Винтті рульдік механизм

Винтті рульдік механизм қондырғылары ЗиЛ – 130 автомабильдерінде орнатылады және картерден 2 тұрады. Оның ішінеде цилиндр мен гидрокүшейткіш, винт 4 шарикті сомын 5, және тісті сектор 14 орналасқан. Сектор рульдік сошканың білігімен 15 біртұтас болып бекітілген. Картер2 қалпақшалармен 1, 8, 12 жабылады. Сомын рейка 5 поршень мен винтті біріктіріп бекітеді. Винт 4 сомынды 5 шариктермен 7 жалғасып, сомын мен винттің ойығына 6 отырғызылады. Рульдік механизм винт пен сомын арқылы шарикпен жылжығанда аз үйкеліс болып оның жұмыстық қызметін артырады. Рульдік қораптың 10 ішіндегі винттің үстінде екі тиекті шарик сырғыма орналасқан. Ал оның ортасында басқару қалпақшасының золотнигі 9 бар. Сырғыманың саңылауы сомынмен реттеледі. Рейка-поршеньнің 3 және тісті сектордың 14 шариктің, ілініс саңылауы білікті 15 қозғау арқылы рульдік сошканың винті 17 сошка білігінің тесігінен өтіп тіректі шайбаға 18 тіреледі. Картерден 2 майды тесік арқылы ағызады. Ол магнитті тығынмен 16 бекітіледі. Рульдік дөңгелекті бұрған кезде винт 4 гайкалы шарикті 5 рейкалы поршеньмен 3 бірге қозғап, тісті секторды 14 сошка білігімен 15 біріктіріп бұрады. Одан соң күш рульдік жетекке берілу арқылы автомобильдің дөңгелектерін бұрады. Бұл рульдік басқару гидрокүшейткіш қосылмай тұрғанда, қозғалқыш тұтанбаған кезде жұмыс істейді.

16.2.2. ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН ЖЕТЕКТІ РУЛЬДІК МЕХАНИЗМ.

Мұндай механизм МАЗ – 5335 автомобилінде орнатылады. Оның құрылысына

1. винт. 2. бағыттауыш; 3. шариктер; 4. шарикті сомын – рейка; 5. тісті секторлы білік; 6.сошка; 7. инелі сырғыма;

Винт пен сомынның жартылай дөңгелекті ойығы бар, оның ішін домалақ шариктермен 3 толтырылады. Шариктердің 3 сомын – рейкада дөңгелеп жүруі үшін сомын – рейкаға штампталған бағыттауыш 2 орнатылған, ол шариктердің төгіліп қалуын болдырмайды. Рульдік механизмнің винттері картерге екі шетінен конус тәрізді сырғымамен бекітіліп ұстатылады да, сектордың білігі инелі сырғымамен 7 бекітіледі. Әрбір рульдік механизм беріліс санымен анықталады. Жүк автомобильдерінде: ЗИЛ, КамАЗ – 20; ГАЗ – 53 – 20,5; МАЗ – 23,6; автобустарда: ЛАЗ–695 Н – 23,5; Раф – 2203 – 19,1; ал жеңіл автомобильдерде 12 – 20 аралығында болады. КамАЗ жүк автомобильдерінде винт – гайкалы рульдік механизмі бұрыштық шестернялы редуктормен бірігіп айналу моментін руль білігінің кардандық беріліс арқылы рульдік механизмге беріледі. Автобустарда (ЛиаЗ және ЛАЗ) бұрыштық редуктор айналу моментін тік бұрышты болып рульдің дөңгелегінен карданды білік арқылы червяк-сектор типті рульдік механизмге беріледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: