) айналмайды. Тежеу кезінде қалыптар дискіні екі жағынан қысып тежейді. Дискілі тежеу механизмдері жоғары классты жеңіл автомобильдердің алдыңғы және артқы доңғалақтарында, ал кіші және орта классты автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарында қолданылады.

Пневматикалық жетекті атанақты тежеуіш механизміне жылжымайтын тірек диск 12, екі қалып 1, фрикционды жапсырмаларымен 10, тартқыш серіппелер 4, тірек саусақтардан 11, ажыратқыш құрылғы мен тежегіш атанағынан 3 тұрады. Жоғарғы қысыммен берілген ауа түтік 6 арқылы тежеуіш камерасына 9 беріліп, диафрагмаға 7 әсер етеді. Диафрагма 7 қысымның әсерінен иіліп штокты 8 итерді, червякты берілістің көмегімен білікті 5 жұдырықшаны 2 айналдырып, тежеуіш қалыбын 1 екі шетіне қарай жылжытады. Соның әсерінен тежеуіш қалыбы керіліп, тежеуіш атанағына 3 жақындап тежеледі, автомобильдің жылдамдығы азаяды, қажет болса тоқтатады. Босатқан кезде тартқыш серіппелердің 4 көмегімен бастапқы қалпына қайтарылады.

КамАЗ автомобилінде ажыратқыш жұдырықша мен тежеуіш қалыбының арасында болатын үйкелісті азайту үшін айналмалы ролик қойылады. Пневматикалық жетекті атанақты тежеуіш жүйесі құрылысына:

1 – тежеуіш қалыбы; 2 – ажыратқыш жұдырықша; 3 – тежеуіш атанағы;

4 – татқыш серіппе; 5 – жұдырықша білік; 6 – штуцер; 7 – диафрагма; 8 – шток;

9 – тежеуіш камерасы; 10 – фрикционды жапсырма; 11 – тірек саусақтары;

12 – тірек дискісі жатады.

Гидравликалық жетекті дискілі тежеуіш механизмі.

Дискілі тежеуіш жүйесінде тежеу күші суппорттың 4 ішіне орнатылған екі тежегіш қалыбының 11, шойын дискіні 1 екі жанынан тежеу арқылы іске қосылады. Диск 1 күпшекпен бірге айналып, ал жапсырмалы тежегіш қалып 11 қаттылап орнатылған. Диск мен қалыптың үйкелісте болатын жақтауларын механикалық тозудан және шаң-тозаңнан қорғау үшін, оның ішкі жағына штамталған қаптама 2, ал сырынан доңғалақ дискісі орнатылған. Суппорт 4 ұясында қарама – қарсы орнатылған екі жұмыстық цилиндр 7 бар. Әрбір цилиндр ішіне поршень 8, серпімді резиналы тығыздауыш сақиналар 9, енгізілген. Тежеуішті қайтарған кезде тығыздауыш сақинаның 9 сепімділігінің әсерінен поршень 8 бастапқы орнына қайтарылады. Цилиндрдің ішкі қуысын шаң – тозаңнан сақтау үшін резина манжета 10 кигізілген. Жұмыс цилиндрінің екеуіде бір дөңгелектің механизмі және бір-бірімен түтік 5 арқылы жалғастырылған соның нәтижесінде қысым ішкі цилиндрден сыртқысына беріледі. Цилиндрде пайда болған ауаны шығаратын клапан бар. Поршень фрикционды қалыптарға 11 тіреліп тұрады және бағыттаушы саусаққа бекітілген. Қалыптарға фрикционды жапсырма 3 желімделген. Тежеуіш іске қосылған кезде тежегіш сұйықтығы бас цилиндрден қысым арқылы жұмыстық цилиндрге 7 беріледі. Қысыммен берілген тежегіш сұйықтығының әсерінен цилиндрдің поршені 8 тығыздауыш сақиналардың 9 кедергісін жеңіп, қалыптарды 11 ығыстырып фрикционды жапсырмаларды 3 дискіге 1 екі шетінен қысып жақындатып, оның айналуын тежейді. Үйкелістен қалыптар мен дискіге онымен байланысқан автомобиль доңғалағы айлану жылдамдығын азайтады, қажет болса тоқтатады. Тежегішті

босатқанда серіппелі тығыздауыш резина сақиналардың 9 көмегімен поршень 8 кері қайтарылып, қалыптарды 11 дискіден 1 ажыратады. Қалыптар 11 мен дискінің 1 арасының саңылауы 0,10 – 0,15 мм автоматты түрді бірқалыпты тұрады және жапсырманың 3 қалындығы 1,5 мм аспауы керек. Қалыптардың 11

жапсырмасының 3 тозуына байланысты поршеньнің 8 жүрісі цилиндр ішінде көбейеді және тежеу кезінде бос жүрісі жойылып, қалып жапсырмасы 3 дискіні 1 тығыз тірейді.Дискілі тежеуіш механизміне 1 – диск; 2 – штампталған қаптама;

3 – фрикционды жапсырмалы қалып; 4 – суппорт; 5 – түтік; 6 – ауа шығару клапаны; 7 – жұмыстық цилиндр; 8 – поршень; 9 – серіппелі резина сақина;

10 – резиналы манжета; 11 – тежегіш қалыбы жатады.

17.3. ТЕЖЕУІШТІҢ ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ЖЕТЕГІ.

Тежеуіштің жетегі дегеніміз – жүргізушінің тежеуіш педалімен немесе рычагы арқылы түсірген күш әсерін, тежеуіш механизмдеріне жеткізетін құрылғылардың біріккен жиынын айтамыз.

Гидравликалық жетекті тежеуіш механизмі(17.4.суретте) гидравликалық жетектің жүйесінде сұйықтың қысымын жасаушы және тежеуіш сұйықтығының резервуарымен 8 жалғастырылған басты тежеуіш цилиндрінен 13; тежеуіш сұйықтығының қысымын тежеуіш қалыбына жеткізуші доңғалақтың тежеуіш цилиндрінен 5; шланглер мен жалғастырғыш түтіктен тұрады. Кейбір жағдайда гидрожетекке тежеуіш механизмдерінің бөлгішінен, қысым реттегіш, күшейткіш орнатылады.

Тежеуіш педаліне 10 басқан кезде, шток 9 (17.4. суретте) поршеньді 12 қозғалтып, тежеуіш сұйықтығын түтіктер 3, 2, 11 арқылы жұмыстық тежеуіш цилиндріне 5 жеткізеді. Сұйықтықтың қысымының әсерінен поршень 4, 7 екі шетке қозғалып, тірек стерженьдер арқылы тежеуіш күшін қалыптарға 1, 14 береді, қалыптардың фрикционды жапсырмалары тежеуіш барабанына қысылып доңғалақтарды тежейді. Тежеуіш педалін босатқанда, қозғалмалы білікте 15 орнатылған тежеуіш қалыбтары 1, 14 тартқыш серіппенің 6 әсерінен кері қайтарылады, онымен бірге поршеньдар 4, 7 тежеуіш сұйықтығын түтіктер арқылы басты цилиндрге 13 қайтарып, бастапқы орнына барады. Бұл кезде түтіктердегі сұйықтықтың қысымы бірқалыпты болып, жүйеге сыртқы ауаның енуін болдырмайды.

Басты тежеуіш цилиндрі. Тежеуіш педалінен берілген механикалық күшті сұйықтықтың қысымына пайдалану (17.5.суретте ) үшін басты цилиндр қолданамыз. Цилиндрді сұйықтық резервуарымен 4 бірге құйылып жасалады

(немесе резервуар жеке жасалып, басты цилиндрмен жалғастырылады). Резервуар 4 қақпақпен 3 жабылған. Сұйықтық құятын саңылауы бұрандалы тығынмен 1 жабылып, оның жұқа шағылыстырғышы 2 сұйықтықтың шайқалуын болдырмайды. Цилиндрдің ішіне поршень 13, қайтарғыш серіппе 11, енгізу (жіберу) клапаны 5, және шығару клапаны 8 серіппесімен 9, тірек тұйықтағыш 10 орнатылған. Поршеньнің 13 тығыз орнықтылығын екі резиналы манжет 14, 12 атқарады. Манжет 12 пен серіппенің 11 арасына шайба 23 қойылған. Поршень 13 шайбаға 15 серіппенің 11 көмегімен қысылып, тірек сақинаға 16 тұрақталады.

Шток 17, жетекке 20 бұрандаланып, гайкамен 19 қаттылап бекітіледі. Жетек 20 саусақ арқылы педальмен 21 жалғанады. Цилиндрді шаң–тозаңнан сақтандыру үшін жиналмалы резиналы қапшық 18 кигізіледі. Сұйықтықтың шығу тесігіне болт 7 арқылы үштік 6 жалғамамен бекітілген.

Резервуар 4 цилиндрмен екі саңылау арқылы жалғасып тұрады: қайтаратын Б саңылауы, толықтыратын саңылау В. Қайтару саңылауы Б резервуармен А қуысын тоқтаусыз жалғастырады, ал В саңылауы резервуарды цилиндрмен бастапқы қалпында, тежеуіш педаліне күш салмаған кезде жалғастырады Бастапқы тежеген кезде манжет 12 В саңылауын бітейді, сонан соң сұйықтық шығару клапаны 8 арқылы магистралмен доңғалақтың жұмыстық цилиндріне барады. Тежеуішті босатқан кезде кері қайтару клапанын 5 цилиндрдің шығару саңылауына серіппе 11 қысып, сұйықтықтың басты цилиндрге қайтарылуын тежейді. Поршень 13 бастапқы орнына барған кезде, клапанға тежеуіш магистралінен берілген қысым, серіппенің 11 көмегімен теңестіріліп, цилиндрге сұйықтықтың баруы тоқтатылады. Сұйықтық магистралі мен доңғалақтың жұмыстық цилиндрлерінің ішінде тежеуіш сұйықтығының артық қысымы (0,05 МПа жуық) сақталады, ол қысым тығыздауыш манжетінің цилиндр ішін тығыз бекітіп, жүйеге сыртқы ауаның енуін болдырмайды. Тежеуіш педалін жедел босатқанда тежеуіш сұйықтығы поршеньнің босатылған орындарын жылдам толтырып үлгермейді, өйіткені кері қайтару клапаны 5 мен түтіктердің кедергісі әсер етеді, соның нәтижесінде жүйеде сейілту жүргізіледі де ауа сорылу мүмкін және тежеуіш жетегін қайтадан тежегенде кешігіңкіреп жұмыс істейді. Жүйенің бір қалыпты жұмысын поршеньдегі алты кері қайтару 22 тесігі атқарады.

Сейілтудің әсерінен А қуысы арқылы алты кері қайтару тесігінен 22 тежеуіш

сұйықтығы тығыздауыш манжеттің12 шетін қайтарып поршеньнің босатылған орнына барады. А қуысы сұйықтық резервуарынан Б тесігі арқылы келетін сұйықтықпен толтырылады. Артық тежеуіш сұйықтығы цилиндрге қайтарылғанда резервуарға В тесігі арқылы өткізіледі. Поршеньнің 13 түбіндегі алты кері қайтару тесігіне тығыздауыш манжеті 12 жабысып қалмауы үшін, поршеньге жұлдызша орнатылған. Көптеген автомобильдердің басты цилиндрінің құрылысында осыған ұқсастықтары бар.

Қосарланған екі поршеньнен тұратын басты цилиндр ГАЗ «Волг», ВАЗ, «Москвич» автомобильдерінде орнатылған, жоғары сенімділікте алдыңғы және артқы доңғалақтардың тежеуіштерін бөліп басқаруға арналған.

Қосарланған басты тежеуіш цилиндрі. Мұндай басты цилиндрлер ГАЗ «Волга», ВАЗ автомобильдерінің барлық модельдерінде орнатылған, алдыңғы және артқы доңғалақтардың тежеуіш жүйелерін жекелей басқаруға арналған. Қосарланған басты тежеуіш цилиндрі (17.6. суретте) ішіне екі поршень 9, 13 орнатылған шойын корпустан 3 тұрады.

Алдыңғы доңғалақтың контурын іске қосатын поршеньнің 9 құрылысы, артқы доңғалақтардың контурын іске қосатын поршеньнің құрылысынан көп айырмашылығы жоқ. Поршеньға 9 тежеуіш педалінің штогы тіреліп тұрады. Поршеньдар 9, 13 корпустың 3 ішінде екі камераны 4, 7 құрайды, одан екі 2, 6 тесіктеріне бекітілген түтіктер арқылы алдыңғы және артқы доңғалақтардың жұмыстық цилиндрлеріне жалғанады, ал басқа екі тесктеріне бекітілген түтіктер арқылы тежеуіш сұйықтығының резервуарына жалғанады. Тежеуіш педалі бос тұған кезде серіппе 15 поршеньді 13 оң жағына қарай қозғалтады.

Бұл кезде поршень 13 шектеуішке 14 тіреліп шектеледі, ал поршень 9 серіппенің 11 көмегімен екінші шектеуішке 10 жетіп тіреледі. Камералар 4, 7 бір – бірінен поршеньге 13 кигізілген резина манжетамен 12 бөлініп тұрады. Поршеньнің ойықтарында резиналы тығыздауыш сақина 17 мен тірек втулкасы 18 орнатылған. Бастапқы қалпында тұрғанда серіппе 16 тығыздауыш сақинаны тірек втулкасына серпіліп қысып тұрады да араларында саңылау 19 орын қалады. Саңылау мен тесік арқылы камералар бочокпен жалғасып, контурларда сұйықтықтың артық қысымы болмайды. Тежеуіш педалін басқан кезде поршень 9 қозғалады, дөңгелек саңылау 19 реттеліп, поршеньнің 9 сыртқы ернеуі тығыздауыш сақинаға 17 жақындап қысылады. Содан кейін жұмыстық жүріс басталып, сұйықтық доғалақ цилиндріне беріліп, алдыңғы тежеуіш контурында тежуге арналған қысым пайда болды. Бір уақытта поршень 9, мен екінші поршень 13 бірге қозғалып, артқы доңғалақтың тежеуіш жетегінің контурында тежеуіш сұйықтығының қысымын арттырады. Камераға 7 әсер еткен сұйықтықтың қысымы екінші камерадағы 13 поршень арқылы тежеуіш сұйықтығына беріледі. Екі контурдағы сұйықтықтың қысымы тежеуіштің ақаусыз жұмысы кезінде тең болады. Егерде алдыңғы доңғалақтың тежеуіш контурында ақау пайда болса онда, тежеуіш педалін басқан кезде поршень 9 екінші поршеньге 13 тіреледі, артқы доңғалақтың поршенінің камерасында 4 сұйықтықтың қысымы пайда болып, артқы доңғалақтың тежеуіші іске қосылады. Егерде артқы доңғалақтың тежеуіш контурында ақау пайда болса онда, тежеуіш педалін басқан кезде поршень 13 тығынға 1 тіреледі, алдыңғы доңғалақтың поршенінің камерасында 7 сұйықтықтың қысымы пайда болып, алдыңғы доңғалақтың тежеуіші іске қосылады.

Тежеуіштің гидравликалық ажыратқышы. Ақауы бар гидравликалық жетектің бөлігінавтоматты түрде ажырату үшін жүйеге тежеуіш механизмдерінің ажыратқышы (17.7. суретте) орнатылады. Ажыратқыш ішінде екі поршені 16 бар, серіппелер 15 арқылы тірек сақинаға 3 қысылған корпустан 9 тұрады. Тежеуіш педалін басқан кезде тежеуіш сұйықтығы алдыңғы қуыстан 10 канал ақылы ішкі екі поршеньнің 16 қуысына 13 жеткізіледі. Сұйықтықтың қысымы арқылы поршеньдер сыртқа қарай серіппелерді 15 қысып қозғалады. Бұл кезде поршеньдердің сыртындағы қуыстарғы 7 мен 14 сұйықтықтың қысымы жоғарылап, каналдар 1мен 6 түтіктер 2 мен 5 арқылы алдыңғы мен артқы доңғалақтардың тежеуіш механизмдеріне беріледі. Егерде гидрожетектің сұйықтық берілетін каналдарының 7 мен 14 біреуінде ақау пайда болса, онда ақау пайда болған каналдағы сұйықтықтың қысымы төмендейді, бұл қуыстағы поршень басты цилиндр мен ажыратқыштың бағытындағы серіппенің кедергісінен жеңетін сұйықтықтың қалдық күшімен 0,08 – 0,12 МПа сырқы шеткі жағында ұсталып тұрады. Бұл уақытта поршень ақау болған лайықты көмекші каналдарды 8 бен 12 бекітіп, басты цилиндрден берілген сұйықтық ақауы бар қуысқа жіберілмейді, тежеген кезде ақаусыз гидрожетектің каналының поршенін іске қосады.

Жұмыс кезінде жетектің бір бөлігінде ақауы бар болса, онда педальді бірінші басқан кезде бос жүрісі болады, қайтадан басып тежегенде бос жүріс сезілмейді, сұйықтықтың барлығы гидрожетектің дұрыс бөлігіне ғана қолданылады. Мұндайда тежеуіштің жұмыс істеуі әлсірейді. Гидрожетектің жүйесінде пайда болған ауаны шығару клапанын 4 пайдалану арқылы реттейді.

Доңғалақтың тежеуіш цилиндрі тежеуіш сұйықтығның механикалық күшін тежеуіш қалыбына жеткізу үшін қолданылады. Доңғалақ цилиндрлері екі – және бір поршеньді болады. Екі поршеньді шойын корпуста 4 екі поршень 2 және 6, екі тығыздауыш манжета 3, мен серіппе 5 орналасқан. Цилиндрдің екі шетіне шаң – тозаңнан қорғайтын қалпақтар 1 кигізілген. Поршеннің ішіне болат іитергіштер 7 салынып, олардың қиығына тежеуіш қалыбының ұштары кіргізіледі. Цилиндрдің ойығына 8 тежеуіш сұйықтығының берілетін түтігі жалғанады. Конусты шығару клапанымен 9 бекітілетін жоғарғы ойықтан ауа шығарылады, егерде каналда ауа пайда болса. Клапанның 9 каналы, болт 10 және қалпақ арқылы шаң – тозаңнан қорғалады. (17.8, а, суретте.)

ГАЗ, ВАЗ, АЗЛК автомобильдерінің доңғалақтарының тежеуіш цилиндрлерінде тежеуіш барабаны мен антифрикционды жапсырмалы қалыптың арасындағы саңылауды автоматты түрде біркелкі ұстап тұру үшін қарапайым негізгі құрылғы орнатылған. Құрылғы цилиндрдің ішіне үлкен тығыздықпен екі резиналы сақина орнатылған. Сақинаның бұранда салынған ойығының арасы 3,5 мм – ге тең. Осы бұрандаға ойығының арасы 1,5 мм болатын поршеньдар бұралып орнатылады. Осы мүмкіндікте поршень ось бағытында 2 мм – ге қозғалады, тежеуіш қалыбы мен барабан арасының саңылауын бірқалапты етіп реттеп тұрады. Фрикционды жапсырмалардың қалыңдығының желінуіне байланысты 2 мм–лік поршеньнің жүрісі қалыбтың барабанға жақындауын толық қамтамасыз етпейді, сонда поршень өзінің жиегімен тығыздық күшін жеңіп, сақинаны өзімен бірге тартады. Тежеуіш қалыбының кері қайтарылған кезде тартқыш серіппелердің күші сақиналарды кері қайтаруға жетпейді де, олар сол жақындаған қалпында тоқтайды. Сақинаның жақындап қозғалуы, фрикционды жапсырмалардың барабанмен арасындағы қажетті саңылауы автоматты құрылғы арқылы орындалады.

Доңғалақтың тежеуіш қалыбының гидрожетекті механизмі алдыңғы остің бұрыу цафасының фланцасына немесе артқы белдіктің жартылай осьтің фланцасының шетіне орнатылған тірек дискден 17 тұрады.(17.8.б, суретте)

Дискінің жоғарғы бөлігінде тежеуіш цилиндрі орнатылған. Ал төменгі бөлігінде, бронзалы эксцентрикті 14 тірек саусақтарына 13 орнатылған тежеуіш қалыбы 15 бекітілген. Тірек саусақтарды 13 бұрау арқылы тежеуіш қалыбы мен барабан арасындағы саңылауды реттеуге болады. Қалыбтарға фрикционды жапсырмалар 16 бекітілген. Қалыбтың жоғарғы ұшы доңғалақ цилиндрінің поршеньдарының итегіштерінің қимасына кигізілген. Қалыбтар күпшекпен бірге винт арқылы бекітілген доңғалақ барабандарының ішіне орнатылған. Атанақ фланцасында тежеуіш қалыбы мен атанақ арасының саңылауын шуп арқылы өлшеуге арналған ойық жасалған. Қалыбтар 15 реттегіш эксцентрикке 21 тіреліп, серіппелермен 12 қысылып тұрады. Эксцентриктер бұралып кетпеуі үшін серіппелермен 20 ұстатылады. Тірек дискде 17 орнатылған пластина серіппелі 19 қысқыш 18, қалыбтардың жанына қарай қозғалуын болдырмайды. Тежеуіш қалыбы атанаққа қатысты тірек саусақтардың эксцентриктері 21, 14 арқылы орталықтанып реттеледі.

17.4. ТЕЖЕУІШ ЖЕТЕГІНІҢ КҮШЕЙТКІШІ.

Гидравликалық тежеуіш жетекті құрылғы орнатылған автомобильді тежеуді жеңілдету үшін, күшейткіш қолданылады. Күшейткіштер вакуумды, гидровакуумды, пневматикалы, пневмогидравликалық және электрлі болып бөлінеді. Көбінесе қозғалтқыштың жіберу құбыры арқылы сейілту жүргізілетін гидровакуумды күшейткіш қолданылады. ГАЗ, ВАЗ, АЗЛК автомобильдерінде гидровакуумды күшейткіш орнатылады, қозғалтқыштың жіберу құбыры арқылы сейілту тежеуіштің гидравликалық жетегіне қосымша сұйықтықтың қысымын көбейту үшін қолданылады.

Гидравликалық жетекке қосылған гидровакуумды күшейткіш (17.10.суретте) вакуумды камерадан 5, қосымша гидравликалық цилиндрден 10, бөлгіш краннан 18, бекіткіш клапаннан 2 және магистралдардан тұрады. Вакуумды камерада 5, камераның екі шеткі керегесімен қысылған жұмсақ диафрагма 4, шток 7 және серіппе бар. Жұмсақ диафрагма 4 камераны екіге Б және А қуысына бөліп тұрады. Камераның сол жақтағы Б қуысы түтікжетек 22 арқылы басқару кранының 18 В қуысымен, А қуысы түтікжетек 3 арқылы басқару кранының бекіткіш клапанымен 2, түтікжетек 22 арқылы қозғалтқыштың жіберу құбырына 1 жалғастырылады. Вакуумды камераның корпусында 5 орнатылған цилиндр10 поршенімен 9 тежеуіш магистралімен 16 біріктіріліп, түтікжетек 15 арқылы бөлгіш кранның 18 Г қуысымен жалғанады арқылы. Цилиндрдің 10 сол жағындағы бөлігі түтікжетек 21 арқылы басты тежеуіш цилиндрімен 23, ал түтікжетек 11 бөлгіш кранның Д қуысымен жалғастырылған. Кран 18 мен цилиндрде 10, жетектегі пайда болған ауаны шығаруға арналған шығару

клапандары орнатылған.

Жүргізуші тежеуіш педалін 25 басқан кезде, басты тежеуіш цилиндрінен 23 сұйықтық түтікжетек 21 арқылы қосымша цилиндрге 10 беріліп, поршеньдегі 9 шарикті клапанды 8 итеру арқылы тежеуіш магистраліне беріледі одан кейін тежеуіш цилиндрлеріне жеткізіледі. Сұйықтық қысымы кранның 18 Г және Д қуыстарында беріледі. Г қуысында кіші итергіш 17, ал Д қуысында үлкен итергіш орнатылған. Сұйықтықтың жоғарғы қысыммен кең көлемдегі итегішті 12 оңға қарай қозғалтқанда күйенте 26 ең алдымен вакуумды клапанды 19 жабады, сонан соң атмосфералық клапанды 14 ашып, кран 18 В қуысының сүзгісі 14 арқылы атмосфера ауасымен жалғасады. Атмосфера ауасы түтік 22 арқылы вакуум камерасының 5 Б қуысына енгізіледі. Камераның 5 А қуысы қозғалтқыштың енгізу құбырымен жалғастырылғандықтан оның ішінде үздіксіз сейілту жүргізіліп тұрады. Сейілту әсерінен А мен Б қуыстарындағы қысымның айырмашылығының әсерінен клапан 14 ашылып, диафрагма 4 оңға қарай бүгіледі және штокпен 7 қосымша цилиндрдің 10 поршенін 9 қозғалтады.

Поршеньнің клапаны 8 сұйықтықтың қысымының әсерінен жабылады, тежеуіш сұйықтығы цилиндрден 10 магистралға 16 барады, онда тежеуіштердің әрекетін күшейтуге қосымша қысым келтіреді. Педальді босатқанда түтікжетекте 21 және

бөлгіш кранның Д қуысында қысым азайады. Бөлгіш кранның 18 Г қуысында орналасқан серіппе итегіштерді 12 мен 17 солға жылжытады,ал күйенте 26 атмосфера клапанын 14 бекітіп, вакуумды клапанын 19 ашады.

Бұл кезде вакуум камерасының 5 А қуысы клапа 19 және түтіктіжетек 3, 22 арқылы Б қуысымен жалғасады. Екі қуыста да қысым теңестіріліп, серіппе 6 диафрагманы 4 солға қарай жылжытады. Диафрагмамен бірге шток 7 поршеньмен 9 қозғалып, тежеуіш сұйықтығы магистралдан 16 қосымша цилиндрге 10 жеткізіледі.

Тежеуіш педалін ақырын басқан кезде, бірінші түрткішке 17 беріген күш екінші түрткішке 12 берілген күштен артық болады, өйткені Г қуысына берілген тежеуіш сұйықтығының қысымы Д қуысына берілген тежеуіш сұйықтығының қысымынан артық болады. Соның нәтижесінде түрткіштер 12 мен 17 солға қарай қозғалып, атмосфералық клапанды 14 жабады. Вакуум камерасының 5 диафрагмасы 4 мен поршені 9 қалыпты жағдайда болып, магистральде 16 сұйықтықтың қысымы көбейтілмейді.

17.5. ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ТЕЖЕУІШ ЖЕТЕГІ. КОМПРЕССОР.

Пневматикалық тежеуіш жетегі көп салмақты жүк автомобильдерінде, көп орынды автобустарда, тіркемелер мен жартылай тіркемелер тіркеп жұмыс істейтін доңғалақты автомобиль-тягачтарда қолданылады. Пневматикалық тежеуіш жетегі автомобиль-тягач пен тіркемені өзара жалғастыру үшін бір өткізгішті немесе екі өткізгішті болып бөлінеді.

КамАЗ, ЗиЛ, МАЗ автомобильдерінде пневматикалық тежеуіш жетегі бар тежеуіш жүйесі қолданылады. Мұндай тежеуіш жүйесіне: компрессор 1, қысым реттегіш 2, сақтандырғыш клапан 7, ауа ыдыстары(рессивер, баллон) 6, тежеуіш краны 10, доңғалақ тежеуіш камерасы 12, тежеуіш тебінгісі (педаль) 9, жалғағыш қалпақша 14, ажыратқыш кран 13, ауа жинап алу краны 8, жіберу краны 11, манометр 5 жатады. Компрессор 1 (17.13. сур.)ауа баллондарын 6 ауаға толтырып, жүйені сығымды ауамен қамтамасыз етеді. Жүйедегі ауаның қысымы манометрмен 5 бақыланады.

Тежеуіш педалін 9 басқан кезде, тежеуіш краны 10 ашылып, сығымды ауа ауа баллондарынан 6 алдыңғы және артқы тежеуіш камераларына 12 жіберіліп, механизмдері тежеуіш қалыптарын керіп тежейді.

Тежеуіш педалін босатқанда тежеуіш қалыптары тартқыш серіппелердің көмегімен қайтарылып босатылады. Ауа тежеуіш жүйесінен басқару кранының 4 қалпақшасының көмегімен әйнектазалағыштың механизмі 3 іске қосылады.

ЗиЛ, КамАЗ, МАЗ автомобильдерінде орнатылған поршень типтес екі цилиндрлі бір сатылы қысымды компрессор желдеткіш шкивінен 1 клинді ремень арқылы іске қосылады. Компрессор цилиндрлер блогынан 2, цилиндрлер блогының бастиегінен 5, картерден 9, алдыңғы, төменгі және артқы 7 қақпақтан тұрады. Компрессордың иінді білігі 10 шрикті ішпекпен айналып тұрады және бұлғақ арқылы қозғалмалы саусақпен поршеньдарға 4 жалғастырылған. Біліктің алдыңғы жағына шкив 1 орнатылған және сынамен(шпонка) гайка арқылы қаттыланып бекітілген. Иінді біліктің артқы шетінде тығыздауышы және шарикті ішпекті қысып бекітуге арналған гайкасы бар. Цилиндрлер блогының керегесінде В қуысынан цилиндр ішіне ауа түсетін терезе жасалған, оған екі жіберу клапаны 11 ершіктерімен 15 орнатылған, ал әрбір цилиндрлердің үстіндегі бастиегінің 5 ішіне шығару клапандары 6 орналастырылған. Жіберу клапандарының 11 астында штогы 12 бар плунжерден 13, күйентеден 16, серіппелерден 14 және оның бағыттауышынан 17 тұратын компрессордың жүк түсіргіш құрылғысы бар. Компрессордың майлау жүйесі еріксіз қозғалтқыштың басты магитралінен артқы қақпаққа жалғастырылған саңылау 8 арқылы жіберіледі. Бабитпен қапталған бұлғақтық ішпектер мен поршень саусақтары бұлғақтың ішіне жасалған арнаға жалғанып еріксіз майланады, ал қалған бөлшектері – шашыратылып майланады. Компрессордың картерінен пайдаланылған май арнайы түтік арқылы қозғалтқыштың картеріне жіберіледі. Компрессор сұйықтықпен салқындатылады. Салқындату сұйықтығы компрессордың цилиндрлер блогының Б қуысына қозғалтқыштың салқындату жүйесінен беріледі. Поршеньнің төмен қозғалысында цилиндр ішінде сейілту жүргізіліп, ауа В қуысына түседі де, жіберу клапанының 11 ашылуы арқылы цилиндр ауаға толтырылады. Поршеньнің жоғары қозғалысында сығымдалған ауаның қысымы арқылы шығару клапаны 6 ашылып, А бөлмешегінен ауа, ауа ыдыстарына жіберіледі, одан пневматикалық жүйеге беріліп тұрады.

Ауа ыдыстарындағы сығымдалған ауаның қысымы арнайы жүк түсіргіш құрылғымен шектеліп тұрады, ол қозғалтқыштың компрессордың жетегіне берілген қуаттылығының шығынын азайтып, компрессордың жұмыс істеуін арттырады. Бұл құрылғы қысым реттегішпен бірге жұмыс істейді.

17.6. АУА ҚЫСЫМЫН РЕТТЕГІШ.

Қысым реттегіш (17.15.а, сур.) жүйедегі ауаның қысымын автоматты түрде ұстап, оны ажыратқыш құрылғы арқылы компрессорға жіберіп немесе артылған ауаның қысымын шығарыптұру үшін қолданылады. 0,7-0,74 МПа ауа қысымы көтерілгенде реттеуіш ажыратып ауаны жіберуді тоқтатады. 0,56+0,6 МПа төмендегенде қосылып, ауа қайтадан жібереді.

Реттегіш корпусына 8 құндақтың1 астына штуцер5 орнатылған. Оның енгізу 10 және шығару 11 шарикті клапандары стерженді 4 бағыттаушы шариктермен 13 серіппе 2 арқылы басып тұрады. Ретегіштің ішінде торсүзгі 6 орнатылған. Ол ауаның реттеуіштен жүк түсіргіш құрылғыға баратын жолында ауаны тазартып тұрады және металды – керамикалы сүзгі 7 тығынмен қысылған, ол ауаның реттегішке тежеуіш жүктеме құрылғысынан енетін ауаны тазартады. Жүйедегі ауаның қысымы 0,7–0,75 МПа болғанда серіппенің (2) артық болып енгізу клапаны (10) ашылып компрессордың жүк түсіргіш құрылғысына ауа өтеді. Құрылғының ішіндегі плунжерді 13 ауаның қысымымен басып енгізу клапынын 11 ашады. Бұл кезде компрессор ауаны бір поршеньнен екінші поршньге бос айдап тұрады.

Ауа қысым 0,56–0,6 МПа төмендетілгенде енгізу клапыны (10) жабылып, шығару клапыны (11) ашылады. Серіппенің (2) көмегімен төмен жылжып жүк түсіргіш құрылғыны сыртқы атмосферамен жалғастырады құрылғының енгізу клапандары жабылып компрессор пневматикалық жүйеге ауа жібере бастайды. Ауаның қысымын реттеуге қалпақша гайканы 3 бұрау арқылы пайдаланамыз, ол қосалқы гайкамен 12 қыстырылған.

Сақтандырғыш клапан (17.15.б, сур.)пневматикалық жүйедегі ауаның қысымы мөлшерден артық болған кезде, автоматты реттеуіштің жарамсыз істен шыққанда қорғайды.

Клапанның корпусында 15 ершік 14 бар және серіппе 17 арқылы стерженьмен 20 шарикті 16 ершікке итеріп жауып тұрады. Клапанды реттеу үшін винт 19 пен қосалқы гайка 18 бұралған. Клапан оң жақ баллонға орнатылып, оның қысымын 0,9–0,95 МПа тең етіп жүйеде ұстап тұрады. Артық қысымдағы ауа серіппенің 17 қысымын шарик 16 арқылы итеріп атмосфераға шығып жібереді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: